Лекция тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі



бет3/14
Дата23.06.2023
өлшемі57,47 Kb.
#179129
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лек
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Лекция тақырыбы: Қайта өрлеу дәуіріндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.
Лекция тезисі: Ояну дәуірінің адамзат қоғамының тарихындағы маңызы өте зор. ХҮІІ ғасырда туып, ХІХ ғасыр бас кезіне дейін ұласқан өнер атаулының бәрінде, әсіресе Батыс Еуропа әдебиетінде кең өріс алған әдеби ағым-классицизм латынша классикус – үлгілі, өнегелі бағыт дегенді білдіреді. Классицизм ағымының ХҮІІ ғасырда Францияда көрінуі–бұл кезеңде осы мемлекетте абсолютизм нығайып, мемлекеттік билік бір қолға шоғырланып, ұлттық тұтастық идеясы нығая бастаған болатын.Елдің қоғамдық өмірінде жаңа әлеуметтік топ – буржуазияның ықпалы арта түсті де, аталмыш әлеуметтік топқа абсолюттік монорхия да, дворян қауымы да бірдей қатысты болды. Қоғамдық өмірде пайда болған жаңа талап-тілектер өнерге де жаңа талаптар қоя бастады. Нәтижесінде осыған дейін өнер әлемінде үстемдік еткен барокко стилімен күрес үстінде жаңа бағыт дүниеге келді. Бағыт өкілдерінің өз шығармаларында антикалық әдебиеттің озық үлгілерін өнеге етуіне байланысты классицизм деп атады.
Классицизм поэзиясы мен поэтикасының бастаушысы Ф.Малерб болды. Алайда күрес үстінде қалыптасып, таныла бастаған француз классигінің поэтикасы Н.Вуалоның «Поэтикалық өнер» аталатын еңбегінде жан-жақты жүйеленген сипатқа ие болды. Еңбекте ХҮІІ ғ. Француз әдебиетінің тәжірибелері жинақталып, қортындыланды. Классицизмге тән сипат – асқақ азаматтық тематика, шығармашылық нақты қағидалар мен ережелерді қатаң сақтау болып табылады.Классикалық үлгідегі ежелгі өмір классицизм дәстүріндегі туындыларда кемел де жарасымда өнер үлгісі ретінде көрінеді. Сол себепті классицистер, антикалық миф бейнелеріне жиі оралады. Жоғарыда айтқаңымыздай, классицистердің көркемдік бейнелеуіндегі шешу ұстанымы антикалық үлгілерге еліктеу болды да, оған табиғатқа еліктеу және ақыл-ой дауысына бағыну ұстанымдары қосылды. Бұл жерде классицизм өкілдернің табиғат деген де барлық ақиқат құбылысарды түсінетінің ескеру керек. Бұл ұстанымдар Қайта өрлеу дәуірінде қалыпасқан жақсы дәстүрлерді белгілі бір дәрежеде дамытқанымен, кемшіліктерде болмай қалған жоқ. Дәлел ретінде классицистер туындыларында кейіпкер мінездерін жан-жақты жанды сипатта көрсетуден гөрі, біржақтылық, схематизм орын алғаны айтуға болады.
Француз классицизмның ерешеліктері, әсіресе, драматургияда айрықша байқалды. Классицизмнің өркендеуі ХҮІІ ғасырдағы француз драматургиясында П.Кармел, Ж.Рассин, Ж.Б.Муллиер поэзиядан Ж.Лафонтен шығармашылықтары арқылы жарықырай көрінді. Драмалық шығармалардың негізгі өзекті желісіне бүкіл ұлт мүддесін көздейтін мәселелер алынды. Мысалы, Корнель трагедиялары, әсіресе, оның «Гораций» трагедиясы француз классицистік драматургиясының жарқын үлгісі болып саналады. Корнель мен Расин шығармашылығында көркемдік-идеялық шыңына көтерілген француз классицстік трагедияларының негізіне жеке адам мүддесімен азаматтық парыз арасындағы қақтығыстар алынды. Өз кейіпкерлерінің жан дүниесіндегі қарама-қайшылықтарды көрсете отырып, Корнель мен Расин адамның ішкі әлемін бейнелеу тұрғысынан соны жаңалықтар жасады. Мәселен, Сид, Гораций, Цина сияқты Корнель кейіпкерлері – ер жүрек, қатал, қайсар өзін мемлекет мүддесіне арнаған жандар.Романтизммен реализмнен бұрын классицизмді алмастырған ағым сентиментализм болды. Феодализммен күрес барысында прогрессивті роль атқарған буржуазия мен арестократия арасындағы күшейе түскен қарама-қайшылықтар жағдайында туған бұл жаңа ағымның барынша жарқырай көрінуі ХҮШ ғасырдың ортасында Англияда буржуазия өкімет билігін қолға алып, феодализм қалдықтары мен күресін жалғастырып жатқан кезеңге сай келді. Бұл кезеңде буржуазия белгілі бір дәрежеде қоғамдағы орташалардың мүддесін жақтап, олардың өмір салтындағы тұрақтылықпен қарапайым жандарға тән ізгілік сипаттарын аристократтар өміріне қарсы қойды. Әдеби өмірде бұл күрес ұлттық мүддемен шектелген классицизді ығыстырып шықты.
Классицистер ұстанған қоғамның жоғарғы топтарын «Жоғарғы жанрларда» бейнелеу, суреттеу қағидасына синтементалистер күнделікті өмірдегі қарапайым жандарды бейнелеуді қарсы қойды. Нәтижесінде әдебиеттегі билік пен дәулет иелерінің орнына буржуазиялық-мещандық ортанын орташа адамы келді, әңгіме өзегіндегі кесек тарихи оқиғалардың орнын адамның жеке тірлігі басты.Қарапайым адамның жан сезімін, сүйініш-күйінішін қажет етпеген классицизмге қарсы синтементализм басты назарын қарапайым адамның ішкі жан дүниесінін байлығына аударды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет