Менеджер сөздігі русско-английский и


Компанияның акцияларын қызметкерлердің иелену жоспары -



бет21/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

Компанияның акцияларын қызметкерлердің иелену жоспары - басқару үрдісіне тарту мақсатында қызметкерлерге компанияның акцияларын сату бағдарламасы. Қызметкерлер акциялары сенім қорына беріледі. Бұндай жоспарлары бар компаниялар қызметкерлерге төленетін дивидендтерге, займ бойынша төленетін дивидендтерге қызметкерлердің акция сатып алуына ESOP бойынша салық жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Компанияның жеке акциялары - компанияның өздігінен ие немесе бастапқыда инвесторларға сатпаған акциялары. Олар акционерлер жиналысында дауыс бермейді, сондықтан кворумды анықтағанда ескерілмейді.

Компанияның өтімділігін қамтамасыз ету кезеңі - жоғары технолгиялы компанияның өмір циклінің бесінші кезеңі. Бұл кезеңде инвесторлер акцияларын сатып өз пайдаларын түсіреді. Әдетте бұл кезең инновациялық процессті бастлғаннан кейін 5-7 жыл өткен кезде келеді. Бұл кезеңде венчурлы компания инновациялық үрдісті аяқтап және венчурлы қаржыландырудан шығуы керек. Сондықтан венчурлы компания тұтастай биржаға шығарылып сатылады немесе әр инвестор өз үлесін иемденеді. Басқа бір жолы ол компанияны қосымша қаржыландыру, тәжербиеде венчурлы компанияны осы сатысында қаржыландыратын арнайы қаржы институттары бар.

Конвассер – кемені жүкпен қамтамасыз ететін, кеме иесінің делдалы. Әдетте конвассер жүктің экспортерлармен немесе олардың агенттармен тұрақты және уақытша келісім – шарт құрайды. Осындай жағдай конвассерге тапсырмаларды дәл мерзімде орындауға мүмкін беріледі.

Конвексити – табыстылығына байланысты қарыз құралының бағасының туынды функциясы (бірінші туынды – дюрация), ол шамамен төлемдердің әрқайсысы үшін уақыттың орташа өлшемді квадратына тең. Бұл көрсеткіш соныменен қатар бағаның пайыздық өзгеру көрсеткіші деп те аталады, ол дюрациямен түсіндірілмейді. Функция туындылар сериясы түрінде көрсетілуі мүмкін және оның жақындатылған мәні үшін бірінші туындыны қолдану жіберіледі.

Конвергенция - ( лат. Converger – жақындау, ұқсастандыру), ғылыми әдебиеттерде әртүрлі елдердің экономикалық және әлеуметтік саясаттарының үлгілерін, әртүрлі экономикалық жүйелердің жақындасуын белгілеу үшін қолданылатын термин. Термин 1960-70 жылдары кеңінен таралған конвергенция теориясына байланысты экономикалық ғылымда танымдылық алды. Бұл теория институционализмнің өкілдерімен П.Сорокин, У.Ростоу, Дж.К.Гэлбрейт (АҚШ), Р,Арон (Франция), эконометрик Я.Тинберген (Нидерланды), Х.Шельский мен О.Флейтхайммен әртүрлі нұсқаларда құрылды. Конвергенция теориясының мәні екі экономикалық жүйенің – капитализм мен социализмнің өзара әрекеттері мен өзара әсерлерінен тұрды. Қазіргі кезде «конвергенция» термині интеграциялық процестерді суреттеу кезінде қолданылады. әлемдік интеграциялық дамудың негізінде ғылыми-техникалық және әлеуметті-экономикалық әлеуеттердің ортақ тенденциялары мен императивтері жатыр. Олар елдердің ұлттық ерекшеліктерін сақтау кезінде көптеген елдер экономикасының жақындасуын шарттайды. Аралас экономиканың көптеген үлгілері мен нұсқалары бар. Әсіресе конвергенция аймақтық интеграциялану шегінде тез жүреді. Неғұрлым айқын мысалы ретінде Еуропалық одақты көрсетуге болады.

Конверсия - ( лат. Conversion – өзгеру), құрылымдық үрдістердің, сондай-ақ несие-ақаша және қаржы сферасындағы кейбір айырбас операцияларын бейнелеу үшін экономикада қолданылатын термин. Құрылымдық үрдістердің қатарында - әскери өнеркәсіпті бейбітшілік жолға бұру, соныменен қатар ұлттық экономиканың демилитаризациялау мен суық соғыстың аяқталуымен байланысты әскери-өнеркәсіптік кешенді қайта құру. Валюталық сферада валютаны конверсиялау – бұрын шығарылған заемды оның мерзімін және заемдық пайыз мөлшерін өзгерту мақсатымен алмастыру. өнеркіспті әскери өндірістен азаматтық өнім өндіруге көшіру. өзінің мазмұны бойынша аталған процесс барлық ресурс түрлерінің халық шаруашылығының әскери және әскери емес салалары арасында бөліну тепе-теңдігін жоспарлы түрде өзгертуді, тиісті қаржы-экономикалық, ұйымдық-техникалық, әлеуметтік және басқа шараларды қолдануды білдіреді.

Конверсиялық маркетинг - тауарға деген төмен сұранысты өзгерту үшін қолданылатын маркетингтік шаралар.

Конгломерат - өндіріс үрдісінде (Батыс Еуропа) немесе өндірістік жалпыламасыз үрдісте өзара байланысты фирмалардың монополистік одақ түрлерінің бірі, ұйымдық жағынан өзара байланысы жоқ компаниялардың көбісін жұту нәтижесінде пайда болған концерннің алуан түрі болып табылады. Басқару орталықсыздығының жоғары деңгейі тән болып келеді.

Конгломераттық диверсификация - фирма қолданатын технологияға, қазіргі нарық үлесіне және өз тауарына еш байланысы жоқ өніммен ассортименті толтыру.

Конкурс бойынша несие беруші – заң жүзінде немесе кепілдік туралы келісім негізінде өзінің мүліктік талаптарының қанағаттандырылуына артықшылығы жоқ несие беруші.

Конкурстық басқарушы – конкурстық өндірісті жүргізу және заңға сәйкес басқа да қызметтерді атқару үшін төрелік сот тарапынан тағайындалатын тұлға.

Конкурстық жарнама – конкурстық өндірістің шарттарын орындау кезінде сот тарапынан жүзеге асырылады, 30 күн ішінде конкурстық несие берушілер, конкурстық қауымның басқарушысы, таратушы, салық инспекторы шақырылады. Қабылданған шешім жарияланады.

Конкурстық өндіріс – несие берушілердің талаптарын мөлшерінде қанағаттандыру мақсатында банкрот деп танылған борышқорға жүргізілетін банкротқа ұшырау процедурасы.

Конкурстық өндірістің қатысушылары – борышқор- кәсіпорынның конкурстық басқарушысы, несие берушілер комитеті, еңбек ұжымы мүшелері.

Коносамент - (франц. Conaissement), тасушы беретін, жүктің тасуға қабылданып, оны белгіленген портқа жеткізу және коносаменттің заңды иесіне беру жөнінде міндеттеме берілгенін куәландыратын құжат. Коносамент тасушының жүкті қабылдау шарты болып табылады және тауар бөлу құжаты рөлін атқарады. Коносаменттер мынадай болады: атаулы, онда белгілі бір жүк алушы көрсетіледі; ордерлі, онда «жөнелтушінің бұйрығы» немесе «алушының бұйрығы» көрсетіледі; талап етушіге коносамент бірнеше дана етіп жасалады, олардың саны туралы әрқайсысында белгі соғылады. Жүк бір дана бойынша берілген жағдайда қалған коносаменттер күшін жояды.

Консентрлі диверсификация - ассортиментті техникалық немесе маркетингтік тұжырымдама негізінде фираманың қазіргі тауарына ұқсас жаңа өніммен толтыру.

Консервативті үлгі - үлгі ұзақ мерзімді пассивтер айналымнан тыс активтерді жабу (өтеу) көздері және ағымдағы активтердің жүйелік бөлігі ретінде яғни қызмет ететін, олардың шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қажет минимумы ретінде қарастырылады.

Консорциум - қандай да бір жобаны (экологиялық, ғылыми-техникалық және т.б.) іске асыру барысында пайда болған нақты міндеттемелерді шешу үшін тәуелсіз өндірістік және қаржылық компаниялардың уақытша одағы.

Контроллинг – ұйымды тиімді басқару және оны ұзақ мерзімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі басқару тұжырымдамасы; кәсіпорын жұмысының табыстылығының қаржылық белгілеріне сүйену арқылы оның есеп саясатын және басқарушылық тәжірибесін жетілдіруге бағытталған әдістемелер жинағы. Контроллинг өз бетінше басқарушылық функция ретінде күрделі ұйымдастырушылық құрылым иеленеді. Ол көлденең және тік екі бөліктен тұрады.

Концерн - капиталға қатысу жүйесі арқылы басты компания бақылайтын өзара ұйымдасқан түрде байланысқан кәсіпорындардың көп салалы бірлестігі. Концернге кіретін кәсіпорындар дербес болып қалады, ал іс жүзінде бірыңғай шаруашылықты басшыға бағынады. Концерннің негізгі ерекшеліктері:

  • бірлестіктің өндірістік сипаттамасы;

  • интеграцияның қатаң түрі негізгі кәсіпорындардың концернге қатысушылардың қызметтерін толық бақылауға алу;

  • басқаларды, ғылыми-техниканы және кадр саясатын, баға құруды, өндірістік қуатын қолдануды орталықтандыру.

Концерннің ұйыдастыру құрылымында сонымен қатар экономикалық қатынастар қолданылуы мүмкін: “негізгі кәсіпорын” – “тәуелді кәсіпорын”, “холдинг” коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар түрінде.

Конъюктура - шаруашылық өмірдің (бағалар, ссудалық пайыз деңгейі, өндіріс пен инвестиция масштабтары, саудалық айналым көлемдері, жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық деңгейілері және басқалары) барлық элементтерінің жиынтығының өзгеруінде пайда болатын және экономика дамуындағы жағымды және жағымсыз кезеңдердің ауысуын көрсететін іскерлік белсенділіктің ауытқуы. Бұл терминді немістің қоғамдық қайраткері және экономисі Ф.Лассаер енгізген.

Корнер - қандай да бір тауардың нарықтарын игеру үшін капиталды қайта тастау, жинақтау, пайдалану мақсатында корпортивті бірлестіктердің қалпы. Біріккен капитал – корпорациялардың жекелеген мүдделі корнерінің акциялары сатып алу үшін, бір жағынан оларды қайта сату болмаса акциялардың тексеру пакетін игеру мақсатында пайдаланылады. Синдикатты құрудың басты мақсаты - өткізу мәселелерін шешу.

Корпоративті желі – мәліметтерді өткізу жабдықтары тек бір ғана компанияға тиісті болып және сол компания үшін қолданылатын телекоммуникациялық есептеу желісі

Корпоративтік бақылау - корпорациядағы басқару және стратегиялық шешім қабылдауға қатысты жалпы термин корпорацияға бақылау жасай алатын, яғни оның қызметіне текелей әсер етуге қабілетті тұлғаларға 10 % немесе одан артық дауыс беретін акциялары бар акционерлер, директорлар, директорлар кеңесімен тағайындалатын жоғарғы басқарушылық қызметкерлер және олардың отбасы мүшелері. Олар сонымен қатар «бақылаушы тұлғалар» деп аталады.

Корпоративтік басқару - корпорацияны, сонымен қатар акционер құқығына қатысты басқару және құру негізінде жатқан заңдық тұжырымдамалар мен шаралардың жалпы атауы. Корпоративтік басқару техникалық түрде үш негізгі бағыттарға бірігеді.

Корпоративтік басқарудағы неміс үлгі (моделі) - неміс моделі неміс және австрия корпорацияларында пайдаланылады. Осы моделдің кейбір элементтері Нидерландияда және Скандинавияда кездеседі. Бұған қоса, жақында Францияның және Бельгияның кейбір корпорациялары неміс моделінің элементтерін қабылдай бастады.

Неміс тілінде корпорацияны білдіру үшін акционерлік қоғам (Action osesellsehatt) термині қолданылады, сондықтан неміс және австрия корпорациялары,мәселен, Фольксваген AT атаудан кейін AG қысқарған сөзін пайдаланады.Акционерлік қоғамдарды басқарудың неміс моделі ағылшын-американ және жапон модельдерінен елеулі түрде ерекшеленеді. Банкілер неміс корпорацияларының ұзақ мерзімді акционерлері болып табылады және жапон моделі сияқты банктер өкілдері директорлар кеңесіне сайланады.

Жапон моделінде банктер өкілінде тек дағдарысты жағдайларда ғана кеңеске тартылады, одан неміс моделінің ерекшелігі мұнда, кеңесте банктер өкілдері тұрақты болады. Үш аса ірі әмбебап неміс банкі (кең қызмет көрсетуді ұсынатын банкілер) негізгі рөл атқарады; елдің кейбір облыстарында мемлекеттік банкілер басты акционерлер болып табылады.

Басқа модельдерден ерекшеленетін неміс моделінің үш негізгі айырмашылығы бар. Олардың екеуі- бұл директорлар кеңесінің құрамы және акционерлердің құқықтарымен байланысты.

Біріншіден, неміс моделі басқармадан атқарушы кеңестен және бақылау кеңесінен (корпорациялардың қызметшілері, жұмысшылары өкілдері және акционерлер) тұратын қос палаталы кеңесті көздейді. Бұл екі палата мүлде бөлек, ешкімде бір мезгілде басқарманың және бақылау кеңесінің мүшесі болуы мүмкін емес.

Екіншіден, бақылау кеңесінің саны заңмен белгіленеді және акционерлердің өзгертуі мүмкін емес.

Үшіншіден, неміс моделін пайдаланатын елдерде дауыс беру бөлігіндегі акционерлердің құқықтарын шектеу заңдастырылған, яғни дауыс беру саны шектеледі. Сондықтан акционерлік қоғамды басқару құрылымы басты қатысушылар – банкілер және корпорациялар арасындағы байланыстар жағына қарай бұрылған.

Корпоративтік басқарудың жапон моделі - жапон нұсқасы банкілердің жоғары пайызымен және акционерлер құрамындағы әртүрлі корпорациямен сипатталады: банк жүйесі “банк ↔корпорация” берік байланыстарымен ерекшеленеді; заңнама қоғамдық пікір және өнеркәсіп құрылымдары “кейрецу” (яғни заем қаржыларын және өз капиталын бірлесіп иемдеп біріктіретін корпорациялар тобын) қолдайды; мұндай топтардың директорлар кеңесі көбіне “ішкі” мүшелерден құрылады; тәуелсіз мүшелердің пайызы барынша төмен (кейбір корпорацияларда олар тіпті қатыспайды, бұл дауыс берудің күрделілігімен байланысты).

Жапон корпорацияларының көпшілігінде акционерлік қаржылардың сөзсіз маңыздылығы жағдайында акциялардың негізгі иелері инсайдерлер болып табылады. Сондықтан олар жекелеген корпорацияларда және күллі жүйеде маңызды рөл атқарады. Сыртқы инвесторлардың мүдделері іс жүзінде ескерілмейді. Жапон корпорацияларындағы шетел инвесторларының пайызы барынша аз, көлемде болады.



Корпоративтік мүмкіндік - корпорациямен тығыз қарым-қатынастағы лауазымды тұлға, директор немесе шенеуліктің өз мүддесіне пайдаланатын арнайы білім немесе ақпарат түріндегі артықшылықты иелену мүмкіндігі. Корпорацияға қатысты фидуциарлы міндеттері бар директорлар мен инвесторлар өзінің жеке пайдасын көздей алмайды және корпорацияға қатысты мүмкіндіктерді пайдалана алмайды, бұл тұрғысынан аталған термин заң ғылымына жатады.

Корпорация - мемлекеттің басқару органымен тіркелген иеленуші тұлғалардан дербес, өз атынан қызмет ететін заңды тұлға. Корпорация заңда тұлға ретінде қарастырылады: ол жеке меншікке иелік ете алады, қарыз бере немесе алуға құқықты бола алады, сотта іс қозғап немесе сотта қаралады. Корпорация акционерлік меншік негізінде құрылған кәсіпкерлікті ұйымдастыру формасы. Кәсіпкер меншіктен және меншік иесінен бөлектенген, ал оның қаржы жауапкершілігі шектелген. Корпорация жұмыс істеу үшін мол капитал акцияларын сату жолымен тартылады. Оның үш негізгі ерекшелігі бар:

  • Шектеулі жауапкершілік (корпорация өз міндеттері бойынша жеке мүлкімен жауап береді, яғни иеленушілер инвестициялаған үлесін ғана жоғалтуы мүмкін);

  • Акцияларды сатқанда иелік ету құқының қарапайым ауысуы;

  • Қызмет етудің келісілген мерзімі (шектелмеген болуы мүмкін).

Корпорацияның Ағылшын-Американдық үлгісі(модель) - бұл үлгі негізгі қырлары ағылшын тілдес елдерде қалыптасқан. Ол: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия.

АҚШ-ның бизнеске қатысушылардың үлкен санына байланысты акционерлік капиталдың шашыраңқылығы байқалды. Сондықтан акционерлер тобынан бір біреуінің қандай да бір артықшылығы болмайды. Осы жағдай акция иелеріне компанияның қызметіне бақылау қызметін іске асыру айтарлықтай дәрежеде кедергі келтіреді. Дегенмен миноритарлық (ұсақ) инвестор өзінің акцияларын басшылықтың саясатымен келіспеген жағдайда оңай сатуына болады, бұл әдетте акциялардың ірі пакетін ұстаушылар үшін айтарлықтай қиындық туғызады.



Корпоративтік басқарудың ағылшын – американдық үлгісі(модель) жеке акционерлердің және корпорациямен байланысты емес тәуелсіз акцинерлер (олар “сыртқы” акционерлер немесе “аутсайдерлер” деп аталады) санының тұрақты өсуімен, сондай-ақ үш басты қатысушының басқарушылардың, директорлардың, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын нақты жасалған заңнама /шығарушы/ жалпы жиналыстарда, сондай-ақ олардың аралықтарында корпорация мен акционерлер арасындағы және акционерлердің өз арасындағы іс-қимылдардың салыстырмалы түрде қарапайым тетігімен сипатталады. Корпоративтік басқарудың ағылшын – американдық үлгісінде институционалдық инвесторлар және әр түрлі қаржы мамандары корпорацияның қызметін, корпорацияны басқаруды қадағалайды.

Корпорацияның аутсайдерлер үлгісі (моделі) - айтарлықтай капиталы бар компанияларға тән болып келеді. Ол фирмаға жасалатын бақылауды жанама жолмен жасайды, – яғни сырттан капиталдар нарығы арқылы, қосылу, банкрот жолымен, тәуелсіз директорлар институтының араласуы арқылы). Осы үлгі инсайдерлік үлгіге қарағанда үлкен дәрежеде, қаржы нарықтарының қарқынды өсуіне жағдай жасайды, өйткені компанияның қызметі туралы ақпараттың оңтайлы болуын қамтамасыз етеді және акционерлердің қызығушылығына үлкен назарын аудартады.

Корпорацияның инсайдерлер үлгісі(модель) - акциялар өз иелерінің шағын тобына қатысты түрде шоғырланған және ішкі бақылаушыны негізгі тұтқалары тек оларға тиесілі мүшелер. Оған қоса корпорацияның акционерлері – қаржы құрылымдары, жеке тұлғалар, отбасылар, бірлестіктер болып табылады. Ерекше мәндегі сыртқы бақылаудың бөлшектері осы нұсқада болмайды. Компанияның өсу шамасы бойынша бақылау өкілеттілігі әдетті өзге де қызығу танытушы жақтарға беріледі, мысалы, акциялардың миноритарлық (ұсақ) иегерлерінің өкілдеріне, корпорация қызметкерлеріне.

Корреспондент - өзара хаталмасатын мекеме, не болмаса жеке тұлға. Мекемеге қандай болмасын байланыспен келіп түскен хаттар арнайы «жеке тұлғаға» деген белгі арқылы жеке тұлғаға арналған болса, ашылмаған күйінде қабылдаушыға тікелей тапсырылады. Қызметтік бабындағы мәлімет болған жағдайда мекемеде тіркелуге беріледі.

Коэффиценттік қаржылық талдау - түрлі қаржылық көрсеткіштердің (коэффиценттердің) жиынтығы көмегімен компанияның қаржылық есебін талдау және түсіндіру.

Коэффициенттер – салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік етінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді.

Коэффициенттерді талдау – қаржылық және басқа көрсеткіштерді есептеу және өткен кезеңде алынған көрсекіштермен, орта салалық көрсекіштермен және нормативтармен салыстыру.

Көгілдір фишкалар - өнім сапасы және оның өнімі мен қызметін кеңінен пайдаланғандығы үшін, тұрақты кірісі мен өсетін дивидендтер төлеу қабілеті үшін жалпы ұлтқа танымал болған компанияның әдеттегі акциялары. Бұл термин көгілдір фишкалар 100 долларға бағаланатын ойын үйлерінде туындаған болуы мүмкін; өткен ғасырдың соңында алдыңғы компаниялардың әдеттегі акциялары осыншама сол бағамен сатылған.

Көлденең диверсификация - фирма ассортиментін қазіргі өндіретін өндіріске қатысы жоқ, бірақ түпкі тұтынушылардың қызығушылығын танытатын жаңа өніммен толтыру.

Көлденең интеграция - кәсіпорынның өндірілетін өнімінің (қызметтердің) сипаттамаларының біркелкілігіне қарай бірігуі. Осындай интеграцияның мақсаты бірлестікке қатысушылардың алып отырған нарық үлесін ұлғайтуға деген ұмтылысы. Нәтижесінде ол мынадай мүмкіншіліктер береді: бәсекелестерге баға саясатын; сапа мен қызмет көрсету (сервис); шикізат, материалдар, энергия жеткізушілерге, сондай-ақ өткізу, дилерлік құрылымдарға өз шарттарын күштеп таңыту.

Көлденеңінен талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңмен салыстыра отырып, бухгалтерлік есептегі түрлі ауытқуларды анықтайды.

Көлеңкелі экономика – қатысушылары жасырын, мемлекет қоғам бақылауынан тысқары көлеңкелі ресми статистикада белгіленбейтін экономикалық үрдіс. Бұл сырт көзге көрінбейтін өндіріс процестері,айырбастау, тарату, бөлу, тауарлар мен қызметтерді тұтынуға байланысты экономикалық қатынастар жүйесі. Бұған кейбір бейресми топтар, жеке тұлғалар мүдделі.

Көлік құжаттары - халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы, темір жол көліктік жүк құжаттамасы, багаж тізімдемесі, багаж түбіртегі, әуе жүк құжаттамасы, коносамент, сондай-ақ құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы тауарларды өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен Қазақстан Республикасының көлік туралы заң актілерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесе жүретін өзге де құжаттар.

Көлік құралдары салығы - тіркемелерден басқа заңнамалық актілермен белгіленген тәртіппен уәкілетті органда меншік құқығы негізінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуге тиіс және есепте тұрған көлік құралдары бар жеке тұлғалардан және меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы негізінде салық салу объектілері бар заңи тұлғалардан алынатын салық. Салық сомасын салық төлеушілер салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық мөлшерлемесі мен түзету коэффициенттерін негізгі ала отырып, дербес есептейді.

Көлік шаруашылығы - кәсіпорын ішінде де, одан тыс та барлық материалдық ресурстардың, шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың тасымалдануын, дайын өнімдердің жөнелтілуін қамтамасыз етеді. Түрі және бағытталуы бойынша көлік темір, су, әуе, механикалық, құбыр, пневматикалық, автокөлік жолдары болып бөлінеді. Әрекет ету сипаты бойынша мерзімді және үзіліссіз әрекет көліктері болып бөлінеді.

Көпыңғайлы экономика - әртүрлі әлеуметті-экономикалық қондырмалардың элементтері қиылысатын экономикалық жүйе– қондырма субъектілерінің өмір-сүру жағдайларын ұйымдастыру мен шаруашылықтандырудың айрықшаланған жүйесімен өндірістік қатынастардың анықталған типтері. Кез-келген экономика көпыңғайлы мінезге ие.

Көпшілік қолданушылар жүйесі – бір мезетте бірнеше қолданушылардың жұмыс жасауына мүмкіндік беретін ақпараттық қызмет көрсетуші жүйе.

Көпшілік өндіріс – ұзақ мерзім ағымында тар мамандандырылған жұмыс орындарында жекелеген өнім түрлерін көп мөлшерде дайындаумен сипатталады. Көпшілік өндірісті механикаландыру және автоматтандыру қол еңбегінің үлесін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік өндіріс үшін дайындалатын өнімнің өзгеріссіз номенклатурасымен, жұмыс орындарын тұрақты бекітілген бір операцияларды орындауға мамандандырылумен, арнайы құрал-жабдықтар қолданумен сипатталады.

Көпшілікке арналған корпорация - акциялар кең көпшілікке, яғни инвесторлардың шектелмеген санына тиесілі және қол жетімді корпорация. Жабық корпорациямен салыстырығанда көпшілікке арналған корпорация көп жағдайда есептілік, басқару және ақпаратты ашу саласында бақыланады. АҚШ-та көпшілікке арналған корпорация қызметтерінің стандарттары құнды қағаздар және биржалар жөніндегі Комиссия реттейді. Ұлыбританияда «шектеулі жауапкершілігі бар көпшілікке арналған компания» термині қолданылады.

Көрсеткіштердің өзара байланысы – деп жалпылаушы көрсеткішке әр түрлі көрсеткіштердің қаншама тығыз немесе әсері неғұрлым тиімді (артық) екенің анықтауды білдіреді

Көтерме сауда - қайта сату немесе кәсіби пайдалану мақсатымен тауарларды көп мөлшерде сатып алу.

Көшірме - қатты негіздегі құжаттан өзгеріссіз алынған мәтіндік көшірмесі. Көшірме белгілі бір себептерге байланысты түпнұсқаның берілмеуіне байланысты дайындалады. Көшірменің мазмұны келесі мәліметтерден тұрады: құжаттың тақырыпшасы, құжаттың деректік негіздегі атауы, түпнұсқаның толық көшірмесі, мөр басылған растаушы жазба мәліметтер. Құжаттан алынған көшірме заңдылық күште болуы үшін расталады. Көшірмеге растау туралы мәлімет «расталу» жазбасы, көшірмені растаушы қызметкердің лауазымы, оның жеке қол таңбасы және толық даталық мәліметтер қойылады. Шығыс құжатының көшірмесінің мекемеде қалатын данасы жоғарыда аталған тәртіп бойынша мәліметтер қойылмайды.

Көшірме бейне – алғашқы құжаттың немесе басқа да тікелей көзге көрінетін ақпаратты тасығыш бастапқы материалдық ортаның көшірме құрылғысы арқылы қалыптасқан түрі.

Күнделікті сұраныстағы тауарлар - сатып алушы көп ойланбай және таңдау кезінде көп күш салмайтын, жиі сатып алатын тұтыну тауарлары. Мысалы, газеттер, гигиена заттары, кір жуғыш ұнтақ және тағы басқа.

Күрделі жөндеу - бұл негізгі құралдардың объектілері бойынша жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру, содай-ақ соған байланысты қаржыландыру (бөлінген қаржылардың) көлемі.

Күрделі қаржы салымдары - бұл кәсіпорынның болашақта (алдағы уақытта) табыс алуын қамтамасыз ету үшін өндіріс техникасы мен технологиясын жетілдіру бойынша шығындарды инвестициялау (қаржыландыру).

Күрделі пайыз – пайызды табысқа есептелетін пайыздар; аударылған қарыз сомасына қосылуға негізделген табысты есептеу нысаны, бірақ төленбеген пайыздар. Есептеу кезінде уақыттың тіркелген интервалында аударылатын күрделі дискретті пайыздар қолданады.

Күту теориясы - күту теориясының авторы Виктор Врум. Күту- бұл белгілі жағдайдың ықтималдылығын бағалау болып табылады. Еңбекке деген мотивацияны талдау кезінде күту теориясын 3 өзара байланыста бөліп көрсетеді: 1) еңбек шығындары-нәтижелер; 2) нәтижелер-марапаттау; 3) валенттілік-марапаттауға қанағаттану.

Каталог: content -> files -> scipublications -> annotations
annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
annotations -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет