Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе


Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибенің бағалануы



бет6/15
Дата20.10.2023
өлшемі103,28 Kb.
#187230
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Өндірістік (пс.-пед.) практика Педмамандықтар-20 СО (1)
қ.т.о. әдістемесі, лекция 7-9, Дежавью, Soft power 1, Бастауыш сыныптарда ғылыми, Формирование воспитательно, 25-05-2020.rus, 12 лек ландш, инерция, инерттілік және Ньютонның 1 заңы, Искусственный отбор Дидактический материал 2, комплекс упражнении
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибенің бағалануы

Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе туралы есеп беру нәтижесі 100 балдық шкаламен бағаланды. Есепті қорғау нәтижелері халықаралық практикада қабылданған сандық эквиваленті бар әріптік жүйеге (жағымды (оң) бағалар, кему шамасына қарай, А-дан D - ға дейін және «қанағаттанарлықсыз» - FX, F) және дәстүрлі жүйе бойынша бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша балмен бағаланады. Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибеден өтпеген студентке «0» (нөл) қойылады.




Әріптік жүйе бойынша баға



Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54



0,5

25-49

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе базасынан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісінің бағасының үлесі 50%, ал, университет тарапынан тағайындалған жетекшінің бағасының үлесі 50% құрайды.


Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе бағасы теориялық оқу бағасымен теңестіріледі, шәкіртақы тағайындауда және жалпы GPA есептеу барысында ескеріледі.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе бағасы төмен болған жағдайда комиссия себебін анықтайды: іс-тәжірибеге дайын болмауы, міндетті есептік құжаттардың дайын болмауы, студенттің іс-тәжірибеден өтуге немқұрайлы қарауы, өндірістік практика базасында тәртіп бұзуы фактілерінің орын алуы.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибеден өтпеген, іс-тәжірибе бағдарламасын орындамаған, іс-тәжірибе базасынан жағымсыз пікір алған немесе есепті қорғау барысында қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер келесі академиялық мерзімде теориялық оқумен қатар, қайтадан іс-тәжірибеге жіберіледі. Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибеден қайтадан өту мерзімін Академиялық саясат департаменті, Педагогикалық институт директоры белгілейді.
Университет тарапынан тағайындалған іс-тәжірибе жетекшісі Педагогикалық институт отырысына студенттердің практикалық дайындығын жетілдіру мәселесі бойынша ұсыныстары мен ескертулерін ұсынады, құжаттарды тапсырады, есеп береді.
Өндірістік (психологиялық-педагогикалық) іс-тәжірибе нәтижесі Педагогикалық институт отырысында, университеттің әдістемелік кеңесі және ректоратта іс-тәжірибе базасының өкілдерінің қатысуын ескере отырып, қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет