ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет34/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Тестілеу


Оқу үрдісінде тестілеу негізінен білім сапасын анықтау мақсатында қолданылады. Тестілеудің екі түрі бар: ғылыми; кҥнделікті, практикалық (оқу процесінде қолданылатын).

1960 ж. дейін тестілеу оқушыларды қабілеттеріне орай саралау құралы болып саналса, 1960 ж. кейін критерийалдық саралауға бағыттала бастады. Тестілер гомогенді (бір пән бойынша) және гетерогенді (білім жиынтығы тексеріледі) болуы мүмкін. Тестілеу жүйелі түрде ӛтуі керек: студенттің ЖОО-на түскенінен бастап, ЖОО-нын аяқтаған уақытқа шейін. Бұл ӛзінің қаржыландыру және штат құрамы бар жүйе. Тестілеу бойынша мамандар ӛте аз. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттердің барлығы ағылшын тілінде. Батыста тестілік бақылаудың даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым –ның рейтингісі жоғары болады. Нидерланды тестілеудің орталығы болып саналады. Содан кейін Жапония, Австралия, АҚШ тұр.



Тест – белгілі бір мақсатпен педагогикалық ӛлшеуді жүргізу үшін ғылыми критерийлер негізінде сынақтан ӛткізілген тапсырмалар жиынтығы. Тестілік бақылаудың мақсаттары:

  1. жалпылау – білім сапасын арттыру;

  2. локальдық (нақты) мақсаттар:

  1. СТуденттердің білім кӛлемін объективті бағалау..

  2. Кәсіптік бағдар және кәсіптік таңдап алу. Тестілер абитуриенттердің таңдаған мамандықтарына сәйкестігін анықтайды.

  3. ЖОО-рын қорытынды аттестация и аккредитациядан ӛткізу.

  4. Студенттер білімінің құрылымын анықтау. Білімнің кӛлеміне емес, құрылымына ерекше кӛңіл бӛлінеді (Жапонияда).

  5. Білімді толық меңгеру жүйесі

  6. Кафедра жұмысының тиімділігі анықтау. Тестіне ғылыми негізде жасау үшін қажет:

  1. Әдіснама(тесті жасау әдістерінің теориясы). теория методов создания тестов). Дәстүрлі екі әдіснама бар:

  • 1920-1960 жж. Дейінгі тест жасау әдіснамасы;

  • қазіргі әдіснама, латентті (кӛрінбейтін)-құрылымдық талдау.

  1. Педагогикалық ӛлшеу теориялары.

  2. Тестінің педагогикалық теориясы (ұғымдық аппарат, тапсырмалар формалары, мазмұнды таңдау әдістері және т.б.).

Жоғарыда аталған нәрселер тест ұғымының мәнін нақтылауды қажет етеді. Тест – студенттердің білім деңгейі мен білім құрылымын объективті түрде бағалауға мүмкіндік беретін спеицикалық формадағы тапсырмалар жүйесі. Тестілеу бірлігі – тест тапсырмалары.

Тест тапсырмаларының формалары:


I. Жабық форма. Тапсырмада негізгі бӛлім және жауаптар берілген. Нұсқауда кӛрсетілгені: дұрыс жауапты белгіле.

Жабық тестіге қойылатын талаптар:

  1. Стандартты нұсқау.

  2. Тапсырмалардың бір деңгейлі шынайылығы.

  3. Мәтіннің толық анықтығы (екі жақты мән болмауы тиіс).

  4. Мүмкіндігінше қысқа болуы (5-6 сӛз).

  5. Қарапайым стилистикалық құрылым.

  6. Тапсырмада жауапқа қарағанда сӛздер саны кӛбірек болады.

  7. Дұрыс және дұрыс емес жауаптар ұзындығы бойынша бірдей болуы керек.

  8. Вербальды ассоциация тудыратын жауаптар болмауы керек.

  9. Артық сӛздер алынып тасталады (берілген суретте, аталған мысалдар ішінде).

  10. Тек бір білімді емес, бірнешеуін тексеру керек.

  11. Бір стандартты нұсқаудың болуы шарт (мысалы, дұрыс жауапты дӛңгелектеңіз).

  12. Дұрыс жауап тек біреуі болуы шарт.

  13. Негізгі бӛлім мен жауаптар арасында қарама-қайшылықтар болмауы тиіс (мысалы, ғарышта ғарышкерге әсер етеді:

  • ауырлық күші;

  • бекіну нүктесінің күші;

  • ешқандай күштер әсер етпейді).

  1. Жауаптардағы қайталанатын сӛздерді алып тастау: негізгі жер ӛңдеу аймақтары орналасқан:

  • тайга аймағында;

  • орман аймағында;

  • аралас орман аймағында;

  • дала аймағында.

ІІ. Ашық форма. Студент жауапты сӛз немесе графика арқылы ӛзі береді. Бұл тестілерді ағымдық бақылауда қолданған тиімді. Оның ңұсқауы: "Толықтырыңыз...".

Ашық тестіге қойылатын талаптар:

  1. Толықтыру сӛзі ең соңында қойылады.

  2. Толықтыру сӛзі тек біреу болуы шарт.

  3. Барлық бос орындардың ұзындығы бірдей болуы тиіс. Мысалы:

Ең алғашқы грек философы . Қышқыл тұздары аталады.

Вакуумдағы жарық жылдамдығы_ тең.



  1. Сәйкестікке берілетін тапсырмалар

Тапсырмалар екі кӛптіктен тұрады, оң бағанда – таңдау үшін, сол бағанда – жауап үшін. Оң жақ бағанда 1-2 эелемент артық болады. Нұсқау – сәйкестікті орнату.

Мысалы:


реплика пікірлер авторлар

  1. Дұрыс бірізділігін анықтауға берілген тапсырмалар (техникалық мамандықтар үшін бұл тестілер орынды, себебі алгоритмді білуді қажет етеді).

Нұсқау: жианудың жұрыс бірізділігін анықта.

Мысалы, бағанда белгілі бір механизмнің бӛлшектері мен бӛліктерінің атаулары аралас, ретсіз беріледі.



Тестінің бағасы болуы мҥмкін:

  • полигамиялық, егер 10 тапсырманың біреуі дұрыс болмаса балл қорытындысы 9-ға тең;

  • дихотомиялық(дұрыс жасады - 1, дұрыс емес - 0).

Тест тапсырмаларының сипаты

  1. Мазмұны. Курстың мазмұны неғұрлым толық алынса, соғұрлым тестінің валидтілігі артады. 360 тапсырма шамамен 1,5-2 сағтта орындалады.

Тест тапсырмасының мазмұнына қойылатын талаптар:

  • пәндік тазалық (пәнаралық элементтер неғұрлым аз болса, соғұрлым тест мазмұны таза болады);

  • мазмұнның мәнділігі. Мазмұн бӛліктерге ажыратылады. Бұл ӛте күрделі процесс.

  • мазмұн ӛзгергіш, репрезентативті болуы тиіс (пәндік білімді толық ашатындай);

  • мазмұн ғылыми дәлелденген болуы тиіс (қазіргі ғылымның сипатталуы).

  1. Тест тапсырмаларының формалары. Форманы таңдау:

  • курс мазмұнына;

  • тестіні жасау мақсатына(бақылау);

  • тест жасаушының іскерлігіне тәуелді.

  1. Қиындық деңгейі: тапсырмалар қиындығы әртүрлі болуы тиіс; ешкім орындай алмайтын 1-2 тапсырманың болуы; барлығы орындай алатын 1-2 тапсырманың болуы; тапсырмалардың 60-70  қиындығы орташа деңгейлі болуы.

  2. Саралу қабілеті. Білетін студенттер тапсырманы орындауы тиіс, білмейтіндер – орындай алмайды.

  3. Локальдық дербестік: тапсырмаларды орындау жұмыстың басқа формаларынорындау нәтижелерінен тәуелсіз.

  4. Тапсырмалардың ақпараттық сипаты. Әрбір тапсырма ақпараттық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет