Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Пайғамбарымыз (с.а.с.) туылған кезде қандай ерекше оқиғалар



Pdf көрінісі
бет8/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
6. Пайғамбарымыз (с.а.с.) туылған кезде қандай ерекше оқиғалар 
орын алған? 
Абдулланың артында қалған жалғыз қарасы, Әминаның көрген 
жарығы, Қағбаның сұлтаны, жер жүзінің имамы, қос дүниенің мырзасы 
Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) 571 жылы 20 сәуір күні дүние есігін 
ашқан. Бұл күннің тарихтағы орны ерекше. 
Соңғы елшінің дүниеге келуі бүкіл ғалам деңгейіндегі айтулы оқиға 
болғандықтан, туылу қарсаңында бірқатар ерекше оқиғалар орын алған. 
Негізі бұрынғы пайғамбарлардың кезінде Мұса (а.с.) мен Исаға (а.с.) түскен 
кітаптарда Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) бойынан табылатын көптеген 
белгілер мен қасиеттері айтылған. Оның әлемге нұр шаша келуі алдын-ала 
сүйіншіленген, сондықтан бүкіл ғаламды бей-жай қалдырмайтын мұндай 
сәтте ерекше жайттардың орын алуы заңды. Тарих кітаптарында мынадай 
оқиғалар туралы айтылған.
Кезінде тәухидтің бастауы, кейін пұтханаға айналған Қағба ішіндегі 
пұт атаулы сәби дүние есігін ашқан күні жермен-жексен қираған. Кімнің 
жасағанын ешкім білмеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеге келер сәтте көктен ғажайып нұрдың 
шұғыласы түсіп, Шам қаласының сарайларын жарыққа бөлеген. Меккеде 
саудамен айналысатын бір яһуди бар еді. Ақырғы елші туылған түні 
Құрайыштарға барып: «Уа, Құрайыш қауымы! Бүгін түнде араларыңда сәби 
дүниеге келмеді ме?» – деп сұрайды. Отырғандар: «Білмейміз», – дейді. 
Сонда әлгі кісі: «Бүгін түнде адамзаттың соңғы пайғамбары дүниеге келді. 
Оның екі жауырынының ортасында бетін түк басқан пайғамбарлық мөрі 
бар», – деп ғажайып құбылысты баяндап берді.


Хасан ибн Сәбит: «Әлі есімде, жеті-сегіз жастағы ойын баласы едім. 
Мәдина қаласында Аллаһ елшісі туылардан бір күн бұрын яһудилердің 
алқалы жиынында мына бір әңгімені құлағым шалып қалды: «Бүгін түнде 
дүниеге келетін Ахмедтің жұлдызы туды».
Ол туылатын түні Кисраның сарайы астан-кестен сілкініп, он төрт 
бөлменің қабырғасы сөгіле қираған. Мәжусилердің табынатын мың жыл 
бойы жанып тұрған оттары бәрі бірдей бір мезетте сөнген. Бұл 
құбылыстардың барлығы әлемнің соңғы пайғамбары, Аллаһтың сүйікті 
елшісі Мұхаммед Мұстафаға (с.а.с.) «Қош келдің!» – деп өз тілімен жар 
салғандай болды.
Кейбір тарихшылар бұл оқиғаларды былайша жорыған: «Қирағаны 
Кисраның сарайы емес, Иранның сән-салтанаты мен Византияның үстемдігі, 
айдаһар елі атанған Қытайдың көкке мойын созған мұнаралары. Сөнген от – 
мәжусилердің ғибадатханаларындағы от емес, бүкіл әлемдегі күпірлік пен 
дінсіздіктің оты. Тартылып қалған көл – Сауа көлі емес, пұтқа 
табынушылықтың адасушылығы, зороастризмнің қуатымен христиандықтың 
өктемдігі». Пайғамбарымыз (с.а.с.) 23 жылдың ішінде дүниенің шығысы мен 
батысына Ислам дінін жайып, пұттар мен бұрмаланған діндердің барлығы 
шетке ығысты.
Пайғамбарымыз туылғанда, Әбу Ләһәб қуанып, сүйінші сұрай келген 
күңі Суәйбаны азат еткен. Алайда Әбу Ләһәб Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
Ислам дінімен келетінін ол кезде білмеген еді. Аллаһтың сүйікті елшісі 
(с.а.с.) үшін түйірдей жақсылық істегенді сауапсыз қалдырмаған Ұлы 
Жаратушымыз Әбу Ләһәбтің бұл ісін де бағалады. Тозақта оған бір жұтым су 
нәсіп етті. Оның қайтыс болғанына бір жыл өткеннен кейін, бауыры Аббас 
түсінде көріп: «Қалың қалай?» – деп сұрайды. Сонда Әбу Ләһәб: «Әр күнім 
жан шыдатпас азап, тек Суәйбаны азат еткенім үшін бір жұтым су алу 
мүмкіндігім болды», – деп жауап қатқан екен (Сахих Бұхари, 5/1961) . Олай 
болса, Аллаһтың қалауымен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүниеге келуі бүкіл 
жанды, жансыз жаратылыстың қуанышына, барша жамандық атаулының 
күйреуіне себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет