«Музықалық аспаптар» пцк-сы


Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары



бет8/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
kursovoi
сик 14 такырып (2), 2 5237728341347274060, ГК 3 токсан
1.3. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары
Мектеп жасына дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық қызметті ұйымдастырудың мынадай формаларын айқындап береді: сабақ, музыканы мерекелер мен ойын-сауықта, ойында, дербес және басқа қызметтерде пайдалану.
Сабақ. Музыка сабағы —белгілі бір жастағы балалардың бәрі бір мезгілде қатысатын оқу процесінің формасы. Олар коллектив болып ән айтады, ойнайды, билейді. Бәрі бірдей тебіреніс-толғанысқа бөленіп, ортақ іс атқаруға талаптанған балалар әрқайсысының ісінің сәттілігі мен сәтсіздігін — бүкіл коллектив ісінің сәттілігі мен сәтсіздігі деп біледі. Бұл, сөз жоқ, балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың тиімдірек формасы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттері ересектермен және өзге балалармен бірлесе қызмет істеуінен көрінеді. Педагог әр баланың жеке басының жетілуіне дәйекті методикалық тәсілдерді қолдану, бүкіл коллективке ортақтандыру арқылы ықпал жасайды, Бұл ретте артта қалушының қиыншылықтарды жеңіп, тез ілгерілеуіне көмектесетін құрбы-құрдастарының үлгілі істері пайдаланылады.
Сабақтар музыкалық қызметтің барлық түрі бойынша жасалған программаға сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды бірнеше сабаққа бөле отырып, олардың әрқайсысын әрі дербес педагогикалық, әрі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігін қамтитындай етіп ұйымдастырады. Балаларды сонымен қатар келесі сабақтарда не жайлы айтылатынына, онда қандай әнді үйренетіндігіне, мерекеге қалай әзірлену керектігіне т. б. еліктіру де маңызды. Сабақтың қай-қайсысы болса да өткен және алда жүргізілетін сабақтармен байланысты болуы тиіс.
Іс-әрекет алмасып отырады: балалар ән айтады, билейді, ойнайды, музыка тыңдайды. Бұл педагогка белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол балалардың назарын музыка аспаптары әуендерінің ауысуына байланысты бағыттап отырады. Әр түрлі эмоциялық және қимыл арқылы орындалатын тапсырмаларды ұштастыра білу жетекшінің оқытуды білікті әрі алуан түрлі етіп жүргізуіне жәрдемдеседі.
Сабақтарды ұйымдастыру балалардың жас ерекшеліктеріне қарай белгіленеді және ересек адам мен бала арасындағы қарым-қатынастың өзгере бастауымен айқындалады. Педагог тапсырмаларды бірте-бірте күрделілендіріп, методикалық әдістерді түрлендіре отырып, сабақтарды жоғары топтағы балалардың анағұрлым белсенді және өздігінен қызмет істей алатындай дәрежеде болуын ұйымдастырады.
Жұмыс барысда туатын талаптарды ескере отырып, педагог дербес сабақ формасын қолдана алады. Кейде бала сабаққа ұзақ уақыт қатыспағандықтан өзін қалай ұстауды ұмытып, қысылады, коллективтік қимыл-ырғақтан шет қалып қояды. Мұндайда жалпы сабақтан кейін қысқа уақыттық жеке сабақтар (2— 3 минуттық) өткізген жөн. Педагог баланың артта қалу себептерін анықтайды, ән айтудың, қимыл жасаудың кейбір тәсілдерін түсіндіреді және көрсетеді, оған белгілі бір тапсырманы орындау арқылы жаттықтырады. Артта қалған баламен 3—4 рет сабақ өткізгеннен кейін ол коллективте белсенді бола бастайды. Бірақ солай бола тұрса да педагог оған назар аудара жүріп қажет болған жағдайда жеке сабақтарға тартады.
Балалардың музыкалық аспаптарда ойнаудың қайсыбір тәсілін меңгеруіне, кейіннен мерекеде орындау үшін қайсыбір шығарманы басқалардан «жасырын» үйренуіне т. б. сондайларға көмектесу қажет болған жағдайда шағын топпен сабақтар өткізілуі мүмкін.
Шағын топтармеы және жекелсй сабақтар өткізу сирек кезде-седі, олар кажеттілік туғанда және буған тиісті жағдай болғанда ғана өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет