Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Сүйіншілеуші әрі ескертуші ретінде



Pdf көрінісі
бет4/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
«Сүйіншілеуші әрі ескертуші ретінде
пайғамбарларды жібердік, енді 
адамдардың
Аллаһқа қарсы айтар сылтауы жоқ. Аллаһ – Ғазиз
әрі 
Хаким»
(«Ниса» сүресі, 165) 
«Қиямет күні әр үмбетке бір куәгер әкеліп, сені де куәлік етуге 
шақырғанда, олардың халі не болмақ? Пайғамбарға қарсы шыққандар 
сол шақта жермен-жексен жоғалып кетуді қалайды. Ешқандай сөздерін 
Аллаһтан жасыра алмайды»
(«Ниса» сүресі, 41-42; «Нахл» сүресі, 89)деген 
аятта айтылғандай, Аллаһ тағала барша адамзатты жинап, өз үмбетіне 
насихат жасағанын айтқызып әр елшіні куәгер етеді. 
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) дәріптеген бұл құндылықтарға сол заманның 
адамдары ғана мұқтаж еместігін білген жөн. Исламның жауһар жүйесі өткен 
мен бүгіннің және келешектің адамдарына да ауадай қажет. Бұл өтпелі ғана 
қажеттілік емес, барша адамзаттың мәңгілік қажеттілігі. Өркениет пен 
ғылым, байлық пен күш, саяси билік пен әлеуметтік ахуал қандай күйде 
болса да адамдар ең алдымен иман мен ғибадатқа зәру. Ал егер осы ең негізгі 
қажеттіліктерін өтемей құлқынына құлдық ұрып, құлшылыққа құлықсыздық 
танытса, күні ертең өкініштен өзегі өртеніп, бармақ тістеп қала беретінін 
ескерген жөн. 
 


2. Пайғамбарлар неге періштелерден
таңдалмаған? 
Расул міндетін кімге беру керектігінҰлыРахманның өзі ғана белгілейді. 
Бұл жайында Құранда: 
«Аллаһ
пайғамбарлықты кімге беретінін өте 
жақсы біледі»
(«Әнғам» сүресі,124)деген. Қаласа елші ретінде періштелерді 
де жібере алатын еді, бірақ Жаратқанға сенбейтіндер сол кезде «
Біз
періштенің істегенін істей алмаймыз
», – деп сылтау айтары анық, 
сондықтан өздері сияқты мұқтаждығы бар адам баласын таңдады. 
Жаратушының бұл ісіндегі хикмет: өз ортасынан таңдалған пайғамбар 
оларды толықтай танып, қауыммен бірге тұрып, бірге жүріп, қиыншылықты 
да, қуанышты да бөлісе отырып, адами шыңды бірге бағындыру. 
Пайғамбарды өздеріне үлгі етіп соған қарап бой түзеуі, Аллаһ тағаланың әмір 
еткен парыздарын елшілер түсінікті тілде жеткізуі, адамдар олардың адами 
өмірін көріп, соны үлгі тұтуы еді, сондықтан пайғамбардың періштеден емес 
қарапайым адамдардың бірі болып дүние есігін ашып, жоғары шыңға өрлеуі 
өте маңызды. Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет