ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының



бет28/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының


«Педагог қызметкердің мәртебесі» атты 7-тарауында 51-бапта педагог қызметкердің қҧқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері кӛрсетілген:

  1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметпен айналысуға жіберіледі.

  2. Педагог қызметкердің:

  • кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтық қызметпен айналысуға;

  • ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

  • жеке педагогикалық қызметке;

  • тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

  • білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

  • ұзақтығы тӛрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

  • санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

  • педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтармен, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық кӛтермеленуге;

  • ӛзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

  • әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

  • ғылыми қызметпен айналысуы үшін педагогтық стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

  • білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен ӛкілдеріне шағымдануға құқығы бар.

  1. Педагог қызметкер:

  • ӛзінің кәсіптік құзіреті саласында тиісті теориялық және тәжірибелік білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

  • мемлеукеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес кӛрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

  • білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет кӛрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

  • білім алушылардың ӛмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, ӛздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

  • ӛзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

  • бес жылда кемінде бір рет аттастаудан ӛтуге;

  • педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

  • оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата- аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында кӛзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

  1. топ тапсырмасы: «Қазақстан Республикасының білім беру жҥйесі, оның даму перспективасы қандай?»

Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.

Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси ӛміріне негізделіп іске асырылады.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:



  1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;

  2. Білі беру жүйесін дамытудың басымдылығы;

  3. Әрбір азаматтың зияткерлік дамуы, психикалық- физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі;

  4. Білім бердуң зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты;

  5. Адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

  6. Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;

  7. Білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

  8. Оқу мен тәрбиенің бірлігі;

  9. Білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

  10. Білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.

Білім беру ісі басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республика Білім және ғылым министрлігі, оның тӛменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Білім беру жүйесінің құрылымы ҚР-ның «Білім туралы» заңында берілген. Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:


  1. мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;

  2. бастауыш білім беру;

  3. негізгі білім беру;

  4. орта білім беру;

  5. орта білімнен кейінгі білім беру;

  6. жоғары білім беру;

  7. жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.


7. Жаттығу: «Тҥйінді сӛздер» («Білім беру Заңы» және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша)

Тапсырма: Мәтінді оқып, түйінді сӛздерді кестеге түсіріңіз және тӛмендегі таблицаға ӛз комментарийлеріңізді жазыңыз.
Ӛздік жҧмысқа арналған материалдар

050103-«Педагогика және психология» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.


Бұл стандарт «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 2004 жылы бекiтiлген жоғары бiлiм мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандартының орнына енгізілді.

Стандартта Қазақстан Республикасының 07.06.1999 ж. 389-1



Бiл туралы‖ Заңы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 02.09.1999 ж. 1290 Бiл берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарын әзiрлеу, бекiту қолданылу мерзiмдерiнiң тәртiбi туралы‖ қаулысының нормалары iске асырылған.

Осы стандарт ҚР МЖМБС 3.001-2004 негiзiнде жасалған 050103- Педагогика және психология мамандығы бойынша бiлiм мазмұны мен бакалаврларды дайындау деңгейiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.



Стандарттың ережелерi олардың ведомствалық бағыныштылығына, ұйымдық - құқықтық және оқыту түрлерiне тәуелсiз; Қазақстан Республикасының кӛрсетiлген мамандық бойынша бакалаврлар дайындауды iске асыратын жоғары оқу орындары үшiн қолданылуы және сақталынуы мiндеттi.

бакалавриат – 4 жылдық жоғары базалық бiлiм беру деңгейi;

бакалавр – жоғары базалық бiлiм беру силлабусының мiндеттi және ЖОО компонентiн меңгерген ЖОО түлегiне берiлетiн академиялақ дәреже мен бiлiктiлiк;

несие – оқушының оқу жұмысы кӛлемiнiң бiртұтас ӛлшем бiрлiгi.Бiр несие мiндеттi түрде ӛздiк жұмыстың 2 академиялық сағатымен жалғастырылатын, академиялық ағымындағы аптадағы аудиториялық жұмысының 1 академиялық сағатына тең;

несиелiк оқыту жҥйесi – несие түрде бiлiм кӛлемiн есепке алу және оқу процесiн регламентациялау (шектеу) ауқымында бiлм беру аймағын таңдау, индивидуализациялау (жекешелендiру) негiзiнде жалпыға мiндеттi бiлiм беру жүйесi;

типтiк оқу жоспары – Қазақстан Республикасы бiлiм беру саласының орталық атқарушы ұйымдары бекiткен белгiлi бiр циклдерге бiрiктiрiлген мiндеттi оқу пәндерi мен соған сәйкес оқу принциптерiнiң тӛменгi кӛлемi белгiленген негiзгi құжат;

жҧмыс оқу жоспары – жоғарғы оқу орнының типтiк оқу жоспары негiзiнде кәсiтiк қызметтiң, мамандықтың, оқыту кезеңдерiнiң ерекшелiктерiне қарай толықтырып, нақтылап жасаған және бекiткен құжаты; жоспар ЖБП, БП және МП блоктарына топтастырылған оқу пәндерi, мiндетi және таңдамалы компоненттер тұрады;

жеке (индивуалдық) оқу жоспары – студенттiң ӛзi оқу жұмыс жоспары негiзiнде бiр жылға жасаған құжаты; онда студенттiң жазылған оқу пәндерiнiң тiзiмi; кредиттiң саны кӛрсетiледi; жеке оқу жоспары нақты студенттiң бiлiм аясын кӛрсетедi;

мiндеттi компонент – бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты белгiлеген оқу пәндерiнiң тiзiмiмен тӛменгi кредит мӛлшерi;

таңдамалы компонент – ЖОО ұсынатын және ӛзi таңдаған оқу пәндерiнiң тiзiмi мен тӛменгi кредит мӛлшерi;

силлабус – оқылатын пәннiң сипаттамасы, мақсат-мiндеттерi, қысқаша мазмұны, тақырыбы және әрбiр сабақтың кӛлемi, ӛздiк жұмыс тапсырмалары, консулüтация ӛткiзу уақыты, оқытушының талабы, бағалау ӛлшемдерi аралық бақылау кестесi, әдебиеттер тiзiмi кӛрсетiлген пәннiң оқу жоспары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет