«Музықалық аспаптар» пцк-сы


Музыка жетекшісі мен тәрбиешінің балалардың музыкалық



бет9/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
kursovoi
сик 14 такырып (2), 2 5237728341347274060, ГК 3 токсан
2.. Музыка жетекшісі мен тәрбиешінің балалардың музыкалық
қызметін ұйымдастырудағы ролі
2.1. Музыка жетекшіснің қызметі мен міндеттері
Балалар бақшасындағы музыкалық тәрбиенің жалпы ісіне музыка жетекшісі жауап береді. Ол мына істерді атқарады:
1. Жұмыс графигіне сай бүлдіршіндердің әр тобымен аптасына екі рет сабақ өткізеді. Бұл алдын ала үлкен әзірлікті, балалардың сауатты және әсерлі орындауы үшін музыкалық материалды іріктеп алып, үйретуді керек етеді. Программалық дағдыларды белгілеп, оның медгерілуін қадағалайды, көрнекі материалды, кұралдарды уақтылы әзірлейді, грамжазбаға жазылған шығармаларды тыңдайды. Шағын топтармен немесе жеке балалармен егер қажет болса жеке-жеке сабақтар өткізеді.

  1. Мерекелік сценарийлердің, ойын-сауық программаларының
    жасалуына, олардың әзірленуіне, өткізілуіне жауап береді.

  2. Жеке консультациялар беру және бірлескен сабақтар өткізу
    арқылы тәрбиешінің балаларды музыкалық жетілдіру саласындағы жұмысына басшылық етеді.

Консультациялар кезінде музыка жетекшісі тәрбиешіні жұмыс жоспарымен таныстырады, балаларға арналған шығармаларды үйретеді, әр бала меңгеруге тиісті шеберлік пен дағдыларға назар аударып, өткізілген сабақты талдайды (балалардың табысын және көмекті керек ететін қиыншылықтарын ескереді), таңертедгі гимнастикада, басқа сабақтарда, сейіл кезінде ойналатын күйтабақтарды іріктеп алады және т. б. істер атқарады.
Бірлескен сабақтарда музыка жетекшісі тәрбиешілердің ән айту мен қимыл саласындағы дағдыларын дамылсыз жетілдіре отырып, оларды жүйелі түрде оқытумен болады. Мерекелер мен ойын-сауықтарда жеке және коллектив болып орындауға арналған шығармаларды бірге үйренеді. Мұндайда әр баланың қабілеті ескеріледі: бірінің жақсы даусы болса, екіншісі тамаша билейді, үшіншісі жаттығуларды әдемі орындайды, ал төртіншісі мәнерлеп тақпақ айтады әрі мерекенің белсенді жүргізушісі болып шыға келеді.

  1. Мезгілімен үзбей педагогикалық кездесулер өткізіп тұрады,
    оларда методикалық мәселелер шешіледі, мерекелік ертеңгіліктер
    мен ойын-сауықтардық программасы талқыланады. Оқу процесін
    жетілдіру мақсатындағы қосымша міндеттер белгіленеді.

Балаға музыкалық тәрбие берудің жалпы процесіне ата-аналарды қатыстыра отырып, олармен жұмыс жүргізеді. Жеке әңгімеде, консультация кезінде, жиналыстарда музыка жетекшісі ата -
аналарға балалармен отырып қандай радио және телевизи хабарларын тыңдауға болатыны, семьяда қандай ән репертуарын пайдалану қажеттігі жайлы ақыл-кеңестер береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет