ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет32/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

Лектордың сӛзі:


Профессиограмма (Слайд 5)

Мҧғалімге қойылатын кәсіби талаптардың жиынтығы педагогикалық қызметке кәсіби дайындық терминімен енгізілген. Оның құрамында, бір жағынан, психологиялық, психологиялық- физиологиялық және дене дайындығын, екінші жағынан, ғылыми- теориялық және тәжірибелік қабілеттілігін ажыратады.

Педагогикалық білім берудің мақсатының кӛрінісі ретіндегі кәсіби дайындықтың мазмұны профессиограммада жинақталған.

Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымын (профессиограммасын) жасаудың мәні жоғары. Онда мыналар кӛрсетіледі:


  • мұғалімнің жеке басы, оған тән сапалық қасиеттер мен белгілер.

  • мұғалім мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насихаттаушы, ӛз кәсібіне жан-тәнімен берілген адам, сондықтан мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтық бағыттар мұғалімнің жеке басының негізгі қасиеттері. Сапалық белгілеріне: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, орынды талап қою, ұстамджылық, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік және т.б. жатады.

  • мұғалім қызметінің түрлері: ұстаздық, тәрбиешілік, қоғамдық-саяси, қоғамдық-педагогикалық жұмыстар.

  • мұғалімнің мамандық деңгейін кӛтеруге қойылатын талаптар: кәсіптік білім, білік, дағды, ізденіс, ісіне шығармашылық мән беру, жаңашылдық, білім берудің сапасын жетілдіру.

  • мұғалімдердің әдістемелік деңгейін кӛтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, оны тарату, оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін, тиімділігн анықтау, мұғалімдердің білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бӛлу, педагогтық оқуға, басылымбарға қатысу жұмыстары.

  • мұғалімдік мамандықтың ӛзге мамандықтардан ерекшелік белгілері. Ол жоғары аталған тӛрт белгінің мазмұнын біріктіреді.

  • оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау жолдары. Мектеп оқушыларына мұғалімдік мамандық бойынша бағдар беру; педагогикалық оқу орындарында оқып жүрген кезінде мұғалімдік мамандыққа үйрету, мұғалімдік мамандықты меңгеру және ӛз бетінше мамандық шеберлігін кӛтеріп отыру жұмыстары.

  • студенттердің, мұғалімдердің ӛз бетінше білімін жетілдірудің мазмұны: болашақ мұғалімдердің ғылыми деңгейін кӛтеру, арнайы әдістемелік білімін жетілдіру.

  • мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгілері: кәсіби білім, білік, дағды, кәсіби қабілет, педагогикалық әдеп, педагогикалық техника.

Профессиограмма – мұғалім мамандығына тән негізгі қасиеттер мен оған қойылатын кәсіби талаптардың жүйесі. Мұағлімге қойылатын кәсіби талаптар ӛзара байланысқан үш негізгі кешенге біріктірілген: жалпыазаттық қасиеттер; мұғалім мамандығынығ спецификасын белгілейтін қасиеттер; пән (мамандық) бойынша арнайы білім, білік және дағды. Психологтар профессиограмманы негіздеуде тұлғаның ақыл-ой, сезім, және еріктік қасиеттерін кӛрсететін педагогикалық қабілеттерді белгілейді. Мысалы, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативтік қабілеттерімен қатар педагогикалық қиял және зейінді шоғырландыру қабілетін ажыратады.

А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, конструктивті, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті және ұйымдастырушылықты жатқызады.

Педагогикалық білім берудің мақсаты - жаңа типті мұғалімнің үздіксіз жалпы және кәсіби дамытылуы. Оған мыналар тән:


  • азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік бейімделу;

  • балаларға деген сүйіспеншілік, оларға жүрек жылуын беруі;

  • шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға құштары мен іскерлігі;

  • жоғары кәсібилік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі;

  • ӛздігінен білім алуға қажеттілігі және оған дайындығы;

  • денсаулық, психикалық саулық, кәсіби жұмысқа қабілеттілік.



3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС



Тапсырма: «Менің педагог профессиограммасымен сәйкестігім» атты эссе жау тапсырылады.


5.3. Студенттердің білімі мен білігін бақылау формалары мен тҥрлері



Педагогикалық бақылаудың формалары

Жоғарғы оқу орнындағы бақылау жүйесін емтихандар, сынақтар, ауызша жауаптар (әңгімелесу), жазбаша бақылау, реферат, коллоквиум, семинарлар, курстық жұмыстар, лабораториялық бақылау жұмыстары, жобалар, күнделік жазбалары, бақылау журналдары құрайды.

Ауызша бақылау барысында тек білім тексеріліп қоймайды, сонымен қатар, ауышза сӛйлеуге жаттығады, педагогикалық қарым- қатынас дамытылады. Жазбаша жұмыстар материалдың меңгерілу деңгейін құжат түрінде кӛрсетуге мүмкіндік береді, бірақ оны ӛткізуге кӛп уақыт жұмсалады.

Емтихан студенттердің психикасына қосымша әсер етеді. Курстық және дипломдық жұмыстар болашақ маманның шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бақылау түрлерін үйлесімді біріктіру – ЖОО-дағы оқу процесін ұйымдастырылу деңгейінің кӛрсеткіші және оқытушының педагогикалық біліктілігінің маңызды кӛрсеткіші.

Уақыты бойынша педагогикалық бақылау ағымдық, тақырыптық, аралық, қорытынды, соңғы болып бӛлінеді. Ағымдық бақылау студенттерді үлгерімі тӛмен және үлгерімі жоғары деп ажыратуға мүмкіндік береді, оқу мотивациясын тудырады (сұрау, бақылау, тапсырмалар, ӛзін-ӛзі бақылау мәліметтерін тексеру). Тақырыптық бақылау – бағдарламаның нақты тақырыбын және тарауының нәтижелерін бағалау. Аралық бақылау – оқу материалының бір бӛлігінен келесі сатысына ӛту үшін әрбір

студенттің оқу жетістіктерін тексеру. Қорытынды бақылау курс бойынша емтихан. Ӛтілген пәнді оқудың нәтижесі, бұнда студенттің әрі қарай оқуға қабілеті анықталады. Соңғы бақылау – мемлекеттік бақылау, дипломдық жұмысты немесе жобаны қорғау, Мемлекеттік емтихан комиссиясының біліктілік беруі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет