Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе


Өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыру



бет3/15
Дата20.10.2023
өлшемі103,28 Kb.
#187230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Өндірістік (пс.-пед.) практика Педмамандықтар-20 СО (1)
қ.т.о. әдістемесі, лекция 7-9, Дежавью, Soft power 1, Бастауыш сыныптарда ғылыми, Формирование воспитательно, 25-05-2020.rus, 12 лек ландш, инерция, инерттілік және Ньютонның 1 заңы, Искусственный отбор Дидактический материал 2, комплекс упражнении
Өндірістік іс-тәжірибені ұйымдастыру

Педагогикалық білім беру бағдарламасының студенттерінің өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибесінің көлемі 3 кредит, ал мерзімі теориялық оқу процесімен қатар 3 аптаны қамтиды.


Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе базасы жалпы білім беретін мектеп (гимназия, лицей) болып табылады. Студенттерді іс-тәжірибеге жіберу туралы бұйрықта іс-тәжірибе базасы, өту мерзімі, университет тарапынан жетекшісі көрсетіледі.
Студенттерге бастапқы конференцияда (6-қосымша) педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге жолдама беріледі. Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе бойынша есепті студенттер университет тарапынан тағайындалған жетекшіге тексеруге тапсырады.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе:
- педагогикалық білім беру бағдарламасының оқу жұмыс жоспары және академиялық күнтізбесі;
- өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибенің ұйымдастырылуы, студенттердің міндеттері, тапсыратын құжаттары, қауіпсіздік техникасы, т.б. туралы бастапқы конференцияда айтылады. Ал, іс-тәжірибенің нәтижесі қорытынды конференцияда студенттердің есептерінде тыңдалады. Екі конференцияның да хаттамалары бекітілген үлгіге сәйкес рәсімделеді.
Студенттер қамтамасыз етіледі:
- өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе бағдарламасы;
- іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқау;
- іс-тәжірибе күнделігі (1-қосымша);
- іс-тәжірибе бойынша кесте-жоспар (2-қосымша).
Студенттерге қойылатын талаптар:
- өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе бағдарламасын жүзеге асыру;
- іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқауды басшылыққа алу;
- іс-тәжірибе күнделігін толтыру (1-қосымша);
- іс-тәжірибе бойынша кесте-жоспарды толтыру (2-қосымша).
Студенттер өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе барысында міндетті:
- өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе бағдарламасында көрсетілген барлық тапсырмаларды орындауға;
- іс-тәжірибе бойынша күнделік-есеп толтыруға;
- іс-тәжірибе бойынша кесте-жоспарды орындауға;
- іс-тәжірибе жетекшісінің тапсырмасы бойынша зерттеу жұмыстарына қатысуға;
- өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе соңында белгіленген құжаттарды жетекшіге тапсыруға.
Студент құқылы:
- іс-тәжірибе бағдарламасында қарастырылмаған жұмыстарға қатысуға;
- оқу бағдарламасы бойынша вакансия болған жағдайда жұмысқа қабылдануға.
Нәтижесінде өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе барысында студент төмендегі іскерліктерді меңгеруі тиіс:
- тәрбие шараларының бағдарламасын жасайды;
- тәрбие шараларын өткізеді;
- әдістемелік әдебиеттермен, оқу бағдарламаларымен жұмыс істеу, тәрбие шараларына қажетті техникалық құралдар мен көрнекі құралдарды, материалды іріктейді;
- сыныпқа психологиялық-педагогикалық мінездеме жазады;
- оқушылардың даму деңгейіне диагностика жүргізуді біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет