Лекция тақырыбы: Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Лекцияның оқыту нәтижелері


Менеджмент  –  ұйым жұмысын ұйымдастыру .  Менеджмент



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата11.09.2023
өлшемі282,93 Kb.
#180750
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лекция № 1МЕН (1)

Менеджмент 
– 
ұйым жұмысын ұйымдастыру

Менеджмент
– 
фирманың басқарылуын ұйымдастыру процесі, яғни 
ұйымның ішіндегі ұжымды, басшыларды, персоналды жүйелі, әртүрлі іс-
шараларды ұйымдастыру процесі. 
Менеджмент 
– 
ол шешім қабылдау процесі. 
Менеджменттің мақсаты:

пайда табу; 

өндірісті басқару; 

технология мен техниканы жетілдіру; 

кадр потенциалын тиімді пайдалану; 

персоналдардың шығармашылық туындыларына 
жағдай жасау. 
Менеджменттің міндеттері: 

қолдағы ресурстар негізінде тұтынушылардың 
сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын 
тауар /қызмет өндіру; 

кәсіпорынның рентабелділігін арттыру; 

өндірісті автоматтандыру; 

жұмысшыларға 
жағдай 
жасау 
және 
ынталандыру; 

фирманың барлық бөлім мен бөлімшелердегі 
жұмыстардың тиімділігін үнемі бақылау; 

жаңа нарыққа шығу жолдарын іздестіру. 
Менеджмент міндетіне жету үшін мына жағдайларды шешуі керек:

фирманың нақты даму мақсатын анықтау; 

мақсаттың келешегін айқындау; 

стратегияны жасау; 

қажетті ресурстармен қамтамасыз ету; 

бақылау жүргізу. 
2.Менеджменттің қызметтері 
Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей бірқатар талаптар 
қойылады: 

өзіне деген сенімділік және өзін өзі меңгере білу; 

жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру; 

бастамаларды іздестіру мен өнертапқыштық, 

қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілік; 

басқару әдіс-тәсілдерін білу мен басшылық қабілеті; 

мақсаттылық пен тұрақты жоспарлау және бақылау; 



тығырықтан шығу мен тиімді шешім қабылдауға дағдылану және 
т.б. 
Сонымен, менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді 
орындайтын жоғары қабілетті кәсіби маман. Басқару әрекетін жүргізу 
басшылықтың білім деңгейі, басқару дағдысы мен тәжірибесіне байланысты. 
Осыған орай басқару теориясы мен тәжірибесінде қолданылатын 
басқарушылар үлгісін қарастырайық. 
Басқарушы үлгілері. Басқарушылар үлгісі дегеніміз қажетті іс қимылды 
жүргізуде басшылар бойында арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері, 
мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым-қатынас жасау әдістері, билік 
пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі болуы тиіс. Басқару 
теориясы мен тәжірибесінде осындай төрт үлгі орын алады. 
1. Басқарушы жетекші шешімді қабылдауда және оны жүзеге асыруда 
кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, жұмыс 
аймағында еркін әрекет етуі, ықыластылығы мен әркімнің мүмкіндігін толық 
ұғына және бағалай білуі арқылы маңызды орын алады. 
2. Басқарушы әкім ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау және 
жылдық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің 
тығыз арақатынасын орнатып, басшылық пен өкілеттілікті бір органға 
шоғырландырады. 
3. Басқарушы жоспарлаушы нақтылы жағдайды зерттей отырып, 
ұйымдағы ресурстар мен мүмкіндіктерді мақсатты орындауға бағыттайды. 
Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге, осыған дейінгі 
орын алған стратегияға және ұйым болашағын дамытуға сүйене отырып 
орнықтырылады.
4. Басқарушы кәсіпкер ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа 
отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару 
нақтылы мақсатты орындауда басқару саласын арттыруда бірегей іс қимыл 
жасауды қызметті ұйымдастыруда ынталандыру жүйесін қолдануды
тәуекелдік әрекет пен жаңашылдық қызметті ұсынады. Кәсіпкерлік басқару 
дегеніміз – субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, 
қаржыландыру көздері мен ресурстарды табуда ұйымдастыру мен басқару 
өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу 
шарты.
Басқарушы кәсіпкер өнім өндірушілерді қолдау мен қызықтыруда 
бәсекелестік пен қызметкерлерді тиімді жетілдіруде, ресурстарын жедел 
қозғалысы мен стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуде маңызды орын 
алады. 
Менеджменттің функциясын француз ғалымы А. Файол алғашқы болып 
анықтады. Қазіргі таңда басқарудың функциясын анықтаудың түрлі 
көзқарастарын кездестіруге болады. А.Файолдың анықтауы бойынша 
басқарудың функциясы: алдын ала болжау, ұйым, жайғастыру, келісу және 
бақылау деп көрсетті. Осы айтылған басқару функциясының негізгі жүзеге 
асу процесін менеджмент процесі деп айтамыз. Менеджмент процесі күрделі 
және ол белгілі бір уақытты, материалдық және де басқа да ресурс 


шығындарын қажет етеді. Сондықтан да менеджмент процесін бірін-бірін 
жалғастыратын іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Жалпы 
менеджмент процесі төмендегідей етіп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет