Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімін кім қойған?



Pdf көрінісі
бет9/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
7. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімін кім қойған? 
Мұхаммед (с.а.с.) дүниеге келмей тұрып-ақ есімі мен сипаттары 
арқылы көзі ашық ғалымдарға таныс еді, өйткені оның есімі рух әлемінен 
белгілі еді. Адам (а.с.) соңғы пайғамбардың аты Мұхаммед (с.а.с.) екендігін 
білетін. Хазірет Адам (а.с.) жаннатта Аллаһтың тыйым салған жемісінен жеп 
қойған соң артынша тәубе етіп, Раббына жалбарынғанда: «Уа, Аллаһ 
тағалам, мені Мұхаммед расулуллаһтың құрметіне кешіруіңді өтінемін!» – 
деп жалбарынады. Сонда барлығын білуші Хақ тағала: «Әлі жаратпасам да 
сен Мұхаммедті қайдан білесің?» – деді. Сонда Аллаһқа деген құрметі шексіз 
Адам ата: «Уа, Раббым, иәд-құдіретіңмен (Йәд-құдірет – Аллаһ тағаланың 
«құдірет қолы», барлық нәрсені уысында ұстап тұратын «құдірет қолы» 
деген мағынаны білдіреді) мені жаратқаныңда және пәк рухыңнан маған 


үрлегеніңде басымды көтеріп, ғарыштың тіректерінде жазылған «лә иләһә 
иллаллаһ, Мұхаммед расулуллаһ» деген жазуды көрдім. Сен Өз атыңның 
жанына жаратылғандардың ең абзалының ғана атын жазатыныңды ұқтым», – 
деп жауап береді. Аллаһ тағала: 
«Шындығында, Мен үшін Мұхаммед – 
жаратылғандардың ең сүйіктісі. Соның құрметі үшін тілегіңді 
қабылдаймын, өйткені Мұхаммед болмағанда сені де жаратпас едім»,
– 
дейді (Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Ниһая, 1\75; Құртуби, әл-Жамили ахкамил-
Құран, 1\324; Қасталани, Мәухиб, 1\7, 16) . Сондай-ақ «
Заманның мырзасы 
келу үшін мен кетемін
» (Юханна 18/6) деген Иса пайғамбар (а.с.) тікелей 
«Ахмед» деп атап әлдеқашан сүйіншілеп кеткен. Кей деректерде осы 
сүйіншіге сүйеніп біршама әһл-кітап қауымының өкілдері сәбилеріне 
«Мұхаммед» есімін қойғандары да айтылады. Мысалы, Бәни Тәмимнен 
Суфиан ибн Мужаши деген кісі Шамға барып, бір поптың үйінде қонақ 
болады. Суфиан өзінің Мудар екенін айтқанда поп: «Арабтардан бір 
пайғамбар шығады. Есімі – Мұхаммед», – дейді. Мұны естіп ол дүниеге 
келген баласының атын «Мұхаммед» деп қояды. Алайда бала есейе келе поп 
болған екен.
Сондай-ақ Пайғамбарымыздың анасы Әмина да оның атының 
Мұхаммед болатынын білген. Босануына санаулы күндер қалғанда Әминаға 
ұйықтап жатқан шағында: «Сен адамдардың ең қайырлысына және мына 
үмбеттің иесіне жүктісің. Оны босанғанда «Бүкіл қызғаныштардан сақтаушы 
Аллаһ тағалаға сиынамын», – деп айт та, атын «Ахмед» немесе «Мұхаммед» 
қой», – деп аян келген(Ибн Касир, әл-Бидая уан-Ниһая 2/263) .
Әмина анамыз ұлын жарық дүниеге әкелгеннен кейін көрген түсін 
қайын атасы Абдулмутталибке айтады. Арада жеті күн өткенде атасы 
Пайғамбарымызды (с.а.с.) Қағбаға алып барады. Ұлы Жаратушыға
шүкіршілік етіп, бірнеше жерге құрбан шалып, үш рет ас береді. Осы астан 
кейін құрайыштықтардың атқамінерлері сөз бастап: «Уа, Абдумутталиб, 
осынау асқа себепкер немереңнің атын кім қойдың?» – деп сұрағанда қарт: 
«Мұхаммед!» – деп жауап береді. Әлгілер қарап тұрмай: «Ата-бабаларының 
бірінің есімін қойсаң болмас па еді?» – дегенде, Абдумутталиб: «Көкте 
Аллаһ, жерде халық оған мақтау айтсын деп әдейі қойдым», – деп 
түсіндіреді. Демек, Расулаллаһтың (с.а.с.) есімі әу бастан белгілі болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет