Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе


Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе мазмұны



бет4/15
Дата20.10.2023
өлшемі103,28 Kb.
#187230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Өндірістік (пс.-пед.) практика Педмамандықтар-20 СО (1)
қ.т.о. әдістемесі, лекция 7-9, Дежавью, Soft power 1, Бастауыш сыныптарда ғылыми, Формирование воспитательно, 25-05-2020.rus, 12 лек ландш, инерция, инерттілік және Ньютонның 1 заңы, Искусственный отбор Дидактический материал 2, комплекс упражнении
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе мазмұны

Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе базасында әр студентке 5-11-сыныптарының бірі бекітіледі және пән мұғалімдерінен сынып жетекшілері тағайындалады. Әр студентке мектеп әкімшілігі өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибеден өту сыныбын белгілейді.


Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибенің мазмұны сыныптағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды көздейді.
1. Білім беру мекемесінің тұтас педагогикалық процесін басқару жүйесі мен білім беру мекемесі жұмысының негізгі бағыттарымен танысады.
2. Сынып жетекшісінің мектептегі құжаттарымен танысады (сыныптың тәрбие жоспары, ата-аналармен жұмыс жоспары, ата-аналар жиналыстарының хаттамалары т.б.).
3. Пән мұғалімдерінің сабақ өткізуін бақылайды (сабақтың мақсаты мен барысын, оқу материалын баяндау әдістемесін, оқушылардың сабақта өзіндік жұмысын ұйымдастыруды, бағалауды, кері байланысты, оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алуды, оларды оқыту процесінде тәрбиелеуді анықтайды).
4. Сынып жетекшісінің жұмыс жүйесімен танысады. Сынып жетекшісіне тәрбие сағаттарын өткізуге көмектеседі.
5. Оқушылар ұжымымен жұмысты жоспарлау дағдыларын меңгереді.
6. Оқушылармен тәрбие жұмысының жекелеген түрлерін дербес жүргізеді (әңгімелесу, конкурстар, еңбек десанттары және т.б.). Студенттер тәрбие шараларының бағдарламасын жасайды, екі тәрбие шарасын жоспарлап, өткізеді.
7. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарға қатысады.
8. Мектептегі сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестік отырыстарына, мектептің әдістемелік отырыстарына қатысады.
9. Тәрбие шараларына қажетті техникалық құралдар мен көрнекі құралдарды, материалды іріктейді.
10. Мектеп оқушысының жеке тұлғалық сапаларын, қасиеттерін және психологиялық жағдайын диагностикалау үлгілерін дайындайды. Бір оқушыға және сыныпқа педагогикалық-психологиялық мінездеме жазады.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе барысында студенттер берілген үлгіге сәйкес күнделік жүргізеді.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе күнделігін дайындайды. Тәжірбие аяқталасымен студенттер белгіленген құжаттарды тапсырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет