Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент



бет16/47
Дата05.02.2022
өлшемі5,17 Mb.
#18276
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Субконтоның түрі. Субконтоның мәнінде аналитикалық есептің бір типті объектілерінің жиынтығы түсіндіріледі. Бір шот үшін субконтоның бірнеше түрлері бойынша аналитикалық есеп жүргізілуі мүмкін. Мысалы, 10 шот үшін субконтоның екі түрі бойынша аналитикалық есептің жүргізілуі анықталуы мүмкін: «Материалдар» және «Қоймалар». Бұл 1С: Кәсіпорында көп мөлшерлі есептің мысалы болып табылады. Қорытындыны материалдармен қойма тұрғыдан, сонымен қатар қоймалармен материалдар тұрғысынан, және де барлық материалдармен және барлық қоймалардан алуға болады.
Сандық есеп.
1С: Кәсіпорынның сандық шотына сандық (табиғи) көріністе қорытынды ақпарат жиналады. Сандық есепті жүргізу мүмкіндігі аналитикалық есептің жиынтығымен қолданылады. Бұл жағдайда аналитикалық есептің объектілері бойынша есеп берудің толық ақпаратын алуға болады, мысалы, қоймадағы тауарлардың бар екендігі.
Валюталық есеп.
1С:Кәсіпорын жүйесі бірнеше валюталармен валюталық есеп жүргізуге мүмкіндік береді. Барлық қолданылатын валюталар анықтамасында көрініс табады. Барлық валюталық шоттарға әрбір валютаға бөлек, сонымен қатар шотты қоса алғанда қорытынды ақпарат шотта жиналады. Әрбір валюта бойынша қорытынды ақпарат валюталық түрде және оның базалық валютасының эквивалентінің шоты бойынша жиналады.
Баланстан тыс шоттар.
Кейбір жағдайда кәсіпорындарда көмекші шоттар балансқа түспеу үшін оларды қолдану қажет етіледі. Баланстан тыс шоттарға екі жақты жазу ережесі әрекет етілмейді.
Есепке алудың бөлушісі.
1С: Кәсіпорын жүйесі бухгалтерлік есепті бірнеше кәсіпорындарда бір ақпараттық базада жүргізілуіне мүмкіндік береді. Ол үшін есепке алудың бөлушісі қолданылады. Есепке алудың бөлушісі қолданылады. Мысалы «Фирма», яғни ол әрбір өткізгішке енгізіледі және әрбір осындай мағынадан бухгалтерлік қорытындыны алуға болады. Бұл шынайы түрде бірнеше тәуелсіз баланстарды алуға мүмкіндік береді.
Операциялар және өткізгіштер.
Операциялар, өткізгіштер, корреспонденциялар.
Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның шаруашылық қызметін бейнелеу негізінде операциялар қолданылады. Әрбір операция бір немесе бірнеше өткізгіштен тұрады. Өткізгіш әрқашанда бір жане тек қана бір операцияға жатады. Өткізгіштің әрқайсысы, өз кезегінде, бір немесе бірнеше корреспонденциядан болуы мүмкін. Бірнеше корреспонденциядан тұратын өткізгіштер күрделі деп аталады. Күрделі өткізгіштерде бір шоттың дебеті бірнеше шоттың кредитімен корреспонденцияланады немесе керсінше.
Операциялар мен өткізгіштердің қасиеттері
Операцияның келесідей қасиеттері бар: операцияның мазмұны, оның жалпы сомасы, мерзімі, нөмірі, сонымен қатар конфигурациямен анықталатын басқада реквизиттер.
Өткізгіштің келесідей қасиеттері бар: дебет шоты, дебет шотының субконтосы, кредит шоты, кредит шотының субконтосы, өткізгіш сомасы, валюта мөлшері, валюталық сома, сонымен қатар конфигурациямен анықталатын басқада реквизиттер.
Операциялар журналы және өткізгіштер журналы.
Операциялар журналы бухгалтерлік операцияларға енгізілген тізімді көруге арналған. Әрбір операция онда операция жайлы маңызды ақпаратты қамтиды және ол бір жолда жазылады, олар: уақыты, құжаттың түрі, мазмұны, операцияның сомасы және т.с.с. Операциялар журналында ағымдағы операцияның өткізгішін көруге мүмкіндік бар. Операциялар журналында әртүрлі жағдайларды қолдана отырып, барлық операцияларды таңдап көруге болады. Айталық, мысалы, уақыт аралық интервалға түскен операцияларды көрінетіндей қылып істеуге болады. Өткізгіштер журналы енгізілген өткізгіштерді көрудің құралы болып табылады. Әрбір операция өзінде бір немесе бірнеше өткізгіштерді қамтиды. Өткізгіш әрқашан бір және тек қана бір операцияға жатады. Өткізгіштер журналында әртүрлі операцияларға қатысты өткізгіштер көрініс табады.
Операцияларды енгізу режимі.
Операцияларды қолмен енгізгенде барлық мәліметтер қолданушымен енгізіледі. Осындай үлгідегі операцияларды қолдану стандартты немесе жиі қолданылатын операциялардың енгізілуін автоматттандырады. Осындай үлгідегі операция шаруашылық операциялардың шаблонын ұсынады, ол деген кейбір мәліметтер енгізілді, мысалы, дебет шоты және кредит шоты.
Құжаттарды қолдану шаруашылық операциялардың енгізілуін одан әрі жеңілдетеді. Операциялардың бұндай енгізілуінде қолданушыға операция жайлы мәліметтерді толтырып керек емес: ереже бойынша, құжатқа шаруашылық операция жайлы қажетті ақпарат енгізіледі, ал өткізгіштер құжатты жүргізу барысында автоматты түрде қалыптасады.

Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет