О., Кішібаев Қ. О оқушыларға химиялық эксперимент арқылы білім беру мен танымдық әрекетін қалыптастыру мәселелері



Дата08.09.2017
өлшемі103,5 Kb.
#31333
Мырзахметова Н.О., Кішібаев Қ.О
Оқушыларға химиялық эксперимент арқылы білім беру мен танымдық әрекетін қалыптастыру мәселелері
Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

nurgalieva_janar@mail.ru
Қазіргі мектептегі химияны оқытудың маңызды міндеттерінің бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, олардың өз бетімен білім алуға, терең білім алу мен оны өмірде қолдана алуына және толықтырып отыруына түрткі болатын «өзіндік жеке траекториясын» қалыптастыру. Бұл міндетті химия сабағында химиялық құбылыстардың мәнін түсіндіретін жарқын және есте қаларлықтай тәжірибелерді көрнекілеу үрдісінсіз мүмкін емес.

Химиялық эксперименттің әдістемесі мен техникасын жетілдіру, оқыту құрал-жабдықтарын жаңартумен тығыз байланысты. Мектептегі және жоғарғы оқу орындарында оқытылатын химия курстарының әртүрлі бөлімдеріне арналған оқу құрал-жабдықтарын жасауға В.П. Артемьев, В.Н. Верховский, А.А. Журин, Э.Г. Злотников, Р.Н. Князева, Т.С. Назарова, П.А. Оржековский, И.Ф. Раздымарин, В.В. Сорокин, Г.В. Пичугина, А.А. Цветков, С.Г. Шаповаленко сияқты ғалымдардың ғылыми жұмыстары арналған.

Химияны оқыту кезінде оқу үрдісінің маңызды бөлігі ретінде химиялық эксперимент маңызды рөл атқарады.

Химияның эксперименттік сипаттамасы әр ғылыми ұғымның алдына қойылған міндетінен, практикалық негізі болу керектігінен шығады. Тану затты, құбылысты, үрдісті, фактілерді сезіну, қабылдаудан басталып, жалпылау мен абстракциялауға көшеді.

Химиялық ұғым – химиялық құбылыстар мен үрдістердің белгілері туралы білімді ортақтастыру. Оларды сараптау барлығына тән белгіні анықтау негізінде химиялық заңдылықтарды орнатады. Химиялық эксперименттің әр түрін пайдалана отырып, оқытушы теориялық білімді нақтылайды. Химиялық эксперимент оқушыларға олардың меңгерген химиялық ұғымын нақты мазмұнмен толтыруға, әртүрлі деректерден жалпы заңдылықты көруге көмектеседі. Химиялық эксперимент өз бетімен жұмыс істеуге, химияға деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді, себебі оны орындау үрдісінде оқушы бұл жұмыстың практикалық мәнін ғана емес, сонымен қатар бұл білімді қолдануға мүмкіндік алады [1].

Оқушының орындайтын химиялық эксперименттері оқу үрдісінің барлық бөліктеріне кіре алады. Оқушылар жаңа білім алу үрдісінде қолданылатын химиялық эксперимент түрлерін қарастырайық.

Оқу үрдісіне оқушы экспериментін қосу кезіндегі әдістерді таңдауда негізгі және қосымша мақсаттарды анықтап алу маңызды. Жаңа материалды оқыту кезінде негізгі мақсат дерек пен теориялық білімді ортақтастыру болса, ал қосымша мақсаттар бұл логикалық ойлауды, білік пен дағдыны дамыту болады.

Химия пәнін оқытуда оқушылардың эксперименттерді өздерінің орындауының маңызы зор. Оқушының орындайтын эксперименттері: көрнекілік тәжірибелер, сарамандық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер және олар сабақ барысында орындайтын эксперименттік есептер болып бөлінеді.



Көрнекілік тәжірибелер оқушылардың заттар, химиялық құбылыстар, химиялық ұғымдар туралы ойын қалыптастыру үшін жаңа материалды түсіндіру кезінде көрсетіледі. Көрнекілік тәжірибе көрсету маңызды нәтижелерді түсінікті етуге немесе химия тарапынан талқылауға, зертханалық тәжірибелерді орындауға үйретеді. Оқушылардың назары тәжірибені орындауға және оның нәтижесін талқылауға аударылады. Оқытушы тәжірибені көрнекі көрсете отырып, оны түсіндіріп жатса, оқушылар тәжірибені және түсіндіріліп жатқан материалды тек үнсіз ғана бақылап отырмайды. Олар назарларын тәжірибеге аударып, құбылысты барлық қырынан бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда оқытушының іс–әрекеті сиқырлы манипуляция емес тәжірибені бұнсыз орындауға болмайтын қажеттілік. Тәжірибені көрнекі көрсету кезінде құбылысты бақылау зертханалық тәжірибені орындауға қарағанда ұйымдасқан түрде болады. Бірақ көрнекілік тәжірибелер қажетті біліктілік пен дағды қалыптастырмайды, сондықтан ол зертханалық тәжірибемен, сарамандық жұмыстармен және эксперименттік есептермен толықтырылуы қажет [2].

Көрнекілік тәжірибелер келесі жағдайларда жүргізіледі: оқушыларды қажетті құрал-саймандардың қажетті мөлшерлерімен қамтамасыз ете алмағанда; тәжірибенің қиын, оқушылардың өзі орындай алмайтынында; бұл тәжірибені орындау үшін қажетті техниканы оқушылар меңгермегенде; аз мөлшерлердегі заттармен немесе тәжірибе нәтиже бермегенде; тәжірибе қауіпті болғанда (сілтілік металдармен, жоғарғы кернеулі электр тоғын қолданатын жағдайда); сабақта жұмыс жылдамдығын арттыру қажет кезінде.

Әр көрнекілік тәжірибенің оқытылатын құбылыстың сипаты мен оқу-тәрбиелік міндетіне байланысты өзінің ерекшелігі болады.

Көрнекілік эксперименттің педагогикалық тиімділігі, білімге, білік пен дағдыға әсері оның техникасына байланысты. Көрнекілік эксперименттің техникасы дегеніміз - осы экспериментті орындауға қажетті құрал-жабдықтардың, аспаптардың жиынтығы, көрнекі тәжірибе көрсету кезінде оның сәтті және айқын өтуін қамтамасыз ететін құрылғылармен және аспаптармен оқытушының жұмыс істей білуі. Оқытушы алдын-ала кабинеттегі құралдарды және олардың әрқайсысының жұмыс істеуін тексеріп, көрнекі тәжірибе көрсету техникасын жете меңгеруі қажет. Көрнекілеу әдістемесі дегеніміз - көрнекілеуді тиімді және оны жақсы қабылдау үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы. Көрнекілеу техникасы мен әдістемесі бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан оларды бірге көрнекілік эксперименттің технологиясы деп атауға болады. Көрнекілік тәжірибені орындауда әр тәжірибені жүргізу техникасы, реактивтердің сапасын, аспаптар мен құбылыстарды оқушылардың барлығы көре алатындай мүмкіндіктер жасап, оларды қауіпсіздік тұрғысынан тексеріп алу маңызды. Кейде көрнекі көрсететін үстелдің үстіне екі құрал-жабдықтарды қойған дұрыс: біріншісі жинақталған, тәжірибе жасауға дайын, ал екіншісі құрастырылмаған, оны пайдаланып, құрал-жабдықтың құрылысын толық түсіндіруге болады [3].



Зертханалық тәжірибелер оқушының өз бетімен орындайтын жұмысының түрі. Ол сабақтың кез-келген кезеңінде материалды тиімді меңгеру және белгілі, саналы, берік білім алуы үшін орындалады. Зертханалық тәжірибені оқушылар эксперименттік дағдысы мен білігін жетілдіре отырып, өз беттерімен орындайды және тәжірибені орындау ол сабақтың барлық уақытын емес, тек бір бөлігін алады. Зертханалық тәжірибені кез-келген заттардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу кезінде немесе арнайы теориялық ұғым мен ережені, сирек жаңа білімді игеру үшін жасайды. Өйткені, жаңа білім алу мазмұнында әрқашан таным міндеті болады. Зертханалық тәжірибенің сарамандық жұмыстан ерекшелігі оқушылардың барлық зейінін, назарын түгел аудармайды, өз бетімен істеген жұмыстың бөлігінен кейін оқушылар мұғалімнің түсіндіруін қабылдауға дайын болады. Зертханалық тәжірибелер мұғалімнің оқу материалын мазмұндауымен және көрнекі көрсетуімен қатар жүріп отырады. Сөйтіп, оқушының заттардың қасиеттері мен химиялық үрдістер туралы білімін қалыптастырады, бақыланған құбылысты қабылдауға үйретеді. Көрнекілік тәжірибе көрсетудің эксперименттен айырмашылығы эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастырады. Зертханалық тәжірибенің міндеті – оқытылып жатқан белгілі құбылыспен оқушыларды тезірек, толығырақ таныстыру. Сондықтан пайдаланылатын техника 2-3 операциядан тұрады, бұл сарамандық білік пен дағдының қалыптастырылу мүмкіндігін шектейді. Зертханалық тәжірибе көрнекілік тәжірибеге қарағанда тиянақтырақ дайындалады. Бұл бір нәрсені ескермеу бүкіл сыныптың тәртібінің бұзылуына әкелуіне соқтырады. Зертханалық жұмысты әр оқушы өзі жеке орындауы қажет. Тым болмаса құралдардың бір жинағын екі оқушыдан артық пайдаланбауына қол жеткізуге тырысу керек. Бұл оқушылардың ұйымдасуы мен белсенділігіне, сонымен қатар, зертханалық жұмыстың мақсатына жетуіне оң әсер етеді. Тәжірибелер орындалған соң сарапталып, жасалған жұмыс жайлы қысқаша жазба жазу қажет [4].

Сарамандық жұмысоқушылар химия курсының белгілі тақырыбын немесе бөлімін оқып бітіргеннен кейін белгілі бір тақырыпта химиялық тәжірибені өз беттерімен орындауы. Өйткені, сарамандық жұмысты орындау өткен тарауларда алынған білімді пысықтауға және осы білімді пайдалана білуге, оқушылардың эксперименттік біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға, жетілдіруге әсер етеді. Сарамандық жұмыс зертханалық тәжірибеге қарағанда оқушылардан өз бетімен көбірек жұмыс етуді талап етеді. Бұл балалардың жұмыстың мазмұны мен жұмыс істеу тәртібімен үйде танысып дайындалуымен, осы жұмысқа қатысты теориялық білімді қайталауына байланысты. Сарамандық жұмысты оқушы өз бетімен орындайды, бұл оқушылардың тәртіптерінің жақсаруына, жинақылық пен жауапкершілікке баулиды. Құрал-жабдықтардың жетпеген немесе басқада жағдайлар орын алған кезде ғана тек екі оқушының бір жұмысты орындауына рұқсат етілуі керек. Сарамандық жұмыс кезінде оқытушы тәжірибенің дұрыс орындалып жатқаны мен қауіпсіздік техникасының сақталуын, жұмыс орнының тазалығын қадағалауы керек және кеңес берумен ғана шектелуі керек. Сарамандық жұмыс кезінде оқушылар тәжірибе нәтижесін жазып отырады, ал сабақ соңында сәйкес қорытынды шығарады.

Эксперименттік есептер – экспериментті жүргізу мен шешу жолдарын оқушылардың өзі таңдайтын өз бетінше істейтін жұмыстың бір түрі. Бұл олардан теориялық білімді белсенді түрде қолдануды ғана емес, сонымен қатар, сәйкес тәжірибелерді орындай алуын талап етеді. Эксперименттік есептердің негізгі мақсаттары – білімді практикада қолданумен байланысты жүйелі жаттығулар, сонымен қатар, әртүрлі зерттеулерде қажет болатын эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастырады. Зертханалық тәжірибе мен сарамандық сабақтардан эксперименттік есептердің айырмашылығы эксперименттік есептерді жаңа материалды оқыту және пысықтау кезінде де, білімді тексеру кезінде де, үй жағдайында да, химияның әр сабағында шешуге болады. Эксперименттік есептерді жеке, топпен немесе барлық оқушы бірге де орындауға болады. Эксперименттік есептерді шешу үрдісінде оқушылар алған біліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, сонымен қатар, білімдерін қолдауды да үйренеді. Бұл алға қойған міндеттің теориялық шешімін тауып қана қоймай, алынған нәтижені тәжірибе жүзінде де тексеруге ықпал етеді. Басқа сандық есептермен салыстырғанда эксперименттік есептердің танымдық мәні зор. Себебі бұндай есептерді шығару үшін теориялық негіздеу аз, тәжірибе жасап, оның мәнін түсіндіру қажет. Эксперименттік есептерді шығару мұғалімге аз уақыт ішінде материалды оқушылар қалай меңгергенін және алған білімдерін тәжірибеде қалай қолданатындарын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижені талқылау кезінде қателерді табуға, оның себебін анықтауға, оны жөндеуге, оқушыларға көмек көрсетуге және эксперименттік білік пен дағдыны жетілдіру жолдарын іздестіруге мүмкіндік беріледі.

Мектептегі ғылыми зерттеу жұмысы бірнеше сатыдан тұрады. Тәжірибе жұмыстарын дағдыларын және зерттеудің принциптерін меңгеруде химия саласындағы жобаларды жасаудың ары қарай дамуына септігін тигізеді. Оқушыларды синтездеу, анализдеу осыған ұқсас шығармашылықтың принциптерінің әдіснамасымен танысады (жағдаяттарды құрастыру, теориялық негіздемесі жеткен жетістіктердің нәтижелерін қорытындылау), мұғалім оқушыларды өз бетімен жасайтын зерттеу жұмыстардың бірнеше толық түрлерін ұйымдастыруда өзіндік шығармашылық потенциалы, өзін – өзі оңаша білуі мен өз бетімен жұмыс істеуге оқушыны дайындайды. Зерттеу дағдысын дамыту моделіне оқушылардың өзіндік шығармашылығын жалпы белсендіру аспектілері бірқалыпты сатылардан оқушының теориялық негіздің принциптерімен және химия пәніндей шығармашылық ізденушілік әдістерін химиялық тәжірибелерді жасаудағы дамытушылық дағдылар, тәрбиелік шығармашылықты жобалау үшін виртуальды лабораторияларды қолдану [5].

Оқушының шығармашылық ізденушілігін бастамас бұрын, ғылыми зерттеудің негізін және оның құрылымының маңыздылығына түсінік беру керек. Сонымен қатар, оқушылардың ізденуін ғалымдардың ғылыми зерттеулерімен ұқсастырады. Оқушылар негізінен жаңа ғылыми ойлар таппайды, бірақ танысып, өздері үшін тырысады. Оқушылардың ғылыми ізденіс негізімен таныстыру келесі жоспар бойынша мақсатты түрде ұйымдастырылуы керек:

І. Кіріспе (ізденушілік жұмыстың түрлері, ғылыми практикалық конференция, оқушылардың конкурстары).

ІІ. Ғылыми шығармашылықтың әдіснамасы (ғылыми–зерттеу жұмыстарының негізгі түсінігі, ғылыми зерттеуді жүргізудің жалпы сызбасы, мәліметтер іздеу).

ІІІ. Ғылыми ізденушілік жұмыстың сатылары (тақырыпты таңдау, ғылыми – зерттеу жұмыстарының жоспарын құрастыру, әдебиетпен жұмыс, ақпараттарға түсінік беру).

ІV. Зерттеу жұмысын әрлеу (зерттеу жұмысының мазмұнының құрылысы, ғылыми зерттеу жұмысын рәсімдеудегі негізгі ережелер).

V. Ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижесін көрсету (баяндаудағы психологиялық аспектілердің дайындығы, баяндамадағы талаптар, баяндаудағы мәдениеттілік пен пікірталастар).

Химиялық тәжірибелерді жүргізу дағдысын қалыптастыру. Тәжірибе – бұл химияны зерттеуде әрбір оқушы ғылыми әдістермен танысуына қажет әдіс. Химиялық тәжірибе оқу–таныстыру шығармашылығында тиімді әдістің бірі болып табылады. Химиядағы кез–келген тәжірибе келесі талаптарға сай болуы керек: көрнекілігі, орындалудың қарапайымдылығы, қауіпсізділігі, қажеттілігі мен түсініктілігі.

Химия сабағында тірек жазбаларды, нұсқаларды пайдалану оқушылардың деректер мен құбылыстарды бақылау, олардың мәнін түсіндіру білігін, эксперименттік және өзінің жұмысын жоспарлай алу дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, химиялық эксперимент оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, экспериментті орындау барысында олар жұмыстың сарамандық маңызын ғана емес, сондай-ақ өздерінің білімдерін қолдану арқылы химияға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Химиялық эксперимент оқушылардың таным, ойлау қабілетін дамытады және олардың саналылығын, белсенділігін арттырады.

Келесі шарттарды дұрыс сақтаған кезде білік пен дағды тиімді түрде қалыптасады:

• Тәжірибенің жүргізу барысын көрнекі көрсете отырып, ауызша баяндау үйлескенде;

• Тәжірибені орындау кезінде жүретін құбылыстың мәнін түсіндіргенде;

• Эксперименттің қажеттілігін нақтылағанда және мүмкін болатын қателердің алдын алғанда;

• Мұғалім тарапынан бақылау болғанда және оқушыларға дифференциалды көмек көрсетілгенде.

Химиялық эксперимент оқушылардың таным, ойлау қабілетін дамытады және олардың саналылығын, белсенділігін арттырады [6].

Резюме
В статье рассматривается пути повышения познавательной активности учащихся на уроках химии с помощью эксперимента. Отмечена важность экспериментальных задач при химическом эксперименте.

Summary
In article is considered ways of increase in informative activity of pupils at chemistry lessons by means of an experiment. Importance of experimental tasks at a chemical experiment is noted.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Нұғыманұлы И. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, «Рауан», 2000.

2. Гатаулин А.. Анорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын оқыту. Алматы. Мектеп, 2005.

3. Жадрина М. Оқушыларды химиядан алған білімін пайдалануға дағдыландыру. Алматы, «Рауан», 2003.

4. Ходаков Ю.В. Орта мектепте анорганикалық химиядан сабақ беру. Алматы. «Мектеп», 2006.



5. Назарова Т.С., Химический эксперимент в школе: Кн.для учителя / Т.С. Назарова.- М.: Просвещение, 2000.- 239с.

6. Мырзабаев А. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы, «Рауан», 2006.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет