ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет45/52
Дата15.12.2019
өлшемі471,07 Kb.
#53615
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu (1)

3. Жеке жҧмыс


Дәрістің 3-4 сұрағын түсіну үшін «Түртіп алу» стратегиясын орындау тапсырылады. Әр студен бұл бӛлікті жеке орындайды.

+ жаңалық, V білемін,



? түсінбедім,

  • келіспеймін.

  • Сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы тапсырма талқыланады.

3. Оқытудың жеке (нақты) заңдылықтары


  1. Дидактикалық заңдылықтары. Оқытудың нәтижесі оқытудың ұзақтығына, меңгеріліп жатқан мазмұнның оқушыға мәнділігіне тікелей пропорционалды. Берілген кӛлемдегі білім мен іскерліктің меңгерілу ӛнімділігі оқылып жатқан материалдың санына, қиындығына және күрделілігіне кері пропорционалды. Оқытудың нәтижесі қолданылған әдістердің, құралдарға және мұғалімнің шеберлігіне тәуелді. Оқытудың «жасату» жолы «тыңдау» жолынан 6-7 есе ӛнімді.

  2. Танымдық /гносеологиялық/ заңдылықтар. Оқытудың нәтижесі оқушылардың оқуға деген сұранысына және оқушылардың оқу іс-әрекетінің кӛлеміне, білімдерді, іскерлікті

практикалық қолдану кӛлеміне тікелей пропорционалды. Оқушылардың ақыл-ой дамуы ӛзара байланысты білімдердің, іскерліктердің, шығармашылық әрекеттің тәжірибесін меңгеру кӛлеміне тікелей пропорционалды. Оқыту нәтижесі оқушылардың үй тапсырмасын әрдайым және жүйелі орындалуына, оқытудың проблемділік деңгейіне, оқушыларды әлі келетін және мәнді оқу проблемаларын шешуге қатыстырылу қарқынына тәуелді.

  1. Психологиялық заңдылықтар. Оқытудың ӛнімділігі оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызығушылығына, оқушылардың оқу мүмкіншілігіне, тренировкалық жаттығулардың санына, тренировканың қарқынына, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейіне, оқушылардың зейінінің деңгейіне және тұрақтылығына, оқушылардың еңбек істеуге деген қабілеттілігіне байланысты. Нақты оқу материалын меңгерудің нәтижесі оқушылардың қабілетіне жекелеген ынтасына, оқушылардың ойлауының деңгейіне, күшіне, қарқындылығына және ерекшелігіне, еске сақтаудың даму деңгейіне тәуелді.

  2. Кибернитикалық заңдылық. Оқыту тиімділігі кері байланыстың жиілігіне және кӛлеміне, оқыту процесін басқару сапасына тікелей пропорциональды болады. Білім сапасы қадағалаудың тиімділігіне де байланысты болады.

  3. Әлеуметтік заңдылықтар. Индивидтің дамуы тікелей немесе жанамалай қарым-қатынасқа түсетін басқа да индивидтердің дамуымен шартталған. Оқытудың ӛнімділігі танымдық контактінің кӛлеміне және қарқындылығына, «интеллектуалдық ортаның» деңгейіне, ӛз-ӛздерін оқытудың қарқындылығына тәуелді.

  4. Ұйымдастырушылық заңдылықтар. Оқытудың тиімділігі мұғалімнің ұйымдастырушылық жұмысына, жұмыс істеу қабілетіне тәуелді. Ақыл-ой шаршауы сезім органдарының тежелеуіне соқтырады: тӛрт сағат оқу сабағы анализаторлардың сезімдігін 2 есе кемітеді. Балалардың ақыл-ой жұмыс істеу қабілеті денсаулық жағдайына, ақыл-ой іс-әрекетінің режиміне, жынысына, жасына, жылдың уақытына, апта күніне, тәулік уақытына тәуелді болады. Балалардың ақыл-ой іс-әрекетінің белсенділігі оқу сабақтарының кестесіне де тәуелді болады.

4. Оқытудың принциптері мен ережелері:


Саналылық және белсенділік принципінің негізіне ғылым орнатқан заңдылықты жағдайлар жатыр: білім алудың мәні терең

және дербес ұғынылған білімдер құрайды, олар ӛз ойын қарқынды жұмыс істеу жолымен игеріледі.



Кӛрнекілік принцип негізінде мынадай ғылыми заңдылықтар жатыр: адамдардың басым кӛпшілігінде кӛру органдары ең үлкен сезімділікке ие, кӛру органынан миға түсетін ақпарат кодировканы қайта жасауды талап етпейді, ол оқушының есінде жеңіл, тез және берік орын алады.

Жҥйелілік және бірізділік принципі мынадай ғылыми жағдайларға негізделеді: оқушының миында қоршаған дүниенің анық суреті бейнеленгенде ғана ол нағыз және іскер білімге ие болады.

Ғылымилық принципінде мына заңдылық бекітілген: білім беру мазмұнын меңгеру және оқушылардың танымдық күшін дамыту – оқыту процесінің екі ӛзара байланысты жақтары; оқу материалын меңгерудің беріктігі тек қана объективті факторға емес, сонымен бірге субъективті факторға да тәуелді; білімді меңгерудің беріктігі оқытуды ұйымдастырумен, әр түрлі формалар мен әдістерді қолданумен, оқытудың уақытымен шартталады; оқушылардың еске сақтауы таңдаушылық сипатта болады.

Шамаға лайықтылық принципі оқытудың кӛп ғасырлық практикасы жасаған талаптардан шығады: оқушылардың жастық даму заңдылықтары және оқушылардың даму деңгейіне сәйкесті дидактикалық процесті жүзеге асыру. Я.А.Коменский шамаға лайықтылық принципін жүзеге асыруға арналған ережелерді анықтады: жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге, оңайдан күрделіге.

Ғылымилық принципі оқушыларға ғылым орнатқан білімдерді меңгертуді талап етеді.

Теория мен практиканың байланысы принципінің негізіне философияның мынадай басты қағидасы жатқызылған: ӛмір, практика – шындықтың ӛлшемі, танымдық іс-әрекеттің қайнар кӛзі. Оқыту принципінің талаптары ережелер жүйесі арқылы жүзеге асады. Ереже – бұл нақты жағдайда белгілі бір мақсатты орындаудағы педагогикалық іс-әрекетті суреттеу. Кӛбінесе оқытудың ережесі деп қандай да бір принципті қолданудың

жекелеген жақтарын ашатын басшылықтық жағдайларды түсінеді.

Оқытудың ережесі теориядан практикаға кӛшу буыны болады. Ереже мұғалімге қандай да бір жағдайда белгілі бір әрекеттерді орындауды тапсырады, оны талаптарды орындауға бағыттайды.

3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС

4. Жаттығу «Ертегі»

Жаңа сабақты қорытындылау үшін жалпы топ студенттеріне

«Принциптер мен заңдылықтар патшалығы» ертегісін құру тапсырылады. Әр студен бір-бір сӛйлем құру арқылы ертегінің желісі құрылады.

Бақылау сҧрақтары:


  1. Оқыту процесінің заңдылықтарына түсінік және оларға сипаттама бер.

  2. Оқытудың заңдылықтарын ата.

  3. Оқытудың жеке заңдылықтарын ата.

  4. Оқыту принциптері дегеніміз не?

  5. Я.А. Каменский, К.Д. Ушинский оқыту принциптерін қалай қарастырды?

  6. Табиғатқа сәйкестілік принципінің мәні.

  7. Саналылық және белсенділік принципінің мәні неде?

  8. Кӛрнекілік принципінің принципінің мәні неде?

  9. Ғылымилық принципінің мәні неде?

  10. Жүйелілік және бірізділік принципінің мәні неде?

  11. Теорияның практикамен байланыс принципінің мәні неде?

  12. Түсініктілік және шамаға лайықтылық принципінің мәні неде?

Әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж.,Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А., 2004.

  2. Ильин Е. Рождение урока. М., 1986.

  3. Педагогика ./Курс лекций. А., 2003.

  4. Подласый И.П. Как подготовить эффективный урок. Киев. 1989.

  5. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.

  6. Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.

  7. Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество. М., 1987.

  8. Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.

  9. Куписевич Ч. Основы общей дидактики. М.,1986.

  10. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000. 11.Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения.

М.,1981.

12.Лихачев Б.Т. Педагогика М., 1998.



Ӛзіндік жҧмыстар ҥшін тапсырмалар

  1. Оқыту прициптерінің ӛмірде жүзеге асырылуын кӛрсет.

  2. Жалпы заңдылықтарға мысалдар келтір.

  3. Нақты заңдылықтарға мысалдар келтір.

  4. Қазіргі дидактиканың ұсынатын заңдылықтарын кесте түрінде кӛрсет.

  5. Оқыту принциптерін жүзеге асыру ережелерін кӛрсет және оған мысалдар келтір.

Реферат тақырыптары

  1. Оқытуда оқушылардың дербес ерекшелігін есепке алу принципі.

  2. Бастауыш мектепте оқыту принциптерін қолдану.

  3. Я.А.Каменский бойынша оқыту заңдылықтары.

  4. Ф.А.В.Дистервег бойынша оқыту заңдылықтары.

  5. Э.Торндайк бойынша оқыту заңдылықтары.

  6. Э.Мэйман бойынша оқыту заңдылықтары.

  7. Білім, біліктілік , дағдыларды игеруде беріктік принципі.

  8. Оқыту принциптерін жүзеге асыру жолдары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет