М. А. Асимов, Д. Х. Дощанов қаралы хабарды жеткізу



бет7/35
Дата09.03.2022
өлшемі3,57 Mb.
#134874
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
Қаралы хабар жеткізу. Оқулық, (1)
Документ, 1-115 сұрақтар, 1-115 сұрақтар, С.Т.Шалов
Талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Аталған клиникалық мысал жаңалықтың қай түріне жатады, Сіз қалай ойлайсыз?

  2. Ғылыми және медициналық терминдерді қолданбай, науқасқа оның диагнозын хабарлаған дәрігердің қарым-қатынас жасау тактикасы дұрыс па?

  3. Қаралы хабардың жағымсыз хабардан басты айырмашылығы неде деп ойлайсыз?

ІІ тарау




ҚАРАЛЫ ХАБАРҒА ЖАУАП ҚАЙТАРУ САТЫЛАРЫ –
КЮБЛЕР-РОССТЫҢ БЕС САТЫЛЫ МОДЕЛІ
____________________________


Өлім алдындағы адамдар бізге не үйретеді?
Олар бізге өмір сүруді үйретеді.
Өлім – бұл өмірдің кілті.
Элизабет Кюблер-Росс





Элизабет Кюблер-Росс 
(нем. Elisabeth Kübler-Ross). Ол Цюрихте 1926ж. 8 шілдеде дүниеге келді – швейцарлық тегі бар америкалық психиатр. Алғашқылардың бірі болып, өлім аузындағы науқастың денсаулығы үшін, сонымен бірге, науқас адамның соңғы күндерінің қорқынышсыз және неғұрлым азапсыз өтуіне дәрігердің жауапкершілігі туралы мәселені көтерді. Кюблер-Росс Цюрих университетінің медицина факультетін бітірді, кейін 1958 ж. АҚШ-қа кетіп қалды. Ол Нью-Йорк, Чикаго және Колорадо ауруханаларында көп уақыт қызмет атқарды. Оны дәрігерлердің өлім аузындағы науқастарға деген қатынасы қатты ашуландырды: дәрігер науқастармен сөйлеспейтін, оларға шындықты айтпайтын. Әріптестеріне қарағанда, ол өлім аузындағы науқастармен жақын қарым-қатынас жасайтын. Ол кітаптар жазды, дәрістер оқыды, семинарлар өткізді. 1994 жылы инсульт алғаннан кейін, фермаға тұруға бел буып, сонда көшті. 2004 жылы сол жерде қайтыс болады, ол өзі қалағандай туыстары мен жақын-дарының ортасында, қолайлы үй жағдайында көз жұмды.
Элизабет Кюблер-Росс (1926-2004)


1969 жылы Кюблер-Росс өзінің «О смерти и умирании» атты кітабында адамның табиғи сезімдеріне сәйкес келетін қайғының бес сатысына сипаттама берді. Қайғы мен жоғалту күйлерінің бұл сатылары, пациенттердің жазылмайтын дерт алдындағы сезімдерін зерттеуге негізделді. Бес сатылы үлгіні пациенттердің немесе олардың туыстарының жазылмас дерт жайлы, жарақат салатын аурулар туралы хабарды естігендегі реакциясын түсіну үшін қолдану пайдалы.
Кейін аталған үлгі бұл күйді басқа, мүлдем алуан түрлі себептермен басынан өткеретін адамдардың тәжірибесінде дәлелденді. Әрбір адамның өтетін негізгі сатылары айқындалып көрсетілді, оларға қаралы хабар хабарланады (Асимов М.А., Нұрмағамбетова С.А., Игнатьев Ю.В. «Коммуникативные навыки», Алматы, 2008 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет