Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша күнделік-есебі «Биология»



бет4/11
Дата23.12.2022
өлшемі2,19 Mb.
#164158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет пед.практика
Документ Microsoft Word, Адамгершілік, 1 1 АКТ 3 сынып 7 Бөліп Презентацияны безендіру Презентация құрып безендіру Сабақ жоспары, ҚМЖ 1кл - 130б, 10 сынып БЖБ барлығы docx, 7 сынып БЖБ, ТЖБ тапсырмалар жинағы, Презентация Microsoft PowerPoint
Қатысқан сабаққа талдау
Пәннің аты: Қорықтану ісі негіздері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қорғауға жататын жан-жануарлар дүниесі
Топ: 6В05101-«Биология», 4-курс
Оқытушы: Сембинова Ж.Ж.
Өткен орны: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КЕ АҚ, биология кафедрасы, 4-оқу ғимараты, 21 аудитория, сағат 15:50, 15.11.22
Сабақ түрі: дәріс.
Дәрістің мақсаты: Студенттердің жануарлар туралы білімдерін дамыту, «Қызыл кітапқа» енген қорықтардағы жануарлармен таныстыру; Жануарлармен таныстыра отырып «Қорықтану ісі негіздері» пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Дәрістің міндеттері:

  • Қазақстан қорықтарымен таныстыру;

  • «Қызыл кітап» туралы таныстыру;

  • Жануарларды қорғаудың ерекшеліктеріне мән беруге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

  • Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991,1996) жарық көрді.
2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы жарық көрді. Оған буылтық құрттардың — 2, ұлулардың — 6, шаянтектестердің —1,өрмекіштектестердің — 2, жәндіктердің — 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 2006жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар тіркелген. Соңғы жылдары шығып жаткан жануарларға арналған Қызыл кітаптарда жеке түрлер 5 категорияға бөліп беріледі:
I—жойылып кету қаупі төнген түрлер;
II— саны күрт азайып бара жатқан түрлер;
III—сирек кездесетін түрлер;
IV—толық зерттелмеген түрлер;
V— қалпына келтірілген түрлер.
Қызыл кітапқа енген түрлер заң жүзінде катаң қорғалады.
Сабақ барысында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылды. Жабық сұрақтар қою, өткен тақырыптармен байланыс жүргізу, студенттермен кері байланысқа екі жұлдыз бір тілек қолданылды.
Сабақ барысында жетекшілік етуде демократиялық стиль ұсталынды, топ ішінде жұмыстың барлық бөлімдері талқыланып, бірлесе жұмыс атқарылды. Демократиялық стиль – студент қарым-қатынастағы тең серіктес, сондай-ақ интерактивтілік әдіс дәрісте кеңінен қолданылып, бірлесіп міндеттерді атқаруда әріптестер ретінде болды. Студенттер сабақ кезінде еркін шешім қабылдауға бағыттап, пікірлермен санасады. Бұл стильді пайдаланудың оң жақтарына студенттердің жоғарғы қызығушылығы, өз нәтижелеріне қанағаттануы және де олардың байыпты болуын жатқызуға болады.
Сабақтың басынан бастап өзімді еркін ұстап, студенттермен тығыз байланыста болдым және сабақтың тақырыбы мен мақсатына сай көңіл-күйі жақсы, сабақты студенттердің дұрыс меңгеруі менің басты мақсатым болды, сол мақсатқа жету жолында қуаттылық, табандылық, педагогикалық тапқырлық таныттым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет