Облыстық балалар және жасөспірімдер кіпапханасының негізгі қор сақтау бөлімінің Редакторы



бет1/2
Дата06.11.2016
өлшемі162,72 Kb.
  1   2
Облыстық балалар және жасөспірімдер кіпапханасының негізгі қор сақтау бөлімінің

Редакторы Аутканова Р. Б.

Ә. Нұршайықов – Махаббат жыршысы.

(Жерлес жазушы Әзілхан Нұршайықовқа – 90 жыл)



Әрбіреуіміздің Ә. Нұршайықовпен алғашқы таныстығымыз «Махаббат, қызық мол жылдар»атты тамаша еңбегін тебірене оқумен басталды. «Ақиқат пен аңыз» диалог-романы арқылы батыр бабамыз Бауыржанның халқы мойындаған қайсарлығы мен ерлігін танысақ, «Махаббат жыры» шағын повесі арқылы тағы да сиқырлы махаббаттың шынайы сезімінен ләззат алдық.. «Өмір өрнектері» атты әдеби күнделігі арқылы өмірде көріп-түйген шындығын қағаз бетіндегі көркем түйіннен көп нәрсені түсіндік. Сондай-ақ соңғы жазған ұлттық тәлім-тәрбиелік мәні зор шығармасы «Мәңгілік махаббат жыры» - автордың жан жары, әдеби серігі, қазақ халқының тамаша қызы Халима апамызға арналған. Бүгінгі тақырыбым да осы кітап төңірегінде болмақ.

Әз-аға бұрында, тіпті студент уақытының өзінде де махаббат тақырыбын терең жырлаған жазушы.

Махаббатты Әз-ағаң үш түрге жатқызады;



  1. Бала махаббат

  2. Шала махаббат

  3. Мәңгілік махаббат

Ең әуелі сүю, сүйісу, махаббаттық талғам, өмірге жауапкершілікпен қарап, шаңырақ көтерудің мәні мен маңызы шығармада жан-жақты әрі шынайы көрсетілген.

«Махаббат тілі-тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл» деп, Абай дана айтқандай, Әзекең құдіретті махаббаттың ұшқыны, оты, жалыны, мәңгі жануы тұрғысында өмір көріністерін байыпты баяндап, «бала махаббат», «шала махаббат», «мәңгі махаббат» жөнінде философиялық ойларды оқырман санасына оңай жеткізеді.



«Махаббат-өмір қуаты» дейді жазушы. Халиманың махаббаты – мәңгі махаббат. Сол мәңгі махаббаттың құдіреті 54 жыл бойы халық жазушысын таудай биік мақсаттарға жеткізіп, отыз жыл бойы күн сайын мазалаған ажал апатынан аман алып қалады, жазушының редакторы, корректоры, сыншысы, қамқоршысы болады.

Халима - халық педагогикасын (этнопедагогиканы) бойына сіңіріп, жүрегінен өткізіп өскен қыз, жар, ана, ару ана. Оның инабаттылығы, ізеттілігі, адамгершілігі, аналық қасиеттері – жоғары. «Ұят» деген сөз – Халиманың ұраны дейді жазушы. Сөйтеді де жастарды әдептілікке, әдемілікке үйретеді. Жазушы ұят-ұяңдық емес, оның негізі ар, намыс, абырой деп көрсетеді.

.Халима апамыз бен Әзілхан аға 1939 жылдан бір-біріне 9 жыл ғашық болып 1947 жылы қосылады. Екі ғашықтың арасында жетімдік, жоқшылық, соғыс, Халиманың соғыстан кейін бір жарым жыл госпитальда жатуы да олардың махаббатын әлсірете алмайды. Сол қосылған күннен бастап Халима апамыз өз өмірін жан жары мен балаларына арнаған ғазиз ана.

Әзілхан Нұршайықов ұлт өмірін төменгі бұқара халықтың деңгейінен де зерттеген адам. Және өмірдің ыстық-суық мәселелерін ар-инабат көзімен көруге төселген қаламгер. Ол ізгілік пен жауыздық, ерлік пен ездік тақырыбына жазды. Жазғанда ұлтының ауыр тағдыр тауқыметін тартқан кезеңдерінен гөрі, қанатты жылдарына көбірек зер салды. Мұның өз жемісін бергені сөзсіз. Әсіресе жастар жағы жазушының жарқын романтизміне елітті.

Махаббатқа таңдай қағып өткен Әзағаңнан талай нәрлі сөздер қалды. Тірісінде асыл жары Халимадай – махаббат мұратына жетіп, өлісінде сол аяулысының қасына жамбастай жығылған таза жүректі жан өзінің: « Қасиеттеп, құрметтеп, Сенің махаббатыңды. Ұрпаққа үлгі болсын деп, Алашқа жайдым атыңды» деген өмірлік антына ақтық демі таусылғанша адал бола білді.



Әз-аға – мәңгілік махаббатқа ие болған жан. Ал, мәңгілік махаббат – мәңгілікке берілетін бақыт. Мәңгілікке! Мұндай махаббат адамның қазасына да қатысты емес. Демек, Әз-аға жанындағы жарынан айрылып қалса да, басындағы бақытынан айрылған жоқ. Халима жеңгемен бірге өткізген елу төрт жылдық ғұмыр жолдары, бақытты күндері, қуанышты сәттері Әз-ағаның жадында мәңгілікке сақталып қалған. Енді ол сүйікті жарының рухымен сырласып, әңгімелесіп, оған хат жазып, өлең арнап өмір сүрді. Атақты ақындар сөйткен. Мәңгілік махаббат дегеніміз осы! Иә, махаббат – мәңгілік құбылыс. Ол ешқашан өлмейді. Әз-аға айтпақшы, махаббат адам жанының жалауы. Ол: адамгершілік, адалдық, әділдік, ақпейілділік, пәктік, мөлдір тазалық, ұлы іңкәрлік. Махаббат-адам жүрегінің ең асыл қазынасы.

Жігіттің бағы жанып, өзі армандаған алтын құстың ақ үрпек балапанына қолы жетсе, бірі үшін бірі жаратылған екі жүрек үнсіз үйлесіп, бір ырғақпен соғып, қатар түзеп, өмір деген көк аспанның қиырына бет түзеп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы екеуі қанаттарын қатар сермеп, шаттана шырқап ғұмыр кешіп өтсе – бұдан артық бақыт бола ма?! Әз-аға – бақытты жан. Бұл бақытты оған адам емес, Алланың өзі сыйлаған. Адам дүние-мүлікке ғана емес, өз тағдырына да қанағат ете білу керек. Құдайдың бергеніне қанағат жасап, шүкірлік етіп, тәубеге келудің өзі де ұлылықтың бір белгісі болса керек.

«Мәңгілік махаббат жыры» кітабы – мәңгілік махаббаттың жаңадан жазылған әнұраны болса керек.

Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 2005 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Мәңгілік махаббат жыры» деп аталатын кітабының алғашқы беттерін оқи бастағаннан-ақ Әйел-ананы Тәңір деп білген ежелгі ата-бабаларымыздың салт-санасы, әдет-ғұрпы ойға оралады. Біздің арғы ата-бабаларымыз әйелді құдіретті күш, Тәңір деп таныған. Ал, «Мәңгілік махаббат жыры» атты қара сөзбен жазылған поэманың авторы өзінің жанына – жылу, жүрегіне – жыр беретін өмірлік досы туралы: Халима-менің өз өмірімнің аспанында жарқыраған Күнім болды. Менің Күнім! Әр әйел - өз отбасының алтын Күні. Жердегі бар тіршілік Күннен қуат алып, соның жылуы мен жарығы арқасында өсіп-өнетіні аян...Әйел-Ана қарызын ешбір еркек, ешбір перзент өтей алмақ емес.Егер мен жүз жыл жасасам да, Халиманың маған сіңірген еңбегін, оның адамгершілік, әйелдік, ұрпағымды өрбіткен аналық қарызын өтей алмаспын деймін. Өтей алмаймын!» - деп жазады.

Міне, қаламгер Әзілхан Нұршайықов «Мәңгілік махаббат жырын» жазу арқылы байырғы бабаларымыздың Күн мен Ананы Тәңір тұтып, оларға табынатын, тағзым ететін, олардың алдында бас иетін ізгі дәстүрін бүгін жалғастыра түскен сияқты.

Біздің ойымызша, Анаға тағзым ету – ең алдымен, мәңгілік махаббатқа, адам бойындағы ең мөлдір сезімдерге, адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тағзым ету деген сөз. Әзілхан Нұршайықовтың осы біз сөз етіп отырған кітапты жазардағы негізгі мақсаты да осындай жәйттер болған сияқты.

Сонымен, «Мәңгілік махаббат жыры»-ақ өлеңмен жазылған прозалық поэма. Бұл кітап негізгі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім-«Халима» (Өмірінің өшпес өрнектері), екінші бөлім – «Халимаға хат»(Сағыныш саздары) деп аталады. Бұл кітапта «Халиманы еске алуға» арналған бөлім де бар. Мұнда Халиманың қазасына байланысты көңіл айтулар, хаттар, лебіздер, естеліктер беріледі.

«Мәңгілік махаббат жырының» бірінші бөлімі-қаламгердің жан жары, әдеби серігі, аяулы адамы Халима туралы жиырма тебіреніс арқылы жеткізген.«Ұят» деген үш әріптен ғана тұратын ұлы сөзді өзіне өмірлік ұран етіп алған Халиманың жарық дүниемен қоштасар сәтте күйеуіне айтатын өсиеті оқып болып, әрбір тірі пенде ақыры бір күні кететін өз өліміне де моральдық-психологиялық жағынан мықтап дайындалып жүруі қажет екен-ау деген ойға келеміз. Ажалдың әйтеуір бір келетінін іштей мойындап, оны кез-келген сәтте қиналмай-ақ қабылдауға әзір жүрген адам ғана өзінен кейінгілерге ерекше ұстамдылықпен осындай ұлағатты өсиет сөздер айта алады.

Міне, «Мәңгілік махаббат жырының» басты қаһарманы – Халима үрейлі ажалдың өзінен де биік тұрған ержүрек жан. Халима туралы тебіреністерді оқыған сайын осы пікірге көзіңіз жете түседі. Алайда, бұл кітапты жазушының өз әйелі туралы жазған естелігі ғана деп қарауға болмайды.Мұндай пікір «Мәңгілік махаббат жырының» тақырыбын тарылтып, сюжетін сұйылтып жіберер еді. Ал, қаламгердің оқырманға айтар ақылы тереңде жатқанын, меңзеген мақсаты өз отбасынан биікте тұрғанын аңғару қиын емес.

«Халимаға хат» - «Мәңгілік махаббат жырының» алтын қазығы, тірек тұғыры, шынайы ғашақтық дастаны! Ол-тек Адам атты тіршіліктің бәріне ортақ, бірақ нақты соның тек ерек екі жанның – Халима мен Әзілханның болмысы мен бойларына ғана өшпестей, сөнбестей боп дарылған: ең таза, ең мөлдір, ең кіршіксіз, ең пәк, ең шынайы, ең биік, ең қасиетті, ең жалынды, ең ыстық сезімді, бір сөзбен айтқанда, ғашықтықтарының әнұраны!

Олар – қиялда емес, 54 жыл бойы бірге өмір кешкен. Бірі сонша сұлу да емес,. Бірақ, екеуінің де жандары сұлу, жандары жарқын, жандары ұқсас, жандары адал, жандары мөлдір! Олар жаратқанның қарапайым, қатардағы пенделері: Халима мен Әзілхан – жігіт пен қыз, жар-жұбай, әке-шеше, ата-әже ғашықтар!

Қаламгер Әзілхан Нұршайықұлы Әуезовтың ойшылдық, сыршылдық, шыншылдық, фәлсафалық, гуманистік дәстүрін, суреткерлік шексіздігін одан әрі жаттықтырушы – Суреткер! Ол-адамның асыл да нәзік сезім күйін тап басушы танушы – Тамыршы! Ол – қара сөзден түрлі түсті түйін түйетін, асыл алқа жасайтын-Зергер! Ол – сол қарапайым қара сөзден ғажайып көріністі сурет салатын – ғажайып Суретші! Ол – төгілген Шешен! Композиция құрғыш! Оқиғаларды, іс-әрекеттерді, адамдардың қимыл-қылықтарын, мінез-құлқын, келбетін нақ сол қалыптарында көз алдыға әкеліп, мөлдірете, елжірете Баяндағыш! Өткенді-кеткенді сол сәттеріндей еске алудың, ойға салудың, әрі соларды әсерлі бейнеге айналдырудың – Хас Шебері! Асқан суреткер Әз-аға, алдымен, өз ұлтына енді ғана сый-тарту етіп ұсынып отырған «Мәңгілік махаббат жыры» туындысын жазуда да өзінің бойына Құдірет дарытқан осындай талант дарынын шеберлікпен пайдаланған.

Ә. Нұршайықов өзінің мәңгілік ғашығы Халиманың басына сонау Маңғыстаудан алдырып, ракушка (ұлутас) деп аталатын аппақ ақ тастан Алатаудың Кеңсай деген биігінің төбесінде ақ күмбез орнатты. Ол да, Қозы-Көрпеш пен Баян сұлудыкі сияқты, махаббат күмбезі.

Мәңгілік махаббат мұрасы.

«Мәңгілік махаббат жыры» кітабына Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Тәлім-тағлымы мол, керемет шығарма екен. Дәл қазіргі заманда жастар көбірек оқитын хикая. Сіздің шығармаларыңыз, ойларыңыз – ел қазынасы, өміріңіз – үлгі!» деп жоғары баға берді. Бұл кітаптың талай оқырманның жүрегіне жол тауып, жанына ізгілік нұрын құятын тағлымы мол шығарма боп қалатынына біз әбден сенеміз.

Әз-ағаңды замандастары еске алады:

«Көзбен көз »тілдессе»-құмарлық; жанмен жан «сөйлессе» - ғашықтық. Ғашықтың екінші аты – махаббат! Адамға бақыт беретін ең зор талант – махаббат!» - дегенде, Әзағаңның тілінен бал сорғалағанын көрдік-ау!

Өмірден өзіңіз баз кешкенмен, дүниені махаббат бесігіне бөлеп кеттіңіз, Әзаға! Отанды сүю, әдебиетті әспеттеу, Халима апамызға шексіз ғашықтық, жалпы адамзат баласын ардақтау, жас жүрекке іңкәрлік сезімін тұтату – бәрі-бәрі ұлы махаббаттың мәңгілік ұраны десек, Сіз ұлық та, кішік те бола білдіңіз. Сол себепті де Сізді халқыңыз «махаббаттың маршалына» теңеді.

Ақын Марфуға Айтқожа апамыз Әзілхан Нұршайықов 85-жасқа толғанда жазушыға төмендегідей өлең жолдарын арнады.


Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет