Лекция тақырыбы: Әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшелігі


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет4/14
Дата23.06.2023
өлшемі57,47 Kb.
#179129
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
лек
шар, Функцияның экстремумы, 8fd72771-9bd8-4d29-8a52-b155ffdb5f7d, «Ел рәміздері – еркіндік нышаны», 1, стандартты программалар , Компьютердің негізгі құрылғылар, желілік операциялық жүйе, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу, МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР, Күрделі функцияның туындысы, Күрделі функцияның туындысы, Үлеспен таныстыру әдістемесі. Санның үлесін, үлесі бойынша санды табу, работа
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы: «Санат», 2002. -360 б.
Нұрғали Р. «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры». Зерттеу, Астана, Күлтегін, 2002
Жұмағұлов С. Қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991 ж.ж.). - Қарағанды. 2008. -552 б.
Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. –Қарағанды, 2009.
Смағұлов Ж. Әдебиеттану әлемі. Қарағанды, 2006
Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. А., 2001.
2.Қосымша әдебиеттер*
Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Қарағанды, 2004.
Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. Астана ,2004
Әдебиеттану терминдер сөздігі. Алматы, 1998
Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. –Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. – 448 б.
Хализев В.Е. Теория литературы. – Москва: Высшая школа, 2000. – 437 с.
Современное зарубежное литературоведение (страны Западной Европы и США): концепции, школы, термины. Энциклопедический справочник. – Москва: Интрада – ИНИОН, 1999. – 319 с.

5 лекция тақырыбы: Образ және образдылық.


Лекция тезисі: Әдебиет туралы ғылымның қарастыратын мәселесінің бірі образ және образдылық. Оқырманды жазушының шығармашылық әріптесу ету арқылы әдебиет оның бойындағы көркемдікті тану қабілетін дамытады. Әдебиетті оқу ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады, тілді байытып, жетілдіре түседі. Әдебиет адамзаттың сан ғасырлық мәдениетін жинақтайды, білімнің аса маңызды қайнар көзі, өзін-өзі тәрбиелеу құралы болып табылады. Сол себепті, образ бойында бүкіл адам баласына ортақ тылсым құбылыстардан бастап, өмірдің кейбір сәттері мен жеке адамға ғана тән сезімдік шарпысуларға дейін қамтыла береді. Образ көркемдік шындыққа тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан, ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-ақ, образ ақиқат болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс емес. Оның сыры-образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат өмірден бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем туындыдағы «қиялдан туған» әлемге көшеді. Жинақтау дегеннің өзі-әдеби тип жасау әрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады» дейді академик З.Қабдолов. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қатаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды. Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керкгі-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін-трототип.
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастыруымен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласады.
Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінездің өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Мысалы: бірі-тура мінездеу, тағы бірі-жанама мінездеу. Әдеби шығарма не туралы жазылса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән сүйініш, кұйініш, сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог), немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру-осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, бір-біріне жеке, дара мақсатты нәрселер емес, керісінше бірін-бірі толықтырп, бірінен-бірі туып жалғасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді. Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсілдің, бірі деуімізге болады. Әдебиет адамзаттың сан ғасырлық мәдениетін жинақтайды, білімнің аса маңызды қайнар көзі, өзін-өзі тәрбиелеу құралы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет