Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет7/58
Дата15.12.2016
өлшемі6,93 Mb.
#3880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Павлодар:

«ЭКО» ҒӨФ, 2003.-220 бет (31-32;101-109; 118-127) .

ӘДЕБИЕТТЕР:





  1. Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары.

Бейрут-Любнан: Дар-уль-ад-Дамаск, 1986. 23 - 173 б

.

2. Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары.



Бейрут-Любнан: Дар-уль-ад-Дамаск, 1986. 23 - 173 б.

3.Әл-Фараби Бақытқа жету жайында.

Бейрут-Любнан: Дар-уа-мактабатуль-хиляль, 1995. – С.25-102.
4. Қ.Махмудов .Ахмад Югнакийнинг «Хибатул Хақойик» Асари Хақида. Узбекистон ССР «Фан» Нашриети Тошкент – 1972, 25-39 беттер;

5. Махмұд Қашқари. Түбі бір түркі тілі («Диуани луғат ат-түрк»). Алматы, Ана тілі, 1993. 33-99 бб.

6.. Баласағұн Жүсіп. Құтты білік/

7 Қожа Ахмет Яссауй. Диуани Хиқмет.

8. Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.

9 Шәкерім Құдайбердіұлы Шығармалары

Мазмұны


  1. Әбу Насыр Әл- Фараби --4

  2. А. Иүгінеки -- 22

  3. М. Қашқари -- 30

  4. Ж. Баласағұн -- 54

  5. Х. А. Ясауи -- 65

  6. Абай -- 67

  7. Шәкерім -- 75

  8. М. Ж Көпеев -- 104

АЛҒЫСӨЗ
Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер тарихының түп тамыры көне мәдени мұра-халықтық педагогика мен Орхон-Енисей жазуларынан, атап айтқанда Тоныкөк, мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздеген, ұлы күйші, кемеңгер жырау Қорқыт ата өсиеттерінен басталып, 15-19 ғасырларда Асан қайы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат сияқты ақын-жыраулардың поэзиясындағы асыл ойлармен көмкеріледі.

Кез келген халықтың рухани мұрасында әлемдік философияның, әлемдік педагогиканың ортақ қазынасын байыта түсетін құнды ой-пікірлер, пайымдаулар болатыны белгілі. Осыған орай, ұсынылып отырған еңбекте шамамен б.з.д. ІІІ мыңжылдықтағы ежелгі шумердің мектеп өсиеттері, будда дінінің әйгілі нақыл сөздер жинағы «Дхаммапададан» үзінділер, б.з.д. 551-479 жылдары өмір сүрген шығыстағы Конфуций мен батыс ойшылдары Аристотель, Гуго Сен-Викторский т.б. көптеген ғұламалардың парасатты тәлімгерлік ой толғаныстары келтіріледі.

Еңбекте Әмір Кейқаустың дидактикалық сарында жазылған «Қабуснамасынан» алынған адамгершілікті, әдептілікті насихаттайтын, ғылыми негізде жазылған шағын ақылнамалық әңгімелері, ХІ-ХІІ ғасырларда қасиетті қазақ даласында дүниеге келген ұлы ғұламалардың бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындыларынан, әлемдік әдебиетте мәңгі өшпестей із қалдырған Жүсіп Баласағұнның ізгілікке, адами жақсы қасиеттерді марапаттауға арналған халық даналығының нағыз қазынасы болып табылатын шығармаларынан үзінділер ұсынылады.

Сонымен қатар, әлемдік озық мәдеиеттің шоқжұлдыздары Шоқан, Ыбырай, Абайдың әлемдік педагогиканың алтын қорына қосар үлесі мол еңбектері, ХХ ғасырдың басында тәлімдік ой-пікірлерімен барша қазақ даласын дүр сілкіндірген Шәкерім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақыптардың қазіргі заман талабымен үндесетін өміршең педагогикалық, психологиялық ой-тұжырымдары өскелең ұрпаққа мұра болып жеткен бай қазына ретінде қарастырылады.

Түркі тектес халықтардың ежелгі мәдениетін, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпы мен салт-санасын танытатын шығармалармен қатар қазақ әдебиетінің ақыл-парасат, өнер-білім, әдептілік, тәлім-тәрбие, мінез-құлық, кішіпейілділік, жомарттық, мейірімділік, тіл мәдениеті, әке-шешені құрметтеу және т.б. мәселелерге арналған туындыларын оқып-үйрену, танып-білу – ұрпақ тәрбиесіне оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Аталған еңбектің мазмұнын құрайтын материалдар «Әлемдік педагогика нұсқалары», «Қазақ ағартушыларының педагогикалық идеялары», «Ұлттық тәрбие нұсқалары» және «Қазақ әдебиетіндегі педагогикалық ой-пікір» деп аталатын төрт тарауға бөлінген.




І. ӘЛЕМДІК ПЕДАГОГИКА НҰСҚАЛАРЫ
ЕЖЕЛГІ ШУМЕРДІҢ МЕКТЕП ӨСИЕТТЕРІ

(шамамен б.з.д. ІІІ мыңжылдық)

Шумер мектебінің негізгі міндеті - күрделі жазу өнеріне үйрету. Шумерде әртүрлі оқу бағдарламалары бар көптеген мектептер болатын. Шумерде мектепте білім беру тарихы, сол елдің өзінің тарихындай көне. Мектеп мәтіндері деп аталатындар ең көне жазба ескерткіштерімен бір мезгілде пайда болған Ура күресінінен табылған, шамамен б.з.д. ХХVІІІ- ХХVІІ ғғ. жататын жазба тақтайшаларының ішінен жүздеген, сабақ кезінде оқушылар орындаған жаттығулары бар оқу мәтіндері шықты.

Шумерлік шығармалардың біразында педагогика мен мектеп өмірі мәселелері қозғалған. Әдеби шығармаларда әкелер ізгілікке үйретуден аянбаған. Әкесі баласына оның материалдық дәулетінің егер ол одан ешкім тартып ала алмайтын ғылым мен білімге сүйенбесе берік болмайтынын ескертеді. Бұл шығарма жасалған кез бен біздің арамызда төрт мың жыл жатыр.

Адамдар - әкелер де, балалар да осы қырық жүзжылдықта қалай аз өзгерген! Кемел даналық пен еркін, асау, бәріне бірден қол жеткізгісі келетін жастық арасындағы диалог әлі жалғасуда.
«ХАТШЫ МЕН ОНЫҢ АҚЫМАҚ ҰЛЫ»

(үзінді)

...


  • Сен қайда бардың?

  • Мен ешқайда барған жоқпын.

- Егер ешқайда бармасаң, неге бос жүрсің? Мкетепке бар, «мектеп әкесінің» алдына бар да, берілген сабақты айт, өзіңнің мектеп сумкаңды аш, өзіңнің тақтайшаңды жаз, «ағаң» саған жаңа тақтайша жазып берсін. Сабақты аяқтап, ұстазыңа көрсеткен соң, маған қайтып кел, көше кезбе. Саған не айтқанымды түсіндің бе?

- Түсіндім, қайталай аламын.

- Қайтала.

- Қазір қайталаймын...



Ұлы бәрін қайталаған соң әкесі ұзақ монолог айтты:

- Тыңда мені, еркек болсаңшы. Алаңдарда тұрма, бақтарда қыдырма. Көшемен келе жатып, жан-жағыңа қарама. Сыпайы бол, ұстазыңның алдында мүләйім бол. Ұстазың сенің көзіңнен қорыққаныңды көрсе, ол сені жақсы көреді. Адам толы алаңдарда жұмыссыз кезіп жүрген сен, табысқа жеткің келе ме? Онда саған дейін болған буынға қара. Мектепке бар, ол жақсылық әкеледі. Ұлым менің, аға буынға қара, олардан ақыл сұра. Тікбақай, мен сені көзімнен таса қылмаймын, - бір ұлыма қарай алмасам, әке болмай кетейін, - мен әулетіммен ақылдастым, мен туыстарымды салыстырдым, олардың арасында дәл сендей ешкім жоқ.

Менің қазір саған айтатыным, көр соқырды дана қылады, жыланды сиқырлағандай тоқтатады.... Сен менің жүрегімді сыздаттың, сонан соң мен сенен алыстадым да, сенің қорқынышың мен асаулығыңа назар аудармадым; жоқ, мен сенің қорқынышың мен асаулығыңа назар аудармадым. Мен сенің кінә таққаныңа қарай,саған ашуландым, я мен саған ашуландым. Сен өзіңді адам құсап ұстам айтындықтан, менің жүрегімді мұз қарығандай болды. Өзіңнің асаулығыңмен сен мені молаға жеткізе жаздадың.

Мен өмірімде бір рет те саған қалың шөптің арасынан ағаш жинатқан емеспін. Сен жас балалар мен бозбалалар таситын бұтаны ешқашан тасыған емессің. Мен саған ешқашан: «Менің керуенімді қара!» деп айтқан емеспін. Мен сені ешқашан жер жыртуға жіберген жоқпын. Мен сені ешқашан менің егісімді өңдеуге жұмсаған емеспін. Мен сені ешқашан егісте жұмыс істеуге жұмсаған емеспін. Өмірімде ешқашан саған: «Бар, жұмыс істе, маған көмектес!» деген емеспін.

Басқа, сен сияқты балалар, ата-анасына көмектеседі. Егер сен туыстармен сөйлессең, егер оларды бағаласаң, олардан озуға тырысар ең. Олардың әрқайсысы 10 кур тары өсіреді, олардың ең жасының өзі әкелері үшін 10 кур т ары өсіреді. Олар әкелерін тарымен, маймен, жүнмен қамтамасыз етеді. Ал сен болсаң, сен қырсықтығың жағынан ғана еркесің, ал олармен салыстырғанда сен тіпті де еркек емессің, Әрине, сен олар сияқты еңбек етпейсің, себебі олар ұлдарын жұмсайтын әкенің балалары ғой, ал мен сені ешқашан жұмысқа жұмсаған емеспін.

Қырсық, мені ашуландырып отырған, - қандай адам өз ұлына шын ашуланады? – мен туыстарыммен сөйлесіп, осыған дейін байқамаған бірнәрсені көрдім. Мен саған қазір айтатын сөзімнен қорық және дұрыстап тыңда. Сенің әріптесің, сенің мектептесің – сен оны бағаламадың. Неге сен одан озуға тырыспайсың? Сенің досың, сенің жоолдасың – сен оны неге бағалай алмадың? Сен неге одан озуға тырыспайсың? Өзіңнің ағаңа жетуге тырыс. Біздің еліміздегі Энки (өнер мен қолөнер құдайы) жасаған барлық кәсіптің ішінде хатшылықтан қиыны жоқ. Тек ән (поэзия) болмаса, ал ән жүрегі теңіз бен алыс канал жағалауларындай қашық, - сен менің кеңесімді тыңдамас едің, мен де әкемнің даналығын саған жеткізе алмас едім. Энмиль адам тағдырын осылай жасаған: ұлы әкесінің ісін жалғастыруы керек!

Мен күні-түні сен үшін қиналамын. Сен күндерің мен түндеріңді ләззат қуып өткізіп аласың. Сен көп қазына жинадың, сен үлкен болып, толыстың, күшті, маңғаз болдың. Бірақ сенен бүкіл әулетің сенің басыңа іс түскенін күтіп отыр, олар соған қуанады, себебі сен адам болуға тырыспайсың.

Соңғы бөлімі әкесінің батасымен аяқталады.

Сені саған жамандық тілеген дұшпаныңнан сенің құдайың Нанна құтқарсын.

Сені адамгершілік сергітсін, ол сенің басыңа да, жүрегіңе де енсін!

Сені қаланың даналары естісін,

Сенің қалада тек жақсы атың шықсын.

Сені Құдай бақытты атпен атасын.

Саған Нанна құдайдың мейірі түссін.

Саған Нингаль тәңірше батасын берсін!

«Ақиқат – ең жақсы ...». Аударған Г. Адаева. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 47-48-беттер.)
CҮЛЕЙМЕН (СОЛОМОН)

(Ежелгі Израиль. Б.з.д. ІХ ғ.)

Сүлеймен (Соломон)- ежелгі Израиль мемлекетінің үшінші және соңғы патшасы. Ол әйгілі Давид (Дәуіт) патшаның баласы; біздің дәуірімізге дейінгі 960-935 жылдары Израиль мен Иудеяда билік құрып, Иерусалимдегі Яхве храмын салдырған. Өткір ой, тапқырлығымен, әділ билігімен өз заманында даңққа бөленіп, «Данышпан Сүлеймен» атанды.
ИЗРАИЛЬ ПАТШАСЫ ДӘУІТТІҢ ҰЛЫ СҮЛЕЙМЕННІҢ ӨСИЕТТЕРІ

(үзінділер)

2.


  1. Ұлым менің! Сөзіме тоқтап, менің өсиетімді ұға біл:

  2. Тұла бойыңа даналық дарып, ақыл-ойды жүрегіңмен қабылдасаң;

  3. Білім нәрімен сусындап, парасатпен пайымдасаң;

  4. Соны асыл тас, қазына деп білсең;

  5. Сонда сен ақиқатты, әділдікті, турашылдықты, ізгі бағытыңды табасың.

  6. Жүрегіңнің түкпіріне даналық қонса, жаның біліммен рахат табады.

  7. Сол кезде ақыл мен парасат сені қорғайтын болады:

  8. Жауыздың жолынан, өтірікті айтатын адамна;

  9. Жауыздықты жасауға үйірлерден, азғындыққа тамсанатындардан;

  10. Жолы қисық, адасқандардан сақтайды.

3.

1. Ұлым менің! Өсиеттерің жадыңда болсын, жүрегіңе ұяласын.

2. Өз-өзіңді данагөймін деп санама, Құдайдан қорқу керек, жауыздықтан алшақ жүр.

3. Бұл сенің тәніңе салауат, сай-сүйегіңе азық болмақ.

4. Даналықты меңгерген адам, ақылға кенелген адам, шаттыққа кенелмек.

5. Өйткені, оны меңгерген адамның пайдасы мол, пайдасы шаш етектен.

12.

1. Ақылды тыңдайтын – білімді жақсы көреді, ал жүрегін азғындықпен улағанды жұрт жек көреді.



2. Өз нанын тауып жесе де қарапайым жандікі жөн, ал кеуде керіп білімдімін деп бір түйір нанға жарымағанға не жорық?

3. Соқа салып жер игергеннің дастарқанында нан болады, ал тойлатып, думандатып жүргеннің ақылы таяз.

4. Өзі білетін нәрсені айтатын адам шындықты айтады, ал өтірікке куә болғанның айтқаны – жалған.

5. Ақылды білімін текке шашпайды, ал ақымақ орынсыз айтпайды.

6. Даналармен сырлас- дана болады, ақымақпен мұңдас адасады.

27.


1. Ертеңгі күнмен мақтанба, өйткені, ол күннің саған не әкелетінін білмейсің.

2. Өз-өзіңді мақтағаннан безін, басқа біреу айтса бірсәрі.

3.Досың мен әкеңнің досын тастап кетпе, бауырыңның үйіне бақытсыздық күніңді арқалап апарма, алыстағы бауырыңнан, қасыңдағы қоңсың артық.

4.Ақылды қауіп-қатерді алыстан ажыратады, ал тәжірибесіз адам қаннен-қаперсіз алға ұмтылып, опық жер. Аударған Ж. Түрікпенұлы. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 96-98 - беттер.)


ДХАММАПАДА

(будда дінінің әйгілі нақыл сөздер жинағы)

Ежелгі Үндістан елінде көптеген мәдени-рухани мұралар сақталып, біздің дәуірімізге жетті. Өз дәуірінде Үндістан әртүрлі бағыттағы ілімдер жүйесін жинақтаған рухани дүниелерге бай мемлекеттердің бірі болды.

Дхаммапада – будда дінінің әйгілі нақыл сөздер жинағы.Дхаммапада екі сөзден құралған. Мұның мағынасын қазақ тіліне аудасақ, «дхамма» - ғылым, білім, ілім деген сөзге жақын келеді, ал «пада» - жол, бағыт, із деген сөздерге жақынырақ келсе керек. Сонда оны «ғылым жолы» деп аударсақ, түпнұсқадағы мағынасына жақындайды деуге болады (А. Нілібаевтың түсініктемесі бойынша).

ХІІ тарау

Әр адамдағы «Мен» туралы

157. Әркімнің өзінің «мені», әрине, жақсы нәрсе. Әркім оны қырағылықпен сақтағаны дұрыс. Данышпан адам өзінің үш қорғанының бірі ретінде оған риза болуы керек.

158. Ол ең алдымен өзін тиісті жағдайға келтірсін. Содан соң басқаны үйренуіне болады. Дана адам алған жолынан аумайды.

159. Басқаны қалай үйретсе, өзі де солай үйренсін. Өзін бәріне толық көндірген адам басқаны да соған көндіре алады. Шын мәнінде өзін-өзі бәріне де көндіру қиын іс.

160. Әркімнің өзіндегі «мен» өзінің қожасы. Оған өзінен басқа кім қожа болуы мүмкін? Ең қиын нәрсе - өзіндегі «менді» толық тауып көндірсе, ол өзінің қожайынын тапқаны болмақ.

161. Өзінен-өзі туған, өзінен-өзі пайда болған жамандық та болады. Ал жақсылық болса, өткір алмас тасты тілетіні сияқты, надандықты да жеңеді.

162. Кімнің мінезі шәлкес болса, онда ол өзінің жауы қалағаныңдай іс істейді. Ондай адам сал ағашын орап, шырмап алатын манува өсімдігін еске түсіреді.

163. Адамға зиянды әрі жаман іс – істің жеңіліне әуес болу. Ал жақсы да пайдалы іс – қашан да ең қиын нәрсе ғой.

164. Теріс көзқарасы бар надан адам архат ілімінен күдікпен қарайды. Дхаммаға бйланысты өмір сүретін рахымшыл, игі ниетті адам каттхака бұтасына ұқсас, пісіп-жетілген соң жемісін береді де, өзі жойылады.

165. Кей адам жамандық іс істейді де, өзін-өзі қор етеді. Жамандық істемеген адамның өзі да таза болады. Тазалық пен ластық бір-бірімен байланысты. Бірін-бірі тазалай алмайды.

166. Өзінің ізгілікті ісі бола тұрып, басқаның да ізгілікті ісін жоққа шығармауы жөн. Өзінің ізгі ісін тани отырып, жоғары деңгейдегі ұлы істерге ұмтыла бергені дұрыс болмақ. Аударған Ә. Нілібаев. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 160-161 - беттер.)

КУҢ ФУД ЗЫ (КОНФУЦИЙ)

(б.з.д. 551-479 жж.)

Еуропада Конфуций деген атпен мәлім болған Куңдзы- ханзу (қытай) жұртының ұлы ойшылы. Жаңаша жыл санау есебінен бұрынғы 551-479 жылдарда жасаған. Ол заманда бөлшектеніп отырған Ежелгі Қытай жұртының Лу патшалығында, кедейленген бек әулетінде туыпты. Кәмелетке толғаннан соңғы заманда отыз жыл бойы ел аралап, жер танып, әрқилы бектердің сарайында әртүрлі дәрежедегі қызметтер атқарады да, өмірінің соңғы кезеңінде, шәкірттерімен бірге, өз ілімін түпкілікті насихаттау жолына түседі. Куңдзының ең соқталы еңбегі шәкірттерімен, әртүрлі жандармен әңгіме, сұхбат тұрғысында құралған «Лүңиүй»- (Кеңес пен толғам) атты кітап. Бұл кітап Куңдзы ілімінің негізгі ұстыны болып табылады. Ежелгі дәуірде қалыптасып, екі мың жылдан астам ұзақ заман бойы Қытайдың ұлттық мемлекеттік идеологиясы болып келген Куңдзы ілімі ханзу жұртының ой-санасын, дүниетанымын, моральдық, этикалық қағидаларын айғақтайды.
ЛУНЬЮЙ - ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР

Ұстаз айтты:

Егер кімде-кім ізгілікті сезімнен биік қойса, әке-шешесіне беріле қызмет етсе, патшаға қызмет жолында өзін құрбан етуге дайын тұрса, достарына адал болса, сауаты болмаса да, оны ғалым десе жарасады.

Ұстаз айтты:

Жас адамдар ата-анасын ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне ыждағаттылықпен қарауға, халқына махаббатпен қарап, адамдарды бір-бірімен жақындастыруға міндетті. Осы міндеттерден артылған уақытта кітап оқысын.

Ұстаз айтты:

Адалдық пен туралыққа ұмтыл, өзіңе тең көрмеген адаммен достаспа, өз қатеңді түзетуден қорықпа және тартынба.

Ұстаз айтты:

Ескіні ұмытпай, жаңаны игерген адамды ұстаз десе болады.

Ұстаз айтты:

Баланың ата-анасын сыйлауы оларды заттай қамтамасыз ету ғана деп түсінетіндер бар. Бірақ, жануарды да амтамасыз етеді ғой. Үлкенге құрмет дегенде осы айырмашылықты білген жөн.

Ұстаз айтты:

Адамгершілік бар жер жанға да жайлы. Ақылды кісі таңдау бола тұрып оны таңдамауы мүмкін бе?

Ұстаз айтты:

Адамды сүйе де, жек көре де білетін адамды ғана адамгершілігі мол кісі дейді.

Ұстаз айтты:

Адамгершілік деп нені айтамыз? Егер кісі өзін-өзі ел ішінде жүргенде мықты бір ұлықты күтіп алуға жүргендей болып ұстаса, өзіне қаламағанды өзгеге жасамаса, ел ішінде бүлік салмаса, үй ішінде де ұрыс-керіске себепкер болмаса, онда ол – адамгершілік иесі.

Ұстаз айтты:

Ойы биік адамдар және адамгершіл кісілер өз өмірін сақтап қалу үшін адамзатқа зиян келтірмейді, тек соңына дейін адамгершіл болу үшін өмірін қия алады.

Ұстаз айтты:

Төрт нәрседен бойыңды аулақ сал:


  • өнбес ойға берілу;

  • үзілді-кесілді болу;

  • айтқанына қайтпайтын қыңырлық;

  • жеке басын ғана ойлау.

Ұстаз айтты:

Ізгі кісі тоғыз ойды есінде тұтады:



  • қараған кезде анық байқады ма;

  • естіген кезде дұрыс естіді ме;

  • өзінің бет-әлпеті тартымды ма;

  • сөзі шыншыл ма;

  • іске дұрыс көңілмен қарай ма;

  • күмән туса ақлдасуға дайын ба;

  • ашуланса соңы теріске айналып кетпей ме;

  • қандай жетістіктерге болса да жеткенде онысы әділетті бола ма.

Ұстаз айтты:

Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болуы керек:

Кісіге шын құрмет, кең пейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.

Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді;

Екіншісі – барлығын бағындырады;

Үшіншісі – адамдардың көңілінен сенім ұялатады;

Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді;

Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады.

Ұстаз айтты:

Ұлы адам – туғаннан біліп туады, келесісі – оқып біледі, одан кейінгісі – керек кезде оқиды, ең соңғысы керек кезде де оқымайды.

Ұстаз төрт түрлі нәрсеге үйретті:

Бірінші – кітапты түсініп оқуға;

Екінші – адамгершілікті сақтауға;

Үшінші – Отанға адалдыққа;

Төртінші - әділдікке.

Аударған К. Мырзагелді. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 283-297 - беттер.)
АРИСТОТЕЛЬ

(б.з.д. 384-322 жж.)

Оның отаны – Эгей теңізінің солтүстік-батыс жағалауында орналасқан Фракияның Стагир қаласы. Аристотельдің әкесі Никомах ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәрігерлер әулетінен шыққан, македон патшасы Аминт ІІІ-де қызмет еткен. Аристотель балалық шағын Аминтаның баласы, өзінің құрдасы Филиппен, яғни болашақ македон патшасы Филипп ІІ-мен бірге с арайда өткізген. Аристотельді көрген адамдардың айтуыншща, ол бала кезінен аса көрнекті болмаған. Арық, аяқтары шидей, көздері кішкентай, ақырын сөйлейтін. Алайда киінгенді жақсы көретін, бірнеше қымбат жүзіктерді тағып, ерекше шаш үлгісін қоятын.

Б.з.д. 40 жылдардың соңында Филипп ІІ, өзінің ұлы он үш асара Александрды тәрбиелеу үшін Аристотельді Македонияға шақырады. Аристотель Македонияға көшеді. Александрды тәрбиелеу төрт жылдай созылады. Кейіннен ұлы қолбасшы былай дейді: «Мен Аристотельді әкемдей құрметтеймін, егер әкеме өмірім үшін қарыздар болсам, Аристотельге өміріме құн беретін заттар үшін қарыздармын»- дейді.
НИКОМАХ ЭТИКАСЫ

(үзінді)

Тоғызыншы кітап (І)

Ең бірінші кімді құрметтеу керек, өзіңді ме, әлде басқа біреуді ме?- деген сұрақ та күрделі. Шынымен, өздерін жоғары тұрғыдан жақсы көретін адамдарға кінә тағып, төмендетіп, оларды «өзін сүюшілер» деп атады; және бұл тектес адамдар бәрін тек өзі үшін істейді деп есептеледі, ал жомарт адам болса, барлығын керемет үшін, дос үшін жасайды, көбірек жасаған сайын, күштірек бола түседі.

Істе болып жатқан нәрсе, бұл тұжырымдармен сәйкес келмейді, бұл түсінікті де. Шын мәнінде бірінші орында құрметті ең жақын досың тұру керек, ал ең жақын дос бұл біреуге игі жақсылықтар тілей отырып, оны дәл сол адамға тілейді, тіпті бұны ешкім білмесе де. Ал ондай қасиеттер достықты анықтайтын басқа да қасиеттер сияқты өзіне осындай көзқарастағы адамдарда болады. Достық көріністері адам өзіне-өзі қандай қарым-қатынаста болса, басқаларға да сондай болып таралады. Көптеген мақал-мәтелдер де осымен үндес: «жан-жанға», «достарда бәрі ортақ», «теңдік бұл достық» және т.б. Осының бәрі бірінші орында осындай көзқарастағы адамдарда болады.

Әрине, кімнің соңынан еру керектігін шешу қиын, себебі екі ой да үлкен сенімділік береді.

Сол себептен де бұл ойлардың қайсысы шындыққа жанасымды екенін білу үшін оларды сараптап, саралау керек.

Егер де біз өзі-өзі сүю дегенге, кім қандай ұғым беретінін білсек, барлығы да өзінен өзі айқындалады. Яғни мұны мін тағу үшін енгізгендер, «өзін-өзі сүйетіндер»деп өздеріне заттық тұрғыдан көп үлес бөлетін, құрмет пен ләззат алуды сүйетіндер, ал бұған адамдардың көпшілігі-ақ құштар, бұл бір биіктердің биігі секілді, сол себептен де кейде олар бір-бірімен төбелеске дейін барады. Мұндай сәтте өзімшілдер құмарлық пен құштарлыққа кездеседі, ал ол ақыл-ойға жат болғанымен де, ондайлар көп-ақ, яғни бұл сөздің шығуы да таңғаларлыққа жақын, яғни шынымен де «өзін-өзі сүйетіндерге» мін тағу заңды болып табылады.

Сондықтан да көпшіліктің өзін-өзі сүйетіндер деп өздеріне жоғарыда айтылғандарды жанастыратындар шынында да ең алғашқы болып дұрыс, ақылға сыйымды істерді істеуге асығатын немесе өзінен кейін әдемі із қалдыруға тырысатындарды ешкім «өзін-өзі сүюге» кінә тақпайды.

Инабаттылықтың тағы бір сипаты сол, ол көптеген істерді достары, отаны үшін жасайды және солар үшін керек болса өледі де: өзінен кейін тек жан сұлулығын қалдырады; ол негізінен ұзаққа созылған ләззатқа қарағанда, бір ғана сәттік зор ләззатты сезінуді дұрыс көреді, ұзақ жылдар бойы мінсіз ғұмыр кешуге қарағанда, бір жыл болса да толыққанды әрі керемет өмір сүруді, көптеген көзге көрінбес іс-әрекетке қарағанда бір ғана ұлы істі жасауды таңдады. Бәлкім бұл өздеріне ұлылық пен сұлулық белгісі іспеттес жандар үшін жанын пида етуге даяр тұлғалардың ұстанатын ұағидалары шығар. Олар қолда бардың бәрін өз достарына үлестіріп беруден де танбайды, себебі достары дүние-мүлікке ие болып шаттанғанда, олар жан сұлулығына қол жеткізіп, тегінде осы әрекетінен достарына қарағанда өзінің молырақ пайда табатынына сенген. Сонымен қатар бастықтардың да шені мен мәртебесі өз д остарына берілгенде де – тамаша әрі мақтан тұтарлық іс болмақ. Әрине, адамгершілігі мол адамды атаймыз. Ал, өз досына жақсы іс жасауына жол беру – сол істі өзі жасағанынан да ұлырақ әрі көркемдеу болып табылмақ. Сөйтіп адамгершілігі зор адам мақтан тұтарлық іс-әрекетті жасау барысында, көбінесе өзіне тиесілі жан сұлулығына зор мән берген.



Аударған З.С. Ақтамбердиева. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-том: Ежелгі дәуір/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. – 400 бет. 355-356 - беттер.)
НАСИРАДДИН ТУСИ

(1201-1274)



Насираддин Туси орта ғасырдағы құқықтанудың барлық бөлімдері мен салаларын оқыған және өте жақсы білген, сонымен қатар мұсылман халқының заңының білгірі ғана емес, барлық әлем халықт арының заңын жете білген, өз еңбектеріне Платон, Аристотельдің ғылыми ойларын негіз етіп алып, олардың еңбектерін басшылыққа алып отырған.

Шығыс әлеміне белгілі болған Насираддин Тусидің шығармаларының құндылығы бүгінгі таңға дейін жойылған жоқ. Сол маңызды туындылардан «Насири әдебі» еңбегін атауға болады.

«НАСИРИ ӘДЕБІ»

(үзінді)

  • Әрқашан оқы, білім алумен айналыс. Алдымен мақсатын айқында, содан соң оның орындалуы үшін ғылым таңда.

  • Ғалымның бағалылығын еңбектерінің құндылығымен, оның жинақылығымен және адамгершілігімен анықта.

  • Адамгершілікке бағытталмаған өмірді пайдасыз деп есепте.

  • Сенің кесіріңнен қандай да бір іс болмады ма? Және қандай қайырымды іс істей алатының туралы ойланып алмай ұйқыға жатпа.

  • Өзіңнің селқостығыңның арқасында қандай мүмкіндігіңді жіберіп алғаныңды есіңе түсір.

  • Өзінің өмірі, өзінің болашағы туралы ойланбаған адам бақытсыз.

  • Жақсылап ойлан, сосын айт, жақсылап өлшеп піш, сосын өмірде қолдан, жағдай өзгеріп кетуі мүмкін.

  • Барлығымен достаса біл, жиі ашуланба, әйтпесе ашу әдетке айналып кетеді.

  • Тек қана сөзде емес, істе де дана бол, ауызша даналық осы әлемде қалады, ал даналық істер мәңгілік өмір сүреді.

  • Егер сен жақсы істер жасап қиналсаң, қиналыс өтеді және жақсылық қалады. Егер жаман істерден қанағат алсаң, қанағат өтеді, ал кек қалады.

  • Ойы, сөзі және ісінің арасында бірдейлік бар адам ғана дана.

(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 136-137 - беттер.)
КЕЙҚАУС

(шамамен 1021-22 жылдары туған)

«Қабуснама» - 1082-1083 жылдар ішінде жазылған аса бағалы педагогикалық мәні бар туынды. «Қабуснаманың» авторы – Кейқаус Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында мекендейтін Гилан ру-тайпасының ұсақ феодал отбасында (шамамен 1021-22 жылдары) дүниеге келеді.

Кейқаус 63 жасында «Қабуснаманы» өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазады. Өзінің қартайғанын баяндай келіп: «Менің дүниедегі жиып-терген ең қымбат асыл заттарым – саған арнап жазған осы үгіт-насихат кітабым», - дейді.

АНУШИРОВАННЫҢ ҮГІТ-НАСИХАТТАРЫН

ЕСКЕ ТҮСІРУ ТУРАЛЫ

Ей, перзентім, Ануширован мына төмендегі үгіт-насихаттарды айтқан екен:

1. Дәулет ертелі-кеш келуі де, кетуі де мүмкін, барлық жағдайдың алмасып және өзгеріп тұруына таңданба. Яғни шаттық кетіп, қайғы келсе; қайғы келіп, шаттық келсе, оған мән берме.

2. Халық не үшін бір реет опық жеген істен қайтадан опық жейді? Егер бір істі істеп өкінішті жағдайда қалсаң, оны екінші қайталама.

3. Адам тіршілігі өмір талабына сай болмаса, не үшін ол өзін тірі деп есептейді?

4. Халықтың қамы үшін өз рақатынан айырылған адамды дұшпан деме.

5. Өнерсіз жанмен дос болма, өйткені өнерсіз адам достыққа да, дұшпандыққа да жарамас.

6. Өзін дана деп санаған наданнан түңіліп сақтанғын.

7. Ащы болса да сөздің ақиқатын айт.

8.Сырыңды дұшпан білмесін десең, досыңа айтпа.

9.Үмітсіз кісінің еккенін жегеннен, аш жүрген жақсы.

10.Әр адамның білімі болғанмен ақылы болмаса, ол білімі өзіне зиян келтіреді.

11.Сен туралы халық жақсы сөз айтсын десең, сен өзің алдымен халық туралы жақсы сөз айтқын.

12. Халық үшін істеген еңбегің босқа кетпесін десең, саған халықтың істеген еңбегі босқа кетпесін.

13.Егер дос-жарансыз қалғың келмесе, кінәмшіл болма.

14.Егер зерек болғың келсе, жүзіңді халық көзімен көр.

15. Егер қадірлі болғың келсе, халықтың қадірін біл.

16.Егер айыпсыздар қатарында болғың келсе, жеке басыңның қамын ойлайтын нәпсінің құлы болма.

17. Жомарттықты қаласаң, опасыз болма. Біреуден аламын деп дәмеленбе.

18. Әділеттілер қатарында болғың келсе, қол асытңдағыларды өз қамқорлығыңа алып, топтастыра біл.

19. Егер халықтың сүйіктісі болғың келсе, олардан еш нәрсені аяма.

20. Егер тілім ұзын болсын десең, қолың қысқа болмасын.

Ей, перзентім, Ануширован Әділдің сөздері мен үлгі-насихаттары, міне, осылар. Бұларды оқы және ардақтай біл. Бұл сөдерден данышпандық салтанатының иісі аңқып тұр. Бұл сөз – дананың әрі патшаның сөзі.

(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 139-141 - беттер.)
ДОС ТАҢДАУ ТУРАЛЫ

Ей, перзентім, білгенің жақсы, адам тірі кезінде доссыз болмайды.

Адамның доссыз болғанынан туысқансыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан дос жақсы ма, туыс жақсы ма деп сұрағанда, дос жақсы деп жауап берген екен. Сондықтан достарыңның ісі туралы ойлағын, оларға сый-сыяпат жіберіп, қолыңнан келген жақсылығыңды істе. Өйткені әрбір кісі достарын есіне алмаса, достары да оны есінен шығарады. Ақырында ол адам доссыз қалады. Әр уақта дос-жаранды болуға әдеттен. Өйткені кімнің досы көп болса, оның айыбы ашылмайды, бір-бірімен сыйласуы күшейеді. Бірақ жаңа досты таптым деп, ескі достан айрылма. Ескі достан жүз үйіруші болма. Достарың әрдайым көп бола бергені жақсы. Жақсы дос - ол да бір үлкен дәулет. Көп адамдар туралы ойласақ, олар сеніменен достасқысы келеді, бірақ достың ішінде жартылай достары да болады. Ондайлармен жақсы қарым-қатынаста бол. Жақсы-жаман мәселелерде ақылдасып, қол үзбегенің жақсы. Олар сенен көп жақсылық көрсе, кейін бірте-бірте нағыз дос болып кетуі ықтимал.

Ескендір Зұлқарнайыннан: «Арзымайтын дүниемен бұл сипатты үлкен мемлекетті қалай қол астыңа бағындырдың?»- деп сұрағанда, Ескендір: «Жұмсақ мәміле, жылы сөз, ілтипатпен дұшпандарды қол астыма бағындырдым, өзара келісумен достарымды жолға салдым. Сондықтан да көп мемлекетке ие болдым», - деп жауап беріпті.

Білгенің жақсы, достарыңның достары да досың болады. Мүмкін оның сол адамға достығы сенің достығыңнан артықтау болған шығар. Егер досың сенің дұшпаныңды жақсы көрсе, ондай достан абай бол, егер сенің досыңа басқа бір досың дұшпан болса, одан да абайла. Досың сені себепсіз кінәласа, оның достығынан дәмеленбе, дүниеде одан айыпты, одан жаман адам болмайды.

Білгенің жөн, дүниеде айыпсыз адам болмайды. Алайда өзің шапағатты, әрі сақ пейілді бол. Мұндай адамдардың айыбы аз болады. Сыйлай білмейтін, қадіріңе жетпейтін жандармен достаспа. Ондайлардың қасиеті болмайды. Олар тек нан досы қатарында деп есепте де, жан досыңның қатарына қоспағын. Нан достары ар-намыс достарынан болмайды. Жақсы мен жаман адамды білгін, екеуіне де достығыңды аяма, жақсыға жан-діліңмен, жаманға тіліңмен достық жаса, нәтижеде екеуі де саған достықпен қарайды. Әрбір адамның ісі тек қана достарына түспейді, уақыты келгенде зәрулікпен жамандарға да түседі. Сондықтан жоғарыда айтылған екі бағыттағы адамдардың достығын дамыта бергенің жақсы.

Ақылсыз адамдармен дос болудан сақтан. Өйткені ақымақ дос ақылды дұшпаннан жаман. Ақылсыз достың істеген ісін ақылды дұшпан істей алмайды. Жоғары дәрежелі, адамгершілігі күшті, білімді, опалы кісілермен достассаң, сен өзіңнің адамгершілік шапағатың, іліміңмен жұртқа атағың жайылады.

Адамгершілігі аз, мейір, шапағаты кем, ілімсіз адамдармен бірге болма. Бұл сияқты адамдармен жолдас болғаннан болмаған жақсы. Достарыңның қызметін босқа өткізбе. Босқа өткізгендеріңді жұртқа жарияламаудың қамына кіріс.

Адамдарды екі топқа бөледі: бірі достық ақысын босқа кетіретіндер, екіншісі жақсылықты жақсы дей білушілер.

Дос болуға лайықты адамды екі қасиетімен білуге болады. Біріншісі — дәулетті кезінде малын аямайды, ал кедей кезінде одан сырт айналмайды, екіншісі — досы дүниеден өтсе, оның перзентгері мен ағайын-туыстарын шақырып, қолынан келген жақсылығын істеп, досының қабіріне барып зиярат қылып, дұға оқып еске алады.



Ә ң г і м е. Есіткенім бар, Сократ хакімді өлтіру үшін алып бара жатқан кезде көпшілік оған қарап: «Бұл — мәжуси», — депті. Сонда Сократ: «Мұндай сөзді айтудан тілдеріңді тартыңдар, мен мәжуси болған емеспін»,—депті.

Оны өлтіру үшін алып бара жатқанда шәкірттері жанында бірге еді. Бұлар көзіне жас алып: «Ей, хакім, енді өлімге бел байладыңыз, сізді қайсы жерге қоямыз»,— деді. «Қайсы жерді көңілдерің ұнатса сол жерге қойындар, денем қай жерге көмілсе, сүйегім де сол жерде болады, тек мені естеріңе сақтасаңдар болады», — деген екен.

Ей, перзентім, сенің адамдармен достық қатынасың орташа болсын. Достарым көп деп әркімге үміт түймесін қадауға әдеттенбе. Ілгергі мен соңғыға қара, достарыңның көзқарасынан хабарсыз болма.

Егер сенің мың досың болса да, сыртынан қарағанда соның бәріне сенен достығы мықты адам болмасын. Достықты молшылықта, сырласуға тұз-дәмдестік пен қиыншылықта, пайда мен зиянда сынап көр. Досың сенің жауыңмен жау болмаса, оны дос демегін, жай бір танысым дей сал. Досыңа дос кезінде бір нәрсе де үйретпе. Өйткені уақыты келіп досың саған дұшпан бола қалса, үйреткенің өзіңе зиян болар, өкінішке тап боласың. Кедей болсаң, дәулеттімен дос болма. Өйткені кедеймен ешкім де дос болғысы келмейді. Шын мәнінде малды адамдар кедейді жаман көреді. Сондықтан да өзіңе лайықты досты ізде.

Егер сен дәулетті болсаң, кедейді дос қылсаң орынды. Жалпы халықтың достығына көңілің таза, ақ болсын. Сол сияқты барлық істеріңде де туралықты, әділдікті басшылыққа алғын. Егер досыңның көңілі ешқандай себепсіз сенен қалса, оның көңілін аулауға, бетін өзіңе қайтаруға әрекет етпе. Дәмеленгіш, кекшіл достан аулақ бол. Оның достығы нағыз достық емес, уақытша пайдалану ғана. Біреудің табысын көре алмайтын бақылдармен достаспа. Кекшіл, қызғаншақ, іші тар, сараң адамдар достыққа лайықты деуге болмайды. Бақылдың малы таусылғанда кекшілдің кегі кетпейді. Олар сенімен кінәласып, араздасып ажырайды.

(Кайкаус. Қабуснама / Өзбек тілінен аударған – Т.Айнабеков. – Алматы: Жазушы, 2005. – 160 бет)
АТА-АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әр6ip перзенттің тeгi ата-ана ғой. Не үшін ата-анамды құрмет жасаймын деп ойыңа алма. Олар сен үшін өзін өлімге де қиятыны белгілі...

Eгер әрбір перзент акылды және дана болса, ол ата-ананың мейір-махаббатын құрметтеуден бас тартпайды... Ата-ананың міндеті – тәрбиелеу және жақсылыққа үйрету.

Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма... Олардың көңіл-күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.

Сен ата-ананың қарызын ақтау iciнe дін деңгейінен қарамасаң да, адамгершілік, ақыл-ой, парасат биігінен қарағын.

Ceнi жан-ділімен жақсы көpiп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын құрттай ic жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміc ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.



Мирасқорлық, арсыз ниетпен ата-ананың өлімін тілемегейсің. Солардың мал-мүлкі арқылы сен де мал-мүлікке ие боласың. Тапқан табысыңды бөлшектеп бөліп күнделікті тipшiлiк деп, өзіңді өзің қинама. Біреудің дүниесін пайдаланам деп әуреленбе... Сенен жағдайы жақсырақ адамды күндеме! Малсыздықтан жарлы болсаң да, ақылға бай болу үшiн жаса. Өйткені малмен бай болғаннан гөpi, ақылға бай болу жақсырақ. Наданның жарлы болуы демде. Аңдасаң, ақыл деген — 6ip қымбат нәрсе. Оны ұры алып кете алмайды, ол отқа жанып, суға ақпайды.

Егер ақылың болса, өнер үйрен, өйткені өнерсіз ақыл - киімсіз дене, яғни кескінсіз адам сияқты деуге болады. «Білім - ақылдың ажар-көркі» деп босқа айтылмаған.

(Кайкаус. Қабуснама / Өзбек тілінен аударған – Т.Айнабеков. – Алматы: Жазушы, 2005. – 160 бет)

ҮЙЛЕНУ ТУРАЛЫ

Ей, перзентім, егер үйленуді ойласаң, өз қадіріңді сақтай біл, қаншалықты мал қадірлі болса да, әйел, перзентіңнен аямағын. Әрдайым әйеліңді жақсы құрметтеу, перзентіңді тәртіпті тәрбиелеп өсіру — сенің қолыңдағы іс. Қатын алмақшы болсаң, оның дүниесі көбін талап етпей, тәрбиелісін алғын. Жұрттан асқан сұлу қатын алма, өйткені оған ғашықтар көп болады. Қатының табиғаты таза, жан дүниесі пәк, өзіңе дос болсын. Уақытыңды, дүние-малды жақсы сақтай алатын болуы шарт. Жақсы қатын өміріңнің рақаты болар...

Достықтың, үй тірлігінің жайын білмейтін қатыннан аулақ бол. Ерлі-қатын үй тірлігінің жайын жақсылап қолға алса, бір-біріне тәуелді болып, достығы арта түседі. Кәмелетке жеткен әйел анасының — үй қожасы, атасының - отағасы екенін байқап білетін жан болуы керек. Егер бұл сияқты көргенді, әрі көрікті қыз кез болса, тез үйлен... Білімді қатынның іс-әрекетіне тыйым салушы болма. Егер сен қызғаншақтық жасамасаң, кемсінбесең, катының саған ата-анаңнан да мейірімді болады. Саған одан дос кісі болмайды. Егер қызғаншақ, қатал болсаң, ол саған қас дұшпан болады, оның алдында басқа дұшпаның жіп есе алмай қалады.

Әйелді қызғанудан жұрдай, намыссыз бол демеймін. Намыссыз жасықтарды ер жігіт деуге болмайды. Намыссыз жан дінсіз болады. Қатының үй ішін тәртіптеп ұстай білетін, көршілерге азарсыз, абыройыңды сақтап білетін болуға тиіс. Алатын қатыныңның дәрежесі өзіңнен жоғары және бай болмасын. Оған тәуелді болудан сақтан. Өзіңнен жасы үлкенге үйленуге болады, бірақ тумайтын тұл қатынға үйленбе.



Ә ң г і м е. Ескендір Зұлқарнайынға: «Не үшін сен Дараның қызына үйленбейсің? Дәулетті де, сәулетті, сұлу да емес пе?» — депті. Сонда Ескендір Зұлқарнайын: «Олай ету — мен үшін ұлы айып іс. Біз дүние жүзіне мәлім кісі болып, дәулетті, сұлу деп, бір қатынға тәуелді болуымыз ер жігітке лайықты емес».

Ей, ұлым, енді есіңде болсын, алған әйелің балиғатқа жеткен болсын. Үй ішіңе және көршілеріңе, дос-жарандарыңа қадірлі болсын. Бойжетпеген өте жас қыз алма. Өйткені ер кісі әйелді отау құрып, оның рақатын көру үшін алады, тек бетіне қарап отыру үшін алмайды.



(Кайкаус. Қабуснама /Өзбек тілінен аударған – Т.Айнабеков.- Алматы: Жазушы, 2005.-160 бет)
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

(870-950)
Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, ежелгі Отырар, арабтар Фараб деп атаған қалада дүниеге келді.Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр аталған.

Энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі – ғалымның жан-жақты тұлғасын көрсетеді. Деректерде сауатын түрікше ашқаны, өзін ақын және күйші, әнші ретінде танытқаны айтылады.
Бауырым, қанша сүйгенмен,

Бітеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

Жататын дәйім жаңғырып,

Бұл өмір емес мәңгілік.

Бейопа мына заманда

Бақұл боп кетер адам да.

Жұрт кешкен күнін көп қызық,

Жіберер зая өткізіп.

Қағаздың түсті бетіне,

Сызықтай бейне тартылған.

Тап болып, жігер сарқылған,

Кездейсоқ өмір өтіне

Қайыспай тұрса нар тұлғаң

Сонда да беріп кетеміз,

Жүректің отын молында,

Арманды аңсап өтеміз

Ұлы мұрат жолында.

*** ***


Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достың атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.



Аударған А. Нысаналин. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 167-168 - беттер.)
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ ХАС-ХАДЖИБ

(ХІ ғасыр)



Шу алқабындағы қазіргі Тоқпақ қаласына жақын маңдағы ортағасырлық Баласағұн қаласында туған. Жүсіп Баласағұнидің «Құтадғу білік» еңбегі бізге жеткен дүнияуи әдебиеттің алғашқысы. Ол көне түркі тілінде жаылған. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының дербес халық болып бөлінгеніне дейінгі ортақ рухани игілік.

Дастан тәлім-тәрбиелік ой-толғамдарына өте бай және аса көркем стильде жазылған. Шығармада адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, сөз өнері, адамның әртүрлі жақсы-жаман қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеленеді.
Адам баласының қадір-қасиеті

біліммен, ақылмен екендігі туралы
Ақылды - ұлы, біл, білімді – білікті,

Қонса екеуі, ұлы етер жігітті...


Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде, сол білікті болады.


Ақылды ұғар, білімділер біледі,

Түгел болар білімді, есті тілегі!”...


Білімсіздер бар кеселді көреді,

Емдемесе, тектен текке өледі...


Ақылы болса, пайдасын ер көп көрер,

Білім білсе, әзиз тірлік өткерер!


Ақыл күллі ісіңді алып шығатын,

Бұл біліммен көрер бектер мұратын!



Білім, ақылдың қасиеттері,

пайдасы туралы
Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын,

Білім – жарық, нұрын саған шашатын.


Ақыл қолдап, біліммен ер жетілер,

Екеуімен қадірі артып, бекінер...


Ақылдыға қадір-құрмет лайықты,

Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!...


Ақыл болса, асыл болар – болса ер,

Білім болса, бектік қылар – қылса ер.


Ақыл кімде болса - болар асыл ол,

Білім кімде болса – бек һәм басың ол.


Ақылымен кісі асыл атанар,

Бекке ел ісі білімімен жасалар.


Талай ізгі іс, атқарылды ақылмен,

Мың рахмет ақыл-еске асыл кен!


Пайдасы көп, аз ақылды аз деме,

Қадыры көп, аз білімді аз деме!


Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас,

Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас!...


Ақыл, сенің анттасқан нақ жолдасың,

Білім, сенген мейірімді қандасың...


Ақыл керек, білім таңдап аларға,

Білім керек, іске жақсы қарарға...


Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы,

Білімді сөз – шырын, жанның құнары:


Біраз нәрсе кісінің қас-дұшпаны,

Білсе оларды өзін қинап қысқаны.


Бұның бірі – тілдің жалған айтқаны,

Бұдан басқа – айтқан сөзден қайтқаны.


Үшіншісі – шарапқа аңсар ауғаны,

Шәксіз, текке өтер өмір қалғаны.


Тағы бірі – жүгенсіз іс-қылығың,

Сүймес ешкім, алған жанды шырығын.


Енді бірі – зымияндық бықсыған,

Кісі үйін түтіндетіп, тықсырар.


Және бірі: ашулы тіл – у, ашық,

Өлтіреді шағып сөксе, тіл ашып.


Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып,

Одан құт, бақ безер аулақ жосылып...


Басы айналып, тағдыр оған иілмес,

Сырт айналар, айныр, қайта сүйінбес!..



(Баласағұни Ж. Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. Жиырма томдық. 5-том. Астана: Аударма, 2005. – 528 бет)
ӘБУ МУИН ӘЛ-КУБАДИЯНИ

ӘЛ-МАРВАЗИ НАСЫР ХҰСЫРАУ

(1004-1072)


Әбу Муин әл-Кубадияни әл-Марвази Насыр Хұсырау – тәжік-парсы ақыны, философ, дін қайраткері. Жас кезінде сарай маңында қызмет етеді. Дидактикалық лирикаларында зор ақындық шеберлігін танытты. Насыр Хұсыраудың аты 1046-52 жылдары Египетке жасаған саяхаттан соң жазылған «Сапарнама кітабы» арқылы әйгілі болды. Ол өзінің трактаттарында адалдықты, достықты, махаббат тақырыбын дәріптейді. Ақын шығармалары бүгінгі таңда да өшпес туынды болып қала береді.

БІЛІМ

Меншігіңді әрқашанда бақылаусыз қалдырма,

Оған-дағы күтім, қамқор керек болар алдырма.
Екі бірдей құлағың бар, екі бірдей көзің бар –

Сенім артар қақпаң сенің алып жүрер өзің бар.


Үйрен, таны! Құбылмалы тағдырың бар тағы да,

Айналаңды танып-білу, қорғаның сол бағыңа.


Білімді кім өзіне өлмес қалқан етсе қарулы,

Сол тіршілік шуылынан алаңдамас алымды.


Тағы да айтар ақылым бар: сенбе естіген жел сөзге,

Қауасеттің түбі шикі: мойын бұрма өлсең де.


Ұзын құлақ сөздерің де, хабарың да естіген,

Көргенге әсте ешқашан да тең келмейді деп білем.


Содан да сен естігенді қоян қақтым санама:

Әрбір сөздің дәлелі бар олжаға оны балама.


Керек десең сөз дегенің іс емес қой көрінер.

Ісің – жеміс! Ал сөздерің көлеңке ғой өрілер...


Маржан деп сен жүз қайтала, одан маржан шықпайды,

Одан гөрі бір сүңгісең қолың соны ұстайды.


АДАМГЕРШІЛІК

Бар өмірің адамзатқа қуаныш боп тарасын,

Жүзімдейін тәтті болып, билеп ал сен санасын.

Сенде егерде мұншалықты үлкен жүрек болмаса,

Майшамдай-ақ жарық төк те зәбір берме жанға аса.

Адамдарды ісіңмен де, сөзіңмен де жүдетпе,

Елді тыңда мейіріммен, салмақ салма жүрекке!

Дерті барды айықтыр да! Қайғылыны жұбат сен!

Жердегі өм ір қатыгез ғой теңестірсе тозақпен!

Буырқанған жассың ғой сен, жыртқыштарды үйрет сен,

Ата-анаңды әрқашанда қуанышпен билет сен.

Анамыздың бізді аялап өсіргенін ұмытпа,

Әкеміздің тәрбиесін салма әсте құлыпқа.

Содан да сен өзің жасар бейқамдықтан алшақ бол

Қартайғанда жүрегіңе у боп тұнар жаңсақ жол.

Көп ұзамай өзіңді де жаулап алар кәрілік,

Бұл киелі заңдылықты ұстама сен әрі ғып.

Өмір кеш сен бар жан үшін өзіңді әсте ойлама,,

Сенің жаның жарқырайды алғыс алып қайда да.
АФОРИЗМДЕР

Сен адамның ізгілікті қасиетін бағала,

Жақсы киім, жалған жүзді жүрісіне қарама.

***


Білім ғана бәрінен биік етер адамды,

Қатарыңда отырғаннан өткір етер жанарды.

***

Бәрін саған білу парыз. Оқи бер тек үздіксіз!



Оқу әсте ұят емес. Сырын жұмбақ білдік біз.
Өз ақылын кеңіткен жан айта білсін ашығын –

Бір күндері бақыт қонып, ұстаз болар асылың.

***

Бақытпен тек мақтануға әрқашанда болады,



Егер де ол болып жатса білім-қуат қонағы.

Аударған С. Оспан. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 258-265 - беттер.)

ӘЛІШЕР НАУАИ

(1441-1501)
Әлішер Науаи (Низамиддин Мир Алишер) шығыстың данышпан ақыны, философ, мемлеет қайраткері. Пәни (өткінші) бүркеншік атымен парсы тілінде жазды, алайда басты шығармаларын Науаи (сазды) бүркеншік атымен шағатай тілінде жарыққа шығарды. Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, пәлсапа, математика пәндерінен мағлұмат алды.

Әлішер Науаи есімі әдебиет пен мәдениет тарихында Гомер мен Данте, Рудаки мен Фирдоуси, Низами мен Шота Руставели, Шекспир мен Бальзак сияқты ұлы сөз зергерлерінің есімдерімен қатар тұрады.
АДАМ ПАРҚЫ
Жақсылардың жүрегіне тез қонар,

Өлгенді де тірілтетін сөз болар.


Өмір нарқы, адам парқы тіл болар,

Айтқан сайын жақұттайын нұрланар!


Аңдағанға, сөз –құлақтың сыңары,

Талғап ішсең, таусылмайтын бұлағы.


Кім-кімнің де білмек болсаң жан-ділін,

Жадыңда ұста айтқан сөздің әрбірін.


Тыңдаушы жұрт ұқсын десең мән-жайын,

Сө салмағын таразылап ал дәйім.


Көптің бәрі деп ойлама періште,

Өсекші де, есепші де – бәрі іште.


Ақиқат сөз кішіге де, үлкенге:

Не көрсе де тілден көрер бұл пенде.


Жас кезіңнен жадыңда ұста, біліп ал:

Бұл өмірдің бірі у да, бірі бал.


Қартайғанда өкініш көп, айлаң аз,

Ақылыңа жарасатын қайда наз?..


Ес кіргенде ескіреді адамзат,

Бәрін, бәрін кеш біледі адамзат.


Бұл дүниенің дүмі шолақ екенін,

Мен де білгем, білгеніммен нетемін?


Аңдағанға, адалдық та – бір ерлік,

Ертелі-кеш есіне алып жүрер жұрт...


Елемеді деп ойлама ел мені,

Әр адамның әділ биі – еңбегі.


Табиғатта таусылғанша жарасым,

Бұл фәнидің бәрі ғажап, бәрі асыл!


Ақиқаттан хабар беріп тұрмаса,

Айтқан сөзің ұнай қояр кімге аса?!


Біле-білсең, жақсы сөзде жан байлық,

Қапы қалма, шөліңді бас, қанбай жұт!



Аударған И. Сапарбай. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 266-275 - беттер.)

НИЗАМИ ГӘНЖАУИ

(1141-1209)

Низами Гәнжауи, Ілияс ибн Жүсіп Низами - Әзербайжан ақыны. Ол тарихта «Гәнжауи» деген лақап есімімен белгілі болған. Иранда, кейін Гәнжа қаласында ғұм ыр кешкен Низамидің әкесі, оған брынша түркілік мәдениет пен салт-дәстүрді санасына дарытып отырған. Заманында араб, парсы, гректің ғылым-білім салаларын жан-жақты меңгерген ғұлама болды.

ҰЛЫМА ӨСИЕТ

Ұланым! Даналардың ұқ ақылын,

Мектебің ғой сол ақыл, сара ғылым.
Білім ғана шын досың, сүйенішің,

Қиындықты шешушің, сүйер күшің.


Тірі пенде қазіргі өлер бір күн,

Мәңгі жайға жөнелер тастап мүлкін.


Ақылым сол: «Сергек бол, жатпа, ұлым!

Мен кетемін бақиға, сақтан, ұлым!


Бақыт пен өмір бағын, - біл ұғам деп,

Есімің қасиетті – ол Мұхаммед.


Аян беріп жұлдыздар қойылды атың, -

Көтер даңқын, Мұхаммед шарафатының.


Әз есім тұр даңқтың болатында,

Жетсін төбең көктің кең қабатына.


Барғанымда пейішке мүһмін жұрттан,

Құрмет көрсем ісіңе жұрт болып таң.


Даналардан тағылым ал, пейілдес бол,

Ұлылық пен даңққа табарсың жол.


Достарыңның тек бірі болса бұзық,

Абыройыңды сенің сол кетер бұзып.


Айрылма жауһарыңнан теріп алған,

Жолама залымдарға сөзі жалған.


Сұмдықтан - туар деме жақсылықты,

Сұмдық түбі – залымдық пасық тіпті.


Білімі мол алады қолмен епті,

Шыңнан лағыл- теңізден меруертті.


Ақыл мен жан дем алып бір санадан,

Жеңеді, мәңгі тірі ақыл мен жан.


Екеуі хақ рухына бірдей құштар,

Шүбәсіз осы жолға, ұлым, түс, бар.

Мектебің ой сал ақыл, сара ғылым,

Қарғысын жұлған кезде күшпен төтен.


Ғаріп пен аштарға дәм берген артық,

Сорлының халуасын жеме тартып.


Қанжарын жарқылдатты таң да көкке,

Уа, Низами оян сен, жатпа текке.


Ал қаламды михнаттан сен жалықпа,

Қазынаңның қақпасын аш халыққа!»



Аударған Қ. Бекхожин. (Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 2-том: Шығыс әлемі (орта ғасыр)/Жетекшісі Ә.Н. Көшербаева. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009– 400 бет. 328-332 - беттер.)
ГУГО СЕН-ВИКТОРСКИЙ

(шамамен 1096-1141 жылдар)

Гуго Сен-Викторский - француз ойшылы, дінтанушысы, педагогы. Фландрияда текті тұқым отбасында дүниеге келген. Немістің Хальберштадт қаласының маңындағы Хаммерслебен ғибадатханасында білім алғаннан кейін «кемеңгерлікке құштарлық» жетегінде Батыс Еуропа философиялық-теологиялық білімінің орталығы болған Париж қаласына көшкен. Сен-Виктор аббаттығына қоныстанып, осындағы Гильом де Шампо негізін қалаған ірі философиялық мектептің ең даңқы жер жарған өкілі болып шығады. 1138 жылдан өмірінің соңына дейін осы мектепті басқарады.
ОҚУҒА АҚЫЛ-КЕҢЕС. КІТАП ОҚУДЫҢ

МӘДЕНИЕТІ ЖӨНІНДЕ
Табиғатында өзбетінше ой ойлап, оп-оңай түсінуге болатын нәрсенің өзін қиындықпен түсінетіндер аз емес. Мұндай адамдар, менің пайымдауымша, екі топқа жататын сияқты. Біреулері өзінің қабілетінің қаншалықты дәрежеде екенін мойындай отырып, білімге қарай бар күшін сала ұмтылады; егерде сол жанталаса іздегенінің арқасында қандай да бір нәтижеге қолы жететін болса, онда онысы ақыл-ойының емес, тынымсыз күш-жігерінің арқасы. Басқалары болса, қанша тырысса да, биік нәтижеге қолы жете алмайтынын білгендіктен, аздың өзіне қанағат тұтуға мәжбүр болады: олардың соншалықты әрекетсіздігі мен немқұрайдылығынан ұлы ақиқаттың сәулесінің өзі олардың сол аздың өзін оқып-білуге ықылассыздығынан мардымсыз болып көрінеді. Болғалы тұрған нәрсені болдырмайтын олардың өздері ғана. Бұл туралы діни жыршының: «Оның жақсылық жасауға ақылы жетпейді» дегені бар. (Пс.35,4).

Мүлде білмеу – бір мәселе және түк те білгісі келмеу – мүлде басқа нәрсе екенін ұмытпаған жөн. Басқаша айтатын болсақ мынадай: мүлде білмеу - әлсіздіктен, бірақ білімнен жеріну – ерік-жігердің жоқтығынан. Табиғат шындыққа жету үшін бай да жеңіл мүмкіндіктерді аямай бере салған адамдар да бар. Оларда қабілет те тең болмау ы мүмкін, тіпті қабілет тең болғанның өзінде, олардың бәрінде бар табиғи ақыл мен ой ойлауқабілетті шынықтырып-жаттықтыруға және үйретуге шыдамдылық пен ерік-жігері бірдей болмауы мүмкін. Ондайлардың дені ғасырдың иыққа түскен ауыр жүгін қайтсем жеңілдетемін деумен және қажеттіліктен артыққа күйіп-пісумен жүріп немесе тән рахатына берілемін деп, өздеріне Құдайдың берген талантын жерге көміп тастайды да, даналықтың жемісінен де, жақсы істің игілігіне де қол жеткізе алмайды. Ал басқа біреулерді, керісінше, отбасының кедейлігі мен қолының қысқалығы оқып, білім алуға мүмкіндіктен айырады. Дегенмен, бұл себептердің бәрі де өзгермелі деп ойлаймыз; өйткен, біреулердің аштықта да, шөліркеп те, тіпті қандай қиыншылық болса да білімнің жемісін теріп жүргенін көріп жүрміз. Дегенмен де, егерде сен оқи алмасаң, немесе, шынында да, оқуды оп-оңай игере алмайтын болсаң – бір мәселе, ал егерде мүмкіндігің бола тұрып, білуге ұмтылмасаң, құштарланбасаң – бұл мүлде басқа мәселе. Әйтпесе қабілеттің жетімсіздігінің өзінде бір ғана білсем деген ұмтылыстың нәтижесінде даналыққа ие болу қандай мақтаныш саналады; әрине, мұнымен салыстырғанда қабілеті мен мүмкіндігі бола тұрып, әрекетсіздік танытып, тоғышарлықпен өмір сүру ұят-ақ.

Ғылым үйренуге ұмтылғандар үшін екі нәрсені білу маңызды: оқу мен ой ойлау. Бұл екеуінің ішінде білім үйренудегі оқу бірінші орынға ие; кітап оқу кезінде маңызды үш ережені есте ұстаған жөн: біріншіден, қандай кітап және нені оқу керек екенін әркім білуі қажет; екіншіден, қандай тәртіппен, яғни қайсысын алдымен және қайсысын екінші кезекте оқу керек; үшіншіден, қалай оқу керек.

Біз ұмтылған нәрселердің ішінде ең лайықты да мәртебелісі – даналыққа жету бәрінен биік саналады. Өйткені, ол толыққанды игілікті мәнге ие. Даналық адамның өзін-өзі тануына, ол өзін тұңғыш суреткермін деп ойламаған кезінде кіммін және не үшін өмір сүремін деп ойлануға мүмкіндік берді, ағартушылыққа жеткізді. Адам осылайша өзінің ажалсыз рухымен (animus), жетілген даналығымен өзінің адами басталуымен және өзінің соншалықты жексұрындығын мойындауға мәжбүр болады; кімге жеткілікті берілгенді, өзінен іздеместен бар болу үшін оның өзі бар екен. Аполлонның үштағанында: gnoti seauton, яғни «өзіңді өзің таны» деген жазу бар екенін айтады білетіндер. Өйткені адам егерде өзінің қайдан шыққаны есінде болса, онда ол өзгеріске ұшырайтынның бәрін, күмәнсіз, мойындаған болар еді. Біз оқып-білу арқылы өзімізді бастапқы қалпымызға келтіре аламыз, сөйтіп өзіміздің табиғатымызды білу үшін, сырттан іздеуді үйренуден бұрын өзіміздің бойымызда барды іздеп табуға ұмтыламыз. Өмірдің ең биік мәртебесі әрі мұраты – даналыққа ұмтылу, оған жеткен адам – бақытты, ал ол кімде бар болса, ол қазыналы, көшелі адам.



(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2009. 3-том: Орта ғасыр дәуіріндегі педагогикалық ойлар/Жетекшісі Жусанбаева Г.М.- 416 бет. 231-233-бб.)
БЕНДЖАМИН ФРАНКЛИН

(1706-1790)

Бенджамин Франклин – көрнекеті американ ойшылы және қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым, ағартушы. Франклин бала кезінен-ақ білімін жүйелілікпен және табандылықпен толықтырып, өз бетінше білім алумен айналыса бастайды. 20-жылдардың аяғы, әсіресе 30-40-жылдары Франклин қоғамдық қызметке белсенділікпен араласады. Оның бастамасымен отар елдерде көпшілікке арналған кітапханалар ашылады, Америка философия қоғамы құрылады, жастарды оқытуға арналған Академияның (болашақ Пенсильвания университеті) негізі қаланады.

ӨМІРБАЯН

Қымбатты ұлым!

Мен әрқашан да өзімнің ата-тегім туралы мәліметтер жинақтағанды жақсы көретінмін. Сен, бәлкім, екеуміздің Англияда бірге болған кезімізде менің отбасылық құндылықтарды қалай іздестіргенімді, осыған бола саяхатымды түгелдей сарп қылғанымды ұмытпаған да боларсың. Менің өмірімнің өзіңе белгісіз жақтарын танып-білу саған да қызықсыз болмас деп топшылап, басқа ештеңеге алаңдамайтын бірнеше аптаның рахатын алдын ала түйсініп, үстелге отырдым да, осы хатты жазуға кірістім. Мені қолыма қалам ұстауға итермелеген одан басқа да бірнеше себеп бар. Мен ауқатты және ерекше текті отбасынан шықпасам да, менің өмірімнің алғашқы жылдары кедейшілік пен белгісіздікте өтсе де, мен ақыры сәулет-дәулетке және аз-маз атаққа қол жеткіздім. Сәттілік менің жас шағымнан бастап, тіпті өмірімнің кейінгі кезеңінде де айнымайтын серігім болды, сондықтан үрім-бұтағым менің осы жетістіктерге қалайша қол жеткізгенім жайында және қандай құдіреттің көмегімен осынша табыстанғаным туралы білгісі келуі де ғажап емес. Кім біледі, мүмкін олардың әйтеуір біреуі кенеттен осынджай жағдайларға тап келгенде маған еліктеп, жол табатын болар?!

Ең алдымен қоғам мінберіне өзімнің іскер адам ретінде шыға бастағаным туралы айтпас бұрын мен саған өзімнің сол тұстағы ойлау дағдым, қағидаларым мен моральдық ережелерім туралы әңгімелегім келеді, сен олардың менің өмірімдегі келешек оқиғаларға қаншалықты әсер еткенін түсінсең екен деймін.

Өзім оқыған кітаптардан кездестірген моральдық ізгіліктердің тізбелерінен мен олардың азды-көпті санын таптым, алуандаған жазушылар идеялардың көп және аз тобын бір атауға біріктіріпті. Мәселен, ұстамдылықты кейбіреулер шамалап ішіп-жеуге әкеліп тіреді, ал басқалары осы ұғымның аясын рахаттану атаулыны, желпініп-желігуді, ыңғайға жығыла кетуді, жан немесе тән құштарлығын, тіпті сараңдық пен мансапқұмарлықты шектеуге дейін кеңейтті. Мен көп түрлі идеяға аз ғана атау беретін керісіншеліктен қашып, әр атаумен үндес санаулы идеяларға көп атау қолданғанды жөн көрдім. Маған сол уақытта қажетті немесе қалаулы болып көрінген ізгілік ұғымдарын он үш атаумен таңбалап, әр атауға қандай мағына жинақтайтынымды көрсететін қысқаша тағлымдармен бірге ұсындым:

1. Бірқалыптылық – Асты қатты тойғанша жеме, шарапты мас болғанша ішпе.

2. Үндеместік - Өзгеге немесе өзіңе пайда әкелетін нәрсені ғана айт, бос әңгімелерден аулақ бол.

3. Тәртіп сақтау - Әрбір затыңның өз орыны болсын, әр істі өз уақытында тындыр.

4. Шешімшілдік - Өзің істеуге тиісті нәрсені міндетті түрде орында; өзің ойға алған істі дереу аяғына дейін апар.

5. Ұқыптылық – Ақшаңды өзіңе және өзгеге пайда әкелетін жайттарға жұмса, яғни ысырапшыл болма.

6. Ынталылық – Уақытыңды босқа өлтірме, әр уақытта пайдалы нәрсемен шұғылдан, керек емес іс-әрекеттен бас тарт.

7. Шынайылық -Алдама, ойларың таза және әділ болсын, әңгімелескенде де осы ережені ұстан.

8. Әділдік – Ешкімге әділетсіз іс-әрекетпен немесе жақсылық жасау мүмкіндігін құр жіберіп залал келтірме, жақсылық жасау – парызың.

9. Ұстамдылық – Шектен шығудан сақтан; өзің орынды деп санағаныңша, реніш сезімін әділетсіз негізде туындаудан тізгінде.

10. Тазалықсүйгіштік - Өз тәніңді таза ұста; киімің мен үйіңнің кіршіксіз тазалығын қадағала.

11. Сабырлылық – Түкке тұрмайтын нәрселерге бола уайымдама және әдепкі немесе шарасыз оқиғалар сылтауымен әуреленбе.

12. Пәктік – Жыныстық қатынасқа жиі емес, денсаулық үшін немесе ұрпақ өрбіту мақсатында түс, ешқашан мұны есіңді жоғалтқанша, күшіңді сарыққанша немесе өзің мен өзгені абыройдан ада қылатындай жасама.

13. Бойсұну – Иисус пен Сократқа елікте.

Менің осы ізгілікті ұғымдарға дағдылануды меңгергім келді; осы мақсатта мен бірден бәрінің соңына түсемін деп бөлініп-жарылмай, белгілі бір уақыт аралығында тек бір белгіге көңіл бөлейін деп шештім; соңғы нәтижеде барлық он үш ізгі қасиетті бойыма дарытқанша біреуін жақсы игеріп болғаннан кейіе екіншісіне ауысып отырмақпын. Пифагордың «Алтын өлең» жинағындағы ақыл-кеңестерге сәйкес күнделікті өзіңді-өзің тексеру қажеттлігін мойындай отырып, мен ол тексеруді қалай жүргізудің келесі тәсілін ойлап таптым.

Мен арнайы кітапша аштым да, оның бір-бір бетін ізгілік ұғымдарының әрқайсысына арнадым. Әрбір бетті қызыл сиямен әлеміштеп, әр аптаның жеті күніне сәйкес бағандар түздім, әр қатар аптаның әрбір күнінің бас әріптерімен белгіленді. Содан кейін он үш көлденең қызыл сызықтар жүргізіп, әр жолдың басталуын ізгілік атауларының бастапқы әріптерімен таңбаладым. Осылайша бағанға сәйкес тармақталатын әрбір жолда мен тексеру талабына сай бір тәулікте атқарылған ізгілікті істерге нұқсан келтіретін әр жағдаятты қара қосарлы айқышпен белгілеп отырдым. Менің басты назарға алғаным – апта ауқымында межеленген ізгілік міндеттемелерін берілген ретімен орындау. Міне, осылайша мен өз күнделігімдегі жолдарды айқыштардан бірте-бірте айыра тазартып, оның беттерінен ізгіліктенудегі төл табыстарымды зор қанағаттану сезімімен көремін. Ең соңында осындай ізгілік тәрбиесінің бірнеше мектебінен өтіп, он үш апталық күн сайынғы өзіңді-өзің тексеру нәтижесінен кейін жақсылықтар жаңбырымен жуылып-шайылған жан сарайына ұқсас таза кітапшаны көру бақытына ие боламын.

Осы еңбекте мен келесі ойымды түсіндіріп, әрі қарай дамытқым келеді: кемшін қылықтар оларға тыйым салынғандықтан зиянды емес, шын мәнінде зиянды болғандықтан да оларға тыйым салынған. Адам табиғатынан тікелей туындатып барып, мен осы түсініктемені түздім. Егер әрбір адам осы жалғаннан бақытты болып өтуді қаласа, ол ізгі ниеттілер қатарында жақсылық жасауға мүдделі болуы шарт. Мен жастардың көзін мына ақиқатқа жеткізуге талпынсам деймін: кедей адамды бақытқа бөлейтін адалдық пен шынайылықтан асқан ұнамды ұлық қасиеттер жоқ. Өйткені, әлемнің әр алабынан әрқашан адал орындаушыларға мұқтаж бай саудагерлер, текті адамдар, мемлекеттер мен билеушілер көптеп табылады, ал адал адамдар өте сирек кездеседі.



(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. - Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. 4-том: Жаңа дәуірдегі педагогикалық ойлар (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.)/Жетекшісі Қалиева К.М.- 384 бет. 250-256 - беттер.)
СҰЛХАН САБА ОРБЕЛИАНИ

(1658-1725)

Ірі картилиялық феодал отбасында дүниеге келген жазушы, ғалым, саяси қайраткер С. С. Орбелиани тамаша біліммен қаруланды. Оның өміріне сол кездегі Картилиядағы саяси оқиғалар әсер етті, ол 1698 жылы Саба деген атты жамылып, Давид Гареджи шіркеуіне мінәжат етуге кетеді. Шәкірті Вахтанг VІ Картилия билігіне келгеннен кейін Орбелиани шіркеуді тастап, ағартушылық қызметке ауысады.

Өз еңбектерінде ғалым білім мен ақыл-ойға деген өз сенімін баяндайды. Білімсіздікті қоғамның жауы деп білген ол адамзатты жан-жақты дамуға, ол үшін білім алуға шақырады. Оның тәрбиелік маңызы зор шығармаларының бірі – «Сұлхан Саба Орбелианидің өсиеттері». Барша білімпаз қауымды автор Отанды сүюге және адамгершілік қайнарларынан сусындауға шақырады.

СҰЛХАН САБА ОРБЕЛИАНИДІҢ ӨСИЕТТЕРІ

(Үзінділер)

Өз жақындарына құрметпен қарап, тіпті жасы кішілерге де ілтипат танытатындардың қай-қайсысы да қарапайым әрі сабырлы болып келеді.

Тек туғандарың мен достарыңды ғана емес, жат жандар мен жауларыңды да, барлық адамдарды бөлінбей де жарылмай, өзгермей де құбылмай шын жүрекпен жақсы көр.

Егер кімде-кімнің жолы болмаса, жоқшылыққа ұшырап, жағдайы нашарласа, барлық адамдар оған қол ұшын беруі тиіс, себебі ол – мейлі кедей болса да, Адам ата мен Хауа ана кіндігінен жаралған өзің сияқты пенде баласы.

Егер бөгде және бейтаныс адам келіп есігіңді қақса, оны сәлемдесе қарсы алып, оң қабақпен қабылдағаның абзал: біріншіден, қонақжайлылық көрсеткенің; екіншіден, жат та болса жақыныңды - өзіңдей Адам ата перзентін үйге кіргізесің; үшіншіден, әлсіз де мұқтаждың көңілін көтересің; төртіншіден, ашыққанды тойдырасың; бесіншіден, шөлдегеннің сусынын қандырасың.

Сабырсыздық әке-шешеңді сыйламауға итермелейді; жек көрушілік адамға қол жұмсатып, кісі өлтірер қатыгездікке бастайды; ұрлық-қарлық та, тонаушылық та соның кесірінен болады; адамгершілік қасиеттер жұтайды – азғындық пен арсыздық белең алады; байыпсыздық жалғандыққа, күншілдікке, жақыныңның жақсылығын, көршіңнің игілігін қызығып-қызғануға үйретеді. Мұндай жұғымсыз жанның адамдар арасында қадір-қасиеті болмайды, алда-жалда бедел-билікке ие болса, өз ашу-ызасына бой алдырып, жан-жағындағыларды жайпайды. Ондай жан өзіне өзі жау және адамдарға пайдасы шамалы.

Адамдардың ұнамды да жағымды сөйлеу білігі болуы керек, олардың ауыздарынан жаман сөз шықпауы тиіс, өйткені былапыт адамның жанын ластайды, ақыл-санасын түршіктіреді.
*** *** ***

Жолдас – ол қорғаның, сарқылмас суың, биік мұнараң, алынбас қамалың!

Жолдас – тарқамас той-думаның, қай дастарханыңның да көркі, көңіліңді көркейтер қуанышың!

Жолдас – жаныңның жарығы, көзіңнің қарашығы, қолдарыңның қуат-күші және сенімді қорған-тылың!

Жолдас – жауыңның алдындағы мысың, жақыныңның алдындағы үмітің, бөтеннің алдындағы жақтасың, ғалым болсаң – қызметші құлың!

Жолдас – жалғызға үн қосар, көпке күш қосар, азға сүйеу болар жан!

Жолдас – қиындықта қол ұшын береді, ауырғанда дәруішің болады!

Алыстан келе жатқан жолдасыңды алдынан шығып, қол қусырып қарсы ал, ештеңеге тарылмай, «Менікі болсыншы!» деп сұрағанының бәрін бер, тілегін қабыл ет!



(Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. - Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008. 4-том: Жаңа дәуірдегі педагогикалық ойлар (ХVІІ-ХVІІІ ғғ.)/Жетекшісі Қалиева К.М.- 384 бет. 350-352 - беттер.)


Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет