Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Расында, Аллаһқа және ақирет күніне үміт



Pdf көрінісі
бет5/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
«Расында,
Аллаһқа және ақирет күніне үміт 
еткендер мен көп
еске алған кісілер үшін Аллаһтың елшісінде көркем
өнегелер бар» 
(«Ахзаб» сүресі, 21) деп үлгі-өнегені пайғамбардан алуды 
бұйырды. Егер періште болғанда оны үлгі ету болмысы бөтен жаратылысты 
үлгі еткендей болар еді, сондықтан болса керек Құранда пайғамбарлардың 
адам екендігіне тоқталған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
«Шындығында, біз де 
сендер секілді адамбыз»
(
«Ибраһим» сүресі,11; «Һуд» сүресі, 31.) деп, өзінің 
қанша күнәдан пәк болса да адам баласы екендігін айтып, халықты өзіне 
жақын тартқан.
Кезінде нәбиден қалыптан тыс құдірет күтіп, өздері сияқты адамзат 
екенін қабылдағысы келмей, тіпті құдайға теңегендері шыққан. Ал енді 
біреулері жай адам есебінде қабылдап, күнә істейтіндіктерін алға тартып
дәрежелерін төмендетуге тырысқан. 
Сыртқы келбетіне қарап кісінің тылсым әлемдермен байланыс құру 
қабілетін, басқа да ерекше қасиеттерін мойындамау тек пендеге ғана тән 
емес. Дәл осындай қарсылықты Адам атамыз (а.с.) жаратылған кезде Ібіліс 
малғұнның істегені де белгілі. Адамның (а.с.) топырақтан жаратылған 
болмысын өзінен төмен санап, Аллаһтың әміріне қарсы келген болатын
сондықтан мәңгілік қарғысқа ұшырап, тозаққа лайықты болды. Олай болса, 
бұл малғұн шайтан да адам баласына өзінің ойын салып, адастыруы өте оңай.
3. Пайғамбарымыздың «Мен – Ибраһимнің дұғасымын» дегенін 
қалай түсінеміз? 
Ибраһим пайғамбар бір кездері әйелі Ажарды құндақтағы сәбиімен 
бірге Қағбаның төңірегіне, сусыз шөлді мекенге Аллаһтың әмірімен тастап 
кеткен болатын. Исмайылдың құрметіне ол жерде зәмзәм суы шығып, ел 
болып Ибраһим пайғамбардың ұрпағы көбейеді. Күндердің күнінде Ибраһим 
пайғамбар баласымен ақылдасып, қасиетті Қағбаны қайта тұрғызбақ болады. 
Қағба қайта тұрғызуды қажет ететіндей мүжіліп кеткен болатын. Қағбаны 


қайта тұрғызуға білек сыбана кіріскен Ибраһим пайғамбар бір жағынан 
Аллаһтан жалбарына дұға тілеп жүрді, өйткені мұндай қасиетті жерде 
дұғаның қабыл болатынын жақсы білетін. Жаратушыға
يِّكَزُيَو َةَمْكِحْلاَو َباَتِكْلا ُمُهُمِّلَعُيَو َكِتاَيآ ْمِهْيَلَع وُلْتَي ْمُهْنِّم الًوُسَر ْمِهيِف ْثَعْباَو اَنَّبَر
ُميِكَحْلا ُزيِزَعْلا َتنَأ َكَّنِإ ْْۚمِه


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет