Microsoft Word Диссертация Турганбаева docx


Зерттеу нəтижелері бойынша жарияланымдар



бет7/45
Дата26.12.2023
өлшемі2,57 Mb.
#199486
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
TURGANBAEVA Diss compressed
СРСП 12, 1 лекция. Каз., СРСП 12, СРСП 12, ашық сабақ, План урока3, жог матем поуроч, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 1 6, тест, Қоршаған орта мониторингі УМКД 2019-2020, Химия УМКД 2019-2020, ВОУД Ақпартаттық-коммуникациялық технологиялар ИКТ (барлык мамандыққа) каз рус 249т Халикова Г.З.Опабекова А., 1. Бағдарламалау технологиясы 1 силлабус ИС, 4 куңрс расписание, 4 куңрс расписание
Зерттеу нəтижелері бойынша жарияланымдар. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша жарияланған еңбектердің жалпы саны – 8, оның ішінде ҚР БжҒМ Білім жəне ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің тізіміндегі басылымдарда – 3, халықаралық ғылыми конференциялар жинағында – 2, республикалық ғылыми конференциялар жинағыменжурналында–2,Scopusбазасынаенгенжурналдарда–1.Зерттеудің негізгі нəтижелері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Жаратылыстану» факультетінің профессор-оқытушылардың ғылыми əдістемелік семинарында (2017-2020), Мəскеу Мемлекеттік педагогикалық университеті, «Элементар математика» кафедрасының ғылыми əдістемелік семинарында, «Математика» кафедрасының кеңейтілген отырысында, Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасалды.
Зерттеу базасы: Жасалған əдістеме бойынша математиканы оқыту Түркістан облысы, Кентау қаласы, Ə.Бөкейханов атындағы №23жалпы орта мектебінде, Түркістан қаласының С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицей жəне Ордабасы ауданы, «Қарақұм» жалпы орта мектебінде 5-9 сыныптарында жүргізілді.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған əдебиеттердің тізімінен тұрады.
Кіріспедезерттеутақырыбыныңөзектілігінегізделді,зерттеудіңмақсаты, міндеттері, нысаны, əдіснамалық жəне теориялық негіздері мен болжамы анықталды, ғылыми жаңалығы, зерттеудің теориялық жəне практикалық маңыздылығы, жүргізілген жұмыстың кезеңдері мен əдістері, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, сынақтан өткізу мəліметтері мен зерттеу нəтижелері бойынша жарияланымдар тұжырымдалды.
Бірінші «Орта мектеп оқушыларына ықтималдық-статистикалық білім берудің теориялық негіздері» бөлімінде ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың математика ғылымында жеке сала болып қалыптасуының тарихи кезеңдері анықталып, ықтималдық-статистикалық білімдіоқытудыңəлемдіктəжірибесіменоқуматериалынигерудің
психологиялық-педагогикалықерекшеліктерізерттелді.Жаңартылғанбілімберу жүйесінің оқу бағдарламасына, оқулықтарға талдау жасалып, бастауыш мектеп пен негізгі мектептегі статистикалық білімнің сабақтастығы айқындалды.
Екінші «Орта мектеп математикасында оқушылардың ықтималдық- статистикалық білімін қалыптастырудың əдістемелік ерекшеліктері» бөлімінде жаңартылған білім беру мазмұнына сай ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерін оқытуды ұйымдастыру əдістері, құралдарыментəсілдері,оқушылардыңмaтемaтикaлықсaуaттылығындaмытуғa бaғыттaлғaн стoxaстикaлық есептердi шешуге үйрету əдістемесі берілді. Жасалынған əдістемені қолданудың тиімділігін эксперимент арқылы тексеріліп ұйымдастырылғаны баяндалды.
Қорытындыда зерттеу барысында алынған ғылыми-педагогикалық нəтижелердің маңыздылығы сипатталып, негізгі теориялық жəне тəжірибелік қорытындылары, əдістемелік ұсынымдар тұжырымдалған, зерттеу мəселесінің одан əрі келешегі айқындалған.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет