Менеджер сөздігі русско-английский и


Қаржы - экономикалық талдау -



бет23/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29

Қаржы - экономикалық талдау - өзінің негізгі назарын кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне аударады: қаржы жоспарының орындалуы, жеке және қарыз капиталын пайдалану тиімділігі, кіріс сомасын көбейтетін резервтерді анықтау, табыстылықтың өсуі, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және қарыз жағдайларын жақсартуы;

Қарсы әсер ететін маркетинг - бірқатар тауарлар мен қызметтерге сұраныс тиімсіз деп есептелген кездегі қолданылатын маркетинг.

Қарыз қаражаттарына пайда нормасы - бұл көрсеткіш ішкі пайда нормасына ұқсас болып келеді. Осы көрсеткішті есептеу кезінде банкпен берілген несие, уақытылы табыс пен несиені мерзімінен бұрын өтеу жағдайында негізгі сома бойынша (қарыз қалдығын алу) ақша қаражаттарының ағымдары қолданылады.

Қарыз қаражаттары үшін капитализация ставкасы - несие бойынша жыл сайынға төлемнің несие сомасы қатынасымен анықталады.

Қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті – капитал құрылымын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің өсуі кері өзгерісті білдіреді және кәсіпорынның сыртқы инвесторлардан тәуелдігі одан әрі көбейгенін көрсетеді.

Қарыз құралдары – банк немесе басқа да қаржы институттрыың кредиттері есебінн құралады. Кредит борышкер мен кредитор арасындағы экономикалық қатынас. Кредиттік реттеудің негізгі элементі болып ссудалық процент табылады. Банктік кредиттеудің обьеттері болып жеке және заңды тұлғалардың капитл салымдары, яғни құрлысқа,өндірістік және өндірістік емес обьекттерді кеңейту, қайта жөндеу және техникалық қамсыздандыру; қозғалатын және қозғалмайтын мүлік сатып алу; ғимараттар мен құрылғалар.

Қарыздық құнды қағаздар – пайыз түрінде табыс алу құқығы үшін берілген қарыз құралдары және оған қарыз алушының қарыз соммасын белгіленген уақытта қайтару міндеттемесі жатады.

Қарыздық міндеттемелер – инвестор (кредитор) және құжат шығарушы тұлға (қарыз алушы) арасындағы қарыз қатынастарын көрсетеді. Оған: облигация, мемлекеттік қарыздар, банктардың депозиттік жинақтаушы сертификаттары, вексельдер жатады. Облигация және басқа қарыздық міндеттемелерін шығарушы белгілі бір уақыт аралығында ссуда және пайызды төлеуі тиіс.

Қатысу үлесі – акционерлік қоғамдар мен үлестік инвестиция қорларын есептемегенде бірлесіп құрылған ұйымдардағы, консорциумдағы жеке және заңды тұлғалар мүлкінің қатысу үлесі.

Қауiптi еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiс факторларының әсер етуi еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.

Қауіпсіздік қоры - өнімдерді тасып жеткізу, өндіру және тасып шығару сақтығымен байланысты сенімсіздіктерден құтылу үшін қалыптасатын қорлар. Неғұрлым сенімсіздік көп және тапсырыстарға әсер ету кезеңдері ұзақ болса, онда қажетті қауіпсіздік қорының деңгейі де жоғары болуы керек.

Қауіпті тәуекелді аймақ – кәсіпорын есепті табысты ғана емес, сонымен қатар өнім өткізуден түскен табысты жоғалту ықтималдылығы бар және шығындарды өзінің есебінен қайтарады.

Қашықтықтан білім беру – оқытушы мен оқушылар арасындағы тікелей жеке «бөлмелік» байланыссыз, қазіргі ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолдану негізінде, ара қашықтықтан тәуелсіз жүргізілетін білім берудің жаңа тәсілі.

Қоғамның аффилирленген тұлғасы - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) акционерлік қоғам қабылдайтын шешімі, оның ішінде ауызша шартты қоса алғанда, шартқа немесе өзге де мәмлеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (оның қызметін берілген өкілеттер шеңберінде реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзіне қатысты акционерлік қоғамның осындай құқығы бар кез келген тұлға.

Қойма – әртүрлі материалдық құндылықтарды сақтауға, қабылдауға, оларды өндірістік тұтынуға дайындауға және тұтынушыларға үздіксіз таратуға арналған әртүрлі қондырғы немесе ғимарат. Өнімді тарату және өткізу жүйелерінде орталықтандырылған және орталықсыздандырылған қоймаларды бөледі. Қоймалар көлемі, құрылысының биіктігі, әртүрлі түзілістері, қойма операцияларының механикалндыру дәрежесі бойынша жіктеледі. Қоймада материалдардың келіп түсуі, жұмсалуы және ішкі орын ауыстыруы рәсімделеді.

Қол таңба - лауазымды тұлға өзінің қолымен қойған құжаттың деректемесі (реквизиті). Қолтаңба құжаттағы мәліметті негізгі куәләндірудің түрі. Қолтаңба құжаттың бірінші данасына қойылады. Қолтаңба деректемесінің құрамына келесі мәліметтер кіреді: тұлға лауазымның атауы, жеке қолтаңбасы және толық аты-жөні. Бірнеше тұлға құжаттың мәтініе қатысты жауапкершілігі бойынша, барлығының қол таңбасы бірінен соң бірі лауазымды деңгейі қалыптасқан реті бойынша қойылады. Коллегиялық мекеменің шшімін төрағаның (төрайым) және хатшының қол таңбасы арқылы бекітіледі.

Қолданбалы бағдарламалар пакеті – нақты сала есебін шешуге арналған бағдарламалар кешені.

Қолданбалы бағдарламалық жабдықтау – қолданушылардың әр түрлі есептерін шешуге арналған дара қолданбалы бағдарламалардан, қолданбалы бағдарламалар пакетінен тұратын бағдарламалық жабдықтау

Қолданбалы зерттеулер - инновациялық процесстің бірінші кезеңінде фундаменталды зерттеулерден кейін жүргізілетін ғылыми-техникалық және эксперименталды жұмыстар. Қолданбалы зерттеулер анықталған инновациялық идеяларды зерттеп оны белгілі бір формаға, модельге айналдыру арналған. Көбінше қолданбалы зерттеулер нәтижесі заңды түрде патенттеледі.

Қолма-қол төлемдерге жеңілдіктер - қолма-қол ақшамен тез арада есептесетін сатып алушыларға бағаның 3-5 %-ға дейінгі төмендетілуі.

Қолшатырлық бренд - әр түрлі азық–түлікті қолдайтын және әр түрлі нарыққа бір тұтас слоганмен–уәдемен арналған бренд. Мысалы, Palmolive маркасы (ыдыс жуатын сұйықтық, сабын, әйелге арналған сабынсу).

Қоныстандыру дамып келе жатқан құрылым ретінде архитектуралық – жоспар құрылымын жасау кезінде, оған жетілдіру қабілетілігін, даму параметрлері мен сипаттамаларына ие және жоспарланбаған қарқынды түзетуге икемді жауап беру мүмкіндігі енеді. Бұл байланыста резервтік территориялар мен тәсілдер туралы айтылады (мысалы, сызықты құрылым) және т.б.

Қор биржасы - бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығының негізгі бөлігі. Қор биржасы бағалы қағаздардың негізінен екі түрі айналымға түседі: кәсіпорындар, серіктестіктер, фирмалар акциясы; үкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдары,коммуналды кәсіпорындар, сонымен бірге жеке серіктестіктер шығаратын облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарды сатып алыну-сатылу биржалық курстың нарықтық негізімен жүзеге асырылады.

Қор қайтарымы - бұл негізгі қорлардың пайдаланылуы мен өндірістің жалпы тиімділігін сипаттайтын жалпылаушы синтетикалық көрсеткіш.

Қорғаныс бренд – ауызшалық сауданың белгісімен бір уақытта тіркеледі және оны еліктеуден қорғау үшін қолданылады. Мысалы, атақты тауар белгісі Adidas, қорғаныс марка ретінде abibas, abidas, aidasuin қолданылуы еді.

Қоржынды холдинг – холдингтік компанияға кіретін кәсіпорындардың құнды қағаздар қоржының басқару жөнінде ешқандай да шаралар өткізбейді. Инвестициялық холдингтің одан айырмашылығы инвестициялық қызметті жүзеге асырады, соның ішінде акцияны қоса алғанда кез-келген акцияларды сатады және сатып алады.

Қорланған пайыз – облигация бойынша соңғы төлем төленген күннен бастап құралған пайыз жиынтығы. Қорланған пайыз сатып алушы төлейтін бағада ескеріледі.

Қорлану – ұлттық табыстың бір бөлігін өндірістің кеңейту мұқтаждықтарына пайдалану. Негізгі капиталдардың айналым қаражатының ұлғаюынан, сақтандыру резервтерін жасаудан, сондай-ақ бейнеөндірістік әлеуметтік –мәдени қорларды көбейтуден көрініс табады.

Қорлану қоры – мемлекеттің, кәсіпорындардың, кәсіпкерлер үй шаруашылықтарының табыстың белгілі бір бөлігін болашақ қажеттіліктерге жұмсауға кейінге сақтауды, қор жинау; пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру, заттық қорды, мүлікті көбейту, капиталды, негізгі қорларды арттыру.

Қорларды басқару - бұл объектісі қор қалыптастыру және сақтау болып табылатын өндірістік қызметтің белгілі бір түрі. Қорларды басқарудың негізгі мақсаты - клиенттерге қанағаттанарлық қызмет көрсету жағдайында қорларды ұстаудың жыл сайынғы шығындарын ең төмеңгісіне дейін төмендету.

Қос түрде салық салу - бірдей салықты түрлі елдерде бір табыстан алу. Әдетте біріккен кәсіпорында жұмыс істеген шетелдіктің табысынан оның шетелге ауыстырылуы кезінде алынады. Қос түрде салық салудан қорғау үшін үкіметаралық келісімдер жасалады, нормативті актілер мен заңдар қабылданады.

Қосалқыларды бағалау - аяқталмаған өндірістің, қоймадағы дайын өнімнің және материалдық қосалқылардың өзіндік құнын есептеу.

Қосарланған сату әдісі - бір параметрден басқа сипаттары бір-біріне ұқсас болатын екі объектіні сату. Аталған параметрлер үшін бағалар - бірдей. Берілген әдісті қолдануды шектеу қосарланған сату объектілерін таңдаудың, ақпараттың көп мөлшерін өңдеу және талдаудың қиындығына әкеледі.

Қосылған құн – 1) тауарлар мен қызметтердің нақты өндіріс үрдісінде құрылатын құнының өсімі; 2) сатып алынған және өндіріс үшін қолданылған ресурстар санын шегеріп тастағандағы, кәсіпорынның өткізген өнімінің жалпы құны.

Қосылған құн салығы (ҚҚС) – жанама салық түрі, өткізу бойынша салық салынатын айналымның тауарларды өндіру (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) және олардың айналысы барысында қосылған құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ ел аумағына тауарлар импорты кезіндегі аудару болып табылады. Салық салынатын айналым бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығы өткізілген тауарлар (орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық салу объектілері болып табылады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 пайызға тең және салық салынатын айналымның мөлшеріне қолданылады. Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға, халықаралық тасымалдарға байланысты жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге салық нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.

Қосылған құнды талдау – операционды қызметті және шаруашылық процесстерді талдау құн өлшемін анықтау мақсатымен, нақты операцияларды және процесстерді жасау нәтижесінде қосылатын құн.

Қосымша жауапкершілігі бар қоғам – бір немесе бірнеше тұлғамен құрылған, жарғылық капиталы құрылтайшылар құжатында белгіленген үлестерге бөлінген және қатысушылары соның міндеттемелері бойынша өз мүліктерімен бірдей көлемде жауап беретін қоғам.

Құбылмалы сұраныс - өткізудің маусымдық, күндік, сағат сайындық ауытқып отыруы.

Құжат айналымы - мекемеде қабылданып, тіркелуінен бастап, не болмаса мекемеде құрастырылуынан, орындалып жіберілуі аяқталғанға дейін құжаттың айналымдағы жылжу процесі. Белгілі бір мерзім аралығындағы мекемеде келіп тіркелген кіріс, шығыс және ішкі құжаттардың саны.

Құжат датасы - араб цифрлары негізінде құжаттың күнін, айын, жылын көрсетіп құрастырылуы және кол қойылуы туралы мәлімет.

Құжат құндылығын сараптау - қабылданған талаптарға сәйкес құжаттардың сақтау мерзімін бекіту және мемлекеттік сақтауға іріктеп алу тәсілі. Құжаттарға сараптама құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығын бағалау арқылы жүргізіледі. Сараптау құжаттарға номерклатураны құрастырғанда, істі (құжатнаманы) мұрағатқа сақтауға өңдеген кезде жүргізіледі.

Құжат -қандай да болмасын тасымалдаушыға жазылған деректемелі ақпарат. Ресми құжат өзіне тән деректемелер (реквизиттер: атауы, авторы, адресі, мәтіні, ақпаратты қабылдаушы дата , қолтаңба т.с.с.) арқылы ресімделеді. Деректемелер құжаттардың сипатына сәйкес және тек өзіне тән мәтінге сәйкес толтырылады. Ресми құжаттардың көбінің деректемелерінің саны және құрамы заңдылық және нормативтік негізде бекітілген.

Құжаттағы келісу визасы - лауазымды тұлғаның құжаттағы мәтінмен келісуін, не болмаса келіспеуін көрсететін құжаттың деректемесі. Келісу визасы мекеменің ішкі құжаттарына келісім бергенде қойылады. Бұл деректеме келесі элементерден тұрады: келісім визасын қоюшының лауазымдық жұмысынан, қолтаңбасы, толық ашылған қолтаңба мәліметінен және датадан. Деректеме қысқаша түрде берілсе, қолтаңба және дата көрсетіледі.

Құжаттамасыз құнды қағаздар - тіркеу есептеріндегі немесе брокер-дилердегі клиенттердің есептерінде, немесе депозитариядағы депо есептеріндегі бухгалтерлік өткізу түріндегі құнды қағаздар немесе Федеральдық қор банкіндегі АҚШ мемлекеттік қағаздар жағдайында, сертифкатынсыз қағаз. Бүкіл қазына құнды қағаздары дерлік, сондай-ақ құжаттамасыз құнды қағаздар түрінде шығарылған муниципальдық облигациялардың үштен бір бөлгі. Осы қағаздарды ұрлау, қолдан жасау мүмкін емес әрі сертификаттың нөмірін тіркеуді немесе есепті қажет етпейді.

Құжаттандыру - бұл құжатты арнайы талаптарға сәйкес құрастыру және ресімдеу процесі. Ақпаратты әр түрлі әдіспен (қолжазба, машинажазба, типографиялық, компьютерлік, сонымен қатар, жазу әдістері (графика, сурет, фотографиялық дыбыс және бейне жазу қолданылады.) бір тасымалдаушыға жазылады. Тасымалдаушылар келесі негізде түсіріліп (қағаз, кино және фотопленка, магниттік лента, дискі т.с.с. ) пайдаланады.

Құжаттарды қабылдау және өңдеу - мекемеге келіп тіркелген құжаттар міндетті түрде қабылданып, өңделеді. Бұл жұмыс үлкен мекемелерде, орталықтандырылған түрде жүргізіліп, экспедициялық құрылымды бөлім атқарады. Құжаттың дұрыс жеткізілуі, мөрдің сақталуы, жіберілімдердің данасының жетістігі тексеріледі; құжаттардың барлығы тіркеледі, жеке тұлғаға жіберілген құжат ашылмайды т.с.с..

Құжаттардың орындалуын бақылау - басқарудағы атқарылатын құжаттық жұмыстың түрі. Құжаттың орындалуын бақылаудың мақсаты тапсырманы уақытында және сапалы орындауды талап ету.

Құжаттармен жұмыс атқару технологиясы - құжаттарды қабылдау және алғашқы өңдеу; оларды алдын-ала қарастыру және орындаушыларға үйлестіру; құжаттарды тіркеу; құжаттарды бақылауға алу, құжаттардың орындалуын қадағалау; ақпараттық-анықтама жұмысын жүргізу; орындалғаннан кейін жіберу; құжаттарды бір жүйеге келтіру және сақтауға алу. Құжаттармен жұмыс жүргізудің қажеттілігі мекемедегі құжаттарға қатысты толық мәліметтерді жинастыру және құжаттық негізде ақпараттық - құжаттық ресурсті қалыптастыру және осы -ақпараттық-құжаттық ресурсты қандай да болмасын қажеттілікке пайдалану.

Құжаттармен жұмысты ұйымдастыру – мекеменің күнделікті жұмыс барысында құжат айналымын, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру. Басқаруда құжаттардың жылжуын қамту, оларды ақпараттық ресурс ретінде пайдалану.

Құжатты ресімдеу - құжаттандыруда бекітілген ережелері бойынша қажетті деректемелерді (реквизиттерді) қою. Құжатты ресімдеу арнайы мемлекеттік стандарттағы талаптарға сәйкес бланкіде толтырылып, бекітілген деректемелер арқылы ресімделеді. Олардың құрамына келесі деректемелер кіреді: мемлекеттік герб, ұйымның сауда белгісі, мекемнің атауы, құжаттың атауы, құжаттың датасы, құжаттың тіркеу нөмірі, тіркеуге сілтеме, құжаттың құрастырылған және басылымдық орны, құжатқа шектеу грифі, қабылдаушының адресі, құжатты бекіту грифі, қарар, мәтіннің тақырыпшасы, бақылау белгісі, құжаттың мәтіні, қосымша тіркемелер туралы мәлімет, қолтаңба, құжатқа келісім грифі, құжатқа келісім визасы, мөр басу, көшірмені растау мәліметі, орындаушы туралы мәлімет, құжаттың орындалуы және іске (құжатнамаға) жіберілгені туралы мәлімет, құжаттың мекемеге келгені туралы мәлімет, құжатты автоматты жүйеде орындалуы, іздестірілуі туралы мәлімет кіреді. Сонымен қатар әр құжаттың ресімделуі құжаттың мәтіндік негізіне сәйкес жүргізіледі.

Құжаттың авторы - құжаты құрастырушы заңды не болмаса жеке тұлға. Заңды тұлғаның (ұйым, мекеме) құжаттағы авторлық құқығы құрылтайшы құжатында бетітілген атауына сәйкес болады. Құжаттың авторы ретінде ұйымды басқаратын лауазымды тұлғаның құқығы болады. Нақты автор туралы мәлімет мекеменің ішкі құжаттарына қатысты міндетті түрде толтырылады.

Құжаттың бланкісі – ресми түрде құжаттың авторының идентификациялау бойынша деректемесі жазылған қағаздың стандарттық парағы. Бланкінің бірнеше түрі қолданады. Жалпы бланкінің негізінде басқа түрлері дайындалады: хатқа арнаған, лауазымдық және нақты құжат түріне арналған. Бланкілер типографиялық, полиграфиялық, компьютердегі шаблонды түрде дайындалады.

Құжаттың бірізділенген (унификацияланған) формасы - ақпаратты тасымалдаушыда (қағаз, электрондық, магниттік т.с.с. сақтаушыларда) бір тәртіппен қалыптасқан және нақты бір салада атқаралатын мәселеге қатысты мәліметтердің жиынтығы.

Құжаттың заңдылық күші— бұл ресми құжатқа тән сипат. Өзіне бекітілген заңдылық құзыры бойынша олардың ресімделу тәртібі бекітіледі. Осыған сәйкес басқару билік мекемелері, не болмаса лауазымды тұлғалар құжатты дайындап шығару барысында келесі міндетті орындайды: құжаттарды құрастыруда күшіне енген заңдылық талаптарды орындауы, құжаттарды тек өзіне жүктелген құзыры бойынша шығаруы, жалпы мемлекеттік талаптарға сәйкес құжаттарды құрастыру және ресімдеуді қадағалауы тиісті. Құжаттарды заңдылық күшіне енгізу келесі деректемелерден тұрады: мекеменің атауы, дата және тіркелуі нөмірі, қолтаңба, мөр, келісім грифі және бекітілуі грифі.

Құжаттың нақты түрі көрсетілген бланк - құжаттың нақты бір түріне қатысты мәліметін көрсетіп құрастыруға арналған бланк. Құжаттық бланк тұрақты деректемесі бекітілген стандарттық қағаз парағы. Құжат түріне арналған бланк мекемеде құжат түрлері (бұйрық, шешім, баяндаушы жазба) сан жағынан басым болса қолданысқа дайындалады.

Құжаттың орындалу мерзімі - құқықтық-ережелері, ұйымдаструшы-өкім құжаттарымен негізделіп бекітілген құжаттың орындалу мерзімі. Құжаттың орындалу мерзімі басқарушы құжат мәтінімен танысқаннан кейін арнайы қарар деректемесінде көрсетеді. Жалпы құжаттың орындалу мерзімі мекеменің ережелік құжатында бекітіледі.

Құжаттың түрі – 1) бір мақсатта негізделіп құрастырылған, не болмаса мазмұндық ерекшелігіне сәйкес құжаттама жүйесіне жататын бір тасымалдаушыға бекітілген жазбаша ақпарат; 2) құжат түрінің атауы-хаттан басқа құжаттарды ресімдегенде пайдаланатын деректеме.

Құжаттың тіркелу белгісі - мекеменің күнделікті жұмыс барысында кіріс құжатына қойылатын белгі. Есепке алынатын құжаттардың барлығы мекемеге келісімен тіркеледі. Мекемедегі кіріс, шығыс және ішкі құжаттардың тіркелуі арнайы бекітілген ережелік талаптарға сәйкес жүргізіледі. Құжаттардың тіркелуі бір рет жүргізіледі. Кіріс құжаттары келген күні тіркледі, жіберілетін және ішкі құжаттар қол қойылған күні не болмаса бекітілген кезден бастап тіркеледі. Кіріс, шығыс және ішкі құжаттар бөлек тіркеліп,олардың әр қайсысына тіркелу индекісі бекітіледі.

«Құқық» опционы – нарықтық бағамынан төмен бағам бойынша белгілі бір эмитенттің жаңадан шығарылған жай акциялардың белгілі бір үлесінсатып алуға қысқамерзімді опцион.

Құн және фрахт - инкотермстің осы шартына сәйкес тауарды келісілген жеткізу портына дейін тасымалдау және фрахт шығындары сатушының мойнында болады. Сатушының міндеттері: тауарды экспортқа шығаруға дайындау, тауарды келісілген портқа жеткізу үшін тасымалдаушымен келісім-шарт жасау, тауарды кемеге тиеу және сатып алушыға көлік құжаттарын жіберу. Бұл шарт тек қана жүкті су транспортымен тасымалдау кезінде қолданылады.

Құн, сақтандыру және фрахт (CIF) - инкотермстің осы шартына сәйкес тауарды келісілген жеткізу портына дейін тасымалдау, сақтандыру және фрахт шығындары сатушының мойнында болады. Сатушының міндеттері: тауарды экспортқа шығаруға дайындау, тауарды келісілген портқа жеткізу үшін тасымалдаушымен келісім-шарт жасау, тауарды кемеге тиеу және сатып алушыға көлік құжаттарын жіберу, жүкті сақтандыру. CIF халықаралық саудада жиі қолданылатын тауарды жеткізудің базистік шарты. Ол тек қана жүкті су транспортымен тасымалдау кезінде қолданылады.

Құрал-жабдықтарды модернизациялау - жаңа прогрессивті технологияны қолданып, құрал-жабдықтарды толығымен немесе жартылай жаңарту, өнімділігі жоғары техниканы, қазіргі уақыттағы компьютерлік технологияны қолдануды жолға қоя отырып мол түсім алу.

Құрамдас баж - кедендік төлемдер қойылымдары адвалорлық және ерекшелікті баждарды ұштастыратын баж түрі. Мысалы, кедендік құннан 20%, бірақ әр тоннадан 10 евродан кем емес баж алынады.

Құрылтайшылық акциялар – акционерлік компаниялардың құрылтайшылары арасында бөлінетін және оларға басқа акционерлермен салыстырғанда артықшылықты құқық беретін акциялар.мұндай акцияларды ұстаушылар жалпы акционерлер жиналысында қосымша дауысқа ие болады; егер де қосымша акциялар шығарылса, оларды бірінші ретті алуға құқыққа ие; басқа акционерлермен бірге акционерлік компанияның қызметімен байланысты маңызды сұрақтарды шешуге қатыса алады – басқарушы органдарды сайлауға, өндіріс көлемі мен құрылымын өзгертуге, табыстарды бөлуге, жаңа бағалы қағаздарды шығаруға.

Құрылтайшылық келісім-шарт (инкорпорация баптары) - корпорацияның негізгі құжаты. Бұл құжат тіркелгеннен кейін сәйкес мемлекеттік органдарда корпорация заңдық мәртебеге ие болады. Құжатта жарғылық капиталдың мөлшері көрсетіледі. Кей жағдайда аталған құжат атауы «жарғы» деп те аударылуы мүмкін.

Құрылымды жобалау әдісі – басқарудың ұйымдық құрылымдарын жобалау мынадай өзара толықтырушы әдістер арқылы жүзеге асырылады: анологиялық; экспертті – талдаулық; мақсаттарды құрылымдау; ұйымдық моделдеу.

Құрылымды синергизм – бір немесе бірнеше компаниялардың ресурстарын біріктіру барысында сату көлемін ұлғайту немесе шығындарды төмендету (мысалы, компанияның өткізу қызметін біріктіру қызметінде). Құрылымды синергизм мәні өте үлкен егер де екі компания бірдей немесе бір-бірімен байланысты өнім өндіріп бірақ та олардың өткізу жүйелері және тұтынушылары әр түрлі болса, мұндай жағдайда шығындарды қысқарту 15-20%, ал сату көлемі 25-30% көлемге дейін жоғарлайды.

Құрылымдық бөлімнің реттік ережесі - ұйымның құрылымдық бөлімінің ұйымдастырылу тәртібін, құзырын, жұмысын реттейтін құқықтық акті. Ережелер келесі мәтіндік негізден құрылады: жалпы бөлім, мақсаты және мәселесі, атқаратын функциясы, құқығы және міндеті, жетекшілік, қызметтік байланыс.

Қызмет бағыттары «қоржынын талдау» - фирма қызметін зерттеудің аралық кезеңі. Бұл талдаудың аясында өндіру мен өткізу бағыттарының барлық кешенінің тиімділігі зертеліп, салыстырылады, қызмет бағыттарының «қоржынын» өзгерту туралы қорытынды жасалады.

Қызмет көрсету нормасы – жұмысшы топтарына немесе бір жұмысшыға қызмет көрсетуге арналған өндіріс алаңы мен құрал-саймандар бірліктерінің көлемі. Қызмет көрсету нормасы көп станокшылар мен көмекші жұмысшылар еңбегін нормалаған кезде қолданылады.

Қызмет көрсету орталығы - бұл негізгі өндіріске және онымен байланысты басқа да бөлімшелерге қызмет көрсетуге жауап беретін кәсіпорынның (бір) бөлімшесі. Бұл орталық өндіріске қызмет көрсететін бір типтік шығындарын біріктіреді.

Қызмет көрсетуші процестер - шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді кәсіпорында таратумен, сақтаумен, орындарын ауыстырумен байланысты және қойма шаруашылығының немесе көлік бөлімшелерінің шегіде жүзеге асырылады. Қызмет көрсетуші процестерге сондай-ақ фирманың жұмысшыларына көрсетілетін әртүрлі әлеуметтік қызметтер де жатады.

Қызметтер - бұл көп таралған қызмет түрлерінің, экономикалық қызметтің бірі, ол бар, өндірілген заттардың сапасын өзгертетін қызметтің өзі болып табылатын нәтижені мінездейді. Осылай қызметтерге қажеттілік адамдарға қажетті қызмет нысанындағы үрдістің өзімен қанағаттандырылады. Қызмет түріндегі экономикалық өнім – бұл берілген экономикалық қызмет арқасында және жүргізілуі кезінде пайда болатын жаңа сапа.

Каталог: content -> files -> scipublications -> annotations
annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет