Менеджер сөздігі русско-английский и



бет26/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Өнімділік - сандық бейнеленуде - бұл шығарылған өнім көлемінің тұтынылған ресурстар көлеміне бөлінісі. Кең мағынада - ұйымның салыстырмалы тиімділігі және үнемділігі.

Өнімнің пайдалылығы - өнімді өндіруден түскен пайданың , өнімді өндіру және болу кезінде қалыптасқан шығындарға қатынасы.

Өсу көрсеткіштері (өсу жылдамдығы) - бұл көрсеткіш нақты кезеңде өндірілген немесе тұтынылған экономикалық өнімнің санының өткен кезеңде қолданылатын немесе тұтынылатын көлеміне қатынасы. Көбінесе жылдығы қарастырылады. Тоқсандық, айлық кезең немесе жай ғана нақты бір соңғы және бастапқы күндер. Егер де қарастырылып отырған уақыт аралығында өнім көлемі өзгермесе, онда өсу көрсеткіші (өсу қарқыны) бірге немесе 100 пайызға тең; егер де көлем өссе, онда өсу көрсеткіші 100%-ға көтеріледі, ал егер де төмендесе – онда ол 100%-ға төмен. Өсу көрсеткіштері экономика жағдайының өзгеруін мінездейді, сондықтан да оларды экономиканың өзгеру немесе жағдайының көрсеткіштері деп те атауға болады. Статистикадағы жиі қолданылатын мұндай көрсеткіштердің тобы индестік көрсеткіштерді құрайды немесе жай ғана индекстерді.

Өсімділік көрсеткіш - өсімділік көрсеткіштері өткен, базистік кезеңде өндірілген, сатылған, тұтынылған көлемнің санының өскендігін көрсетеді. егер де қарастырылып отырған уақыт аралығында, айталық, соңғы жылы, өнім көлемі өзгермесе, онда өсімділік көрсеткіші оңды; егер де төмендесе, онда өсімдік көрсеткіші теріс. Өсімділік көрсеткіштері үлеспен немесе пайызбен өлшенеді. Табиғи көрінісінен қарайтын болсақ, онда бұл көрсеткіштер «экономикалық жылдамдату» көрсеткіштері деп аталуы мүмкін.

Өсімділікті талдау – басқарушылық шешімдерді қабылдау мәселелерді талдау әдісі, іс-әрекеттермен байланысты шығындар мен табыстардың жалпы көлемін емес, осы көрсеткіштердің өсімін талдауға негізделген. Дифиренциалды талдау деп те аталады.

«Өсіруге арналған компаниялар» - жоғары технологиялы компанияның өмір циклінің ең алғашқы кезеңі. Бұл тек идея жүзіндегі бизнес, ол ағылшын тілінде Seed – «Өсіруге арналған компаниялар» деп атайды. Оны инновациялық проект түріне келтіру үшін қосымша зеріттеулер, тәжербиелер жасауға, моделін құрастыруға белгілі бір қаржы бөлу керек. егер инновациялық идея пайда әкелетіндей болса онда оны әрі қарай қаржыландыруға шешім қабылданады, ал егер ол тиімсіз болатындай болса онда әрі қарай қаржыландырылмайды.

Өте жоғары сұраныс - шектен тыс сұраныс, сұраныстың көп болған жағдайында болады.

Өтем - (лат. Compensation – өтеу), келтірілген жоғалымдарды, шығындарды өтеу, қарыздарды қайтару, бір нәрсеге сыйлық беру, соныменен қатар белгіленген заңдық жағдайларда жұмысшылар мен қызметкерлерге жасалатын төлем (қолданылмаған демалысына, жұмысшыға тиесілі құралдардың тозуына, арнайы киімнің берілмеуіне). Өтем келтірілген материалдық және рухани зардаптарға өтемділік төлем формасында әрекет етеді. Саудалық, соның ішінде сыртқысаудалық операцияда өтемділік сауда кеңінен таралған, бұл кезде тауарларды сатып алушы олардың құнын басқа тауарларды жеткізу арқылы өтейді.

Өтемақылар, компенсациялар - жұмыс режимi мен еңбек жағдайларына байланысты, жұмысты орындаған кездегi қызметкерлердiң шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты ақшалай төлемдер.

Өтеу кезеңі - бұл кәсіпорынның өнімді өткізуден алған таза табысының бастапқыда салған капиталының (жұмсаған қаржысының) орнын толығымен жабатын уақыт аралығы.

Өтеудің дифференциалданған мерзімдері – облигациядағы инвестордың тәуекелділігін төмендету үшін қолданылатын әдіс. Инвесторлар хеджирлеу арқылы пайыздық ставканың өзгеруінен сақтанады, ұзақ мерзімді облигациялар қысқа мерзімді облигациялармен салыстырғанда құнында тез өседі. Бірақта ставкалардың өсуі кезінде қысқа мерзімді облигациялардың құны жақсы сақталады, ал ұзақ мерзімді қарыздық облигациялардың бағасы бірден төмендеп кетеді.

Өткізу - бұл дайын өнімді сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге жөнелту, сондай-ақ өндіруші кәсіпорынның есеп айырысу шотына түсімнің келіп түсуі. Тауарларды өтеусіз беру мақсаттарында сату, айырбастау, жөнелту, жұмысты орындау және қызмет көрсету, сондай-ақ, кепілге салынған тауарды кепілзат ұстаушыға табыс ету. Таратуға қарағанда өткізу маркетингтік арналар арқылы дайын өнімді сатудың өзіндік үрдісі.

Өткізу құрылымы - кәсіпорында өткізілетін өнімнің жалпы көлемінде әртүрлі категориядағы өткізілетін өнімдердің қатынасы (сұрыптамалық ұстанымы бойынша, төлем формасы бойынша, қаражаттардың болашақтағы түсімнің сенімділігі бойынша және т.б.).

Өткізу қызметі - бұл тек дайын өнімдерді сату емес, сонымен қатар өндірісті сатып алушылардың төлемқабілетті сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталу және кәсіпорынның өнімдеріне сұраныс қалыптастыру мен қолдау бойынша нарықтағы белсенді жұмыс; тауарларды тарату және жылжытудың тиімді араналарын ұйымдастыру.

Өткізу пункті - адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгілеген автомобиль, темір жол вокзалының, станциясының, әуежайдың, аэродромның, теңіз, өзен портының не өзге де жабдықталған орынның шегіндегі аумақ (аумақтың бір бөлігі).

Өткізу тәуекелі - өндірістік кәсіпорыннан тыс сатып алушының өндірушінің күнәсінсыз өнімнен бас тартуы кезінде пайда болады.

Өткізуден тыс табыстар - бағалы қағаздар операцияларына қатысқан еншіліс кәсіпорындардың шетелдік валюта бағамының өзгерісінен алынған табыстары.

Өткізуден тыс шығындар - негізгі өнімді өндіру және өткізу мен байланыссыз, бірақ шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелеріне қатысты шығындар.

Өтімділікті талдау - бұл топтағы көрсеткіштер кәсіпорынның ағымды міндеттемелері бойынша жауап тарту қабілеттілігін сипаттап, талдауға мүмкіндік береді.

Өтімділіктің ұйғарымды шектері - кәсіпорынның ақша қаражаттарынан пайда болатын, барлық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын өтімділік көрсеткіштерінің шекті мәні. Мысалы, кәсіпорынның қандай өндірістік салаға жататына байланысты жалпы өтімділік коэффицентінің (ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттерге қатынасы) 1,5-тен 2,5-ке дейінгі мәндері қалыпты болып саналады. Егер бұл коэффицент 1-ден төмен болса (ағымдағы активтерден міндеттердің елеулі асып түсуі), онда кәсіпорын кредиторлары үшін жоғары қаржылық тәуекел болатыны айғақ.

Өтініш - жеке тұлғаның мекемеге не болмаса лауазым иесіне арнап жазған өтініші, не болмаса ұсынысы көрсетілген құжат. Өтініштің деректемелері: өтініштің лауазымдық тұлғаға арналуы туралы мәлімет (лауазымның атауы, мекеме жетекшісінің тегі, аты -жөні құжаттың түрі, мәтіні, құжатты құрастырушының қолтаңбасы, датасы). Өтініш қарастырылып болғаннан кейін, мекеме жетекшісі бұрышына қарар мәліметін қояды.
П
Пайда - ұйымның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерін жалпылайтын көрсеткіш. Пайданы экономикалық ынталандыру қорының шығар көзі ретінде алынған өнімді өткізген соң түсетін табыстан өнімді өндіруге жұмсалған шығынды шегеріп тастағаннан кейінгі ақша құрайды.

Пайдалану - меншік объектісінің пайдаланушының тілегі мен қарауы бойынша және оның бағытталуына сәйкес игеруді көрсетеді. Меншікті иелену мен қолдану бір субъектінің қолына бірігуі мүмкін немесе әртүрлі субъектілердің арасында бөлінеді. Соңғысы затты оның иесі болмай-ақ қолдануға болатынын көрсетеді. және керісінше, заттың иесі бола тұра меншік объектісін иеленбеуі де мүмкін, меншігін басқа субъектіге пайдалану құқығын бере отырып.

Пайданың ішкі нормасы -жобаның таза ағымдағы құны нольге тең болған жағдайдағы дисконт ставкасының мәні. Бұл көрсеткіш шығындарды талдау барысында қолданылады.

Пайданың ішкі нормасының коэффициенті (IRR) – осы жобаға салынған құралдардың мақсаттылығын мінездейді: егер де IRR талап етілетін табыстылық деңгейінен жоғары )немесе тең) болса, онда жоба оны қаржыландыру мақсатымен қарастырылуға жіберіледі. Коэффициентті есептеу не әртүрлі дисконттық ставка кезінде таза келтірілген құнның деңгейін нөлге жақындататын таңдау әдісімен, не cash flow үлгісін қолдану кезінде қаржылық калбкулятормен жүзеге асырылады.

Пайларды өсірудің инвестициялық жоспары жоспар «Merrill Lynch» фирмасымен және «Чеиз Манхеттен банкімен» құрылған. Жоспарға сәйкес депозитті шот жазылған күні автоматты түрде дебеттеледі және ақшалар банкке пайларды өсіретін арнайы шотқа аударылады. Брокер салымшы үшін акцияларды келесі күніне сатып алады. Комиссиялық сыйақы банк пен фирма арасында бөлінеді. Клиенттер «Merrill Lynch» стандартты шкаласымен салыстырғанда ставкасына берілетін жеңілдіктен пайда алады және қарапайым арналар бойынша іске асырылатын инвестицияларды жабу үшін жеткілікті емес апта сайынғы немесе ай сайынғы салымдар есебінен акцияларды сатып алуға болады.

Пайлық инвестициялық қор – пайшылардың жалпы жиналысына қатысуға, дивиденде алуға және кәсіпорын жабылған кезде компания мүлкінің бір бөлігін алуға құқық беретін қатысушылардың үлесінен құрылатын инвестициялық қор. Ол ашық түрде болуы мүмкін, егер де басқарушы компания инвесторлардың тілегі бойынша онымен шығарылған инвестициялық пайларды сатып лау бойынша міндеттемелерді өзіне алады, немесе интервалдық, егер де басқарушы компания жылына бір рет инвесторлардың талабы бойынша өздерінің шығарған инвестициялық пайларын сатып алуға міндеттемені өз мойнына алатын болса.

Пайыз тәуекелі - берілген несиелерге байланысты пайыз мөлшерлерінен тартылған қаражат бойынша бөлінетін пайыз мөлшерлерінің артық кетуі. Нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процесіндегі зияндардан пайда болуы қауіпі. Пайыз тәуекеліне инвестордың құнды қағаздар рыногындағы пайыз мөлшерлеріндегі өзгерістерге байланысты зиян шегу қауіпі де жатады.

Парето заңы, 80/20 принципі - италияндық ғалым әлеуметтанушы және экономист Вильфредо Паретоның тағайындаған принципіне сай 80 % пайданың 20 %-ы ең бай тұрғындардың үлесіне тиеді.

Париждік клуб - қарыз беруші-мемлекеттерді біріктіретін ресми емес халықаралық ұйым. Халықаралық валюта қорымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қарыз-елдердің мемлекеттік қарыздарын реттеу сұрақтарымен айналысады және олардың мемлекеттік қарыздарын қайта қарастыру мәселелерімен байланысты көпжақты келісмдерді жүргізеді. 1956 жылы құрылған. Қатаң ұйымдық құрылымы мен мүшелеріне ие емес. Клубтың негізгі мүшелері Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының мүшелері-дамыған елдер болып табылады. Париждік клубтың дәстүрлі төрағасы Францияның қаржы министрлігінің жоғары шенді шенеунігі. Елдің қарызын қайта құру туралы қарыз-елмен келісімнің қортындысы бойынша клубтың мүшелері Келісілімді келісімге қол қояды. Онда уақыты өтіп кеткен төлемдер мен қарыздарды өтеу бойынша төлемдерді консолидациялау шарттары; реструктуризациялау болуы керек кезең; реструктуризациялауға жататын қарыздың үлесі; бірінші салымның шарты мен төлем кестесі анықталады. Келісілімді келісім шарттары қарыз беруші ел мен қарыз ел екіжақты негізде рестуртуризациялауға жататын несиелердің тізімі туралы келіскен уақытта ғана күшіне енеді.

Пассив құрылымын талдау - кәсіпорынның меншікті және қарыз қаражаттары арақатынасын анықтау, сонымен бірге оларды құратын баптарды талдау. Белгілі бір уақыт аралығындағы пассив баптарының өзгеру динамикасын анықтау.

Пассивті сүраныстағы тауарлар - әлуетті сатып алушы ол тауар туралы ешнәрсені білмейді немесе белгілі бір ақпараты бар, бірақ оны сатып алуды ойланбаған тұтыну тауарлары. Мысалы, балаларға арналған энциклопедия, үйдегі қорғаныс жүйесі, әр түрлі сақтандыру түрлері.

Пәндік сала – мәліметтер қоймасын қолданушылардың шектеулі тобының ақпараттық тұтынушылығын сипаттайтын ақпараттық кеңістіктің бөлігі. Пәндiк сала ұғымын шынайы әлемнiң, ортаның зерттелiнетiн немесе қолданылатын қандай да бiр бөлiгi деп түсiнуге болады

Персонал - кәсіпорынның (ұйымның) табыс немесе пайда табу мақсатында немесе өз басының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірегей өндірістік қызмет атқаратын белгілі бір мамандығы мен біліктілік дәрежесі бар қызметкерлер жиынтығы. Жалпы алғанда персонал өнеркәсіптік-өндірістік және өнеркәсіптік емес болып бөлінеді. Өнеркәсіптік-өндірістік персоналға өз кезегінде әкімшілік-басқарушылық персонал және өндірістік персонал жатады. Кәсіпорынның қызметкерлер мен жұмыскерлердің өндірістік және өндірістік еместердің жалпы саны.

Персонал лизингі – қызметкерлердің қаржылық арендасы – персоналдың ұзақ мерзімді арендасы туралы келісім шарт жасау; осы келісімшарт негізінде арендатор келісілген мерзім шегінде лизингік компанияға берілген персоналдың қызметі мен компетенциясын пайдаланғаны үшін төлемақы төлейді.

Персоналға деген қажеттілік - 1) сандық – ұйым алдында тұрған міндеттерді орындауға қажетті белгілі бір біліктілігі бар қызметкерлер саны; 2) сапалық – белгілі бір сәтте шешілуі қажет міндеттер және жұмыс орындарында қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда ұйымдағы біліктілігі әр түрлі қызметкерлер жиынтығы. Персоналға деген қажеттілікті жоспарлау - персоналға деген сандық және сапалық қажеттілікті бағалауға бағытталған кадрлық бағдарлама. Ол келесі сұрақтарға жауап береді: ұйымға қандай персонал, қанша және қашан керек?

Персоналды бағалау - персоналдың сапалық мінездемелерінің лауазым немесе жұмыс орнының талаптарына сәйкестігін белгілеудің мақсатты процесі. Аталған сәйкестік дәрежесінің негізінде келесі міндеттер шешіледі: қызметкердің ұйымдастырушылық құрылымдағы орнын белгілеу, олардың даму бағдарламасын құру, еңбекақы мөлшері мен критерийлерін анықтау.

Персоналды бағалау критериі – бағалау өлшемі; ол мына сұрақтарға жауап береді: берілген критерий бойынша нақты жағдай қаншалықты жұмыс орнының талаптарына сәйкес келеді?

Персоналды басқару стратегиясы - ұйымның ұзақ мерзімдегі персоналмен жұмыс істеу және оны дамыту бағытын анықтайтын құрал. Ұйымның кадрлық әлеуеті мен саясаты персоналды басқару стратегиясына сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, ол персоналмен жұмыс істеудің негізгі қағидалары, ережелері мен мақсаттарын қамтиды.

Персоналды жалдау - ұйымның персоналға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажетті біліктілігі бар жұмысшылар мен қызметкерлерді еңбек шарты негізінде жұмысқа қабылдау.

Персоналды іріктеу – ұйымның жеке адам қасиеттеріне қойылатын талаптар идентификациясы; персоналдың сандық және сапалық сипаттамалары ұйымның мақсаттары мен міндетеріне сәйкес келетін персонал құрамын қалыптастыратын іс-шаралар жүйесі; талапкерлер арасынан олардың психологиялық қасиеттері мен кәсіптік қабілеттерін зерттеу негізінде ұйым қызметіне ең сәйкес келетін персоналды таңдап алу процесі.

Персоналдың бейімделу көрсеткіштері - бейімделудің сәттілігін көрсететін өлшеуіштер; объективті және субъективті болып бөлінеді. Объективті персоналдың бейімделу көрсеткіштері еңбектің өнімділігін, т.б. сипаттайды. Субъективті персоналдың бейімделу көрсеткіштері қызметкердің еңбекпен жалпы қанағаттануын немесе оның жеке көріністерімен қанағаттануын сипаттайды.

Персоналдың жеке басының қасиеттерін бағалау - тұлғаның ортақ, әмбебап қасиеттері және де нақты кәсіби қызметтің сипатымен анықталатын арнайы қасиеттері көрінетін еңбек нәтижелілігін бағалаудың құрамдас бөлігі.

Перспективті талдау шаруашылық операциялар жүзеге асқанға дейін алдыңғы талдау жүргізіледі. Ол жоспарлық тапсырмалар мен басқару шешімдерін негіздеу, сонымен қатар болашақты болжау және күтілетін жоспардың орындалуын бағалау.

Портал – қолданушылардың сұрауы бойынша таңдалған тақырыптағы ақпараты жинап, сақтап және өңдеуді қамтитын сайт. Ол толық желістік қызмет түрлерін көрсетеді.

Президент - корпорациядағы жоғарғы лауазымды тұлға, бұл лауазымды бас басқарушы иеленуі мүмкін. Президентті директорлар кеңесі тағайындайды және ол оған есеп береді.

Прейскурант- тауар/қызмет ассортименті мен номенклатура тобының бағасы мен тарифтері берілген арнаулы жинақ. Фирманың прейскурантында тауардың/қызметтің бағасы мен сипаттамасынан басқа штрих-коды, енгізген күні, кімнің бекіткендігі көрсетіледі.

Преференциалдық кедендік тариф - тарарифтiк преференциялар бұл Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артықшылықтар деп түсініледі. Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беріледі. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін және Қазақстан Республикасында шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын тауарларға төмендетілген ставка бойынша кеден баждары салынады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын анағұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Преференциялардың жалпы жүйесі - жеңілдетілген жағдайлар мен тауарларды шығару құқығын белгілі бір елдерге ұсыну (ЮНКТАД шешімдеріне сай өзара негізде біржақты тәртіппен дамушы елдерге қатысты қолданылады).

Принципал – міндеттемедегі басты, негізгі борышқор, яғни оның атынан агент өкіл әрекет етеді

Пролонгация - келісім-шарттардың қай мезгілге болсын күшінде сақтау үшін ұзарту.

Проценттік тәуекел - қарыз алушылардың ипотекалық несие пайызын төлейтін пайыз деңгейі мен ипотекалық делдалдардың инвесторларға төлейтін пайыздар деңгейі арасындағы теріс мәнді айырмашылық туындауы тәуекелі, яғни инфляцияның себебі.

Психологиялық климат - ұжым қызметінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, адамдар арасындағы қарым-қатынас сипаты, еңбек жағдайлары мен оның ұйымдасуына тәуелді ұжым мүшелері психологиясының сипатын, мазмұны мен бағытын көрсететін алғашқы еңбек ұжымының әлеуметтік-психологиялық күйі.
Р
Ребрендинг - сауда марканың атын өзгерту. Компанияның жетекшілері ребрендингті сирек қолданады. Өйткені ірі сауда маркасына атын өзгеруге үлкен шығындарды талап етеді және маңызды тәуекелдер мен байланысты. Ребредингтің себептері әр – түрлі болады. Мысалы, сауда маркасы фирманың амбицияларына жауап беруі басылады, өйткені фирма әлемдік дәрежесіне шығады.

Реверсия - ақша ағымының тікелей капитализациясы арқылы есептеледі. Капитализация коэффициенті кәсіпорындар нарықтарының жағдайына қарап таңдалады.

Регрессивті талдау – тәуелді және тәуелсіз айнымалылардың бір-бірімен байланысын анықтауға мүмкіндік беретін статистикалық талдау құралы.

Резерв – 1) өз қасиеттері бойынша белгілі бір деңгейдегі басшыларға қойылатын талаптарға сай, сұрыптау процедурасынан, арнайы басқарушылық және кәсіби дайындықтан өткен арнайы құрылған жұмысшылар тобы; 2) егер де кәсіпорында болашақта активтердің (қосалқылардың) қажетті көлемі болмай қалған жағдайда қолданылатын берілген сәттегі қолдағы бар активтің түрі. Оның үстіне, өндірісті талдау кезінде өндіріс рентабельділігін (пайдалылығын) мүмкіндігінше көтеруді анықтайды; 3) өндірістің өсуі және оны жетілдірудің, оның соңғы нәтижелерін жақсартудың қолданылмаған және үнемі туып отыратын мүмкіндіктері.

Резервтерді (босалқыларды) анықтау - материал сыйымдылығын төмендетуге, өндіріс тиімділігін арттыруға және ресурстардың жоғалтуларын қысқартуға (азайтуға) бағытталған (арналған) іс-шараларды анықтауды білдіреді.

Резервтік (босалқылық) қосалқылар - жабдықтау жоспарында, әсіресе маусымдық жабдықтау кезінде үзілістер болған жағдайда қолданылады.

Резервтік тіркеу – бірқатар батыс елдерінің заңдарына сәйкес қор биржаларында акциялары тіркеуге алынған ірі корпорациялар андеррайтинг кезінде толтырылатын құжаттармен салыстырғанда, әжептәуір жеңілдетілген, тек қысқаша есеп толтыру арқылы бағалы қағаздарды тіркеу процедурасын қысқарта алады. Корпорация бірден бағалы қағаздарды резервті тіркеуді жүргізеді, оны ол болашақ екі жылда сыртқы қаржыландыру инструменті ретінде қолданады және уақыт өткен сайын оның бір бөлігін аукционда сатады. Дәстүрлік андеррайтингтен резервті андеррайтинтің принципиалды айырмашылығы осында болады. Тұрақты құқықтық және әкімшілдік шығындары андеррайтингке қарағанда резервтік орналастыру кезінде мәнді аз болады, өйткені бұл кезде тек бір тіркеу ғана жүргізіледі.

Реинвестициялау – инвестиция бойынша табыс түрінде алынған өзіндік немесе шетелдік капиталды экономикаға қосымша, қайта салу. Реинвестициялау бір объектіде инвестицияны біріктіруге мүмкіндік береді, өндірісті кеңейтеді. Қаржылық реинвестициялаудың сферасы бағалы қағаздар болып табылады, нақты инвестиициялардікі – негізгі және айнымалы капитал.

Реинжиринг-бизнес үрдісі – тәуелсіз қызмет ете алатын байланысты кеңесшілік қызметті пайдалана отырып, фирма қызметкежерін алаңдатпай, ақпаратты жинай және талдай отырып, фирманы басқалармен салыстыруды қарастыратын бенчмаркингтің типі. Салыстырудың бұл түрі бәсекелі бенчмаркингпен үйлестіргенде, оң нәтижелер береді.

Реинкорпорация - корпорация көптеген себептерге байланысты, сонымен қатар жұтылудан қорғану мақсатында, тіркелген штатты өзгерте алады. Егер компания тіркелген штатты соңғы бірнеше жылдар ішінде өзгертсе, онда оның бұдан бұрынғы инкорпорация штаты және инкорпорация жылы көрсетіледі

Рекрутинг - белгілі бір лауазымға үміткер адамдар арасынан тек біреуін не бірнешеуін ғана бөліп алумен байланысты персоналды жалдау процесінің бір бөлігі. Рекрутингтік қызметпен мамандандырылған агенттіліктер айналысады.

Рентабелділік – кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші, ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады. Құрылыста – пайданың құрылыс-монтаж жұмыстарының көлеміне қатысы. Белгілі бір уақыттағы табыстар мен шығындар қатынасын мінездейтін бизнестің экономикалық тиімділігінің көрсеткіші. Тәжірибеде оның келесідей түрлерін қолданады: а) өндіріс рентабельділігі пайданың авансыланған құралдардың (капиталдың) құнына қатынасы арқылы есептейді. өндіріс рентабельділігі пайдалылықты, кәсіпорынның, өндірістің және неғұрлым ірі жүйелердің жекелеген түрлерінің табыстылығын мінездейді; б) өнім рентабельділігі өткізуден түскен пайданың оның толық өзіндік құнына қатынасы арқылы есептейді. өнім рентабельділігі өнімнің жекелеген түрлерінің табыстылығын бейнелейді. Рентабельділік көрсеткіштері өндіріс көлемімен және баға деңгейлерімен тура байланысты. Рентабельділіктің өсуінің негізгі факторлары өндірістің материал сыйымдылығы мен еңбек сыйымдылығын төмендетуді қамтамасыз ететін өндірістің неғұрлым тиімді әдістерін таңдау, қызметтердің барлық түрлері бойынша және барлық звеноларында үнемдеу режимін іске асыру болып табылады.

Ресурстарды басқару - нақты мақсатты жүзеге асыру үшін, атап айтқанда салық ақпараттарын алу және жинақтау үшін қажетті ресурстардың жұмсалуын бақылау және басқару.

Ресурстардың шектелу қағидасы - толығымен азаматтардың, жеке елдердің, кәсіпорындардың, жанұяның билігіндегі экономикалық ресурстардың барлық түрлері сандық және спалық қатынастарында шектелген. Олар адамзаттың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз. Ресурстардың сиректілігі, шектеулігі қағидасы осыменен қортындыланады.

Ретроспективті талдау - ретроспективті талдау шаруашылық актілер жүзеге асқаннан кейін жүргізіледі. Ол жоспарлардың орындалуын бақылау, пайдаланбаған резервтерді анықтау, кәсіпорын қызметтерінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін пайдаланады.

Реттік ереже - ережелік және кодификациялық сипаттағы құжат. Осы құжат арқылы Мекеменің және оның құрылымдық бөлімдерінің жұмысының ұйымдастырылу тәртібі, оның деңгейі, құзыры, міндеті, құқығы және басқару жүйесіндегі орны, өзгерістері негізделеді. Жеке лауазымды тұлғаның жұмысы осы реттік ереже арқылы ұйымдастырылады.

Рискология – болашақ іс-әрекетте кездесуі мүмкін ғылым заңдары мен заңдылықтарына әсер ететін мақсатты тұжырымдау мен мақсатты жүзеге асыру жүйесіндегі қауіпті мүмкіндіктер.

Ротация – 1) тауардың бұрынғы қорларын алдыңғы қатарға қойып, тезірек сатуды көздейтін іс-әрекет; 2) лицензианттың (сатып алушы) лицензиарға (сатып алушыға) лицензиялық келісім бойынша келісім затын пайдалану құқығы үшін есепті кезең аяқталған соң төлейтін тұрақты төлемі, сыйақысы. Оның мөлшері лицензиялық өнімнің пайдасынан, құнынан алынған пайыз есебімен немесе бір өнімге шаққандағы есеппен анықталады.

Роялти – мыналар үшін төлем:

  • пайдалы қазбаны өндіру процесінде жер қойнауын пайдалану құқығының төлемі және техногендік құрылғыларды қайта өңдеу құқығының төлемі;

  • авторлық құқықты, бағдарламалық қамтамасыз етуді, патентті, сызбаларды немесе үлгілерді, тауарлық белгілерді немесе осы түрлерге ұқсас құқық түрлерін пайдаланудың ақысы немесе пайдалану құқығының төлемі;

  • өнеркәсіп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдығын пайдаланудың ақысы немесе пайдалану құқығының төлемі;

  • ноу-хауды пайдаланудың ақысы;

  • кинофильмді, бейнефильмді пайдаланудың ақысы немесе пайдалану құқығының төлемі;

  • дыбысты жазудың немесе дыбыстық басқа құралдарын пайдаланудың ақысы немесе пайдалану құқығының төлемі;

  • бербоут-чартер немесе димайз-чартер келісімшарты бойынша жалға алынған теңіз және әуе кемелері өнеркәсіп құрал-жабдығына жатады.


С
STEP талдауы - бұл компанияның макроортадағы маңызды элементтерін талдау әдісі. Бұл талдау көбінесе бірлескен деңгейде жүргізіледі.

Strike бағасы – бұл опцион контрактісінің бағасы, яғни базалық активтің тіркелген бағасы, салыстырмалы түрде сатушы мен сатып алушы арасында контракт құрылады. Мағынасына қарай баға ұқсас форвардтық контрактідегі орындалу бағасы болып табылады. Опцион бағасы – сатушыгың өз мойнына алатын міндеттемелеріне опционды сатып алушы беретін өтемі.

Сақтандыру – бұл белгілі бір оқиға туындағанда шаруашылық субъектілері мен азаматтардың мүліктік мүддесін өздері төлеген сақтандыру салымдары есебінен құрылған ақша қорлары арқылы қорғау қатынасы. Сақтандырудың мәні сақтандыруға қатысушылар арасында зиянды бөлуде болып табылады.

Сақтандыру құны – сақтандыру шартында (полисінде) көрсетілген және сақтандыру мақсаттары үшін анықталатын объектілердің нарықтық құны. Сақтандыру құны сақтандыруды қайта қалпына келтіруді бағалау үшін қажет элементі бойынша есептеледі.

Сақтандырушы - сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған шаруашылық субъектісі. Сақтандыру қызметі үшін құрылған және сол қызметті жүзеге асыруға лицензия алған кез-келген ұйымдық-құқықтық формадағы шаруашылық субъектісі сақтандырушы болып табылады.

Сақтандырылушы – бұл сақтандыру жарнасын төлеуші және сақтандырушымен нақты сақтандыру қатынасына түсуші шаруашылық субъектісі немесе жеке тұлға. Сақтандырушымен сақтандыру шартын бекітуші тұлғалар сақтандырылушы ретінде танылады.

Сақтық қоры - жеткізудегі, өндірудегі алдын-ала болжанған тербелістерден құтылу үшін қалыптасатын қор. Бұл қордың түрін қалыптастыруда тербелістердің алдын-ала болжануы оның ерекшелігін көрсетеді.

Сала құрылымын талдау – саладағы бәсекелестіктің ең маңызды компоненттерін анықтайтын талдау, бұл компоненттер инвестициядағы пайда нормасының өсуін немесе төмендеуін анықтайды, сөйтіп ол компания үшін саланың тартымдылық дәрежесіне ықпал етеді.

Салықтар – мемлекет заң жүзінде біржақты тәртіппен белгіленген бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер, олар белгілі бір мөлшерде төленеді, қайтарымды және өтеусіз сипатта болады. Салықтар тура және жанама салық түрлеріне бөлінеді. Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер елдің тиісті бюджеттерінің кірістеріне түседі.

Салық агенті (инспекторы) - салық заңнамасына сәйкес төлем көздерінен ұсталатын салыктарды есептеу, ұстау және аудару міндеті жүктелген заңды немесе жеке тұлға.

Салық базасы – салықтар мен бюжетке төленуге тиіс басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталатын салу салу объектісі мен салықсалуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамасы.

Салық декларациясы, салық мағлұмдамасы - салык төлеушінін, салық агентінін Салык кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша мәлімдемесі жөне (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер, сондай-ак салық міндеттемелерін есептеу және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысқа баска да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс. Мағлұмдамада салық төлеуші табысын, мүліктін, т.б. мөлшерін, кажеттігі салық шегерімдерін, женілдіктер мен шегермелерді көрсетеді және әрбір салық кезеңі аяқталган бойда өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына берілетін салық сомасын есептейді.

Салық есептемесі - салық төлеуші салык органдарына табыс ететін салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараттан тұратын кұжаттама, ол: салықтың бір түрі және бюджетке төленетін баска да міндетгі төлемдер бойынша, сондай-ак жинақтаушы зейнетақы қорларына міңдетті зейнетақы жарналары бойынша салык төлеуші толтыруға тиіс салық мағлұмдамасы, есеп-кисабы; арнаулы салық режімдерін қолдануға патент алу жөніндегі өтініштер; салык салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алудың тіркеу карточкаларын алу жөніндегі өтініштер; қосылған құн салығын бюджеттен кайтарып алу жөніндегі өтініштер; қосарланған салық салудан құтылу туралы келісімдердің нормаларын қолдану жөніндегі өтініштер; салық заңнамасына сәйкес электроңдық мониторингке жататын салық төлеушілер табыс ететін кұжаттама.

Салық жеңілдіктері, салық ынталандырмасы - заңнамаға сәйкес салық төлеушілерді салықтан толык немесе ішінара босату; экономиканы мемлекетгік реттеу және қызметтің жекелеген түрлері мен халықтошарын әлеуметтік корғау әдістерінің бірі.

Салық жүйесі - мемлекетте алынатын салыктар мен баска да міндетгі төлемдер түрлерінің, олардың құралу нысандары мен әдістерінің, салық катынастарын реттейтін салық қызметі органдарының жиынтығы.

Салық заңнамасы - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты билік катынастарын реттейтін заңнамалық, нормативтік-кұкыктық актілер.

Салық кодексі - мемлекетгік және жергілікті өзін-өзі баскару органдарының салык төлеушілермен салықтық катынастарын реттейтін заңнамалық нормаларының жоғары мемлекет билігі деңгейіңде кабыданған негізгі жиынтығы. Салық заңнамасының іргелі қағидаларын: салық жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеуін, салықтарды белгілеу, өзгерту және олардың күшін жою тәртібін, салық төлеушілердін, салық міндеттемелерінің орындалуын және салық бақылауын жүзеге асырушы органдардың, салық катынастарының баска да агенттерінің мәртебесін, салық құкығынын бұзылғаны үшін жауаптылықты айкындайды.

Салық құқығы - мемлекет салықтарының түрлерін анықтайтын, салық құрылымын, оларды өндіріп алу тәртібін белгілейтін және салық міндеттемелерінің пайда болуына, өзгеруіне және токтатылуына байланысты қатынастарды реттейтін құқықгық нормалардың жиынтығы; каржы құкығының институты. Салық құкығы әрбір салық бойынша салық субъектілерін, салык салу объектілерін, салық мөлшерлемесін (нормасын), салықты есептеу мен өндіріп алу тәртібін, төлеу мерзімін, салық бойынша жеңілдіктерді, төлемшілердің жауапкершілігін, т.б. белгілейтін арнаулы нормалардан құралады.

Салық қызметі - уәкілетті мемлекеттік органдар мен салық органдарынан кұралатын органдардың жиынтығы. Салык кызметі органдарына салықтар мен бюджетке төленетін баска да міндетті талемдердің толық түсуін, міндетті зейнетакы жарналарының толық және уақытылы аударылуын камтамасыз ету, сондай-ақ салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру міндеттері жүктелген.

Салық мөлшерлемесі - салық базасының өлшем бірлігіне шаққандағы салык есептеулерінің шамасы. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне шаққандағы пайыз есебімен немесе абсолюттік сома есебімен белгіленеді.

Салық міндеттемесі - салық төлеушінің салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындаған міңдеттемесі, оған сәйкес салықтөлеуші салық органында тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді анықтауға, салык және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге, салық есептемесін жасауға, оны белгіленген мерзімде тапсыруға міндетгі. Егер салық заңнамасында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін дербес орындайды.

Салық режимі – салық төлеу және қолданыстағы Кодекспен белгіленген бюджетке өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша барлық салық міндеттемелерін есептеу барысында салық төлеуші қолданатын салық заңының жиынтық нормасы.

Салық салғанға дейінгі ақша ағымы – бұл қарыз қаражаттар бойынша төлемдерін және есептелген амортизация сомасынан қалатын, таза операциялық табыстың бір бөлігі.

Салық салынатын нысандар - корпоративтік табыс алығы салынатын нысандар мыналар болып табылады:

  • салық салынатын табыс;

  • төлем көздерінде салық салынатын табыс

  • Қазақстан Республикасында өзінің қызметін тұрақты мекеме арқылы іске асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.

Салық салынғаннан кейінгі ақша ағымы (инвестор табысы) – бұл салықтарды төлегеннен кейін қалатын, таза операциялық табыстың бөлігі.

Салық санкциялары - салық салу туралы колданылып жүрген заңнаманы сақтамайтын салық төлеушілер мен лауазымды адамдарға салық органдарының мемлекеттік экономикалық және әкімшілік жолмен ықпал ету құралы. Олар алуан түрлі айыппұлдар мен өсімпұлдарды камтиды.

Салық тетігі - мемлекет заң шығарушылық жолмен белгілейтін салық салу ережелерінің жиынтығы. Салық тетігі салықты кімдер төлейтіні, нелерге салык, салынатынын (табыс, мүлік, тауарлар), салық қандай табыстан төленетінін (жалакы, пайда, дивиденд), салық салынатын объект кандай өлшемдермен өлшенетінін (табыс салығы- ақша өлшемімен, жер салығы - гектар өлшемімен, т.б.) айқындайды.

Салық төлеуші - салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші тұлға. Салық төлеуші: салық міндеттемесін уақытылы және толық көлемде аткаруға; салық қызметі органдарының аныкталған салық заңнамасының бұзылуын жою туралы занды талаптарын орындауға; салық есептемесі мен кұжаттарды Салық кодексінде көзделген тәртіппен табыс етуге; салық заңнамасына сәйкес сауда операциялары немесе қызмет көрсету кезінде фискальдық жады бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып, тұтынушылармен қолма-кол ақшалай, төлемдік банк карточкалары, чектер аркылы жүзеге асырылатын ақшалай есептесуді жүргізуге міндетті, т.б.

Салық төлеушінің электрондық құжаты – оны қабылдаудан және түпнұсқалығын растаудан кейін салық төлеушінің электронды-цифрлы қол қоюымен айғақталатын, белгіленген электрондық пішімде берілетін электрондық құжат.

Салық төлеушінің электронды-цифрлы қолтаңбасы – электрондық құжаттың шынайылығын, оның салық төлеушіге тиесілігін және мазмұнының өзгеріссіз қалғандығын растайтын, электронды-цифрлы қол қою құралымен құрылған электронды-цифрлы символдардың тізбектілігі.

Салықпен реттеу - салық салудын жалпы деңгейін төмендету немесе кетеру есебінен бюджетке алу нормасын өзгерту арқылы өндірісті дамытуға мемлекеттің жанама ыкпал жасау шараларынын жиынтығы.

Салықсыз кірістер (түсімдер) - салықпен байланысы жоқ бюджет кірістерінің санаты. Салықсыз кірістер бюджетгік сыныптамаға сөйкес мыналар жатады: мемлекетгік меншіктен немесе кызметтен алынған табыстар (соның ішінде Орталық банктің пайдасы); жерді және бейматериалдык активтерді сатудан алынган табыстар; мемлекетгік босалқы қорларды өткізуден алынған табыстар; әкімшілік төлемдер мен айып-пұл санкциялары; сыртқы экономикалық қызметтен алынған табыстар (ең аддымен орталықтандырылған экспортган алынған табыстар); өзге де салыксыз кірістер.

Салым қағидасы - салым – кез келген бір жаңа факторды ендіру нәтижесінде шаруашылық объект құнының өсім сомасы. Кейбір факторлар кәсіпорынның мүліктік кешенінің құнын ұлғайтады, ал кейбіреулері төмендетеді.

Салыстырмалы талдау – бұл фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Сандық көрсеткіштер - данада, салмақ, ұзындық, көлем, теңге, доллар сияқты натуралды және ақшалай бірліктерде көрсетілген ақша, өнім, тауарлардың санын мінездейтін абсолютті, көлемдік көрсеткіштер. Бұл үлестік өлшемдегі, не пайызды өлшенетін оларды салыстыру нәтижесінде алынатын экономикалық дәрежелердің өзгеруінің қарқынын немесе біркелкі экономикалық мәндердің пропорциясын, қатынасын суреттейтін өлшемсіз көрсеткіштер.

Сапа көрсеткіштері - өнім қасиеттерінің сандық бағалану жүйесін білдіреді. Сапаның сәйкесті көрсеткіштерін бейнелейтін топтар: бағытталу, сенімділік, технологиялылық, стандарттау және үндестіру, эргономикалық, эстетикалық, тасымалданушылық, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері

Сапа - белгілі талаптарға сай тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын тауар қасиеттерінің жиынтығы.

Сапа жүйесі – бұл жалпы сапаны қамтамасыз ететін қызметтер мен ресурстар, процестер, жауапкершіліктерді бөлу және ұйымдық құрылымдардың жиынтығы. Бұл анықтама халықаралық ИСО 8402 стандартында берілген. Сапа жүйесі құрамына сапаны қамтамасыз ету, сапаны басқару және сапаны одан әрі жақсарту кіреді. Ал сапа жүйесінде жабдықтаушы (дайындаушы) мен тапсырыс беруші (тұтынушы) ғана қызмет етеді.

Сапа функциясын құрылымдау - әрбір бұйым негізгі және ынталандырушы сапалық сипаттаманы көрсету қажет. Бұл жерде тұтынушы анықтайтын сапа жайында сөз болып отыр және тұтынушы көп сапалық көрсеткіштерді қарастырмайды. Оны екі-үшеуі қызықтырады. Сондықтан бұйымның инжинерлік сапасын іске асу проблемасы пайда болады.

Сапалық көрсеткіштер - бірдей немесе әртүрлі мөлшердегі екі көрсеткіштің қатынасын көрсететін салыстырмалы көрсеткіштер. Бұл көрсеткіштер деңгейлерінің уақытына қарай өзгеру жылдамдығын, ресуіртарды тиімді пайдалануды, оны өзгертуді шарттаған факторға қатынасы бойынша деңгейлерінің сезімталдылығын мінездейді. Экономикалық үрдістердің динамикасын, көлемдік көрсеткіштердің өзгеруін суреттейтін салыстырмалы экономикалық көрсеткіштердің жиынтығында өсу және өсімдік көрсеткіштерді бөліп көрсетеді.

Сапаны басқару – кез келген процестерді басқару шеңберлі цикл түрінде көрінеді: жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және басқарушылық іс-әрекеттер. Ал сапаны басқару процесін осы кезеңдердің сәйкестігі ретінде қарауға болады. Осы төрт цикл сапаны басқару деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

Сараптау жүйесі – қолданушыға пәндік сала төңірегінде нақты шешімдер қабылдауға, қисынды қорытындылар жасауға, түсініктемелер беруге көмектесетін жасанды сана жүйесі

Сараптау комиссиясы - құжаттарды жыл сайын тексеріп, іріктеп алу және көп мерзімді сақтау, не болмаса жою үшін, құрамында квалификациясы бар жұмыскерлерден бекітілген, тағайындалған жұмыс тобы.

Сатып алу көлеміне байланысты жеңілдіктер- тұтынушылардың үлкен көлемде сатып алынатын тауарларына бағаның 15-20 %-ға дейінгі төмендеуі.

Сауда агенті - қызмет көрсету, ақпарат жинау, іздеу және жағымды мәліметті тарату міндетін атқаратын кәсіпорын қызметкері.

Сауда марканың әлсізденуі – сауда марканың нарықтағы орынның әлсіреуі. Бұл жағдай бірнеше шарттармен себептелген: тауардың сапасының нашарлауы; қоғамдағы жергілікті өзгеруінің сонынан бас тарту, бағалы саясаттың қателегінен, сату саясатының дұрыс еместілігінен, жарнама саясатының қателігінен.

Сауда марканың жаңаруы – сауда марканың сатып алушылардың пайдасын қанағаттандыру және нарықта артық үлесін жеңіп алу. Сауда маркалардың қайта өркендеудің әдістері: қораптың (логотиптың) атын өзгерту; бағаны өзгерту; сатып алушылардың арасында жаңа сегметтерді мұқият іздеу; таратудың әдістерін өзгерту; пайдаланымның жаңа әдістері және т.б.

Сауда марканың қартайуы – пайдаланушының қабілеттілігін жоғалтуы, мақсатты нарықтың және сатып алушылардың пайдаланымың қанағаттандырудың қабілетсіздігі. Сатып алушылардың жоғалту себептері: бәсекелестердің шабуыл жасау, өмірдің стилін өзгертуі, жаңа мода, жоғарғы бағаның тұрақтылығы қорап бойынша артта қалу, ассортименттің жоқтылығы, пайдаланушылардың қартайуы.

Сауда шарттарының индексі – импорт бірліктерінде көрінетін экспорттық 100 бірлікке сатып алушылық қабілеті яғни, импорттың орта бағасына экспорттың орта бағасының қатасы.

Саудалық немесе тендерлік бағалар – техникалық сипаты күрделі және машина-техникалық өнімдердің сиымды капиталын (металдық, энергетикалық және т.с.с. жабдықтарды, ауа және су және т.б.) сатып алуға және/немесе тапсырысты жасауға конкурстық кезде қалыптасатын бағалар.

Сауықтыру басшысы – белгіленген қазіргі заң тәртібі бойынша сауықтыру процедурасы кезінде дәрменсіз борышқордың мүлігі мен жұмыстарын басқару функциялары берілетін тұлға.

Сауықтыру процедурасы – борышқорды жоюды тоқтату мақсатында оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бағытында дәрменсіз борышқорға қолданылатын кез-келген қайта ұйымдастырушылық, ұйымдастырушылық–шаруашылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық–экономикалық, құқықтық және басқадай заңға қарсы емес шаралар негізіндегі соттық процедура.

Саяси – заңды орта – сыртқы саудалық валютаның саясат және шетел инвестициясын үйіру саясатын реттеу арқылы экономикалық өсу қарқынын үдетуге бағытталған іс-әрекет.

СВОТ- талдау - кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын, сыртқы ортаның мүмкіндіктері мен қатерін талдау.

Сегмент активтері - кәсіпорын сегментімен оның негізгі қызметінде қолданылатын және оған тікелей жататын немесе негізделген түрде оған бөлінуі (үлестірілуі) мүмкін активтер.

Сегментті есеп беру - есеп берілетін компанияның өндіріс сегменттері, сыртқы сауда операциялары және экспорттық сатылым, содай-ақ негізгі тапсырыс берушілер жөнінде жыл сайын берілетін қаржылық ақпарат.

Сенімді басқару – меншік иесі мен оны пайдаланушы арасындағы сенімді қатынастар дегеніміз – бұл акция иелері өз акцияларын сенімді тұлғалар кеңесіне немесе сертификаттар мен дивидендтерді шығаратын бір сенімді тұлғаға беруі. Сенімді басқаруға беру мақсаты өндіріс шығындарын бақылау, пайда жоғарылату және бәсекені төмендету болып табылады. Сенімді басқаруға тек қана бағалы қағаздар ғана берілмейді, соныменен қатар меншіктің кез-келген түрі де беріледі. Сенімділікке берілген меншікке жауапкершілікті трастық қызметкер – трастық компанияның немесе банктің жұмыскері өз мойнына алады.

Сериялық өндіріс – кең мамандандырылған жұмыс орындарындағы белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын және шектелген өнім өндіру партиялары арқылы сипатталады. Сонымен қатар бұл қызмет атқарушы топтардың жұмыс орындарына байланысты ірі, орта және шағын сериялық болып үшке бөлінеді.

Синдикат - 1) біркелкі өнім шығаратын кәсіпорындарды, сондай-ақ осындай өнімді бірыңғай сауда жүйесі арқылы ұжымдық өткізуді ұйымдастыру мақсатында құрылған бірлестік; синдикатқа қатысушылар айтарлықтай шамада өндірістік және құқықтық тәуелсіздігін сақтап қалады, дегенмен дербес коммерциялық қызметін жоғалтады. Синдикат әдетте синдикаттың әрбір мүшесімен сату туралы келісім-шарт жасайтын жалпы сауда серіктестігін құрады. Синдикаттар банкілерді де құра алады; банк синдикатының мүшелері топтың кез-келген қатысушысы жығаратын құнды қағаздарды алады; 2) инвесторлық дилерлердің инвесторлардың арасында тарату мақсатында құнды қағаздардың жаңа шығарылымын сатып алуға келіскен тобы.

Синергизм - қызметтің әр түрлерін күшейту және өзара пайдалану есебінен нәтижелілікті көтерудің тиімділігі. Атап айтқанда фирманың ішінде қызметтің әр алуан түрлерінің өзара байланысын бағалау үшін 60-шы жылдары синергизмінің жұмысшы концепциясы ұсынылды. Бастапқы мәні бойынша бұл концепция өндіріс ауқымының есебінен қол жеткізілетін экономия ұстанымынан көзі шаруашылықтың түрлі салаларын өзара қолдау болып табылатын стратегиялық экономияның кең ауқымды ұстанымына өту болып табылады. Синергизмнің көздері сол өндіргіш күштерін немесе жалпы фирмалық қызметтерді пайдалану болуы мүмкін, мысалы өндірістің көптеген салалары үшін, немесе жалпы өткізу жүйесі үшін, сондай-ақ өзара толықтыру үшін жаңа өнімді әзірлейтін ҒЗТКЖ қызметін пайдалану, бұл кезде бір бөлімшені басқарудың (мысалы, өндірістік) белгілі тәсілдері өзге бөлімшені (мысалы өткізу) басқарудың тәсілдерін толықтырады.

Синхромаркетинг - белгілі бір тауарларды өндіру көлемі нарық қажеттілігінен артық болған кездегі іске асырылатын маркетинг.

Сметалық есептеу әдісі – бұл ғимараттың құрылыс жобалық сметасын құру арқылы құрылыс монтаждық жұмыстар тізімі бойынша (түрлі жұмыстардың түріне) кеткен шығынмен есептеледі (еңбекақы, материалдар, инструменттер, электроэнергия, арнайы тасымалдау көліктері және т.б.).

Стандарттандыру (құжаттық ұғымда) - басқа нысандарды өзіне сәкестестендіруші үлгі, эталон. Құжаттандыруда мемлекеттік талаптарға сәйкес негізделген стандартты бекітіп пайдалану.

Стандарттау – бұл өнім сапасын анықтауда негізгі талап етілетін нормативті-техникалық құжат. Стандарттау – бұл ең ұтымды нормаларды тауып, кейін оларды стандарт, нұсқау, әдістеме, өнім жасауға қойылатын қолайлы талаптар түріндегі нормативті құжаттарда бекітілетін нормалық шығармашылық қызмет.

Стандартты ауытқу – кездейсоқ деңгейдегі мәндердің оның орташа мәнінің айналасында ауытқу дәрежесін мінездейді.

Статистикалық бақылау - бұл тексеру үшін бұйымдарды таңдау әдістерін сонымен қатар партияларды қабылдайтын, ақауларды анықтап және бақылауды жалғастыру жағдайын көрсететін ережелер жүйесі. Альтернативті белгілері бойынша өнім партияларын статистикалық бақылау жоспарлаудың келесі түрлерін бөледі: бірдеңгейлі жоспар, екідеңгейлі жоспар, көпдеңгейлі жоспар, кезекті бақылау.

Стенограмма – баяндаманы, сөзді жиналыста, мәжілісте, коллегиялық органдардың жиылысында арнайы стенографиялық әдіспен өзгеріссіз жазылған құжат. Стенография арнайы дәптерге жазылып, негізделген тәртіппен сақталады. Стенографиялық мәтін жазба жүргізілген күні толығымен ашық жазбаға ауысады.

Стратегия – ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жанжақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жоспар - бұл өз бәсекелестері алдында стратегиялық артықшылыққа жету және өздерінің потенциалды, материалды және технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып фирма мақсаты мен оның стратегиясын сәйкестендіруді қолдау бйынша іс-әрекет. Стратегиялық жоспар фирмаға анықтылық, даралық береді.

Стратегиялық жоспарлау - – басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді. Стратегияның жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұзақ мерзімде ерекше маңызды іс-қимылдар жасау қажеттігін, қай бағытта жасалуға тиісті, жүзеге асыруға кім жауапты екенін және олардың қандай нәтиже беретінін бағдарлау. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің 4 түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру, ұйымдық стратегиялық болжау.

Стратегиялық тауарлар - ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ноу-хау, технология, шикізат, материалдарды экспорттау қатаң бақыланады, қажет болса көлемін шектейі немесе тиым салынады. ерекшеленетін тұтынушылар талаптарынан жиналатын үнемі өзгеріп отыратын қоғамдық қажеттіліктердің жиынтығын көрсетеді.

Стресс-тестілеу әдісі – бағалы қағаздар портфеліне нарықтағы экстремальды қозғалыстардың әсер етуі талдауына бағытталған әдіс және көріністер әдісінің түрлілігі болып табылады. Стресс-тестілеу әдісінің ерекшелігі стресс-көріністер негізінен өзіне тәуекелдердің барлық негізгі түрлерінде: несиелік, валюталық, бағалық, операциялық және өтімділік тәуекелдерінде аз ықтималдылықты жағдайларды өзіне енгізетін экстраординарлық шығындарға әкелетін факторларды есепке алуы керек. Бұл әдіс оқиғаның сандық және сапалық талдауын қамтамасыз етуге қолданады.

Субвенция – белгілі бір мақсаттар үшін жергілікті билік органдарына немесе шаруашылықтың жекелеген салаларына берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмек; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидия –мақсатты шараларды үлестік негізде қаржыландыруға бюджет қаражаты есебінен берілетін жәрдемақылар.

Субститутты тауарлар - егер ұқсас тауарлардың бағасы көтерілсе тауар топтарын ауыстырушы тауарларға сұраныс керісінше көбейеді. Субститутты тауарларға сүт ұнтағы, шырын концентраты, төмен калорилі қант тағы да басқа тауарлар жатады.

Сұраным көлемін талдау - өндірістің неғұрлым пайдалы бағыттары туралы шешім қабылдау үшін сұраным мен ұсынымның арасындағы алшақтықты анықтауға арналған талдау.

Сұраным мен тұтынымды талдау – қоғам мүшелерінің материалдық қажеттерін ғылыми болжау және оларды қанағаттандырудың оңтайлы жолдарын іздестіру негізгі міндеті болып табылатын экономикалық – математикалық зертеулер саласы.

Сұранымды молықтыру - табыс пен бағаның, сондай-ақ, осыңдай игіліктердің корланған босалқы қорларыныңбелгілі бір деңгейінде көптеген тауарлар мен қызметтерге сұраным-ның осы тауарлар мен кызметтерге тән сипатта елеулі түрде қыскаруын немесе тіпті токтауын көрсететін категория.

Сұраныс - тауар шаруашалығын сауда, айырбас саласында көрсететін категория. Тауарды сатып алу үшін бағытталған ақшасы болған уақыттағы тауарды алуға потенциалды немесе нақты сатып алушының тапсырысы. Сұраныс бір жағынан, сатып алушының кейбір тауарлар немесе қызметтерге қажеттілігін, екінші жағынан – «жеткілікті» диапазон шегінде қалыптасқан баға бойынша сатып алуына төлеу мүмкіндігін бейнелейді. Сұраныс түрлі тауарлар нарығында көп түрлілігімен ерекшеленетін тұтынушылар талаптарынан жиналатын үнемі өзгеріп отыратын қоғамдық қажеттіліктердің жиынтығын көрсетеді.

Сұраныстың жоқтығы - тұтынушыларды тауардың қызықтырмауы және сатып алмауы.

Сұрау салу - тауар немесе қызметті сатып алу үшін сатушыға ұсыныс жасау жөнінде өтініш айтуы.

Сыйақы – несие ақысы; қаржылық лизинг мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заң актілеріне сәйкес сыйақы түрінде қаржылық лизинг бойынша берілген (алынған) мүліктің ақысы; салым ақша (депозит) бойынша төлем; жинақтаушы сақтандырудың келісімшарты бойынша төлем; борыштық бағалы қағаздар – дисконт немесе купон (дисконтты немесе алғашқы орналастырудың құнынан және (немесе) сатып алудың құнынан алынатын сыйлықақыны қоса ескергенде) бойынша төлем.

Сынау маркетингі - бір немесе бірнеше таңдап алған аудандарда өнімнің қалай өтетінін бақылап көру.

Сыртқы директор - компания директорлар кеңесінің мүшесі, ол оның қызметкері болып табылмайды және ешқандай да басқаруға қатысы жоқ. Оған маңызды рөл беріледі, өйткені маңызды шешімдерді қабылдаған кезде оны нақты әрі жалпы пікір білдіруге және оларды қабылдау барысында көп жақты тәжірибе беруге қабілетті деп есептейді; сондай-ақ оны «тәуелсіз» директор (independent director) деп те атайды.

Сыртқы құрылғы – орталық процессорға және жедел жадыға қатысы жоқ компьютер құрылғысы. Оған ену-шығу құрылғылары: терминал, сканер, плоттер және т.б. жатады.

Сыртқы резервтер (босалқылар) - халық шауашылығы, аймақ деңгейіндегі нарықтық жағдайлардың серінен, шикізатпен қамтамасыз етуден, еңбек және табиғи ресурстарды бөлуден, климаттық жағдайдан, кәсіорынның мамандануынан және т. б. құрылады.

Сыртқы тозу – бағаланатын объектіге қатысы бойынша сыртқы факторлардың өзгеруінен болады: экологиялық жағдайдың өзгеруіне; нарықтық жағдайдың өзгеруі; қаржылық және заңнамалық шарттардың өзгеруі т.б.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы – цифрлық белгі немесе цифрлық белгілер тобы (кодтары) түріндегі тауар топтарын, позицияларын, субпозицияларын, кіші субпозицияларын қамтитын тауарлар жіктеушісі. Жіктеудің кез келген деңгейіндегі позицияларға ескертулер, сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі ережелері Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының ажырамас бөлігі болып табылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы тарифтік және тарифтік емес реттеу, Қазақстан Республикасының кедендік статистикасын жүргізу үшін қолданылады. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы Дүниежүзілік кеден ұйымының Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес келеді.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы – тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне негізделген тауарлық жіктеудің кодтар жүйесі.

Сырттан келген басқарушылардың акцияларды сатып алуы - шағын жоғары технологиялы компанияның акцияларының бақылау пакетін сырттан келген менеджерлердің сатып алуы үрдісін венчурлы бизнесте «management buy-in» деп атайды. Ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда сырттағы басқарушылардың сатып алуы деген мағынаны білдіреді. Венчурлы компанияның акцияларын сырттан келген менеджерлер сатып алу үрдісі көптеген қиындықтар туғызады, өйткені венчурлы бизнестің өзіне тән ерекшеліктері бар. Венчурлы бизнес дегеніміздің өзі әдейі тәуекелге бару дегеннің баламасы, яғни ол басқарушылардан көп шеберлікті , ынтаны талап етеді, сондықтанда да ол компанияны сырттан келген тұлға тез басқарып кетуі қиын. Әдетте компанияның өз менеджментінің акцияларды сатып алуға қаржысы жеткіліксіз болғандықтан немесе компанияны сатып тез пайда түсіру керек болғандықтан сырттан келген басқарушыларға акцияларды сатуға тура келеді.
Т
Табиғат - нақты табиғат кең және сарқылмалы байлықты көрсетеді. Жерді, қазба байлықтарын, су және әуе ортасын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, күн жылуын және жарықты қолдана отырып, одан экономика ресурстарды алады. Соныменен қатар, табиғат адамдардың тұратын ортасы ретінде экономикалық жағынан да өзін көрсетеді. табиғат жиі адамдарды қоршаған орта ретінде де қарастырылады. Сондықтан да, егер де адам одан табиғи ресурстарды алмаса да, табиғат адамдардың өмір-сүруінің элементі болып табылады және сондықтанда ол экономикаға өзінің мәнді бөлігімен кіреді.

Таблица - мәліметтердің сандық негізде, не болмаса мәтіндік негізде жүйеленіп, графалық тәртіппен қалыптасқан құжат түрі. Таблицалық құжатты құрастыру арнайы стандарттық талаптарда, мекеменің іс жүргізудегі ережелерінде қарастырлады. Қосымша тіркемелер таблицасынан басқасының барлығына мәтіндік негізді құрастырғанда, араб цифірімен нөмірі қойылады. Таблицаның тақырыбына нүкте қойылмайды. Таблицаны негізгі мәтінге қосымша тіркеме ретінде беруге болады.

Табыс капитализациясы - ол объект құнының потенциалды табыс әкелу мүмкіндігі негізінде бағаланатын, әдістер мен тәсілдер жиынтықтарын көрсетеді.

Табыс орталығы - бұл табыс алуға жауап беретін жауапкершілік орталығы. Бөлімшелердің жетекшілерінің қызметі олардың көмегімен алынған табыстардың негізінде бағаланады, сондықтан негізгі міндет нәтижелерді пайда болған жерінде тіркеу (бекіту) болып табылады.

Табыстармен жабу – 1) тура мағынасында, портфелдік инвестициядан таза табыс бірқатар үлкен міндеттемелермен көрсетілген талаптарды жабатын дәреже, мысалы, банктік несиелермен, облигациялармен немесе артықшылығы бар акциялармен банктік несиелер немесе облигацияларды жабуды калькуляциялау кезінде осы міндеттемелер бойынша нақты төленген пайыз қайтадан таза табыс сомасына қосылады. Орнын толтыру көрсеткіші доллармен, пайызбен немесе коэффициент түрінде көрсетіледі; 2) жалпы мағынада, портфелдік инвестициядан алынатын таза табыс сомасы мен нақты төленген пайыз жиынтық пайыздық төлемдер, үлкен артықшылығы бар бағалы қағаздар бойынша дивидендтік төлемдер мен басқа да шығарылымдар бойынша дивидендтік төлемдердің орнын толтыратын дәреже.

Табысты кезекпен бөлу – бірінші класты талап қоюлар: басқарушы шығындары, жаңа пайда болған талап қоюлар бойынша шығындар, еңбек талап қоюлары өз деңгейінде ұстап тұруға арналған шығындар. Екінші класты талап қоюлар – салықтар. Үшінші класты талап қоюлар – басқа да талап қоюлар.

Таза айналым капиталы - меншіктік айналым құралдары (қаражаттары) – ағымдағы активтер мен міндеттемелер арасындағы ара қатынасты сипаттайтын және олардың айырмасы ретінде анықталатын қызмет етіп отырған капитал. Таза айналым капиталының шамасы көп мөлшерде айналым құралдарының (қаражаттарының) құрамы және құрылымымен белгіленеді, ол тәуекелмен де, фирма фирма қызметінің рентабельділігімен де тығыз байланысты.

Таза пайда - белгілі бір кезеңде табыстардың барлық шығындардан артып түсуі. Таза пайдадан акционерлерге дивиденд төленеді және өндіріске қайта инвестициялау жасалады.

Тактика - стратегиялық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын әдістер. Тактиканы ортаңғы үзбе басшылары қысқа мерзімді уақытқа стратегияны дамыту үшін жасайды.

Тактикалық жоспарлау - ұзақ мерзімді кешенді стратегияны орындауға іс-қимылдардың қысқа мерзімді үйлестірілуі. Бұл ұйымның дамуын белгілейтін кешенді стратегиялық жоспарды орындаудағы басшылық қысқа мерзімге есептелген тактикалық жоспарға сүйенеді.

Таладаудың ақпаратты базасы - бұл талдауды жүргізуге арналған объективті, қаныққан кезеңді, әмбебап, салыстырмалы және уақытылы болуы тиіс экономикалық ақпарат жүйесі.

Талдау – жалпы көрсеткішті жеке факторларға жіктеу болып табылады. Талдау грек тілінен аударғанда «бөлшектеу», «жіктеу» деген мағынаны білдіреді.

Каталог: content -> files -> scipublications -> annotations
annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет