Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе


АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



бет2/15
Дата20.10.2023
өлшемі103,28 Kb.
#187230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Өндірістік (пс.-пед.) практика Педмамандықтар-20 СО (1)
қ.т.о. әдістемесі, лекция 7-9, Дежавью, Soft power 1, Бастауыш сыныптарда ғылыми, Формирование воспитательно, 25-05-2020.rus, 12 лек ландш, инерция, инерттілік және Ньютонның 1 заңы, Искусственный отбор Дидактический материал 2, комплекс упражнении
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




МЕЖДУНАРОДНЫЙ УНИВЕРСиТЕТ АСТАНА



Түсінік хат

Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудағы негізгі іс-тәжірибелердің бірі. Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе студенттер үшін кәсіби білім бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады. Ол студенттердің педагогика және психология курстарынан алған білімдерін тәжірибеде қолдануына бағытталады.


Педагогикалық мамандық бойынша білім беру бағдарламасының жұмыс оқу жоспарына сәйкес студенттер 2 курста өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибеден өтеді.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибенің мақсаты:
Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кәсіби дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру, практикалық педагогикалық іс-әрекетте теориялық білімді қолдану, сынып жетекшісінің функциясын орындау кезінде студенттердің педагогикалық іс-әрекет тәжірибесін игеруі және білуі.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибенің міндеттері:

  • болашақ мұғалімнің жеке қасиеттері мен мінез-құлық қасиеттерін қалыптастыру;

  • педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарас қалыптастыру;

  • теориялық оқыту барысында студенттердің алған білімдерін тереңдету және бекіту;

  • студенттерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің сипаты, сынып жетекшісінің функционалдық міндеттері және пән мұғалімінің қызметімен таныстыру;

  • мектептегі тәрбие жұмысының негіздері, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктері, мамандану бейініне сәйкес пәндерді оқыту әдістемесімен танысу.

Құзыреттіліктер:

  • Мектеп оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктерін, оқу процесінің мәнін, дидактика заңдылықтарын білу.

  • Мектеп оқушыларының психологиясы мен физиологиялық ерекшеліктерін, уақытша балалар ұжымының ерекшелігін білу.

  • Мектеп оқушыларының түрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, практикалық шеберліктер мен дағдыларды меңгеру.

  • Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

  • Коммуникативтік қабілеті болу, өзара қарым-қатынасқа әзірлігін білдіру.

  • Өзін-өзі дамытуға қабілетті, ұдайы кәсіби өсуге дайын болу.

  • Проблемаларды шеше білу.

  • Өзінің жеке педагогикалық қызметін ұйымдастыра білу, жетекшілік қасиет пен коммуникативтік шеберлікті дамыта білу.

  • Еңбек заңына сәйкес өз құқығын қорғай алу. Балалар өмірі мен денсаулығын қорғау тәсілдерін меңгеру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет