Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша күнделік-есебі «Биология»



бет9/11
Дата23.12.2022
өлшемі2,19 Mb.
#164158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет пед.практика
Документ Microsoft Word, Адамгершілік, 1 1 АКТ 3 сынып 7 Бөліп Презентацияны безендіру Презентация құрып безендіру Сабақ жоспары, ҚМЖ 1кл - 130б, 10 сынып БЖБ барлығы docx, 7 сынып БЖБ, ТЖБ тапсырмалар жинағы, Презентация Microsoft PowerPoint
2-жүргізуші:
Көңіл бөліп тамашалауға келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет!
Оқытушы:
Бүгінгі өткен Студенттер күніне арналған «Қызықты көңілді, студенттік өмір!» атты ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Қоғамның жүрек дүрсілі, өзегі бүгінгі жастар екені белгілі. Ендеше сол жастар, мына сіздер, Қазақстанның болашағын бұлыңғырлатпай, сенімдерін селдіретпей, көк байрақты тік ұстап, еліміздің абыройын асқақтата беріңіздер! Осы кеште ат салысқан студенттерге үлкен алғыс білдіреміз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, бүгінгі кешімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет.





4-сурет. Оқу-тәрбие жұмысының барысы
6. Басқару психологиясы бойынша есеп
Университеттегі басқару жүйесін талдау
"Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының құрылымы келесі үлгіде:
Университеттің басқару жүйесі күрделі және құрылымды, ұйымдастырылған. Жұмыс әртүрлі бағыттарда жүргізіледі, бірақ соған қарамастан ішкі (Ішкі аудит қызметі) және сыртқы (корпоративтік хатшы қызметі) оның орындалуына тұрақты бақылау жүргізіледі. Университет жұмысы түлектердің сұранысқа ие және құзыретті болуына, қызметкерлер уақытпен бірге қадам басқанына, білім берудегі (ғылыми кеңес) жаңа үрдістерді білуіне және т.б. бағытталған.
Университетті басқарушы университеттің ректоры. Ректор өз қызметін ғылыми кеңес, оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ комитеті, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, экономикалық мәселелер және цифрландыру жөніндегі проректор және академиялық мәселелер жөніндегі проректор арқылы жүзеге асырады.
Проректорлар басқаратын университет қызметінің түрлі салаларында жауапкершілікті бөлу негізіндегі құрылымдар:
1)Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі Проректор Инновациялық даму және коммерцияландыру департаментінің жұмысын бақылайды және бағыттайды. Осы департамент қызметінің негізгі мақсаты:
Ғылыми зерттеулерді дамыту және тиімділігін арттыру, заманауи инновациялық технологиялар мен жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдерді жасау бойынша қолданбалы және іргелі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, университеттегі оқу-тәрбие үдерісімен ғылыми жұмыстың бірлігін дамытуды қамтамасыз ету, ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту. Департамент өзіне келесі бөлімшелерді біріктіреді:
- Инновация және технологияларды коммерцияландыру бөлімі
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі
- Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана
- "Беттік инженериясы және трибология" ғылыми-зерттеу орталығы
- "Зияткер" ғылыми білім беру орталығы
- "Алтайтану" ғылыми-зерттеу орталығы
- "G-Global" алаңындағы Экономикалық зерттеулер орталығы
- "Абайтану" ғылыми-зерттеу институты
- Өзгерістер офисі
- Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі
- Аккредиттеу және стратегия бөлімі
- Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру оргалығы
- "Берел" баспасы
2) Академиялық мәселелер жөніндегі проректор академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару Департаментінің жұмысын бақылайды және жолдайды, онда келесі бөлімдер бар:
- оқу процесін ұйымдастыру және бақылау;
- "PARASAT" студенттерге қызмет көрсету орталығы;
- Қашықтықтан оқыту технологиялар бөлімі;
- Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі;
- әдістемелік жұмыс және тәжірибе;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
- Ғылыми кітапхана
- Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттырудың ресурстық орталығы.
Департамент қызметінің мақсаты: Кәсіптік білім беру саласында білім беру
қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияға сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша оқу қызметін ұйымдастыру және басқару; оқу-әдістемелік қызметтің стратегиясын әзірлеу және оны дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру.
3) Университетте ыңғайлы және қауіпсіз, жан-жақты білім алуға ықпал ететін, сонымен қатар аудиторияларды, зертханаларды және т. б. Жабдықтайтын орталықтар мен бөлімдер (Шаруашылық департаменті):
- Шаруашылық-техникалық бөлім
- Оқу-далалық тәжірибе орталығы (Г. Вистениус-Д.Панкратьев атындағы «Сібе көлі»)
- Өндірістік алаң
- Күзет бөлімі
- «Чайка» жүзу зертханасы
- Жоспарлы-экономикалық бөлім
- Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығы
4) Тәрбие жұмысы жөніндегі Проректор осындай бөлімшелердің жұмысын
бақылайжы және бағыттайды:
- Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі
- Студенттік бастамалар тобы ЖІЖК
- "Altai jastary" медиа орталығы
- Студенттер үйі
- Түлектер қауымдастығы, Эндаумент қоры
- Ардагерлер кеңесі
- Жастарға арналған ұйымдар (Қыран, Шабыт және т.б.)
- "Назарбаевтану" ғылыми-білім беру орталығы
Үйлесімді жұмыс істеуге қажетті штаттық-құрылымдық, университет
құрылымындағы мамандандырылған бөлімшелер:
- Персонал және құқықтық қолдау бөлімі
- Бухгалтерлік есеп бөлімі
- Мемлекеттік сатып алу бөлімі
- Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі
- АҚ және еңбекті қорғау штабы
- Қабанбай батыр атындағы Әскери кафедрасы
- Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл, «Sanalv Urpag» фронтофисі, тәртіптік сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес.
Студенттер мен магистранттарды мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асыратын оқу-ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімше 4 жоғары мектеп пен бір колледжден тұрады:
- Психология, педагогика және мәдениет жоғары мектебі
- Экономика және құқық жоғары мектебі
- IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
- Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
- С. Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі
Жоғары мектептердің басында кафедра жұмысын бақылайтын меңгерушілер болады. Олардын басшылығымен кафедраның профессорлары, доценттері, аға оқытушылары және басқа да қызметкерлері жұмыс істейді, оқу зертханалары мен кабинеттерінің жұмысы ұйымдастырылады. Кафедра меңгерушілері кафедрадағы оқу, әдістемелік, ғылыми жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптік кеңесі еңбек тәртібін нығайту, ұжымда моральдық-этикалық нормаларды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қызметкерлердің қызметтік этикасы ар-намыс Кодексін және студенттің ар-намыс Кодексін сақтау, білім беру саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу мәселелерін қарайтын кеңесу ақылдасу органы болып табылады.
Сондай-ақ, университет құрылымында тәуекелдерді басқару, бақылау және корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін бағалау мен арттыруға жүйелі әрі дәйекті тәсілді пайдалана отырып, университет мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесуге арналған ішкі аудит қызметі бар.
Мемлекеттік тапсырманың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталған бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды; университет қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыруды байқау кеңесі жүзеге асырады.
Университетті басқару процесі ұйымды құратын және оны мақсаттар қою және олардың қол жеткізу тәсілдерін жасау арқылы басқаратын кәсіби дайындалған басқару мамандарымен қамтамасыз етіледі. Тиімді жұмыс істеуді белсендіру үшін ұйымдастырушылық басқару құрылымы қажет, ол жүйенің мақсаттылық, динамизм, тұрақтылық, сенімділік, икемділік, өзін-өзі жаңарту, жеткіліктілік, маневрлік, ұтқырлық сияқты маңызды қасиеттерімен сипатталады.
"Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны" ғылыми-білім беру кешеніне гербарий кабинеті, фитохимия зертханасы және В.С. Бажанов атындағы Табиғат мұражайы кіреді, соның арқасында ғылыми, оқу, кәсіби, экологиялық, эстетикалық міндеттер жүзеге асырылады.
Университеттің басқару құрылымы өзгертулерді қажет етпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет