Лекция тақырыбы: Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Лекцияның оқыту нәтижелері


Жоспарлау: мақсатты анықтау, стратегияны жасау, жоспар құру,  бағдарламаларды жасау, бюджетті жасау, саясат және тактика;  Ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата11.09.2023
өлшемі282,93 Kb.
#180750
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лекция № 1МЕН (1)

Жоспарлау:
мақсатты анықтау, стратегияны жасау, жоспар құру, 
бағдарламаларды жасау, бюджетті жасау, саясат және тактика; 
Ұйымдастыру:
ұйымды 
құру, 
ұйымның 
инфрақұрылымын 
қалыптастыру, байланыс құру, міндет пен жауапкершілікті делегирлеу
ұйымдық мәдениет. 
Мотивация:
персоналды басқару, стимул және мотивация, марапаттау 
және жазаландыру, статус; 
Координация:
ықпал ету, барлық жұмыстың үйлестілігін қамтамасыз 
ету. 
Бақылау:
басқару және қаржылық есеп, жоспардың орындалу барысына 
талдау жасау және т.б. 
Әрбір функцияны орындау үшін көптеген мәселелерді шешуге және 
көптеген басқару шешімдерін қабылдау керек. Сондықтан басқару процесін 
мәселені анықтау және ол туралы шешім қабылдау циклінің жиынтығы деп 
те қарауға болады. 
Функция (латынның - «атқару, қызмет» деген сөзі)
қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша 
қызмет болады. Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі – басқару 
функциясын атқару процесі.
Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару 
мәселесін ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды. Алғаш рет 
басқарудың функционалды талдауын Ф.У.Тейлор мен А. Файоль жүргізді. 
Басқару 
функцияларының 
орны 
басқару 
ғылымының 
негізгі 
категорияларымен қатар жүйемен: 
Қоғамдық өндіріс заңдары – базистік қондырмалық қатынастар – 
басқару қатынастары - басқару функциялары – басқару құрылымы – басқару 
әдістері – басқару процесі – басқару объектісі.
Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген 
басқарылатын және басқарушы бөліктерден тұрады. Осы жүйе тармақтары 
арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады. Менеджменттің 
міндеті – бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың 
негізінде басқарудың заңдылықтарын ескеріп, басқарушы жүйенің 
құрылымын жасап шығару.
Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны мен 
нысаны (формасы). Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі – 
басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқарудың 
функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып 
табылады.
Функция басқару қызметінің ерекше түрі ретінде де басқару 
саласындағы еңбекті бөлу мен мамандандыру процесінің нәтижесі ретінде де 
қарастырылады. Өндірісте -еңбек өнімділігін бөлу ғылыми –техникалық 
прогресстің нәтижесі.


Функцияның мәнін бейнелейтін көптеген анықтамалар бар. Олардың 
бірі: «
Функция

объективті қажетті, тұрақты қайталанатын іс әрекеттер
мағынасының біртектілігі мен мақсатты бағыттылығы біріктірілген жиынтық 
ретінде түсіндіріледі». Басқаруды жиынтық ретінде түсіндіру көп 
мәселелерді табысты шешуге мүмкіндік берді. Бастапқыда басқаруды бөлікке 
бөлген А.Файоль, мұнда функцияларды уақыт ішінде өрістету процесінің 
дәйектілігі тұрғысынан: алдын ала болжау, ұйымдастыру, басқарушылық, 
келісу, яғни басқару кезеңдері бойынша бөлді.
Функционалды тәсіл басқару қызметінің кейбір участкелерінің көбінесе, 
мотивация (уәждеме) функцияларының мазмұнын тереңдетіп жасауға 
мүмкіндік берді. Дегенмен басқарудың ең басты функционалды түсіндірмесі 
– 
бұл тұтас алғанда да, әр бірін жекелей алғанда да өндірісті басқару 
органдарын құру үшін объективті негіздеме. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет