МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті



бет12/15
Дата11.01.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7178
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Үшінші мысал: Расул-Алланың терісбатасына ұшырағандар.

1) Пәруиз деген Парсы Патшасы хазірет Пайғамбар жіберген хатты жыртып тастайды. Оны естіген Расул: «Иә Аллам! Менің хатымды ол қалай жыртты! Сен де оны және мал-мүлкін парша-парша ет!» деп терісбата жасады. Дұғаның себебінен Кисра Пәруиз патшаны өзінің баласы. Шируиә қылышпен турап өлтірді.

Оның салтанатын, билігін Сағд ибни Әби Уәққас талқанын шығарды. Сасаниә дәулетінің еш бір жерде ізі қалмады. Бірақ Қайсар т.б. патшалар Пайғамбар жіберген хатқа құрматпен қарғандары үшін аман қалды.

2) Хижридан бұрын, Құран алғаш түсе бастаған кезде Расул-Алла Мәсжидул-Харамда намаз оқып тұрғанда Құрайыштың көсемдері жиналып оған қарсылық қылып, жаман әрекеттер жасайды.

Сол сәтте хазірет Пайғамбар оларға терісбата жасайды. Бұл оқиға жайлы ибн Мәсғуд былай баяндаған: «Ант етемін! Сондағы жаман әрекет жасағандардың және Оның (Пайғамбардың) терісбатасына ұшырағандардың Бәдір соғысында жеке-жеке өліктерін көрдім».

3) Хазірет Мұхаммедке қарсылық көрсетіп, қайдағы жаман қылықтар көрсеткен кәпірлердің біреуі Утба ибн Әби Ләһаб. Осы адам үшін хазірет Пайғамбар: «Иә Раб! Оған иттеріңнің біреуін жібер!» деп тілейді. Содан Утба Иеменге жол жүріп бара жатқанда бір арыстан келіп, көп адамның ішінен тауып алып езгілеп тастайды.

4) Расул-Алла сол қолымен тамақ жеп отырған бір адамды көреді. Оған: «Оң қолыңмен же!» дейді. Ол адам: «Олай жасай алмаймын» дейді. Оның қасақана сөйлегенін көрген Расул-Алла: «Онда мүлдем қолыңды көтере алмайтын боласың» деді! Содан бастап, ол адам өзіндігінен оң қолын қозғай алмас қалға келеді.

Төртінші мысал: Расул-Алланың дұғасы және қолының қасиетінен қысыр ешкіге сүт кіруі

1) Сиар Ән-Набауиада риуаят етіледі: «Расул-Алла Әбу Бәкір Сыддықпен бірге Меккеден Мединеге хижраты үшін жолға шығады. Жолда Атикәт бинти Хузаи-иә деп аталатын Үммү Мағбәдтің үйіне жолшыбай соғады. Ол үйде арық, сүтсіз, қысыр бір ғана ешкі бар еді. Расул-Алла Үммү Мағбәдтен: «Мұның сүті жоқ па?» деп сұрады. Үммү Мағбәд: «Оның бойында қан да жоқ. Қайдан сүті болсын!» деп жауап берді. Расул-Алла ешкінің жанына барып белін сипап, желніне масих тартып, дұға етеді. Сосын «Көнек әкеліп сауыңдар» деді. Сауып әкелді. Расул-Алла, Әбу Бәкір Сыддық екеуі ішіп шөлін қандырады. Сол үйдегі адамдардың бәрі ішті.

2) Шаты ибн Мәсғұдтың басынан өткен оқиға. Ол мұсылман болудан бұрын біреудің қойын бағып жүреді. Расул-Алла, Әбу Бәкір Сыддық екеуі Ибн Мәсғұдтың мал бағатын жеріне барды. Расул-Алла Мәсғудтан сүт сұрайды. Ол айтады: «Бұл ешкілер менің малым емес, басқа біреудің малы» дейді. Хазірет Пайғамбар: «Қысыр, сүтсіз ешкінің біреуін әкел» деді. Масғұд екі жылдай теке көрмеген бір ешкіні алып келеді. Расул-Алла ешкінің желініне масих етіп (сипап) дұға етеді. Содан сауып көрсе, тап-таза сүт шығады. Ибн Мәсғуд бұл жағдайды көріп, иман етеді.

3) Пайғамбардың сүт анасы Халима Сағдианың оқиғасы. Халиманың аулының малы өте жұтаңқы, малы арық, сүтсіз болатын-ды. Мұхаммадул-Әминді туғаннан кейін, атасы Абдулмұтталиб сүт анасы Халимаға тапсырды. Сол уақыттан бастап Халима Сағдианың үйінің рыздығы артып, малдарының сүті көбейіп, желіндеп келеді.


Бесінші мысал: Расул-Алланың кейбір сахабалардың басына масих тартуындағы кереметтер.

1) Омар ибн Сағдтың басын қолымен сипап дұға етеді. Дұғаның қасиетінен сексен жасқа келіп қайтыс болғанда оның басында ешбір ақ болмаған.

2) Қаис ибн-и Зәйдтің басын масих етіп, дұға қылады. Сол дұғаның құдіретінен жүз жасқа келгенде басы әппақ болып ағарады. Тек қана Расул-Алланың қолы тиген жер қап-қара күйінде қалады.

3) Абдуррахман ибн Зәйд ибул-Хаттаб әрі тапал, әрі көркісіз болады. Расул-Алла басын сипап дұға етеді. Сол дұғадан кейін ең бойы ұзың, өте келбетті адам болады.

4) Хунаин соғысында Аиыз ибн Амрдың беті жараланады. Расул-Алла бетіндегі қанды сүртеді. Содан бетінің хазірет Расулдің қолы тиген жері нұрланып, жарқырап тұратын болған. Хадис риуаят етушілер оның бетіндегі нұрды «торы қасқа ат» тәрізді айқын екенін дәлелдеген.
5.4 Расул-Алланы хаиуанат әлемі танып керемет көрсеткен

Көгершіндер және өрмекші туралы оқиғалар.

1) Хазірет Пайғамбар Әбу Бәкір Сыддық екеуі Мединеге хижрат еткенде бірге жүреді. Мұхаммед ғалаиһис-саламның кеткенін білген Меккелік кәпірлер: «кімде-кім Мұхамедті тірі ұстап әкелсе жүз түйе сый ақыға беріледі» деп жар салады. Солардан аман қалу үшін хазірет Мұхаммед Әбу Бәкір екеуі Сәуір тауына шығып, үңгірге тығылады. Арттарынан ізге түсіп келген Убай ибн Халаф үңгірге үңіліп қарайды. Сосын қасындағылар «үңгірге кірейін» дейді. Үбай ибн Халаф айтады: «Қалай кіреміз? Мұнда өрмекшінің торы бар. Мұхаммед тумай тұрып тоқылған тор сияқты. Ал, әне екі көгершін ұя басып отыр. Адам болса олар онда отыра ма?».

2) Имам Жәлил ибн Уақаб риуаят етеді. «Үңгірдің аузындағыдай мүбарак көгершіндер Мекке фатх болған күні. Расул-Алланың төбесін көлеңкелеп айналып ұшып жүрді».

3) Хазірет Айша Сыддиқа риуаят етеді: «Біздің үйде көгершін тәрізді Дажин деп аталатын бір құс бар еді. Хазірет Расул үйде болған кезде қозғалмай, пырылдамай, тыныш отырады. Ал Расул-Алла үйден шықса болды ары-бері ұшып, пыр-пыр етіп тыныш тұрмайтын болды».



Бірнеше рет, әр түрлі жолмен риуаят етілген қасқыр оқиғасы.

4) Оқиғаны Әбу Саиидил-Худри, Сәләма ибн Әкуа, ибн Әби Уәһаб, Әбу Хурайра риуаят еткен. «Бір қасқыр Ухбан деген қойшының малына шабуылдап бір ешкіні сүйрей жөнеледі. Оны көрген Ухбан жалма-жан ешкіні қасқырдың аузынан құтқарып алады. Сонда, қасқыр: «Алладан қорықпастан менің рыздығымды алдың!» дейді. Шопан айтады: «Ғажап! Қасқыр сөйлеуші ме еді?» Сонда қасқыр: «Сенің өз қалің де ғажап. Мына таудың ар жағында бір үлкен адам бар. Ол-пайғмабар. Сіздерді жәннатқа шақыруда. Ал, сендер оны танымайсыңдар!»

Оқиғаныњ жалғасын Әбу Хурайра жалғастырады: «Шопан қасқырға айтады: «Мен (ол адамға) барып келсем, менің малымды кім бағады?» Қасқыр айтады: «Мен қарап тұрайын». Сосын шопан малын қасқырға тапсырып, Расул-Аллаға барады. Оны көріп, иман етіп, артқа қайтып келеді. Ухбан өзіне ұстаздық қылған қасқырға бір ешкісін қиады».

2 Құрайыш көсемдері Әбу Суфиан мен Сафуан. Екеуі Меккенің шетінен бір қасқыр көреді. Бірден Қасқырдың ізіне түседі. Қасқыр таудан түскен бойы Масжидул-Харамның жанына келеді. Қасқыр кенеттен артына бұрылып Хазірет Мұхаммедтің пайғамбар болғанын айтады. Әбу Суфиан не істерін білмей, Сафуанға айтады: «Мен қорқам! Ешкімге тіс жармайық. Меккеліктің бәрі соларға беріліп кетуі мүмкін».


Жәмал (түйе) оқиғасы.

1) Мұғжизаны риуаят етушілер: Әбу Хурайра, Сағлаб ибн Малик, Жабир ибн Абдулла, Абдулла ибн Жағфар, Абдулла ибн Әби Әуфа. Бір түйе құтырып аурады. Үлкен бақшаға кіріп алып қасына ешкімді жолатпай қойады. Расул-Алла бақшаға кіреді. Түйе жанына келіп, мойынын салбыратып сәжде етіп шөгеді. Расул-Алла түйеге бұйда (дізгін) тағады. Хазірет Мұхаммедке түйе сөйлейді: «Мыналар мені өте ауыр жұмысқа салды. Ал, қазір соймақшы. Мен содан оларға ашуландым:». Хазірет Пайғамбар түйенің иесінен сұрайды: «Осылай істегенің рас па?». Ол: «Иә рас!» деп жауап береді.

2) Хазірет Мұхаммедтің Абда деген түйесі болған. Расул-Алла дүниеден өткенде сол түйесі дән татпай жатып алады. Жатқан бойы өледі.

3) Расул-Алланың қызметшісі Сафина хазірет Расулдің бұйрығымен Иеменнің әкімі Мұғаз ибн Жәбалдың жанына кетеді. Жолда бір арыстан кез келеді. Сафина оған айтады: «Мен Расул-Алланың қызметшісімін». Арыстан бір дауыс шығарып, өз жөніне кете барады.

4) Хазірет Омардың риуаяты: «Расул-Алланың жанына бір бәдәуи келді. Қолында сұңқар тәрізді даббә деген құсы бар. Хазірет Мұхаммедке айтты: «Егер мына құс саған куәлік етсе иман етем, әйтпесе иман келтірмеймін». Расул-Алла өзінің кім екенін сұрады. Құс оның пайғамбарлығына куәлік етті.
5.5 Өлген адамдардың хазірет Мұхаммедті тануы

Бірінші дәлел: Хасан Басри риуаят етеді: «Расул-Алланың жанына бір адам келіп жылап-сықтап, мұңын шақты. Сосын: «Менің кішкентай бір қызым бар еді. Төмендегі сайда өлді. Сосын сонда тастап кеттім» деді. Расул-Алла оған жаны ашып «Жүр сол жерге барайық». Расул-Алла өлген қызды шақырып «Иә Филәнә (бәленше)» деді. Өлген қыз «Бүйырыңыз ....» деді. Хазірет Мұхаммед: «Ата-анаңның жанына қайтадан келгің келеме?». Сәби: «Жоқ мен олардан да жақсысын таптым!».

Екінші дәлел: Имам Табарани, Әбу Нуайм екеуі де Нұғман ибн Бәширдан риуаят еткен: «Зәйд ибн Харижә базардың ішінде қайтыс болды. Үйге алып келдік. Ақшам мен құфтан намазы арасында әйелдер жылап жатқан еді. Кенеттен: «Әнситу... Әнситу... – Тынышталыңдар! Тынышалыңдар» деді. Сосын, ашық дауыспен «Мұхаммадун Расул-Аллаһи әс-Саламу ғалайкә иә Расул-Аллаһи. – Мұхаммад Алланың Расулі. Әссаламуғалайкүм Иә Алланың-Расулі» деп сөйлейді. Сосын қарасақ, қайтыс болғаны рас екен үнсіз, жансыз жатыр».
Періштелер, жындар Алланың Расулі Мұхаммадке бағынған
Жабрайл Періште. Бұхари, Мүслим т.б. риуаят еткен: Хазірет Омар баяндайды: «Біз Расул-Алланың жанында отырғанымызда кенет әппақ киімді, қап-қара шашты бір адам жетіп келді. Жанымыздағылардан ешкім оны танымады. Тіпті, бір жақтан, жолдан келген адамға да ұқсамайды. Пайғамбардың алдына келіп дізерлеп отырады. Екі қолын Пайғамбардың дізесінің үстіне қойды. Сосын: «Мұхаммед! Маған Исламның не екенін түсіндірші?».

Расул-Алла жауап қатты: «Ислам – Алладан басқа Құдай жоқ екеніне, Мұхаммед Алланың елшісі екеніне шаһадат ету. Намаз оқу, Рамазан оаразасын ұстау, зекет беру, әлің жетсе хажыға бару».

Жаңағы адам: «Дұрыс айттың» деді. Біз оның әрі сұрағанына әрі сұрағанын білетініне таңдандық. Сосын адам: «Енді маған Иманның не екенін түсіндір?» деді.

Пайғамбар ғалаиһиссалам: «Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандық Одан екеніне иман ету (сену)» деді.

Адам: «Дұрыс айттың. Енді Ихсан деген не?» деді. Расул-Алла: «Ихсан – көріп тұрғандай Аллаға құпшылық ету. Сен Оны көре алмасаң да Ол сені көріп тұрады».

Адам: «Қыяметтің қашан болатынын айт!?».

Пайғамбар ғалаиһиссалам: «Мұны – жауап беруші, сұрақ сұраушыдан жақсы білмейді (сен сияқты мен де білмеймін)» деді. Ол адам: «Онда қияметтің белгілерін айт» деді.

Расул-Алла Қияметтің белгілерін баяндады. Сосын жаңағы адам шығып кетті. Мен аңырып қалдым. Расул-Алла: «Омар сұрақ сұраған кім екенін танисың ба?» деді. Алла және оның Елшісі жақсы біледі дедім. Пайғамбар ғалаиһиссалам: «Ол Жабраил. Сізге дініңізді үйретуге келіпті» деді».


Жабраил, Микаил.
Оқиғаны Сағд ибн Абу Уаққас риуаят етеді: «Ұхыд соғысында Расул-Алланың екі жағында ақ киімді екі адам болды. Ол екеуі үнемі қорғаушы ретінде жүрді. Екеуі де періште екені белгілі болды. Олар Жабрайл мен Микайл екен».

Әбу Суфиан ибн Харис ибн Абдулмұтталибтің риуаяты: «Бәдір соғысында жер мен көктің арасында ақ киімді, атты адамдарды көрдік».

Ұхұд, Бәдір соғысында көмекке періштелер келгенін бірнеше аяттарда дәлелденген. Әл-Ғимран: 122 – 125. «Әрине Алла сендерге Бәдірде де жәрдем етті. Онда сендер тіпті нашар едіңдер. Олай болғанда Алладан қорқыңдар. Сонда шүкір еткен боласыңдар». «Қане, сен мүминдерге: «Алла сендерге үш мың періште жіберіп жәрдем еткені жетпей ме?» деген едің». (Осы аятқа түсіндірме) 28, 257

Мұсылмандар 1000 кісі кәпірлер 3000 кісі бетпе-бет келеді. Мұсылмандар Мединенің сыртына шыққан кезде, Абдулла б. Үбей деген мұнафиқ адам өзі ертіп келген 300 кісіні бөліп алып артқа қайтып кетеді. Сонда хазірет Мұхаммед Мұстафа қалған сахабаларға: «Алла сендерге үш мың періште жіберіп жәрдем еткені жетпей ме?» - деп қуаттандырып, жүректендірген.


Хазірет Мұхаммед Мұстафаға жындардың бағынуы
Халид бин Уәлид уақиғасы. Ғуззе деп аталатын пұтты жығып құлатқан кезде, ішінен әйел суретінде қап-қара жын шығады. Халид ол жынды қылышымен шауып жібереді. Сонда хазірет Пайғамбар бұйырды: «Адамдар ұззаның ішіндегі осы жынға табынып жүрген еді. Енді оған құлшылық ету осымен аяқталды».

Омар бин Хаттаб оқиғасы: «Біз Расул-Алла мен бірге болған едік, қолында аса таяғы бар қарт адам суретінде «Хама» деп аталатын бір жын келді. Иман етті. Расул-Алла оған қысқа сүреледің бірнешеуін үйретті. Ол дәріс алып кетті».
5.6 Таурат, Інжіл және Забурда

Мұхаммед Мұстафаның пайғамбарлығын баяндаған

Таурат, Інжіл Забурдің тілі, аяттары Құранға жетпеген. Араб шаирлары Құран аяттарына ұқсатпақ болып қанша рет өлең немесе ұқсас сөздер жазып көрген. Бұл кітаптарға аудармадан аударма жасалады. Сондықтан артық, бөтен сөздер араласты. Түсіндірме берушілердің қате пікірлері аяттармен араласып кетті. Содан бастап ақырын-ақырын өзгертулер басталды.


Христиан, иаһүди патшалары Мұхаммед ғалаиһиссаламның келетінін білген.
1) Рим патшасы Мұқауқас, Мәшһүр иаһуди ғалымы ибн Сурииа, ибн Ахтаб, Кағб бин Әсад, Зубаир бин Батиа сынды ғұламалар Исламды қабылдамаса да «Мұхаммедтің сипаттары біздің кітабымызда суреттелген. Ол рас» - деп мойындаған.

2) Хабашстан патшасы Нәжаши Мұаммед Мұстафаның пайғамбарлық қасиеттерін көріп иманға келеді. Нәжаши мұсылман болудан бұрын басынан өткен оқиғаны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай баяндайды: 29, 68-71. Абыраһа мен Мұтталиб жайындағы оқиғаға тарихи шолу. Мұсылман тарихшыларынан: Ибн Хишам, Табери, Ибн Халдунның еңбектерінде бір шешіммен жазылған. Оқиға былай басталады: himyer (Иемен) королі Тубан Әсед Әбу Қариб Мединеге барады. Онда иаһудилердің насихатын тыңдап, иаһуди дінін қабылдайды. Ол Мединедегі еврейлердің Қурайза ұрпақтарынан екі дін адамын алып Иеменге қайтып оралады. Өзімен бірге келген дін адамдарының көмегімен иаһудилікті жая бастайды. Осыған орай Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы:

«Жаһутке (жөйтке) Зунас патша болды ғалып,

Халқымен Жаһут дінін қабыл алып».-деп келтіреді.

Мұндағы «Жаһут» сөзі - еврей, «Жаһут діні» - еврей діні деген ұғымды білдіреді. Көне түркі тілінде «Жаһут» сөзі көп қолданылады. Сондықтан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осылай айтуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл сөзді дінтанушы Мұртаза Жүнісұлы Бұлытай «Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды?» атты еңбегінде «иаһудилік жөһит діні»-деп жазған. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының келесі айтқаны Зунууас патша. Ол туралы ибн Хишам былай дейді: Иемен королі Тубан Әсед Әбу Қарибтің баласы Зунууас әкесінің өлімінен кейін патша болып сайланады. Ол Арабстанның оңтүстігіндегі «Нәжран» - деген Христиан тайпасын жою үшін шабуыл жасап, оларды жөһит дінін қабылдауға мәжбүр етеді. Ибн Хишам Нәжран тайпасының Хазірет Исаға (ғ.с.) келген Христиан дінінің әлі бұзыла қоймаған ағымында болғанын ескертеді. Зунууас Нәжран елін басып алғаннан кейін жөһитлікті күшпен қабылдауларын талап етеді. Халықтың көбісі қарсы шығады. Сондықтан Зунууас көп адамды от жағып, соған лақтыртып өлтіреді. Қалғанын қылышпен бастарын алдырады. Орта есеппен 20.000 –дай кісі өлтіріледі. Мұны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы:

Хабранидің дініне кірмеген Насраниді

Санақпен (Санейық) күйдіреді отқа салып.

Араб тілінде Христиан дегенді – «Насара», ал, Христиандық дегенді - «Насрани» -дейді. Қатты жапа шеккен Нәжран елінің бір азаматы елден қашып шығып, Хабашстан Патшасы Нәжашиден көмек сұрайды. Екінші риуаятта Рим патшасы Қаисеріден көмек сұрайды. Барған жерінде елінің қатты қиналғанын айтып, әскери көмек көрсетуін білдіреді. Бірінші риуаяттағы Нәжрандық христиан азаматының Хабашстан патшасы Нәжашиден көмек сұрағанын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай келтіреді:

Хабыстың патшасына жазды нама:

Насранидің дініне ерді һама.

Жаһутлардың Насраниді күйдіргенін,

Қағазбен (аз һар) ызғар етіп білдірді оңа (оны).

Деп айтты: Дін жөнінен жәбір көрдік,

Тұрады, ажыратыңыз жәрдем беріп.

Екінші риуаятта Рим патшасынан Хабашстан патшасы Нәжаши теңіз әскерін жіберуін сұрайды. Соңында Хабашстан патшасы Ұйрат деген мыңбасының әміріне 20.000 әскерді беріп Иеменге аттандырады. Сол жорықта Зунууас патша өлтіріліп, Жөһит елі жойылып, Иемен Хабашстанның әміріне бағынады. Бұл жорықты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былайша баяндаған:

Нәжаши патша қайратланды мұны естіп,

Қысасын әпермекке көңілі кетіп.

Жетпіс мың атты әскерді жібер –дейді,

Оларға екі адамды басшы етіп.

Бұл оқиға Ислам тарихында маңызды орын алады. Христиандар алғаш рет 340 жылы Иеменді басып алады. Содан 378-ші жылға дейін өз үкімдерін жүргізуді жалғастырады. Сол уақытта Христиан миссионерлері Иеменге көп келеді. Солардың ішінен Файмиун деген Христиан Нәжран халқын пұтқа табынудан құтқарып, христиан дінін уағыздайды. Аяғында Нәжрандықтар христиандықты толық қабылдай бастайды. Сол тұста Нәжран елін үш адам басқарып тұрды. Біріншісі - Нәжран тайпасының сырт елдермен қарым–қатынасы мен әскер күшін басқарды. Екіншісі - елдің ішкі саясатын, ал, үшіншісі - дін істерін басқарды. Арабстанның оңтүстігінде Нәжран елі мекендеген өлке маңызды орындардың бірі болды. Сауда мен өндіріс орталықтарының біріне айналды. Қытайдан келетін жібек, тері, қару-жарақ сияқтылар Иеменде көп еді.

Осыған байланысты Зунууас тек қана дін жөнінде емес, экономикалық, саяси мақсатта Нәжранды бағындырмақ болады. Сириялық тарихшы ғалым Нәжрандықтардың шет елдермен қарым-қатынасы мен әскер күшін басқарушысы туралы былай деп жазды: «Зунууас ол адамның екі қызын өлтіріп, әйелін алып кетеді. Кейін әйелін де өлтіреді. Одан кейін құдыққа (орға) от жағып, ішіне ерлерді, әйелдерді, балаларды, кәрілерді, поптарды бірінен кейін бірін күйдіріп өлтіреді. Шамамен 40.000 дейін адамды өлтіртеді. Бұл оқиға б.з. 523 жылы қазан айында болады. Хабашстан Иеменге 525 ж. ауыр соққы жасап Зунууастың Һүмиар әмірлігін жойып жібереді. Бұл деректі Иеменнің Хусни Гурап деген ауданында жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде осы оқиғаға байланысты көріністер жазылып, суреттелген тақтайшалардан анықтаған.

VI ғасырда жазылған христиандардың әртүрлі кітаптарында Зунууастың христиандарға жасаған зұлымдығы туралы жан-жақты зерттеліп, жазылған. Бұл оқиғаны араб тілінде «Асхабу-Ухуд» - деп атайды. Осыған байланысты жазғандардан, сол дәуірде өмір сүргендері де болған. Олардың кітаптары мыналар: Prokopiyus, Cosmos Indcopleustis (бұл кітаптың авторы Нәжашидің бұйрығымен Batlamyusтың (Батламиус) грек тіліндегі кітабын Сурия тіліне аударған), Johannes Malala. Бұлардан кейін осы оқиғаға орай жазылған Johannes of Ephesus (585 ж.) атты кітапта Нәжран христиандарының өлтірілуі жайлы және Simeon мен Dercila Abbot von Gabulaға жазған хатының көшірмесі берілген. Поп Simeon бұл оқиғаны өз көзімен көрген Иемендіктерден риуаят еткен. Хат «Христиан шаһидтерінің (шәит) өмірі)» атты кітапта 1881 ж. 1890 ж. жарық көрген. Бұлардан басқа да көптеген деректер бар. Олардың бастылары Patriarch Dionusisus, Zacharia of Mitilene сурия тілінде жазылған еңбектер бар. Яқуб Суружидің «Нәжран христиандары» атты еңбегі. Erreha (Edessa) Pulusтің «Нәжран христиандарының өлімі» деген шығармасы. Суриани тілінде жазылған кітаптың бірі ағылшын тіліне (Book of the Himyarites) аударылған.

Шығыстанушы Filbiдің Arabian Higlanda атты кітабында Нәжрандықтардың қазасы болған орынды білетінін айтқан. Нәжран елінің сеніміне орай құбыласы болған. Хабашстан христиандары Нәжран елін билеп алғаннан кейін Қағба тәрізді құрылыс салып, Меккедегі Муғаззам Қағбаның орнына Құбыла ретінде ауыстырмақ болған. Себебі Абраһаның: «Иемен бүкіл әлем халқының назарында қасиетті орын» - деп қабылданады деген арманы болған. Абыраһаның бұл мақсатын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы төмендегідей суреттеген 30, 35.

Ойланды, Абыраһа қиял жетіп:

Артықша сұлу етті зейнет беріп,

«Бір үйді салдырайын пана етіп.

Тахсын ғып таңданады әркім көріп.

Бұл халықты тауап қыл!-деп, әмір етейін,

Халқына пәрмен етіп, жар шақыртты:

Қағыбаға бармасынлар мұнан өтіп!»

«Бұл үйді тауап қыл,-деп,- әр жыл келіп!

Мұны айтып, жанға ойлады көп талазар,

Ғарыз етіп Нажашыға білдірділар:

Бірнеше ұсталарды келтірділар

Бір үйді сіздің үшін (асладым) істедім жар.

Ділдә мен жауһардан зейнет беріп,

Әр жылы халықтың бәрі тауап қылар,

Нақыштың бәрін салды дүниеде бар.

Мұнан (мұнден) соң Қағбаны қажы қылмайдылар!

Хабашстан - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларында «Хабыс»-деп берілген (1 том, 33 б).

3. Бақира Рахыб. Расул-Алла ағасы Абу Талибпен бірге Шамға барған кезінде 12 жаста еді. Пайғамбар болатын Мұхаммедтің келгенін білген Бақира Рахыб керуенмен бірге келген Құрайшиларды қонаққа шақырады. Құрайштарды қарсы алып ат, түйесін қойған жерге қараса, керуенмен бірге келген бұлт сол орнында тұрғанын байқайды. Маған керек адам сонда қалған екен деп, адам жіберіп Мұхаммедті жанына алдырады. Сосын Әбу Тәлибті шақырып: «Сен артқа қайт! Меккеге кет! Мұның (Мұхаммедтің) сипаттары Тауратта баяндалған. Иаһудилер өте қызғаншақ халық. Қастандық қылуы мүмкін!» дейді.

Бұл оқиғаны Қарымсақов Ақыт Үлімжіұлы баяндайды.

Керуендер Афираға барады енді

Афира көзін салып қарады енді.

Керуеннен іздегенін көрмеген соң,

- Жүгіңде енді кісі бар ма? – деді.

- Қайырды: - кісі жоқ – деп Әбужәһил,

Мұхаммедке қаскөй малғұн кәпір. –

Афира айтты: - керуенді байқаңыздар,

Қалмасын ұмытылып жетім-пақыр.

Әбужәһил деді: - біреу жүкте қалды,

Жүк күзетсін деп оны көп ұйғарды. –

Деген сон-ақ Афира дереу сезіп,

Мұхаммедті шақырып қасына алды.

Шығарды Мұхаммедті төр жағына,

Жоғарғы жамағаттың өр жағына.

Құрметтеп Мұхаммедті ел көзінше,

Отырады өзі төмен бер жағында.

Мұхаммед Мұстафаның пайғамбарлығын Тәурат, Інжіл, Зәбур аяттары дәлелдейді.

1) Зәбурдегі бірінші аят: ........

Иә Аллам фатраттан (үзіліс, христиан дінінен кейінгі Ислам діні келгенге дейінгі аралық) кейін бізге орнықты, табанды Сүннет (Мұқимы-Сүннет) жібер». «Мұқимы-Сүннет» - деген Мұхаммед ғалайһис-саламның Сүннеті.

2) Інжілдегі бірінші аят: ...... «Мен кетемін Сіздерге Фарақлит келсін». Яғни, Ахмед келсін.

3) Інжілдің екінші аяты: ..... «Мен Раббымнан хақты адасқаннан айыра білетін пайғамбар тілеймін. Ол, сіздермен әбәди бірге болсын».

4) Тәураттағы біріші аят: ....

5) Тәураттағы екінші аят: ... «Ей Мұса! Бәни Исраилдің ұрпақтарынан Бәни Исмағилдан сен сияқты біреуін жіберем. Мен сөзімді оның аузына саламын. Менің уахиыммен сөйлейтін болады. Оны қабыл етпегендерге азап жіберемін».

6 )Тәураттағы үшінші аят:

Ескерту: Бұл кітаптарда Мұхаммед есімі: «.. . (мүшаффах), ... - әл-Мүнхаманна, ... – Хим-иата» - деген сөздермен, Суриани есімдері бойынша. «Мұхаммед – Шүкір, тәуба етуші» мағынасында айтылады. Араб тілінде «Мұхаммед» - деген есіммен аз кездеседі.

7) Зәбурдағы екінші аят: ......

8) Тәураттағы төртінші аят:...... «Алланың Расулі Мұхаммедтің туған жері Мекке...». Бұл аятта «Мұхаммед» - деген сөз Суриани тілінде Мұхаммед мағынасында берілген.

9) Тәураттағы бесінші аят: .... Бұл аятта Бәни Исхахтың ұрпақтары Бәни Исмағилдан және хазіреті Мұсадан кейін келген пайғамбарды нұсқайды.

10) Інжілдегі үшінші дәлел: Бірнеше аятта Исадан кейін келетін пайғмабарды «Алемі – Рейс = Әлемнің патшасы» - деген атпен келетінін сүйіншілейді .... «Һәм үмметі де қылыш ұстайтын, әлемді өзіне бағындыратын болады...».

Құран Кәрімде фатх сүресінің соңғы 29 аятында: «..... – Мұхаммед Алланың Елшісі. Онымен бірге болғандар (Сахабалар) кәпірлерге қатал, ал, өз араларында мейрімді. Оларды руқуғда, сәждеде (намазда) Алланың марқаматын және ризалығын тілегенін көресің. Олардың маңдайында сәжденің ізі қалады. Міне, олардың Тәураттағы сипаттары осы. Інжілдегі сипаттарын айтар болсақ; бүр жарып, буыны бекіп, жуандап, өз сабағында тік тұрған егін сияқты...». Бұл аяттар бір-бірін дәлелдеуі аталған кітаптар бәрі бір Алла тарапынан жіберілгенінің дәлелі. һәм інжілде Мұхаммедтің сипаты айтылса, һәм Құранда інжілдің өзгертілмеген түпнұсқасында Мұхаммед Мұстафаның пайғамбарлығы қалай суреттелгені баяндалады. Нәтижеде Алладан келген кітаптар бірін-бірі дәлелдейді.

11) Тәураттағы алтыншы аят: Тәураттың бесінші кітабының отыз үш бабында мынадай аят бар: «Хақ тағала «Тур-ы Синада» белгі беріп, «Саирде» сәуле шашып, «Фаранда» анық көрінді».

Бұл аят үш пайғамбарды дәлелдейді.

«Тур-ы Синада» белгі беретін – Муса пайғамбар, «Саирда» сәуле шашатын – Иса пайғамбар, Фаранда анық көрінетін – Мұхаммед Мұстафаны дәлелдейді.

Құранда Иса әкелген жаңалықты қайта қайталап баяндаған:


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет