ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 Әож 616. 8(075)



бет3/13
Дата10.06.2017
өлшемі3,09 Mb.
#18806
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Артқы ми

Артқы ми құрамына Варолиев көпірі, сопақша ми және мишық кіреді. Артқы мидың барлық бөлігінің құрылымы ақ және сұр заттан тұрады.



Варолиев көпірі тегіс контурлы, ортаңғы сызық бойында ғана кішкене батыңқы жері болады. Оның екі бөлігін ажыратады: жоғарғы жағы орталық мимен жанасып жататын, ал төменгі жағы – сопақша мимен жанасатын негіз және ромб тәрізді шұңқырдың жоғарғы бөлігін құрайтын жабынды. Көпірдің негізінде ядролар жиынтығынан басқа өткізгіш жолдар өтеді: пирамидалық, самай-көпірлік, маңдай-көпірлік. Жабындыда қызыл ядро-жұлындық, дөңес-жұлындық және жабынды-жұлындық жолдар орналасады. Осыдан басқа, бұл жерде үштік жүйкенің, сыртқа әкеткіш, бет және есту жүйкелерінің ядролары жатады.

Варолиев көпірінде күрделі рефректорлық қызмет жүзеге асады. Ол жұлының рефлекторлық қызметінен едәуір басым болады.

Сопақша ми. Сопақша мидың жоғарғы шекарасы Варолиев көпірінің негізімен түйіседі, ал төменгі шекарасын пирамидалардың қиылысуы құрайды. Алдыңғы ортаңғы сай арқылы сопақша ми екі симметриялық бөлікке бөлінеді. Бұл әлсіз байқалатын сайдың екі жағында пирамидалар деп аталатын доғал қырлар орналасқан, оларда орталықтан тебінетін қозғалтқыш өткізгіш жолдар өтеді. Пирамидалардан сыртқа қарай сопақ пішінді құрылымдар орналасқан – бұл оливалар (мишықпен байланысты құрылымдар).

Жұлын каналы сопақша мида кеңейіп, төртінші қарыншаның түбін құрайтын ромб тәрізді шұңқыр түзеді. Бұл шұңқырдың қабатында сопақша мидан шығатын төрт бас-ми нервтерінің ядролары жатады (тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша және тіл асты). Олардың астынан жұлыннан көру төмпешіктеріне баратын сезімтал өткізгіштер, сонымен қатар импульстарды қыртыстан жұлынға апаратын, негізінен пирамидалық, қозғалтқыш жолдар өтеді. Пирамидалық жолдар сопақша ми тұсында қиылысу құрайды, яғни талшықтардың бір бөлігі сол жақтан оң жаққа, ал оң жақтан сол жаққа өтеді.


Мишық ми сауытының артқы шұңқырында, Варолиев көпірі мен сопақша мидың артында, жарты шарлардың желке бөліктерінің астында орналасады. Ол құрт деп аталатын ортаңғы бөліктен және екі бүйір жарты шарлардан тұрады.

Мишықтың құрылысы мидың басқа бөліктері сияқты ақ және сұр заттан тұрады. Сұр зат пен ақ заттың өрілуі мишықта тарам-тарам бұтақты ағашты еске түсіретін керемет түр алады, осыған байланысты бұрынғы анатомдар мишықтың мұндай құрылысына «өмір ағашы» деген атау берді. Мишықтың қыртыс бетін анықтап қарағанда оның екі қабаттан тұратынын байқауға болады, ол өзіндік қатпарлар құрайды. Жасушаға кедей бірінші қабаты молекулалық деп аталады, ұсақ жасушалардан тұратын екіншісі дәнді қабатты құрайды. Осы қабаттардың арасындағы шекарада мишықтың өзіндік жасушалары орналасады, олар Пуркинье жасушалары деп аталады.

Бұл жасушалардың пішіні алмұрт тәрізді болады, олардан мишық ядроларына бағытталатын өсінділер шығады. Құрттың ақ затында ядроларды құрайтын сұр зат жиынтықтары орналасқан: екі жабынды, екі тығын тәрізді, тісті және бірнеше шар тәрізді ядролар. Мишық мидың әртүрлі бөліктерімен ми аяқшалары деп аталатын ерекше байланыстырушы құрылымдар арқылы қосылады, олардың үш жұбы болады. Жоғарғы аяқшалары тісті және жабынды ядролардан басталып, мишықты төрт қыратпен байланыстырады. Ортаңғы аяқшалары ақ заттың басым бөлігін құрайды, олар мишықты Варолиев көпірімен байланыстырады. Төменгі аяқшалары, басқаша айтқанда арқанша тәрізді денелер, оливаларға жақын орналасып, мишықтың сопақша мимен байланысу қызметін атқарады. Бұл байланыстардан басқа, мишық ми қыртысымен және жұлынмен ерекше өткізгіш жолдар арқылы байланысады. Мишық тепе-теңдіктің күрделі рефлекторлық функциясын атқарады. Бұл функцияны мишық басқа да құрылымдармен, соның ішінде ішкі құлақтың вестибулярлық аппараты мен ортаңғы мидың қызыл ядроларымен бірге жүзеге асырады. Вестибулярлық жүйке арқылы мишыққа дененің кеңістіктегі қалпы өзгерген кезде ішкі құлақтың жартылай иірім түтікшелеріндегі ерекше сұйықтық (эндолимфа) мен оның ішіндегі әк тәрізді түзілістердің (отолиттер) ауытқып қозғалуы нәтижесінде пайда болатын импульстар келеді. Жұлын-мишық жолдарымен төменгі аяқшалар арқылы мишыққа буындардың, бұлшық еттер мен сіңірлердің қалпының өзгеруі нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар жұлынның артқы бағаналарынан келетін бірқатар басқа да импульстер бағытталады. Мишықтың тісті ядросынан жоғарғы аяқшалар құрамында орталық мидың қызыл ядросына импульс апаратын жолдар кетеді. Қызыл ядролардан жұлынға импульс апаратын Монаков шоғыры шығады. Осылайша тепе-теңдіктің күрделі жүйесі іске асырылады, мұнда мишық белгілі бір бұлшық еттер тобы жасайтын әрбір ерікті қозғалысқа түзету енгізіп отыратын реттегіш мүше рөлін атқарады. Бұл түзетулердің механизмі мишықтың антагонист-бұлшық еттер топтарының қимылын іске қоса отырып, сонымен бірге әрбір қимылдау актісіне тән инерцияны алып тастауына сайып келеді.

Төртінші қарыншаның түбінде әртүрлі бағытта өтетін және шиеленіскен тор құрайтын талшықтардан тұратын ерекше құрылым орналасқан. Бұл тор қабатында жеке немесе топталған жасушалар жиынтығы орналасқан. Осы атап көрсетілген құрылым Торлы (ретикулярлық) деп аталады.



Өз бетінше дайындық сұрақтары:

  1. Артқы ми құрамына қандай ми бөліктері кіреді?

  2. Варолиев көпірінен қандай өткізгіш жолдар өтеді?

  3. Қай бас-ми нервтерінің ядролары көпірде орналасады?

  4. Сопақша мидың құрылысы?

  5. Ромб тәрізді шұңқырда қай бас-ми нервтерінің ядролары орналасады?

  6. Сопақша мида қандай өткізгіш жолдар өтеді?

  7. Мишықтың құрылысы мен қызметі?

  8. Мишықтағы ядроларды атап шығыңыз?

  9. Мишықта қандай өткізгіш жолдар өтеді?

  10. Артқы мидың қуысы қай ми қарыншасын құрайды?


Торлы (ретикулярлық) құрылым




Торлы құрылымда көптеген күрделі рефлекторлық актілердің орталықтары орналасқан: тыныс алу, қан айналым, жөтелу, түшкіру, құсу, есінеу. Сопақша мида кезбе жүйкесінің жүйесі ерекше маңызға ие, өйткені бұл жүйкенің басқа бас-ми жүйкелерінен айырмашылығы – бас шекарасынан шығып, өмірлік маңызды ішкі мүшелерді (өкпе, жүрек, асқзан, ішек) және қан тамырларды нервтендіреді. Сонымен, ромб тәрізді шұңқыр түбінде, торлы құрылымда орналасқан бұл нервтің ядролары тіршілікке қажет басты орталық болып табылады. Егер сопақша ми зақымдалса, кезбе нерв жүйесі арқылы жүзеге асырылатын рефлекторлық реттелуі тоқтауына байланысты жүрек пен өкпе істен шығып, кенеттен өлімге әкеп соғады.


Каталог: portal -> ebook -> files
files -> Кенжебекова Р. И., Айдарова Б. А.,Ералиева Т. О. Мектепке дейінгі жаста қарапайым математикалық ТҮсініктерін қалыптастыру әдістемесі шымкент-2016
files -> Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)
files -> I теоретические основы логопедии
files -> «Бейнелеу өнері, сызу және кәсіптік білім» кафедрасы
files -> «Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра» пәні бойынша 5В011000- “Физика”
files -> Лекция жинағЫ Қарағанды 2011 Құрастырғандар: Жұмабаев С. Ә. ф-м.ғ. к., доцент
files -> Музыкалыќ іс-јрекетініѕ психологиясы
files -> Ә. Т. Мейірбеков., Т. П. Раимбердиев., Г. Ю. Башбенова тіршілік қауіпсіздік негіздері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет