«Музықалық аспаптар» пцк-сы



бет14/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
kursovoi
сик 14 такырып (2), 2 5237728341347274060, ГК 3 токсан
Қорытынды.
Көптеген жаттығулар «Музыкалық әліппеде» берілген. Оны 4—7 жастағы балалармен жұмыс жүргізгенде пайдалануға болады. Кіші топтардағы балаларды оқыту процесінде олардың іс-әрекеттеріне байланысты ойын тәсілдерін, ойыншықтар, педаготтың жүйелі түрдегі көрсетулері кеңінен пайдаланылады,
Ойын формасындағы тапсырмаларға балалар қызығады, оңай түсінеді. Ойын тәсілдері алуан турлі. Бұл кейде шығарманың мазмұнынан туатын ойын болады. Орыстың «Әтеш» («Петушок») деген қысқа әнін үйреткенде педагог «Ваня» (балалар он айтып отырғанда ол ұйықтап жатады) мен «Әтеш (Ән аяқталғанда: «Ку-ка-ре-.ку!» деп шақырып «Ваняны» оятатын) атауларын таңдап алады.
Ойын тәсілдері кейде педагогтың әншілік дағдыларды үйренуге көмектесетін нұсқаулармен байланысты болады. Сол «Әтеш» әнін айтқанда балаларға әтешті шақырғандай, оны мәпелегендей етіп, соңғы буынды созып әндету ұсынылады. Сөзбен нұсқау беру көбінесе көрсетумен байланысып отырады. Мәселен, В. Карасеваның «Қыс» («Зима») әніндегі «Міне қыс келді, айнала ағарып, ақ көрпе жамылды» деген сөздерді әнге қосқанда балалар кей сөздерін дұрыс айтпайды. Педагог ондай сөздердің мәнін түсіндіре отырып, фразаларды өзі әнге қосып айтады.
Әдеби текст көмекші болатын әндерді үйренген кезде ойыншықтар кеңінен пайдаланылады. Өздерінің алдарында тұрған қоян, аю, қораз сияқты ойыншықтарға қарап отырып, ән айту балаларға қызықты. Олар жалаушаларды аса бір қуанышпен желібірете көтеріп, немесе сылдырмақтарды сылдырлату арқылы музыкалық кіріспені немесе әннің соңын білдіреді.
Барлық топтардағы балалардың әрқайсысымен жеке де жұмыс жүргізе білу керек. Әр баланың әншілік қабілетін жылына бірінеше рет тексерген жөн. Бұл үшін сабақтарда әр түрлі тәсілдер қолданылады: әр балаға әннің бір шумағын айтып беру ұсынылады; біреуі бас жағын, екіншісі қайырмасын айтады; кезекпен бір-бір музыкалық фразаны орындайды. Байқау үшін жеңіл, жақсы меңгерілген ән алынады. Даусының дыбыс көлемі тар (2—3 дыбыс) әрі әнді дұрыс айтпайтын балаларға сабақ кезінде түрлі әндер айтуға үйрететін жаттығуларды ұсына отырып, жеке сабақ өткізу қажет.
Ән айтуға үйрету методикасы баланың ән айтып тұрған кезде кездесетін мүкіс ннтонацияны түзету, музыкалық кіріспеден кейін әнді дәл бастап кету, әнді сүйемелдеусіз орындау сияқты дербес әрекеттерін дамытуына көмектесуі тиіс.
Әлбетте, әнді сүйемелдеусіз айтуға үйрету өте қиын, дегенмен маңызы зор. Ән үйрете отырып, балалардан алдымен әнді фортепианоның сүйемелдеуімен, содан кейін онсыз, бірақ тәрбиешінің көмектесуімен айтуды, ал ең соңында әнді сүйемелдеусіз өз беттерінше орындауды ұсынған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет