«Музықалық аспаптар» пцк-сы



бет1/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kursovoi
сик 14 такырып (2), 2 5237728341347274060, ГК 3 токсан

Қызылорда облысының білім басқармасы
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі


«Музықалық аспаптар» ПЦК-сы
Қорғауға жіберілді
ПЦК төрайымы
....................................

«....»..................2020жыл


Курстық жұмыс


Тақырыбы: Мектепке дейінгі мекемелердегі музыкалық қызметті ұйымдастыру формалары.
Мамандығы: 0108000- «Музыкалық білім беру»
Біліктілігі: 0108013- Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымындағы музыка пәнінің мұғалімі


Тобы: МБ-В-18
Студент: Өтепберген Айгерім


Ғылыми жетекшісі:.............................Абнасирова Мира


Қызылорда 2020ж
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ.....................................................................................................3
1. Баланың музыкалық қызметінің мазмұны, түрлері мен формалары......4
1.1. Музыкалық тәрбие программасының сипаттамасы.......................4
1.2. Музыкалық репертуар......................................................................9
1.3. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары.............15
2. Музыка жетекшісі мен тәрбиешінің балалардың музыкалық
қызметін ұйымдастырудағы ролі...........................................................18
2.1. Музыка жетекшісінің қызметі мен міндеттері.......................18
2.2. Методикалық тәсілдер....................................................................19
3. Ән салу..................................................................................................................22
3.1. Ән салудың тәрбиелік маңызы...........................................22
3.2. Баланын, есту қабілеті мен даусының ерекшеліктері....... 24
3.3. Программалық талаптар................................................................26


ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30


Кіріспе
Музыканың адамның рухани дүниесіне зор әсер ететінін немен түсіндіруге болады?
Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады. Халық шаттық құшағында екен — музыка әуені де салтанатты, қуанышты, ал солдат жорықта келе жатып ән салады екен — ән оны аса бір көңілдендіріп, қадамын ширатады; ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса — мұңды дыбыстар қайғыны айтып беруге көмектеседі. Музыка — адамның өмірлік серігі.
«Қандай тамаша материал!.. осы материал негізінде халықтың ой -арнамдары мен күткен асыл үміттері туралы тамаша зерттеу жазуға болар еді ғой» деген болатын В. И. Ленин орыс шаруалары әндерінің жинағы туралы.
Н. В. Гоголь халықтың музыкалық творчествосын бейнелі сөзбен «әуенді тарих», «сыңғыраған жанды шежіре» деп атаған.
Музыкалық шығармалар тарих беттерін көз алдыңа елестетеді. Ұлы Отан соғысы күндерінде сол дәуірдін, ең тандаулы әндерінің бірі — А. Александровтың «Қасиетті соғыс» әні дүниеге келді. Ол жауды толық жеңіп шыққанға дейін шайқасуға бел байлаған совет адамдарын қайтпас қайсар, қаһарлы күреске біріктірді. Жау қыспағында қалған Ленинградта Д. Шостакович әйгілі Жетінші симфониясын жазды, Онда фашизм бойындағы қатыгез зұлымдық айыпталды. «Өзім жайында мұндай сөздер айтуды ұнатпаймын, дегенмен бұл менің ең шабытты еңбегім болды»,— деп . еске түсіретін композитор. Мына сөздерді айтқан да Д. Шостаквич: «Қайғы мен қуамышта да, еңбек пен демалыста да — әрқашан да музыка адаммен бірге. Музыканың өмірге толық та етене енгені соншалық, оны бір солай болуға тиісті нәрсе сияқты, өзіміз ойланып, жатпайақ, елеп-сезінбей тыныстайтын ауа сияқты қабылданады.
Тақырыптың өзектілігі. Мектептегің оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихында ең пікір таласты проблема болып келгені мәлім. С.И.Ожиговтың түсіндірме сөздігінде «Форма –белгілі бір мазмұынымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, үзіліс» – деп пайымдалса, философиялық энциклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей ұйымдастырылуы» деп тұжырымдалған. Ал оқытуға келсек форма – ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне байланысты сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меңгеру барысындағы мұмғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім оқушының өзара әркет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімімен циклдарын айтамыз.
Оқыту ұйымдастыру формалары дидактика саласындатүрлі өлшемдерге байланысты былайшы жүйеленген:

  • оқушылардың саны;

  • оқу орны;

  • оқыту әдістерінің ұзақтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет