Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы


ОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ



бет14/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
ОРГАНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Қозаның өнімділігін арттыруда жергілікті және өнеркәсіптік тыңайтқыштардың орасан зор маңызы бар. Олар жоғары агротехникалық шараларды дұрыс қолданумен ұштастырылған жағдайда өнімді 40-50 пайызға дейін арттырады.


Дүние жүзінде жыл сайын егіс далаларыне кем дегенде 60 миллиард тонна қоректік заттар енгізіледі екен. М. Набиев былай деп санайды: егіншілік мәдениетінің қазіргі деңгейінде және тыңайтқыштардың қолдану нормалары жағдайында азоттың пайдалану коэффициенті орта есеппен алғанда 40 пайызды құрайды. Ал, қалған бөлегі әртүрлі жолдар арқылы айналадағы қоршаған ортаға барын сіңеді. Топырақтың, су және ауа бассейіндерінің бұлай ластануы өсімдік және мал өнімдерінің сапасына, олай болса, адамның денсаулығына да зардапты әсерін тигізеді.
И. Хамрақұловтың есебі бойынша, соңғы 20-25 жылдың ішінде Өзбекістанда қозаға берілген тыңайтқыштарға жұмсалған шығынның мөлшері 3 есе артқан, бірақ одан алынған өнімде өсім жоқтың қасы. Ол ол ма, республиканың бірқатар аймақтарында шитті-мақтаның өнімі бірте-бірте кеміп бара жатыр, талшықтың сапасы өнеркәсіп тарапынан қойылатын талаптарға сай болмай отыр.
Б. Азизов мақта шаруашылығында минералдық тыңайтқыштарды кеңінен қолданудың ғылыми негізделген нормалары болуы тиіс деп санайды. Бұл маңызды мәселенің соншалықты зәру екендігі айнала қоршаған ортаны қорғау проблемасына тікелей байланысты. Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың шектен тыс жоғары нормалары деп атап көрсетті ол, топырақтың және өсімдіктің бойында әртүрлі сілтілік элементтердің мөлшерден артық қолданылуына алып барып соға алады, ал, олардың жер асты суларына араласуы адамдардың да, жануарлардыңда өміріне қатер төндіреді. Минералдық туктардың мұндай зиянды зардаптарын болдырмау және қозаға пайдалы сіңімділігін арттыру мақсатымен, деп атап көрсетеді автор, оларды органикалық тыңайтқыштармен ұштастырып қолданған дұрыс. Оның үстіне, органикалық тыңайтқыштар шитті-мақта талшықтарының спасын арттыруға игі ықпалын тигізеді.
Қолда бар деректерге қарағанда, Өзбекістан Республикасында су және энергетикалық ресурстардың шектеулі болуы жағдайында суды қозаның вегетациялық өсіп-жетілуі кезеңінде мейілінше үнемді пайдалана білуге мүмкіндік беретін принціпті тұрғыдан алғандағы жаңа технология жасап, оны тиімді пайдалану талап етіліп отыр. Ондай шаралардың қатарында дұрыс жоспарланған ауспалы егіс жүйесін пайдалану, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың неғұрлым тиімді арақатынасын сақтау, топырақтың өте қолайлы болатын су, ауа және жылу тәртібін дер кезінде қамтамасыз етіп отыру сияқты тағы басқа да шаралар көзделген.
Тыңайтқыштардың өнімді арттыруға тигізетін оңды ықпалын күшейтудің басты шарты – топырақтың мелиорациялық жағдайының жақсы болуы. Сортаңданған, сорыт дұрыс шайылмаған топыраққа ендірілген тыңайтқыштардың тиімділігі шамалы ғана болады, тіпті алынатын өнімнің мөлшерін кемітіп те жібереді.
Әр гектер қозалыққа 180 килограмм азот, 120 килограм фосфор ендірілген жағдайда соры бір рет шайылған қозалықтың әр гектарынан 27,4 центнер, соры екі рет шайылған қозалықтан әр гектарынан – 31,0 центнер шитті-мақта алынған. Топырақтың сорын кептіріп, барынша тұщыту әр гектар қозалықтан 3,6-5,7 центнерден қосымша өнім алуға мүмкіндік беретінін көрсетті. Өсімдіктің вегетациялық өсіп-жетілуіне 1970-1971 жылдары жасалған тәжірибе жұмыстарынан айқын көрінгендей, сортаң топырақты жерлерге енгізілген тыңайтқыштар алғашқы өскіндердің көктеп шығу қарқынын әлдеқайда бәсеңдетіп, олардың түпкілікті өсіп-өну барысына келеңсіз әсер етеді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі құрылымы айқын белгіленбеген, қара шірідісі мен азоты аз сұр топырақты суармалы жерлерде азот тыңайтқышын берудің қозаны қоректендіруге шешуші маңызы бар. Академик Д.Н.Прянишников былай деп жазған болатын: «азотсыз белоктық заттар түзіле алмайды, белоктық заттарсыз протоплазма пайда бола алмайды, ал, олай болса, өмірдің өзі де бола алмайды».
Азот оның бүкіл өсіп-өну барысында, әсіресе вегетациялық өсіп-жетілуінің түйін салу және гүлдеу кезеңінде өте-мөте қажет. Өйткені азот қозаның тез өсуіне қатты ықпал етеді. Азот жеткілікті мөлшерде берілген қозаның түсі қарақошқыл жапырақтары бар жақсы жетілген бұтақтары мол болады.
Белоктың құрамына фосфор да кіреді. Өзінің өсіп-жетілуінің алғашқы кезеңінде фосформен жақсы қоректендірілген қоза өзінің өнім беретін органдарын неғұрлым ертерек салады да, түйін салу және гүлдеу кезеңін неғұрлым жақсы өткізеді. Ал, мұның өзі көсектердің тезірек пісіп-жетілуіне игі ықпал етеді.
Қозаның гүлдеуі кезеңінде топырақта жақсы еріп, жеңіл сіңетін фосфор түрлерінің болуы өнім беретін элементтердің жақсы да мол салынуына, көсектердің неғұрлым ірі және шит пен оның талшықтары сапасының әлдеқайда жоғары болуына ықпал етеді, олардың мықты болуын арттыра түседі.
Топырақта фосфор қорының аз болуы, сондай-ақ азоттың мол болуы кезінде қозаның бойлап өсуі жақсарғанмен ондағы көсектердің саны аз, бүріскен ұсақ шиттерінің және мақта талшықтары сапасының төмендеп кетуі әбден мүмкін. Сондай-ақ бойы өспей, тырбиып қалуы да ғажап емес. мұндай қозаның жасыл жапырағы қарақошқыл түске енгенімен де ұсақ болып келеді. Егер фосфор жеткіліксіз болса, топыраққа азот тыңайтқыштарын енгізу ойдағыдай оңды нәтиже бере қоймайды.
Шитті-мақта өнімін мол алу үшін калийде қажет. Мырзашөлдің ашық түсті сұрғылт топырақты аймағында топыраққа калий енгізу оның құрамындағы калийдің (К2О) мөлшері әр килограмға шаққанда 300 миллиграмнан кем болған кезде қолданылады. Ал, кәдімгі және қоңырқай сұрғылт топырақты және солтүстік аймақтарда топырақтың әр килограмына шаққанда оның құрамында 400 миллиграм калий (К2О) болған жағдайда ол жақсы нәтиже береді. Өйткені осы мөлшердегі калийдің әсері тиімді болады. Калийдің жеткіліксіздігінен қозаның жапырақтарында қоңырқай дақтар пайда болады да ол жапырақтар бірте-бірте құрап, шет жақтарынан ортасына қарай бүрісіп, ақыр аяғыында түсіп қалады.
Олай болса, шитті-мақтадан мол өнім алу үшін қозаға ең алдымен азот, фосфор және кейбір жағдайларда калий тыңайтқыштарын беру керек.
Оңтүстік қазақстандағы топырақтың ерекшеліктері қандай екенін мына №6 кестеден көруге болады:

№6 КЕСТЕ.


Қазақстанның оңтүстігіндегі сұрғылт топырақ құрамындағы қара шірінді мен азоттың мөлшері



Топырақтың атаулары

Пайызбен алғанда айдалған горизонттағы топырақ құрамындағы мөлшер

қара шірінді

азот

Қоңырқай сұрғылт топырақ

2,0-2,5

0,12-0,15

Кәдімгі сұрғылт топырақ

1,5-2,0

0,08-0,12

Ашық түсті сұрғылт топырақ

1,0-1,5

0,06-0,08

Тақыр жердегі сұрғылт топырақ

0,8-1,0

0,05-0,06

Кестеден айқын көрініп отырғанындай, қара шірінді мен азот әсіресе ашық түсті сұрғылт топырақ пен тақыр жердегі сұрғылт топырақтың құрамында кем. Жер асты суының деңгейі жоғары (0,5-тен 1-2 метрге дейін) және табанын ұсақ жұмыр тастар басқан ашық түсті сұрғылт топырақта қара шірінді мен азот мейілінше аз келеді.


Сондықтан да берілетін тыңайтқыштардың жылдық нормаларын белгілеу кезінде ауспалы егіс танаптарындағы топырақтың қаншалықты құнарлы екенін, агротехникалық шаралардың қандай деңгейде жүргізілетінін, минералдық тыңайтқыштардың көңмен қаншалықты ұштастырыла берілетінін және басқа да жағдайларды мұқият ескеру керек.
Жасалған тәжірибенің нәтижелері №7 кестеде келтірілген.
№7 КЕСТЕ
Қозаның тыңайтқыштарға байланысты өсуі, өсіп-жетілуі және өнім беруі (5 жыл ішіндегі орташа көрсеткіш)



№№
вар.

Жылдық норма (кг/га)

Негізгі сабақтың биіктігі (см)

Өнім беретін бұтақтардың 01.08.-ға дейінгі саны (дана)

Көсектердің 01.09.-ке дейінгі саны (дана)

Шитті-мақта өнімі (ц/га)

Тыңайтқыштар қолданғандағы қосымша өнім (ц/га)

N

P2O5

K2O

1

0

0

0

66,8

10,5

5,5

26,6

-

2

0

160

120

68,3

11,1

5,5

28,0

1,4

3

150

160

120

67,5

11,0

5,6

29,9

3,3

4

200

160

120

70,4

11,1

5,7

31,5

4,9

5

250

160

120

73,7

11,6

6,0

31,5

4,9

6

300

160

120

76,8

11,5

5,8

32,5

5,9

7

250

0

120

81,9

11,9

6,1

32,9

6,3

8

250

100

120

79,1

11,5

6,2

32,1

5,5

9

250

130

120

83,0

12,0

6,4

32,4

5,8

10

250

190

120

82,8

11,9

6,2

33,0

6,4

11

250

160

0

84,6

12,0

6,0

32,7

6,1

12

250

160

70

81,6

11,6

6,1

32,0

5,6

13

250

160

170

78,7

11,7

6,0

30,6

4,0

14

250

160

220

78,7

11,4

5,9

30,6

4,0

Тәжірибенің жеке жылдар бойынша дәлдігі:


М(ц/га)=37,3; 29,9; 26,6; 34,6 және 28,1
Е(ц/га)=2,2; 1,3; 1,6; 0,9 және 1,4
Р(%)=5,9; 4,3; 5,9; 2,6 және 4,9

Қозаның бақылаудағы және іртүрлі варианттардағы (2-3-інші) негізгі сабағының биіктігі тыңайтқыштың неғұрлым жоғары нормалары берілген өсімдіктердің биіктігінен едәуір аласа болады. Тап осындай заңдылық өнім беретін бұтақтар мен көсектердің санына байланысты да байқалады. 1-4-інші варианттарды 5-14-інші варианттармен салыстырғанда олардың 5 жыл ішіндегі орташа көрсеткіштерді әлдеқайда төмен болып шықты.


Топырақты фосфор мен калий енгізу арқылы тыңайтқан жағдайда (2-ші вариант) шитті-мақтаның 5 жыл ішінде берген қосымша өнім орта есепен алғанда гектарына 1,4 центнерден айналады. Ал, оған гектарына 150 килограмм азотты қосымша бергенде (№3 вариант) қосымша алынған өнімнің көлемі гектар сайын 3,3 центнерге дейін жетті. Фосфор мен калий ендірілген жағдайда (4-ші вариант) азоттың нормасын гектарына 200 килограмға дейін жеткізу одан алынатын қосымша өнім мөлшерін гектар сайын 4,9 центнерге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ал, азоттың мөлшерін бұданда арттыра түзу қосымша жұмсалған шығынды ақтай алмайтындығын көрсетті.
Калийдің тым мол мөлшерде енгізілуі (13-14-інші варианттар)бақылауға алынған қосымша өнімнің мөлшерін гектарына 4,0 центнер кемітіп жібереді.
Фосфор және аздаған мөлшерде калий берілген қоза 5-12-ші варианттардағы сияқты азотты көбейтілген нормада гектарына 250-300 килограмм берген кезде әр гектардан 5,5 центнерден 6,4 центнерге дейін қосымша өнім алынады. Сонымен, егіс даласында жасалған осы бір көпжылдық тәжірибеге қарағанда, азоттың қосымша өнімді мол беретініне, фосфордың – одан аздау беретініне, ал, калийдің ешқандай да қосымша өнім бермейтініне көз жеткізуге болады. Калий енгізілген 12-14-ші варианттарда алынған шитті-мақтаның өнімі калий берілмеген 11-ші вариантта алынған өнімнен кем болып шықты.
Тәжірибе станциясының аумағында жүргізілген екінші бір көпжылдық тәжірибе қоза-жоңышқа ауыспалы егіс жүйесін үш жыл жоңышқа, 7 жыл қоза схемасы бойынша қолданудың бүкіл барысында минералдық түктармен қоса пайдаланғандағы көңнің оңды роль атқаратынын көрсетіп бередді. Жоңышқа егілген жердің қайта жыртылған жылы алыстаған сайын оның әр гектарына азо минералды тыңайтқышын өндіру нормасы қоза егілген алғашқы жылғы 40 килограмнан одан кейінгі жылдарда 60,80 және 100 килограмға дейін (ұсынылатын норманың жарты мөлшері және 80 килограмнан 120, 160 және 200 килограмға дейін ұсынылатын норманың толық мөлшері) өсе түскен. Оның есесіне фосфор тыңайтқышын әр гектарға енгізу нормасы осындай мерзім ішінде алғашқы 80 килограмнан 70-60 килограмға дейін кеміген.
Ауыспалы егіс танабын қолданудың бүкіл барысындағы әр жыл бойынша алғандағы тәжірибенің орташа қорытынды көрсеткіштері №8 кестеде келтірілген.
№8 кестедегі келтірілген деректер үш жыл бойы жоңышқа өсірілген жердің қайта жыртылған жылы алыстаған сайын шитті-мақта өнімінің кеми беретінін көрсетеді. Мұның өзі әсіресе қозаға көсек құрты (қоңыр көбелек) түсіп, жаппай зақым келтірген 1998 жылы қатты байқалды. Бұған күзі ұзаққа созылып, қолайлы болған 1997 жылды қосуға болмайды.
№8 КЕСТЕ
Жылдар бойынша алғанда ауыспалы егіс ротациясы орнына тыңайтқыш қолданғандағы қозаның өнімділігі (ц/га)



№№
вар.

7 жылда енгізілген тыңайтқыш (ауыспалы егіс ротациясы бойынша)

Жылдар

Ауыспалы егіс ротациясы бойынша орташа көрсеткіштер

кг/га

Көң (т/га)

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

7 жыл ішінде

Қосымша ө

N

P2O5

ц/га

%

1

0

0

0

30,6

29,8

27,7

21,6

30,7

8,6

23,8

24,7

-

-

2

0

450

0

30,5

30,5

29,0

23,6

31,9

8,9

26,8

25,9

1,2

4,9

3

580

450

0

31,9

31,7

31,3

30,8

33,7

9,2

28,7

28,2

3,5

14,2

4

1160

450

0

33,3

33,7

33,7

32,3

35,0

10,1

29,8

29,7

5,0

20,2

5

0

0

140

31,1

32,4

32,4

23,9

32,2

8,9

26,4

26,8

2,1

8,5

6

0

450

140

31,9

34,1

33,1

27,8

35,5

9,9

30,4

29,0

4,3

17,4

7

580

450

140

32,9

34,6

34,2

32,6

37,3

10,5

30,7

30,4

5,7

23,1

8

1160

450

140

34,3

36,8

34,6

35,4

38,4

11,1

31,2

31,7

7,0

28,3

Жылдар бойынша алғандағы тыңайтқыш нормалары (кг/га):


Тәжірибе дәлдігі:

N=40-80

60-120

80-160

100-200

100-200

100-200

100-200

P2O5=80

70

60

60

60

60

60

M(ц/га)=32,7

33,4

32,4

28,5

34,3

9,6

28,5

Е(ц/га)=1,4

1,5

0,7

1,2

1,5

1,2

0,9

Р(%)=4,5

4,5

2,2

4,2

4,4

5,0

3,2

Азот пен фосфор тыңайтқыштарын енгізу, әсіресе оларды гектарына жыл сайын 20 тонна көң шашумен бірге енгізу есебінен ауспалы егіс жылдарының аяғына қарай бақылаудағы көрсеткіштермен салыстырғанда өнімнің кемуіне көберек тосқауыл қоюға болады.


Ауспалы егіс танабын қолдану кезінде бір гектар жерге енгізілген фосфор есебінен (2-ші вариант) небәрі 1,2 центрнерден қосымша өнім алынды. Ал, бұл көрсеткіш әр гектарға жыл сайын 20 тонна көң себілгенде (5-ші вариант) 2,1 центнерге, көң себілмей-ақ минералдық озоттың жарты нормасы (3-ші вариант) енгізілгенде 3,5 центнерге дейін, көң себілген жағдайда (7-ші вариант) 5,7 центнерге дейін жететіні белгілі болды. Толық нормасымен енгізілген минералдық азот (4-ші және 8-ші варианттар) әр гектардан алынатын өнім мөлшерін тиісінше 5,0 центнер және 7,0 центнер арттырады. Егістікке шашылған көң топырақтағы пайдалы микрооргнаизмдердің дамып, молаюына ықпал етеді. Ал, өз кезегінде ол микроорганизмдер қоректік заттардың тез сіңетін түрлерінің тұрақты қорын қозаның бүкіл вегетациялық өсіп-жетілу кезеңінде қамтамасыз етіп отырады. Минералдық тыңайтқыштарды егістікке көңмен қоса енгізу арқасында өндірістік азот тыңайтқыштарының енгізілетін нормаларын оларды жеке-жеке енгізгенде алынатын қосымша өнімнің мөлшерін кемітпей-ақ екі еседей азайтуға болады. Сөйтіп көң суармалы сұр топырақты жерлерде пайдалы микроорганизмдердің қызметін жақсартып, күшейте түседі, сондай-ақ топырақтың тамырға таяу жатқан қабаттарында ондағы бірте-бірте өліп жатқан микрооргнаизмдердің шірінді қалдықтары есебінен жеңіл сіңірілетін қоректік заттардың тұрақты қорын жасауға қатты кіріседі, қоректік элементтердің өсімдік организміне сіңуі қиын түрлерін сіңуі оңай түрлерге айналдырады.
Минералдық тыңайтқыштардың белгілі бір дәрежеде тиімді болуына топырақтың қаншалықты мөлшерде сортаңдануы да зор әсер етеді. Мақтаарал тәжірибе станциясының егіс далаларында танаптардың сорын бір рет екі рет шаю арқылы топырақтың сортаңдануының екі түрлі жағдай қолдан жасалды. Оның аздап сортаңдандырылған бірінші жағдайында топырақтың жоғарғы бір метр қабатындағы тұздың жалпы мөлшері 0,269=0,362 пайыз, ал орташа сортаңдандырылған екінші жағдайында – 0,638=0,884 пайыз болды.
Егістіктің әр гектарына жыл сайын 150килограмнан азот берілген 3 жыл ішінде шитті-мақтадан алынған өнімнің мөлшері аздап сортаңдандырылған бірінші жағдайда гектарына орта есеппен 33,8 центнерден, орташа сортаңдандырылған екінші жағдайда – 27,3 центнерден айналады, немесе өнім екінші жағдайда бірінші жағдаймен салыстырғанда гектар сайын 6,5 центнер кем алынды. Азоттың жылдық мөлшерін гектарына 250 килограмға дейін арттырған кезде бірінші жағдайдағы алынған өнім гектар сайын 2,3=3,6 центнер артық, ал, орташа сортаңдандырылған екінші жағдайда керісінше – 0,5=1,4 центнер кем алынады. Азоттың жылдық мөлшерін 350 килограмға дейін жеткізген кезде екінші жағдайда әр гектардан кем алынған өнімнің мөлшері 2,8 центнерден айналады.
Олай болса, топырағы орташа сортаңданған, тнаптардың әр гектарына берілетін азоттың жылдық мөлшері 150 килограмнан артпауы тиіс. Өйткені, азот бұдан жоғары мөлшерде берілсе, оның тиімділігі болмайтыны былай тұрсын, тіпті алынатын өнімді кемітіп жібереді.
Мақтаарал тәжірибе станциясының егіс далаларында сонымен қатар минералдың әртүрлі жылдық мөлшерде берілгендегі тиімділігі қандай болатыны топырақтың ылғалдылығына және сумен қамтамасыз етілу тәртібіне байланысты да зерттелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет