МӘШҺҮр жүсіп қолжазбаларындағы ислам мәдениеті


Жаббардың пайғамбарды қонаққа шақырған баяны



бет14/15
Дата11.01.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7178
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Жаббардың пайғамбарды қонаққа шақырған баяны
Белгілі жомарт мағлум сахаба еді,

Бай еді өзі жомарт инабатты.

Қонаққа пайғамбарды шақырмаққа,

Бір күні әзірледі сиапатты.

Шақырды пайғамбарды,

Бір қойды жығып бауыздады.

Ет пісіп даярланып тұрған еді,

Қасына бір ..... жетіп келді.

Кішкене ол Жаббардың екі ұлы бар,

Хақ Расул келіп отырды.

Далада екі ұлы ойнап жүрді,

Үлкені кішісін жығып сапты.

Сені мен әлгі қойша сойамын деп,

Жатқызып әлгі қойша бауыздапты.

Тастапты шалқасынан жығып,

Шаһид боп кіші ұлы қаза тапты.

Шешесі екі баланы іздеп барып,

Өліп жатқан баланы тауып апты.

Шыдамай кіші ұлы өлгеніне,

Ұрмақшы үлкен ұлын айғайлапты.

Қашам деп шешесінен тамнан құлап,

Жығылып үлкені де дүние сапты.

Алланың әмірімен қаза жетіп,

Шаһид боп екі бала өліп қапты.

Пайғамбарымыз біліп ренжиді деп,

Екеуін бетін жасырып жабасапты.

Тағамын мейманына жегізбекке,

Суын қойып ет әкеп даярлапты.

Дастарханын жәйіп сап алдарына,

Табақпенен ет апарыпты.

Дұға қып бетін сипап пайғамбар,

Табаққа Бисмилла деп қолын сапты.

Жәбрейіл сол арада келді жетіп,

Қолынан пайғамбардың ұстай алып.

Пайғамбар қолын тартып тұрағапты.

Бір Алла хабар айтты саған дейді,

Бұйырды тез бардеп маған дейді.

Жаббардың екі ұлын қасына алмай,

Бұл тағам бізге жеуге харам дейді.

Пайғамбар айтты Жаббар Ансариға,

Әй, Жаббар қайда сенің балаң дейді.

Балалар әлде қайда ойнап кеткен,

Қарамай жей беріңіз оған дейді.

Баласыз жеу біздерге халал емес,

Жемеймін бала келмей тағам дейді.

Япырмай деп Ансар жауап берді,

Шынымды мен айтайын сізге енді.

Тақсыр-ау алаң болмай жей беріңіз,

Келмейді екі балам енді дейді.

Беріңіз тағамнан соң жаназа оқып,

Балаға тез-тез ажал келді дейді.

Пайғамбар қолын жайып қылды дұға,

Бір ғажайып қаза екенін білдідағы.

Я, Раббым қажетімді қабыл қылсаң,

Жаббардың екі ұлына жанбер дейді.

Дұғасына хақ Тағала қылды жауап,

Сол сағатта екі бала тірілді енді.

Жаббар балаң сенің келеме екен,

Екеуін атын атап шақыр дейді.

Атасы атын атап шақырған соң,

Екі бала жетіп келді.

Шаттанды сахабалар бұ жұмысқа,

Баршасы баламенен тағам жеді.

Пайғамбар тағамнан соң сауал сұрады,

Я, балам не тамаша көрдің дейді.

Азрақ хор қызымен ойнап-ойнап,

Жаннаттың тағамынан жедім дейді.

Шақырған атамыздың даусы жетіп,

Амалсыз қайтып келдім дейді.

Бұл істі көп халықтың көзі көрді,

Өлікке жан бергенін ғажап білді.

Лә иләһә иллә Аллаһ Мухаммад расул Аллаһ деп,

Көп жаһил иман айтып дінге кірді.

Күннен-күнге керемет артық болып,

Ислам діні бұрынғыдан көтерілді.

Он сегіз мың ғаламды жаратқан хақ,

Осылай мұғжизалар бола берді.
5.8 Бұл зат шарифнің бір саяхаты

Өзі ішуден, жеуден, ұйықтаудан қалып рухани қуат пен жаһан кезіп жүргенде жүрісінде адам бармаған жерге барыпты, адам көрмеген ғажайыптарын көріпті. Бір таулы тасты жерде бір шаһарға барса, шаһар өте биік,о шетімен бұ шеті көз жеткісіз іші қыбырлаған жанмен толық. Қимылдаған жанның көб әрекеті ағаштан бұт-бұрхан жасаумен шұғылданған, онан басқа кәсіп жоқ және ол шаһарда адам жейтұғын тамақтан бір түйір дәнеме жоқ, қайран асыр қалып бір түн түнепті, ешкіммен тіл қатыспапты.

Ертең таң атысымен бұл шаһарға көптігімен жер дүние жүзін толтырып, тозаң шаңмен күннің көзін тұтылдырып бір көп керуен келіпті. Артқан, тартқан ауызды адамның жейтін қорегі. Түгел көліктері түйе, шаһар халқы мәз-мәйрәм болысып, қуанып бұл керуеннің барлық жүгін көтеріп шаһар халқы алыпты да, бұл шаһардың ұшы қиыры жоқ ағаштан жасаған бұт бұрқанын керуен алып апық-сапық кездің арасында жұмысын бітіріп, керуен қайта бастапты.

Бұл кісі ойлапты мынаны апарып шоқынатұғын кәпірдің жұрты нендей көп жұрт екен. Жан-жанымыз біреуден алысқанда күллі дүниедегі жаннан да артылып қалар еді деп тамаша қылып көру үшін, керуенмен бірге шығыпты. Керуен шаһардан былай шығып бір қонарлық жерге түсіп, жүктерін түсіріп түйелерін оттату үшін қоя беріп, барлық жүкті бір араға үйіп от жағып өртеп жіберіпті де түйелерін жинап алып бос тізіп, бір-біріне тіркеп алып жөнеле беріпті.

Бұл шейх Сағди таң тамаша қайран қалып керуеннің біреуін шап беріп ұстай алғанда сен кімсің өзің депті. Бұл кісі мен адамзатпын депті. Өздерің кімсің деп бұл кісі сұрағанда біз періште боламыз депті. Бұл істеп жүргендерің не деп мән-жайын сұрапты. Сонда ол періште айтыпты өзің бүгін қайдан шықтың депті. Сендер жүк алып шыққан шаһардан шықтым депті. Ол шаһардың не жан екендігін білдіңбе депті. Жоқ дәнеңесін білгем жоқ, құр көргенім болмаса деген соң. Ендеше олар кәпір пері жері еді. Құдай сөзі Құранды оқымадың. « و ما خلقت الجن و الانس الا ليعبدون »

«Уә мә хәләқту әл жиннә уәл-инсә иллә ли иәғбудин».

Құдай Тәбарак уа Тағала айтты ғой мен жынды, инсанды жаратбадым мәкгер құлшылық қылу үшін жараттым деп осы екі түрліден бөлек құлшылыққа арнап жаратқан жоқ. Сонда бұл жындардың мүмин мұсылман болған жын деп аталады, кәпір болған шайтан деп аталады.

Құдай Тәбарак уа Тағала жаратқан мақұлықатының рыздығын өзі рыздық бермекші емес мехнатпен тауып жеуге бұйырылған. Рахат үшін жаратқан еш нәрсе жоқ жаратылғанның бәрін михнәт үшін жаратқан. Қарасаң Құдайдың жіберілген дүние толған періште, әр қайсысы бір істі міне біздер осы кәпір перілерге рыздық жеткізіп тұру үшін жаратқан жоқ, осы ағаштан жонған бұт бұрқандымызды керек қылып алушы жұрт бар деп қыбырлаған жан өмір бойы ағаштан бұт бұрқан жасап ниеттеніп жатыр.

Біз бұларға рыздықты қайдан алып келеміз дүниенің шетіне түгел жүріп зекетсіздің малынан бір екісін аламыз. Өтірік айтып жұртты жеп сауда қылған саудагерлердің саудасының бір екісін аламыз. Жалған сөйлеп жан қинап өз бетімен байымақшы болып жүрген қулардың кір кәсібінің бір екісін аламыз. Кісіге бермей тығып қойын тамақ көбейтем деген қатын қулардың ішдің ішіне жасырған құрт майының бір екісін аламыз. Бір кедей ат сұраса бізде мінерлік қалған жоқ дейтұғын, қарызға ақша сұраса бар бола тұрып бұйырмасын дейтұғын бай қулардың малының бір екісін аламыз. Соның бәрін жинастырып артынып тартынып перілерге береміз.

Міне Құдайдың жіберілген қара көзіңмен көрдің нан бұған, жердің үстінде көктің астында қыбырлаған адамзат не нәрсені молайтса да Құдай молайтады. Азайтса Құдай азайтады мен жұмысы жоқ өз бетімен қолмен жасап алмақшы болып олар бейнетте жатыр. Осы ағашты жонбасақ аштан өліп қалармыз деп бұлар бейнетте жатыр. Ішпейміз, жемейміз жазған жазығымыз жоқ-ақ шығар дейміз екі ортада біреудегін ап келіп біреуге беріп, мұның еңбекпен қылған жұмысын түкке жаратпай жіберіп біз бейнетте жүрміз.

Адамзат тек күнәға шомылған болсын, бұлар тек кәпірлік болсын. Біздікін не деп ойласын, міне Құдай Тәбарак уа Тағала ешкімді рахат үшін жаратпағанын мұнан ойлап білу керек дегенде бұл шейх Сағди хазретіміз арманда болған екен. Дүние кезбектің мұндай артықшылығы бар екен. Адам көрмегенді көріп, адам сезбегенді сезеді екен. Әй бәрекелді жастықтағы шариғат тариқат жолында өткізген ғұмырым далаға кеткен бір ғұмыр екен деп. Құдай рахмет қылсын Шоңби айтады екен.



«Берген аста-береке бар»

Берген деген періштенің аты. Берген үйдің асына береке періштесі береке береді. Бермеген аста бит бар. Бит деген шайтанның аты екен. Бермеген үйдің асын бит деген шайтан суырып, сұрап құртады екен.


Хадис шариф
اللهم انى اعوذ بك من علم لا ينفع ودعاء لا يسمع وعمل لايرفع وقلب لا تخشغ ونفس لا تقنع و بطن لا تشبع

«Аллаһумма инни ағузу бикә мин ғилм лә иәнфәғу уа дуғәу лә юсмәғ уә ғамалу лә юрфәғ уа қалбу лә туғшәғ уә нафсу лә тәқнәғ уә батну лә тәшбәғ»

Я Аллаһ мен саған сиынамын пайдасыз білімнен сақта, қабыл болмаған дұғадан сақта, көтерілмеген амалдан, бағынбаған жүректен сақта, қанағатсыз нәпсіден сақта, тоймайтұғын іштен сақта.
«طلب العلم فريضة على مسلم مسلمة»

«Талабул гилм фәридәтун гәлә муслимун уа муслимәтун»

Білім алу мұсылман ерлерге де мұсылман әйелдерге де парыз.

اطلب العلم و لو بالصين فان طلب العلم فريضة على مسلم

«Әтлубул гилм уә ләу бисин фәин тәләбул гилм фәридәтун гәлә муслим». Білім ал қытай елінен болса да, мұсылманға білім алу парыз.


Адам кім?
Алла Тәбарак уа Тағала иә адам дейді, дене инсан дейді, дүние нас дейді. «Адам» деген сөз адам жаратылмас дан бұрын атаған аты еді. Бұл атпен ат таңдаған Кәрәм еді. Бұған дәлел;

«و لقد كرمنا بنى ادم وحملناهم فى البرد »



«Уә ләқад кәрәмнә бәни адам уа хәмәлнәһум фил бард»

Алифдей тік тұрсын, дәлдей рукуғ қылып иілсін. Иіліп мимдей сәжде де жатсын деп бұл (үш)тен адам дейді. Олай болғанда намаз оқымағанды адам деуге жарамайды.



«ما خلقت الجن والانس الا ليعبدون »

«Мә халақта жинну уа инсу иллә лииәғбудун» Жынмен инсан жараттық тек құлшылық үшін.

Жан мұрынға кірісімен, мұрын жыбырлап түшкірген ауызға жан барып қалып әлһәмдулилләһ деп хамд айтады. Онда Алла Тағала періштелеріне мақтан қылды қараңыздар менің пендемнің қымбатын, талаптысын денесінің оннан біріне жан бармай жатып маған мадақ, мақтау айтып мұнысы барлығын біле тұрып мұның аты инсан болсын деді. Бұл инсан деп атағандығы ләтиф еді. Ләтиф мағнасы достық, өз бергенін аз санайды дейді, достың бергенін көпке санайды.

Ол патша Құдайдан табылады басқадан табылмайды, біздің аз ғұмырымызда азғана айтқан зікірімізде.

«واذ كر الله ذكرا كثيرا» «уазкуру аллаһ зикрән кәсирән» деп көпке санайды, өзінің дүниеде пенделеріне қанша мейірбандық қылып бергенін азға санап «قل متاع الدنيا قليل » «қул мутәғә дуниа қалил» дейді.

Инсан деп атамағы аса жақсы сүйіп қойған ат екендігі бұл аят кәримнен байқалады «خلقنا الانسان فى احسن تقويم»

«Халақнәл инсан фи ахсани тақуим» «иә әиуһә нәс» дейді.

ان الله اشترى من المؤمنين انفسهم واموالهم

«Иннә Аллаһу иштәрә мин мүминин әнфусәһум уә әмуәләһум» дейді. Нәпсіден мұрат намаз, ораза. Малдан мұрат зекет.


Адам жаратылысы туралы

«ولقد خلقنا الانسان من صلصا ل من حماء مسنون »

« Уә лақад хәләқнәл инсән мин салсали мин хәмәи мәснун»

Біздер жараттық адамды құрғақ лайдан, қара балшықтан судың ішінде көп жатқандықтан сасыған.

« ولقد خلقنا الانسان في احسن تقويم »

«Уә лақад хәләқнәл инсән фи әхсани тақуим»

Қара балшықтан заһирдан жарату тура осылай хикмет иләһі ол қара топыраққа нәзік, жұмсақ жарлықау суын жаудырды өз мейірбаншылығымен тақуа жақсы адамға айналдырды.
فسجد الملئكة كلهم اجمعين الا ابليس قا ل يا ابليس ما لك ان لا تكون مع الساجدين

قا ل لم اكن لا سجد بشر خلقت من صلصا ل من حماء مسنوس

«Фә сәжәдә әл-мәләикәт куллуһум әжмәгин иллә иблис. Қалә иә иблис мәләк ән лә тәкуну мәгәс-сәжидин. Қалә ләм әкун лә сәжид, хәләқтә бәшәр мин салсәли мин хәмәи мәснун»

Бүкіл періштелер сәжде қылды. Алла Тағала иә, Ібіліс неге сәжде қылғандармен бірге сәжде қылмадың? Ібіліс ғалайһи лағнет айтты мен қалай сәжде қыламын оған, яғни сондай адамға жараттың оны қара балшықтан қара топырақтан исі бұрқырап сасып жатқан лайдан. Мені оттан өзі рухани өзі жұмсақ, қалай денесіне иіліп бас қойамын деп тәкәпәрлік қылды.

لا اله الا الله و الله اكبر سبحان الله وبحمده واستغفر الله ولا حول ولا قوة الا بالله العلي العظيم هو الاول والاخر و الظاهر والباطن يحى ويميت بيده الخير و هو على كل شئ قدير

«Лә иләһә иллә алллаһ уә аллаһу акбәр сүбханә аллаһ уә бихәмд уә астағфируллаһ уә лә хәулә уәлә қууәтә иллә билләһи ғалиул ғәзим. Һуә әууәлу уә әхиру уә батину юхиу уә юмиту би иәдиһил хайр уә һуә ғәлә кулли шәйин қадир».



Біреуді біреу жақсы көріп сүю турасында айтылған
Жаратқан Алла әлемді,

Бірін-бірі сүймекке.

Әлемге қожа адамды,

Осы жолда күймекке.

Жан кірлейді тот басып,

Махаббатпен күймесе.

Бір асылға сыр қосып,

Шын көңілмен сүймесе.

Жан табысып сүюдің,

Бойына баға табылмас.

Кір тазарып күюдің,

Құнына жаһан шағылмас.

Жан қосылып сүйісу,

Адамшылық міндеті,

Үнсіз тілсіз сөйлесу,

Ғашықтықтың сүннеті,

Жақ көзіңнің шоғымен,

Сүйіктің ғашық жарыңды,

Ат кірпігің оғымен,

Көктей тағы жанымды

Дидарың Кағбаға бір барып,

Тауаф етпей басылмас,

Денсаулығың Құранды бір ашып,

Оқып шықпай басылмас,

Періште боп сыр тасып,

Хиялың уахи беруде,

Пайғамбарша көкке ұшып,

Көңілім дидар көруде.

Періште хиял өзің кім,

Жете алмайды біздің тіл,

Пайғамбар кім? сөзің кім?

Ойладағы өзің біл.


Жеріңде қандайыңды көрген жан жоқ
Шағасың кімге барып мұңыңмен зарың.

Түңілем осы күнде жерден төмен,

Қараңғы қайғы басып болған түннен.

Құдайдың һәрне болса солғаны дүр,

Көрер енді мұны айтшы кімнен.

Түсіпті ғаріптікке бұл басымыз,

Тыйылмай ертеңінде еш көз жасымыз.

Жалғыздық басқа түскен уақытында,

Көлеңке болып біздің жолдасымыз.

Еңбегің кетпесін текке зая,

Жараттың қандайында бар Құдайым.

Паналап барар жерің болмаған соң,

..... ..... ........басымызға болған сая.

Біз түстік ғаріптікке жасымыздан,

Кетпеген бүрге шыбын қасымыздан.

Жоламас қоянменен ұшқан

Айналып кім толғанар басымыздан.

Жәй болып көңілің мұңға, көзің жасқа

Біздерге ғаріптікте жетсе қада,

Кім жылар жаға жыртып таңнан басқа.

Көз жасың бар тапқаның қолда барың,

Қалмаған бойда биттей ұят арың.


5.9 Мұхаммедәмин µлењі

Мұхаммедәминніњ жүріп бара жатқанда,

Сµйлеп кеткен сµзі.

Қолыма хат жазғалы алдым қалам,

Құбылып толқын боп күллі ғалам.

Қалдырып құрбыларға ермек үшін,

Кетейін бір сµз сµйлеп келсе шамам.

Не келер қанша айтқанмен біздіњ қолдан,

Жазуы бір Алланыњ не тұр шарам.

Істемей ауыр жұмыс жүрген басым,

Тауына кавказ арман қалай барам.

Қойша иіріп паравозға қамағанда,

Аққан жас екі кµзден тарам-тарам.

Орыстан құрық түсті басымызға,

Жан сақтап паналауға қайда қалам.

Еш шара қолымыздан келмеген соњ,

Қарата Керекуге бастық қадам.

Он тоғыз отыз бір мыњ сұрымызға,

Біреуі бай, біреуі нашар, біреуі жалғыз.

‡штен бір аяған мен қалдым адам,

Бір үйден тегіс кеткен үшеуде бар.

Патшадан кµмек бар деп болдық алањ,

‡йден бір қадам басып шыққан соњғы.

Жанымныњ кµрген күнім бәрі қарањ,

Мысалы ахиреттіњ тұзағындай.

Жарқ етіп шығып жатыр қалған адам,

Солдаттар шіріп қамап айдағанмен.

Құр сүлден жүре алмайсыњ басып қадам,

Бізді онда үйде мұнда аман сақтап.

Кµруге жазсын аман Құдай Тағалам,

Жел тимей күнге күймей µскен басым.

Қор болып ғазиз тыным қайда қалам,

Жинаған комиссия баршамызды.

Қол қойсақ ойлағанмен келмес шамам,

Түзу нәсіп басқа жерден бұйырып тұрса.

Кетеді жер түбіне жігіт адам,

Алланыњ рахматынан үмітім бар.

Шын болса ғарш күрсілаух қалам,

Жаратқан соныњ бәрін жалғыз Тәњір.

Бір тамшы судан бізді қылған адам,

Бір хабар жақсылықтан болама деп.

Дууанға дамылтаппай күнде барам,

Теп-тегіс қор болдыњғой күллі қазақ.

Ішіњде жоқтығынан бір басты адам,

Бай қалды, жарлы кетті жылай-жылай.

Дүниеніњ жоқтығынан боқтық арам.

Бестенге берген жандар қала берді,

Мен кеттім жоқтығынан бірер парам.

Итке сүйек тастасањ алданады,

Сүйекті итке тастар қайдан алам.

Мен оған ар қылдымда жүре бердім,

Берсіндеп µзі қуат Құдай Тағалам.

Тағдырдыњ кірмесіне кез болыппын,

Дәрмен жоқ үзіп кетер не тұр шарам.

Басыма мұнан бұрын қалған орнап,

Таудан зор тастан қиын бар бір жарам.

Құрбылар қиын екен ойнап күлген,

Бас қосып бір табақтан жеген тағам.

Жақсы күн тумай тұрғой қалғанғада,

Айырылып қызық кµрер заманадан.

Жарқырап аймен күндей келер едік,

Құламай аман µтсек бұғанадан.

Не болар артта қалған үйдіњ іші,

Тұрған соњ бала айырылып ата-анадан.

Шешем үйде жоқтығы ойға түсіп,

Қањғырып жүре бердім айдалада.

Шығарып салған бір жан жоқтығынан,

Жµнелдім жұрттан бµлек батып қарам.

Тетелес қарындасым Әмина жан,

Айтайын саған енді кімнен сәлем.

Екеуміз бір үйде қалып едік,

Біз үшін кім жыласын кім езілсін.

Кереку алыс жерғой жер түбіндей,

Баяннан жµнелтерлік болмады адам.

Тµрт бµліп түн ұйқысын тұратұғын,

Қайтейін жоқтығыњды қайран анам.

Әкеніњ ењ жақсысы жездедей деп,

Соны айтқан бұрынғыда әулие адам.

Дуасын кµпке қылған аямас деп,

Жадырыса жарлықанып барша ғалам.

Жәй-күйі жетімдік түссе есіме,

Дал болып қайран асыр естен танам.

Балалар артта қалған ал есіње,

Дµкей жеті жетем қандай адам.

Жетімдік пайғамбардыњ бар мұраты,

Демесем сµйлей берсем шаршап талам.

‡й іші артта қалған не болар деп,

Әр түрлі ойға түсіп кетіп барам.

Хабарсыздан ой уайым түсірер,

Кез болып жүрген күнде алањ салањ,

Қам қылмай µз басым кеткенде икем,

Бар жұмыс басын ұстап болдым алањ.

Түсіріп баршамызға қызыл нилет,

Ойнай дәнекер етер жаланып жалањ.

Он тоғыз отыз бірде іспек қып,

Жібермей қамағанда туылған аран.

Кедейлер арманыњ жоқ баймен бірдей,

Бµлекқып жұмыс барма алалаған.

Болыстар байды іріктеп алып қалып,

Кедейді бірыњғайғып саралаған.

Жарлығы бұда тиген дәурен шығар,

Күшіне патша жүрген аралаған.

Шын қыйын бәріненде мынау болды,

Ал енді жәй-күйіње қарамаған.

Тұрмайтын ұйқыњ қанбай боздақтарым,

Тұрдыњ алањ қырақ сары тањнан.

Түрленіп талай жалғыз талай мањғаз,

Асаулар үзіп тұрды қаламаған.

Құнымыз біздіњ аттан оњай болды,

Жақсы аттай еріксіз ұрса алмаған.

Келуге жазсын Алла жігіт жасты,

Аллаға шын сыйынған құр қалмаған.

Бұл дүние бір қарањғы болды тұман,

Жүре алмай жұрт адасты ақылынан.

Қайтеді ақшасы жоқ кедей сорлы,

Қам қылып атпен тонын ала алмаған.

Жас бала жол кµрмеген боздақтар кµп,

Аяғын барын қадам сала алмаған.

Ажалдай еріксіз айдап ұшырып жел,

Шегініп иығы бір мойын қала алмаған.

Мақал бар: Аз сµз алтын, кµп сµз кµмір.

Мұнымен сµз аяғын тамамдаған.


4-бумадағы аяттарға түсінік

4-бетте


«Нафсу әммараға» ерген адам: «Нағузу биллаһ» - деп, яғни, «Шайтанға қарсы Аллаға сыйынамын» - деп айтуға шамасы келмейтінін ескертеді. Бұл Құранда Юсуф сүресі 53 аятта бұйырылған: «Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәфсу әммара жамандыққа ұрындырады. Бірақ Раббым мархамет етсе онда сµз басқа. Күдіксіз Раббым µте жарылқаушы, ерекше мейірімді».

«Нәфсу Әммара» - дегеніміз: Күнәға ұрындырғыш нәпсіні айтады. Адамныњ алыпұшпа, µзін-µзі ұстай алмайтын мінезі.

Бұдан басқа нәпсініњ мынадай түрлері бар: «Нәфсу Ләууама – сµгіс беруші, сµгіске ұрындырушы нәпсі». Қиямет сүресі 2 аят.

«Нәфсу мұтмаинна - орнықты, барлық адамда болатын нәпсі». Фәжір сүресі 27-28 аяттар: «Әй орныққан нәпсі! Ол сенен, сен Одан разы болған түрде Раббыња қайт!».

7-бетте

Аллаға шүкір ету жолдарын үйрету мақсатымен Духа сүресін еске алып, толық мағынаға мән беруді баяндайды. Мұхаммед ғалайһис-саламға бірнеше күн уахи кешігіп қалғанда, кәпірлер: «Оны Раббысы тастап кетті» - деп шыға келеді. Сонда осы сүрені Алла Тағала ант ету мақсатында түсіреді.



«Уә әммә би-ниғмәти Раббикә фәхаддис» аяты түсіп, Мұхаммед ғалайһис-саламға: «Рабыњныњ нығметін білдір (ескерт)» - деп бұйырады.
5.10 М.Ж. Мінәжаты

2-бет (Қолжазба 46- бет)

«Уә Рафағна ләкә зикрак». Бұл Духа сүресі 4 аяты. Алла Тағала хазіреті Мұхаммедті қандай рухани мәртебеге кµтергенін кәпірлерге білдіру үшін түскен аят. Мағына толық болу үшін біз 1,2,3,4 аяттардыњ мағынасын береміз: «Кµњіліњді ашпадыњ ба? Жүгіњді түсірмедік пе? Беліњді қайыстырған. Сеніњ абыройыњды кµтермедік пе?».

№1-бумадағы аяттарға түсінік

125-бет

Қаф сүресі 16-аяты. «Уә нахну ақраби иләйһи мин хаблул-уәрид». Бұл аяттыњ толық мағынасы мен түсінігі: «Расында адамзатты біз жаратқанымыз хақ. Оған нәпсініњ не деп сыбырлағанын білеміз. ¤йткені біз оған күре тамырынан да жақынбыз. Оныњ оњында да солында да екі байқаушы отырады».

157-бет

Бұл Бақара сүресі 286 аят. Мұхаммед ғалайис-саламнан бұрынғы пайғамбарларға келген діндердегі міндеттер қандай ауыр болғанын түсіндіре келіп, Мұхаммед ғалайһис-саламныњ үмметтеріне жүктелген міндеттердіњ жењіл екенін баян етеді.



Аяттыњ толық адам баласына шамасы келетін міндетті ғана жүктейді. Істеген жақсылығы µзіне пайда, жамандығы µзіне зиян. Раббымыз! егер ұмытсањ әлде жањылсањ бізді қолға аяма(елеме). Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегендей ауыр жүк жүктеме.

2-бет №1


«Раббымыз! Бізге шамамыз келмейтінді артпа. Бізді кешегµр, бізді жарылқа, бізге жақсылықтар ғана бер. Сен иемізсіњ! Кәпірлерге қарсы бізге жәрдем ет! ».

128-бетте.

«Мәсәлул-жаннати әл-ләти уағидал-мұттақун». Аяттыњ осы бµлігіне дейін Рағыд сүресі 35 аятпен сәйкес келеді. «Құдайдан қорыққан тақуалар үшін уәде етілген ұжмақта: астынан µзендер ағады. Ондағы жемістер және кµлењкелер мәњгілік... »

146-бет


Әнғам сүресі 124-аят. «Хатта нүһтиә мислә мә-утиә Расул-Алла. Аллаһү әғламу хайсу иажғал Рисәләтәһү».

Аяттыњ мағынасы: «Оларға бір аят келген сәтте: «Алланыњ елшілеріне берілген сияқты бізге де келмесе иман келтірмейміз» - деген. Алла елшілікті қалай басқаратынын µзі біледі...».

Қосымша түсінік: Бұл сүреніњ бастапқы аяттарында Аллаға сенбейтіндердіњ айтар сµздерін, сылтауларын түсіндіріп алдын ала болжап қойады. Хазіреті Мұхаммедтіњ қасындағы иман етпеген кәпірлер.

«Пайғамбарға уахи (аят) әкелген періштелер, дәл сондай хабарды бізге де әрбірімізге жеке-жеке әкелсе ғана сенеміз» - деп, міндеттен қашу жолын іздейді.

146-бет қолжазбада.

Нұр сүресінен 36 аят берілді. «Фи бұйтин Әзина-Аллаһү ән түрфаға уә иузкәра фиһә исмүһү, иүсәббиху ләһу. Фиһә бил-ғуду-уй уәл-асал». Мағынасы: «Алланы жоғары дәрежеде ұлықтап, және Оныњ (Алланыњ) атын зікір еткен үйлерде болады... »

№3 бума аяттарына түсінік

51-бет.


«Әләм нашрақ ләкә садрак» аяты кезігеді. Бұл 94-Шарх сүресі 1 аяты. Қолжазбада айтылғандай Алла Тағаланыњ Хазірті Мұхаммед ғалайһис-саламға бағыттап түсірген аяты. Осы мағынаға қатысты 1-5 аяттыњ түсінігін береміз: «Иә Мұхаммед! Біз сеніњ кµњіліњді (кеудењді) ашпадық па? Сеніњ абыройыњды кµтермедік пе? Беліњді қайыстырған жүгіњді түсірмедік пе? Негізінде ауырлық пен бірге бір жењілдік бар».

280 беттіњ басы №4 папка

«Уә һуә мағи әйнәмә күнту» Лә кист. Иләйхә.Һиш мақсуд уә мақудына. Иллә Алла жүз-зат пәк.

281-бет. №4

Бағда әз таһәрат. Шүкур удуға мұдәуамат. Әууәлгі ракағатта екі мәртебе «Ин-нә әнзәлнәһү...». Соњғы рекағатта бір мәрте. Уақыт сахурда (сәресінен кейін) дәрет алып, жүз мәрте: «Әстәғфирулла, әстәғфирулла, әстәғфирулла әл-ғазим әл-ләзи лә иләһә илла һуәл-хаи-иул-қайим. уә әтубу иләйһә сүбхана». Азаннан кейін [тањ намазынан соњ] тәуба етіп, зікір қылу [жүрекпен, таза кµњілмен] керек. Тілін тањдайға жабыстырып, заты ағзасымен айтуға [зікір етуге] әдеттену керек.

282-бет


Би-әжәзәт уә бил-мағмур ұстазымнан естідім. Яғни сәйид Әкрам хан бин Сайид Ғабдулғани хан.

«Аллаһүммә әғфирләнә уәли уәли дәйнә уә лә[у] устазанә уә ләстә үстазна».

302-бет №4

Хұтба сәниә [Екінші хұтба] биһл. Уә лә-тәуәк-кәлу ғалайһи уә нәрғабу фи күл-ли әлфи ләдәй. Уә нәржиғу фи күлли әмри иләйһи. Уә нағузу бил-ләһи мин шұрури әнфүсинә уә мин сәй-и әтинә. Әғмәлинә мин иәһиә Аллаһ. Фәлә мұдиллә ләһу уә мин иудлилә. Фәлә һәдиә ләһ. Уә нәшһәду ән-на Мұхаммәдән лә иләһә ил-ла Алла уәхдаһү лә шәрикә ләһ. Уә нәшһәдү ән-нә Мұхаммәдән ғабдуһү уә Расулуһ. Ин-нә Аллаһә уә мәлә-и-кәтәһү иусах-лукә ғалән- нәби. Иә әйюһәл-ләзинә әмәну саллу ғаләйһи уә сәл-лиму тәслимә».

302- ортасы №4

Аллаһүммә салли ғала сәи-и-динә. Мұхаммәдин уә ғала әли Мұхаммәд. Биғадади мән қама. Аллаһүммә салли ғала саи-и-динә Мұхаммәд, уә ғала әли Мұхаммад. Биғади мән сала уәсжуд сал-ли уә сәллим ғалайһи, уә ғала жамиғил-әнбиәи уәлмүрсәлин, уә ғала мәлә-и-кәтил-мұқаррабин, уә ғала әһли тағатикә әжмағин. Мин әһлис-салауати. Уә әһлил-әрфайн, уәрхамна, уәхшурнә мағаһүм би-рахматикә иә әр-хамар-Рахимин. Аллаһүммә әрхамәл-хулафә-и Рашидин. Уәл-амараил-мұдафин әл-ләзи қаду-ә бил-хаққа уә кәну нағдилук. Аллаһүммә әғфир лил-мүһмининә уәл-мүһминәт. Уәл-мүслиминә уәл-мүслимәт. Әл-әхиә-и минһүм уәл-әмуәт. Әннәкә би-хабиби дәғуат уә мүнзил-ил-бәрәкәт. Уә рафи ғәд-дәрәжат уә қадиәл-хажат. Би рахматикә иә Әрхамар-Рахимин.

303-ортасы

Аллаһүммә ұнсұр мин насрад-дин уә әхазәл мин хазл-әд-дин ғибәдиллә. Ин-нә Аллаһә иәһмуру билғадл уәл-ихсән. Уә иәһтиә зил-құрбә. Уә иәнһә минәл-фахшә-и уәл-мүнкәри уәл-бағи иағизукум ләғал-ләкум тәзәккә-рун. Узкүрү уәллаһәл-ғали-ил-ғазим әл-жәлил. Иәзкуруку уәшкуру. Иәздәкум уәстағфир иағфирләкум. Уәлизкур Аллаһ Тағала уә тәбәрак ғала уә-уәли----- уә һүм-----уә әнтүм уә әкбар.




Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет