«Музықалық аспаптар» пцк-сы



бет4/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kursovoi
сик 14 такырып (2), 2 5237728341347274060, ГК 3 токсан
Білім және дағды. Музыкалық білім мәліметтерін шартты түрде жалпы және арнаулы сипаттағы мәліметтер деп бөлуге болады.
Жалпы сипаттағы мәліметтер музыкалық қызметтің барлық түрімен (ән айтумен, қимылмен т. б.) байланысты:
музыка әрқашан да алуан сезімдерді бейнелейді, бір нәрселер жайында баяндайды, ол өзінің сипаты жағынан әр түрлі;
музыка дамып отырады, өзгеріп отырады, онда бір-біріне ұқсас және бір-біріне қайшы үзінділер, соған орай бір-бірінен өзгеше бөлімдер, музыкалық фразалар, бастама, қайырма бар екенін байқауға болады;
музыканың мазмұнын бейнелеп, сырын білдіретін өз «тілі», өз құралдары болады;
музыканы композиторлар мен халық жасайды.
Арнаулы сипаттағы мәліметтер қызметтің нақты бір түрімен байланысты болады;
Ән айтуды үйреткенде балаларға мынадай түсініктер беріледі: дауыстың естілу сипаты туралы (созыңқы, үздік-үздік, сазды, жеңіл);
дикцияпың дүрыстығы туралы (анык, айқын, бейнелі);
әуен сызығы туралы (әуен қалықтан жоғары көтеріледі немесе төмендейді, дыбыстар қайталанады немесе біреуі биік те, екінші біреуі төмен болады);
метр-ырғақ туралы (дыбыс қысқа немесе ұзын болады т.т.).
Музыкалық ырғақты қимылдар үйретілгенде мынадай түсініктер беріледі:
музыканың сипатына сай қимыл сипаты туралы (сергек, нық, біркелкі жүру, жеңіл, екпіндей жүгіру т. т.);
музыкалық шығармалардың ырғақ, екпін, динамикалық өрнек -бояуына байланысты формасы туралы (жедел, баяу, ақырын, қаттырақ және т. т.);
би қимылдарының элементтері туралы (полька адымы, құбылмалы адым, желу т. т.);
қайта тұру туралы (саптар, колонналар т. т.).
Бұл мәліметтер программада ғана емес, сонымен қатар практикалық жаттығуларда да (әндік және музыкалық-ырғақтық) берілген, олар оқыту процесін неғүрлым жеңілдетеді.
Программаға музыканы тыңдағанда, ән айтқанда, қимылда және аспаптарда ойнағанда балалардың дағдыланып, шеберлікке үйренуіне көмектесетін нақты іс-қимылдарының белгілі бір көлемі енгізілген. Әрине, программада осы қызметтің әрбір түрі бойынша музыкалық өнердің әр түрінің негіздеріне сәйкес және балалардың қабылдауы мен орындауында олардың жас ерекшеліктері ескерілген.
Хор өнері вокальдық-хор негіздерін: вокальдық дағдылар (дыбыстың шығуы, дикция, тыныс алу) мен хор дағдыларын (біркелкілік, интонация мен ансамбльдің тазалығы, екпінділік, динамикалық, тембрлік жағынан үйлесімділігі) ескеріле отырып құрылады. Бұл істе мектеп жасына дейінгі балалардың дауыс ерекшеліктері ескеріледі.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар музыканың көркем образдарын қабылдауды және оларды қимыл арқылы бейнелеуді жетілдіру негізінде құрылады. Осыдан келіп программада музыкалық-ырғақ дағдылары мен бейнелі қимыл дағдыларының көлемі ескерілген.
Музыкалық-ырғақ дағдыларына эмоциялық әсерге бөленушілікті жетілдіруге арналған жаттығулар, музыкалық образдардың, олардың сипатының ауысуынан, шығарманың құрылымындағы бөлімдердің, формалардың ауысуынан, сондай-ақ метр-ырғақтық, динамикалық және екпіндік өзгерістерден туатын әсерлер енеді.
Бейнелі қимыл дағдылары өнердің әр түрімен байланысқан. Қимылдардың негізгі түрлері (жүру, жүгіру, секіру), гимнастикалық жаттығулар және сап түзеу дене шынықтыру жаттығулары саласынан алынған. Халықтық, сәнді билердің және характерлі бидің ең қарапайым элементтері би саласынан іріктелініп алынған. Бұлардан басқа драмалық, сюжетті-образды қимылдар да іріктелініп жүр.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнауға үйретудің мазмұны түрлі аспаптармен, олардың құрылысымен таныстыру болып табылады. Балалар шағын ансамбльге қатыса отырып, дербес және коллективтік дыбысты дұрыс шығару дағдысын меңгереді.
Музыканы тыңдау программасы музыкалық шығармалармен танысуды және музыканы қабылдау дағдысын жетілдіру ісін қамтиды.
Балалардың музыкалық тәжірибесі байиды. Олар халық музыкасының түрлі жанрларымен, классиктердің және осы күнгі композиторлардың әндерімен және пьесаларымен танысады. Балалардың музыкалық әсерлері молаяды.
Музыканы қабылдау дағдыларын меңгеру музыканы тыңдау мәдениетінің алғашқы негіздері: шығарманы аяғына дейін тыңдау, оларды танып, формасын (кіріспесін, бөлімдерін) айыра білу, вокальдық музыканы аспаптық музыкадан, олардың түрлі жанрларын (би, лирикалық, салтанатты-қаһармандық) бір-бірінен айыра білуге қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет