«Музықалық аспаптар» пцк-сы



бет10/15
Дата25.04.2022
өлшемі152,07 Kb.
#140810
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
kursovoi
сик 14 такырып (2), 2 5237728341347274060, ГК 3 токсан
2.2. Методикалық тәсілдер
Оқыту әдістері методикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Тәсіл дегеніміз әдістің бір бөлігі және ол көмекші ролін атқарады. Тәсілдер көп,әрбір педагог олардың тиімді дегендерін таңдап алады.
Тәсілдер педагогтың неге үйрететініне — ән айтуға, тындауға, ойнауға, биге, кімдерді — (бүлдіршіндерді ме, әлде ересектеу балаларды ма) — үйрететініне қарай бір-бірінен дараланады. Мәселен, ересек топтар тыңдау үшін Д. Кабалевскийдің «Клоундар» деген шығармасын орындай отырып, әуелі педагог ылғи қимыл үстінде болатын көңілді клоундар туралы әңгімелей алады. Бірақ тап осы балаларға орыстың «Кешігіп қалма» («Не опоздай») деп аталатын халық әуенін орындағанда, педагог енді қозғалысты қай кезде қалай өзерту керектігін біліп отыруды ұсынады. Сөйтіп, балалар музыка сипатындағы өзгерістерді аңғарып, оларға сай қимыл-қозғалыстарды өздері белгілейді. Олар енді ойынға әзір.
Оқыту тәсілдері балалардың жасына қарай өзгертіліп отырады. Мысалға ән үйренуді алайық. Әуелі бүлдіршіндердің назарларын түсінікті, нақты образдарға аудару керек, М. Раухвергердің «Шымшық» әнін орындар алдында педагог ойыншық шымшықты керсетеді де былай дейді: «Шымшық ұшып келіп, терезе алдына қонды да, шиқылдай бастады. Балалар оған тұра тұр, ұшып кетіп қалма! — деп еді, шымшық ұшты да кетті (ойыншықты жасырып қояды) —әттеген-ай! Балалар, сендер шымшықтың қайтып келгенін тілейсіңдер ме? Мен оны шақырып өлең айтайын». Педагог ойыншықты пианино үстіне қойып, өлең айтады. Сөйтіп, осындай методикалық тәсіл ойын сипатын ашып, шымшықтың образын түсінікті, нақты етеді, әннің әсерлілігін арттырады.
Ересек топтарға бұл тәсілді қолданудың қажеттігі жоқ. Орындалатын әннің сипатына байланысты көңіл күй туғызу үшін кіріспе сөздің өзіақ жеткілікті. Ал егер педагог көркемдік әсерді күшейте түскісі келсе, онда өлеңнен үзінді оқығаны, иллюстрация көрсеткені жөн. Педагог Е. Тиличееваның «Бұл біздің Отан» («Это наша Родина») әнімен таныстырғанда С. Михалковтың мына өлеңін дауыстап оқып береді:
Кремльдің жұлдызы төбемізден қарайды,
Нұры оның күллі әлемге тарайды.
Балалардың бар Отаны сүйікті,
Одап артық Отаны жоқ сүйікті.
Ән орындалғаннан кейін педагог «Біздің елде балалар жақсы, бақытты өмір сүреді, сондықтан балалар Отанға, партияға рақмет айтады»,— дейді.
Ә
р түрлі тәсілдер балаларды оқу процесіне саналы қарауға сонымен бірге болып жатқан құбылыстарға деген эмоциялық сезімдерінің оянуына ықпал етеді. Мысалы, М. Красевтің «Марш» әнінде мына фразадағы ырғақ суретін дәл орындатуға күш салу керек:


Балалардың тапсырманы түсінуі үшін педагог: «шырқа» деген сөзді созыңқы дауыспен айтайық та, барабан дыбысының қалай естілетінін тыңдайықшы» дейді. Сөйтіп, балалар әнді тек ырғақ жағынан дұрыс орындап қана қоймайды, сонымен қатар ырғақтың бейнелік мәнін де ұғады. Бұған қоса олар әуеннің осы бөлігінің тартымды үнінен эмоциялық әсер алады.
Мектеп жасына дейінгі дидактикада дербес қызметті дамытуға көмектесетін методикалық тәсілдердің маңыздылығы атап көрсетіледі. Бұл тәсілдер сондай-ақ псдаготтың балаларды музыка туралы пікірлерін айтуға, дұрыс, қызықты ескертпелер жасауға талпындырғанда, музыканы тыңдағанда қолданылады. Балалардың дербес әрекеті тапсырмаларды орындағанда, оларды шешу жолындағы ізденісінде айқындалады. Өзінің қабылдау қабілетін бақылауды дамытуға, өзге балалардың орындау шеберлігі сапасына баға беруге бағытталған тәсілдер пайдалы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет