ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Негізгі тақырыптарға әдістемелік сипаттама



бет25/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

2. Негізгі тақырыптарға әдістемелік сипаттама

Дәріс тақырыбы: «Педагогикалық кәсіптің шығуы»


Мақсаты: педагог мамандығының ерекшеліктерін анықтау, оның пайда болу тарихымен таныстыру, даму бағыттарын белгілеу.

Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында:

    • Педагог мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы тарихымен танысады;

    • Педагог мамандығының ерекшеліктерін біледі;

    • Педагогикалық мамандықтың даму перспективасын анықтай білу қабілеттері дамиды.

Ӛткізу әдістері:


    • студенттермен диалог, талдаушылық және мәселелік түсіндіру тәсілі;

    • интерактивті оқыту әдісі.

Дәрістің мазмҧны:


  1. Педагог мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы.

  2. Педагог мамандығының ерекшеліктері.

  3. Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.

1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ



1. Жаттығу «Екі жақты кҥнделік» (Презентацияның 2 слайды)

Тапрсыма: Студенттерге педагогика мамандығының пайда болуы мен тарихы туралы мәлімет беріліп, білімге, пәнге деген қызығушылықтарын оятып, «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы даму тарихын күнделіктің бірінші бӛлігіне жазуы сұралады.
«Екі жақты кҥнделік»


Тарихы (мектептер)


Түсініктеме










Педагог мамандығының пайда болуы мен калыптасуы

Ең алғашқы мектептер Ежелгі Шығыс (Египет, Ассирия, Вавилон, Финикия) елдерінде құл иеленушілік қоғамында пайда болған. Мектеп туралы мәліметтерді б.э.д. 2500 жыл бұрын египеттік жазба ескерткіштерінен кездестіреміз. Бұл патшаның балаларына арналған сарай мектебі еді.

Ежелгі Грецияда алғашында грамматистер мен кифаристер мектебі пайда болған. Бұнда 7-14 жасқа дейінгі ер балалар ғана оқытылған. Қыз балалар жанұяда тәрбиеленген. Грамматистер мектебінде балаларды оқуға және жазуға, санауға үйретсе, киифаристер мектебінде музыкаға, ән айтуға, мәнерлеп оқуға үйреткен. «Иллиада» және «Одиссея» шығармаларымен танысқан. Бұл мектептердегі мұғалімдерді дидаскал деп атаған. (грек сӛзі

«дидаско» – үйретемін), ал мектептерге баланы алып келіп, сабақтан соң алып кететін құлды педагог атаған. Педагог – грек сӛзі «пайдос» - бала, «гогос» - жетектеу дегенді береді. Ежелгі Грецияда 13 жастағы балаларды грамматистер және кифаристер мектептрінен кейін палестраға ауыстырған. Палестра - күрес мектебі деген мағынаны білдіреді. Мұнда 2-3 жыл бойы балалар гимнастикамен шұғылданған. Ондағы мұғалімдерді педотриба деп атаған. Педотрибалар күресуге, секіруге, жүгіруге, диск пен

найзаны лақтыруға, жүзуге үйреткен. Cпартада мемлекеттік тәрбие жетекшілерін педоном деп атаған. Педономдар тек ақсүйектердің арасынан сайланған. Міндеті - тәрбиешілердің құлықтық іс- әрекетін, дене жаттығуларын бақылау және оларды жазалау.

Ежелгі Римде риторлық мектептер ашылды. Бұл мектептерде 13-19 жас аралығындағы ер балалар оқытылды. Бұнда жалпы гумманистік білім беріліп, кӛрнекті тарихшылардың, шешендердің, ақындардың шығармаларымен, философия, құқық пәндерімен таныстырған. Осы кезеңде мектептің 3 түрі болған: монастырь, собор мектептері, приход мектептері. Бұнда монахтар мұғалімдік қызметін атқарған.

Сауда мен қолӛнердің дамуына байланысты бұрынғы шіркеулік мектептердің орнына қолӛнерщілердің цехтік мектептері, саудагерлердің гильдийлік мектептері пайда болды.

Капитализм дәуірінде оқыту мен тәрбиені дворяндар мен буржуйлар жанұяларында гувернерлер оқыту мен тәрбие ісін жүргізген.

Тек ХYІІ ғасырдан бастап мұғалім мамандығы мемлекет тарапынан танылып оған белгілі бір талаптар қойыла бастады. Мұғалімнің міндеттері мен құқықтары заң түрінде белгіленді.

1917 ж Қазан тӛңкерісінен соң білім берудің жаңа жүйесі қарастырылды. Кәсіптік педагогикалық оқу орындарының жаңа түрлері пайда болды.

ХІХ ғасырдың 90 жылдарында Қазақстанның қоғамдық ӛмірінде, білім беруде ӛзгерістер байқалды. Педагогикалық институттар педагогикалық университеттерге айналдырылды. Жалпы білім беретін мектептердің жаңа түрлері пайда болып, практикаға енгізіледі.
Жҧмысты талқылау:


    • Педагогиканың даму тарихы немесе мектептер?

    • Бұл мектептердің пайда болуына үлес қосқан педагогтар әселелерде не ортақ және әртүрлі?



2 КЕЗЕҢ – НЕГІЗГІ БӚЛІМ



Лектордың сӛзі: (Слайд 1)

Ян Амос Коменский (1592-1670), гуманист-ойшыл, педагог.

Чехия.


Оңтүстік Моравияда протестант жанұясында дүниеге келіп, ата-анасынан ерте айырылған. Чех ағайындылары атты діни қоғамдастықта тәрбиеленіп, сонда бастапқы білімді алған. Қабілетті жас жігіт Херборн және Гейдельберг университетіне (Германия) оқуға жіберіледі. Осында оның педагогикаға деген бағыты анықталады. Чехияға оралған соң ағайындылар мектебінде сабақ бере жүріп, діни қызметкері болып тағайындалады. 30 жылға созылған соғыс, діни қуғын-сүргін оның басқа чех адамдары сияқты тау арасында тығылып жүруге, соңынан 40 жыл бойы басқа елдерде жүруге мәжбүр етті: Польша, Англия, Швеция, қайтадан Польша, Венгрия, Польша, Голландия. Бірақ оған қарамастан, қай жерде болсын педагогикалық қызметпен айналысуын тоқтатқан жоқ. Педагогикалық еңбектерін жазып, әлемге атағы жайылды. Коменскийдің еңбектерінде (теориялық зерттеулер, оқулықтар, ӛсиет, әдістемелер, оқытуға арналған пъесалар және т.б.) оның педагогикалық жүйесінің негіздері берілген. Олардың жалпы саны 80-ге жетеді.

Я.А.Коменский оқыту жайындағы теорияға мынадай анықтама береді: «бұл бәріне барлығын үйретуге арналған ӛнер». Ол ең алғаш оқыту мен тәрбиенің заңдарын, табиғитқа сәйкестік принципін, сынып-сабақ жүйесінің теориялық негізін белгілейді.

Коменскийдің айтуынша, мектептің басты мақсаты – балаларды нағыз адам етіп тәрбиелеу.
Лектор сӛзі: (Слайд 2)

Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870), педагог, Ресей.

Дворян жанұясында дүниеге келген, балалық шағын Новгород жанында ӛткізген, сонда гимназияны аяқтап, Мәскеу университетінің заң факультетін ӛте жақсыға бітірген. 1846 жылдан



  • Ярославль лицейінің профессоры. 1854 жылдан бастап мұғалім болып жұмыстана бастайды. Соңынан Гатчин жетімдер институтының инспекторы ретінде тағайындалады.

Ушинскийдің педагогикалық теориясының басты идеясы – білім берудің халықтық сипаты принципі. Ушинскийдің айтуынша, тұлғаны қалыптастырудың басты құралы – еңбек. Оқулықтары:

«Ана тілі», «Балалар әлемі».



Антон Семенович Макаренко (1888-1939), педагог-жазушы, КСРО.

Харьков губерниясында темір жол жұмысшысының жанұясында дүниеге келген. Қалалық училищені, одан кейін оқытушылар даярлайтын курстарды бітіргеннен кейін темір жол училищесінде оқытушы болып жұмыс атқарады. Педагогикалық қызметі 1905 жылы басталды. Макаренко балалар ұжымымыен тәрбие жұмысын жүргізудің ғылыми негізгі теориясы мен әдістемесін құрды. Тәрбиенің негізгі принциптерін анықтаған: тәрбиеленушіге талап қоюды оны құрметтеу және оған сенім білдірумен байланыстыру, ұжым ішінде, ұжым арқылы және еңбекте тәрбиелеу. Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жӛніндегі «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары» балаларды жанұяда тәрбиелеу жӛніндегі ғылыми және кӛркем әдебиет болып есептелінеді.


Жаттығу: «Ақиқат пікір» - терістеу мүмкін болмайтын ақиқат пікір құрастырыңыз.
Лектордың сӛзі: (Слайд 3)

Шоқан Уәлиханов (1835-1865), демократ, тарихшы, географ, этнограф, зерттеуші, Қазақстан. Шоқан ӛз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетінің нұсқаларына кӛп кӛңіл бӛлді. Шоқанның ӛзіндік педагогикалық кӛзқарастары болды. Ағартушы- ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселердің мақсатын сынай келе, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын кӛздедеі.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), ағартушы-педагог, Қазақстан. Бүкіл ӛмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұсатз дайындауға, оларға ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға, ӛз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық ӛміріндегі саяси- әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы.Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты. Торғайда – қолӛнер, Қостанайда – ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда – қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашылуына зор ықпал жасады.

Абай Қҧнанбаев (1845-1904), ойшыл ақын, Қазақстан. Поэтикалық шығармалары мен «Ғаклия» сӛздері педагогикалық ой-

пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз ӛмір сүруді, ӛмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымының ақылмен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруының педагогикалық кӛзқарасының дүниежүзілік педаггика классиктерінің ой-пікірлерімен терең қабасып жатқандығының айғағы.



Ахмет Байтҧрсынов (1873-1937), ағартушы-педагог, Қазақстан. Қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп ағртушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарларда бала оқытты, оқу-тәрбие салаларында кӛп ізденді. Ауыл мектептерінде балалардың қазақша сауат ашуын, оқудың ана тілінде жүргізілу керектігін ұсынды.

Міржақып Дулатов (1885-1935), педагог, Қазақстан. Ы.Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытушы, оқу- тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттердің жаңа бағдарлама арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берген. «Есеп құралы» қазіргі кездегі математикадан оқӛу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі деуге болады.

Жҥсіпбек Аймауытов (1889-1931), педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, ьірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы. Педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.

Мағжан Жҧмабаев (1893-1938), оның «Педагогика» атты еңбегі сол кзеңде ана тілінде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет