Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


« Раббымыз! Бұл әулеттен өздеріне аяттарыңды оқитын, кітап пен



Pdf көрінісі
бет6/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
« Раббымыз! Бұл әулеттен өздеріне аяттарыңды оқитын, кітап пен 
хикметті (сүннетті) үйрететін һәм оларды (жаман ойлардан) тазартатын 
елші жібер. Сен үстемсің әрі Хикмет иесісің »
(«Бақара» сүресі, 129) деп 
дұға еткен болатын. Бұл дұғасының қабыл болуының көрінісі жүздеген 
жылдардан кейін Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбар болып дүниеге келуі еді
өйткені Ибраһим пайғамбардың баласы Исмайылдың ұрпағынан тек 
Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардан басқа пайғамбар келген емес. Дұғаның іске 
асуы үшін кейде бірнеше жылдарды қажет етуі мүмкін. Ибраһим 
Пайғамбарымыздың тілеген елшісі жүздеген жылдардан кейін келді. Ол – 
біздің Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.). Осыған байланысты бір күні 
сахабалардың бірі Аллаһ елшісінен: «Бізге өзіңіз жай- лы айтып берсеңіз», – 
деп өтінеді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): 
«Мен – Ибраһимнің дұғасы, 
хазірет Исаның сүйіншісімін»
, – деген (әл-Һинди, Кәнзул-Уммал, 11/384.) .
Шынайы тіленген дұға қашан да қабыл болатыны белгілі. Кейде 
асығыстық жасап, дұға жасадық, дұғамыз қабыл болмады деп, тілеген 
дұғамыздың дереу бола салғанын қалаймыз. Алайда Ибраһим пайғамбардың 
дұға тілегенінен кейін ғасырлар өтіп, бірнеше ұрпағынан кейін 
пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) дүниеге келді.
Мұсылман үмбеті хазірет Ибраһимге (а.с.) алғысын білдіріп, әрбір 
намазының соңында Ибраһимге, оның ұрпағына береке тілеп, салауат 
айтады.
4. Аллаһ елшісінің әкесі Абдулла не себепті құрбандыққа 
шалынбақ еді? 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атасы Абдулмутталиб ертеректе «Он ұлым 
болып, ер жеткенін көрсем, бірін құрбандыққа шалам», – деп уәде берген. 
Мүмкін, бұл әдет Ибраһим пайғамбардан (а.с.) қалған дәстүрдің шала жеткен 
бір тозығы болар, өйткені ол да еркек кіндік баласы болса құрбандыққа 
шалатынын айтқан. Алайда мейірімі шексіз Аллаһ тағала көктен қошқар 
түсіріп, бұл дәстүр тоқтатылған еді. Бұл жерде Ибраһим пайғамбардың 
Аллаһқа деген иманының беріктігін адам баласына көрсетті. Міне, содан 
аман қалған хазірет Исмайылдың (а.с.) ұрпағынан Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
келіп отырған жоқ па?!
Негізінде, Абдумутталибтің бұлай уәде беруінің басты себебі артында 
қалар мұрагерінің жалғыз болғандығында, өйткені араб дәстүрінде ағайын-
туыс ұрпағы көпті қуатты деп білетін. Бірде Абдумутталибке түсінде бірнеше 
жылдардан бері көміліп, орны белгісіз, жоғалуға аз қалған зәмзәм бұлағының 
орны көрсетіліп, соны ашу керектігі айтылады. Түс 3 күн бойы қайталанады. 


Ақырында, Абдумутталиб баласы Хариспен түсінде айтылған жерді тауып 
зәмзәм бұлағының қайнар көзін ашады. Бұлақ ішінен көптеген алтын мен 
күміс және құнды заттар шығады. Мұны естіген жұрт, біздің де ақымыз бар, 
біз де бұл байлыққа ортақпыз деп құдықтан шыққан құнды заттарды 
барлығына үлестіріп беруін талап етеді, бірақ Абдумутталиб ешкімге 
бермейді. Оған ыза болған Адый ибн Нәуфал деген кісі: «Сенің жалғыз 
ұлыңнан басқа ешкімің жоқ», – деп намысына тиетін сөз айтады. Бұл 
Абдулмутталибтің жанына қатты батып, Қағбаның жанында тұрған күйде: 
«Аллаһқа ант етейін, егер маған он ұл нәсіп етсе, солардың бірін осы 
Қағбаның жанында құрбандыққа шаламын», – деп айтып қалады.
Ұлы Жаратушы Абдулмутталибке он ұл нәсіп етеді. Ұлдары ер 
жеткенде барлығын ертіп Қағбаға барады да, сонда ғибадатпен 
айналысатынбір кісіге: «Ұлдарымның арасында жеребе тарт, кімге түссе, 
соны құрбандыққа шалайын», – дейді. Жеребе Абдуллаға түседі. Алайда 
Құрайыштың ақсақалдары баланың құрбандыққа шалынуына қарсы шығып: 
«Оның орнына он түйені құрбан ет», – дейді. Абдулмутталиб Қағбадағы 
кісіге қайта келіп: «Енді он түйе мен Абдулланың арасында жеребе тарт», – 
дейді. Жеребе тағы да Абдуллаға түседі. Абдулмутталиб түйенің санын 
жиырмаға көтеріп, тағы жеребе тартқызады. Жеребе қайтадан Абдуллаға 
түседі. Ақырында, түйенің саны жүзге жеткенде ғана жеребе түйелерге 
түскен екен. Абдулмутталиб жүз түйені құрбандыққа шалып елге оралады. 
Абдулла осылайша пышаққа ілінбей аман қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет