ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет31/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Лектордың сӛзі:


Қызмет - қарым-қатынастардың белсенді түрі. Мысалы, танымдық қызмет барысында ақиқат шындық оқытылады, зерттеледі. Еңбек қызметінде материалдық құндылықтар пайда болады. Ӛнер қызметінде ӛнер туындылары жасалады. Қоғамдық қызметте әлеуметтік-құндылықты идеялар насихатталады және таралады. Педагогика ғылым ретінде қызметтің ерекше түрін зерттейді. Ол қызметтің белгілі бір мақсаты бар.

Педагогикалық қызмет – бұл тәрбиешінің тәрбиеленушіге жасайтын тәрбиелік және оқыту ықпалы. Бұл оның тұлғалық, интеллектуалды және дене дамуына бағытталады. Педагогикалық қызмет әлеуметтік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Ол адамзаттың мәдениеті мен тәжірибесін жас ұрпаққа беруге,

олардың тұлғалық бағытын белгілеуге және қоғамдық ӛмірде ӛз орнын анықтауға бағытталған.


Педагогикалық қызметтің компоненттеріне сипаттама


Тӛмендегі сӛйлемдерді аяқтаңыз:.

Педагогикалық қызметтің құрылымдық компоненттері:



  • қызметтің мақсаты…

  • қызметтің субъектісі (мұғалім)…

  • қызметтің объектісі және субъектісі (оқушы)…

  • қызметтің мазмұны…

  • қызметтің әдістері…

  • қызметтің нәтижесі…

Педагогикалық қызметтің мақсаты – тұлғаны жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу.

Педагогикалық қызметтің мазмұны – оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі.

Педагогикалық қызметтің құралдары – ғылыми білім, оқулықтар мен оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық және техникалық құралдар.

Педагогикалық қызметтің әдістері – сӛздік, кӛрнекілік, тәжірибелік әдістер тобы.

Педагогикалық қызметтің нәтижесі – оқушы тұлғасының интеллектуалдық, дене дамуы және оның қоғамда бағалануы.

Лектордың сӛзі:



Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, А.Н.Щербаков мұғалім қызметінің тӛмендегідей функцияларын белгілейді (Слайд 2):

  1. Диагностикалық – оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, даму деңгейін, тәрбиелік дәрежесін зерттеу.

  2. Болжаушы – тәрбиелік іс-әрекеттің мақсаты, міндеттері, бағыты, нәтижесі және жоспарының белгіленуі.

  3. Құрылымдық-жобалау – жоспардың мазмұныны, мүмкін болатын нәтижесін жоболау, құру.

  4. Ұйымдастыру – оқушыларды оқу-тәрбие жұмысына енгізу, олардың белсенділігн арттыру және ынталандыру.

  5. Ақпаратты-түсіндірмелі – оқу материалдарын түрлі жолдармен ұсыну, оқушылардың дүниетанымдық кӛзқарастарын қалыптастыру.

  6. Коммуникативті- ынталандыру – мұғалімнің жеке бас ерекшеліктері, адамгершілік мәдениеті, рухани байлығы және қарым-қатынас орната білуі.

  7. Талдау-бағалау – оқу-тәрбие үрдісінің барысын талдау, нәтижесіне баға беру, кемшіліктері мен ауытқушылықтарын анықтау, түзету, жою.

  8. Зерттеу-шығармашылық – оқу-тәрбие үрдісінде түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана білуі, белгілі педагогикалық мәселені зерттеумен айналасуы, оның шығармашылық қасиеттерінің дамытылуы.



Лектордың сӛзі:


Н.В.Кузьмина педагогикалық қызмет құрылымында үш ӛзара байланысқан компоненттерді ажыратады: конструктивті, ұйымдастырушы және коммуникативті. Педагогикалық қызмет осы функциональды түрлерін нәтижелі жүзеге асыру үшін белгілі қабілеттер қажет. (Слайд 3)

Конструктивті қызмет. Ӛз алдына конструктивті-мазмұндық (оқу материалын таңдап алу және оны орналастыру, педагогикалық процесті жоспарлау және құру), конструктивті- оперативті (ӛзінің және оқушылардың әрекетін жоспарлау), конструктивті-материалдық (педагогикалық процестің оқу- материалдық базасын жобалау).

Ҧйымдастырушылық қызмет. Оқушыларды іс-әрекеттің түрлеріне енгізуге және ұжымды тудыруға, біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттердің жүйесін орындау болып табылады.

Коммуникативтік қызмет педагогтың тәрбиеленушілермен, мектеп педагогтарымен, қоғам ӛкілдерімен, ата-аналармен педагогикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған.

Лектордың сӛзі:


А.И.Щербаков педагог функциясын нақтылай отырып, педагогикалық қызметтің ұйымдастырушы компонентінің ақпараттық, дамытушы, бағыттаушы, бейімдеуші функцияларын белгілейді. Бұнда зерттеу функциясын ерекше атап ӛткен жӛн. Оның жүзеге асырылуы мұғалімнен педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарауды, эвристикалық ізденіс іскерлігі және ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеруді, жеке және ӛзге тәжірибені талдауды талап етеді (Слайд 4).

Барлық компоненттер кез-келген педагогтың қызметінде айқындалады. Оларды жүзеге асыру педаггтың арнайы іскерліктерін қажет етеді.



  • Мәтінді «Түртіп алу» стратегиясымен ӛзбетті оқыңыз:



Мҧғалім педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде


Педагогикалық мамандық қоятын маңызды талаптардың бірі – оның ӛкілдерінің әлеуметтік және кәсіби позицияларының айқындылығы. Дәл осы позицияларда мұғалім ӛзін педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде танытады.

Педагогтың ҧстанымы – бұл тұлғаның белсенділігінң кӛзі болып табылатын оның педагогикалық ақиқатқа, педагогикалық қызметке, дүниеге деген интеллектуальды, еріктік және эмоциональды-құндылықты қарым-қатынастар жүйесі. Ол, бір жағынан, қоғам тарапынан қойылатын талаптармен, оның мүмкіншіліктерімен, екінші жағынан, педагогтың ішкі тұлғалық белсенділігімен (қызығушылықтары, мотивтері, мақсаты, құндылықтарға бағытталуы, кӛзқарасы, идеалдары) анықталады.

Педагог ұстанымында оның тұлғасы, әлеуметтік бағытталу сипаты, азаматтық мінез-құлқы мен іс-әрекет типі кӛрінеді.

Педагогтың әлеуметтік ҧстанымының негізі жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікірлер, кӛзқарастар, сенімдер, құндылықты бағдарларға негізделеді. Олардың негізінде кәсіби дайындық барысында педагогикалық мамандыққа, педагогикалық қызметтің мақсаты мен құралдарына қатнасы қалыптасады. Мотивациялық-құндылықты қарым-қатынас мұғалім тұлғасының ӛзегі болып табылатын педагогикалық бағытталуда кӛрінеді.

Педагогтың әлеуметтік позициясы оның кәсіби ҧстанымын да анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдалуына кӛп факторлар әсер етеді. Ең маңыздылары – кәсіби белгілеулер (установки), тұлғаның жеке типологиялық ерекшеліктері, темперамент және мінез-құлық.

Л.Б.Ительсон педагогтың позициясының типті рольдік сипаттамасын белгілеген. Педагог мына позицияларда кӛрінуі мүмкін:


  • егер ол қоғамдық нормалар, талаптар, пікірлерді және т.б. ақпаратты тек хабарлап тұрса ғана (мысалы, шыншыл болу керек), онда педагог – информатор;

  • егер баланың жүрегіне жол тапқысы келсе, онда педагог

дос ретінде танылады;

  • егер ол тәрбиеленушілердің санасына нормалар мен құндылықтарды күштеп енгізетін болса, онда педагог – диктатор;

  • егер сендіруді қолданса, онда педагог – кеңесші;

  • егер ол тәрбиеленушіге жалынатын, оның алдында кішірейетін, оны тек мақтай беретін болса, онда педагог – сҧраушы;

  • егер ол тәрбиеленушілерді қызықты мақсат, перспективалармен жандандыра білсе, онда педагог –шабыт тудырушы.

Аталған әрбір позиция тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты жағымды не жағымсыз нәтиже беруі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет