Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша күнделік-есебі «Биология»


Іс-тәжірибе кезінде өткізілген оқу-тәрбие жұмысына талдау



бет6/11
Дата23.12.2022
өлшемі2,19 Mb.
#164158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет пед.практика
Документ Microsoft Word, Адамгершілік, 1 1 АКТ 3 сынып 7 Бөліп Презентацияны безендіру Презентация құрып безендіру Сабақ жоспары, ҚМЖ 1кл - 130б, 10 сынып БЖБ барлығы docx, 7 сынып БЖБ, ТЖБ тапсырмалар жинағы, Презентация Microsoft PowerPoint
5. Іс-тәжірибе кезінде өткізілген оқу-тәрбие жұмысына талдау.

Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Қызықты көңіл, студенттік өмір!»


Топ: 6В01505-«Биология», 3-курс
Оқытушы: Сембинова Ж.Ж.
Өткен орны: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КЕ АҚ, биология кафедрасы, 4-оқу ғимараты, 28 аудитория, сағат 12:50, 25.11.2022
«Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты ашық тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты : Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.
Оқытушы: Құрметті оқытушылар, студенттер! Сіздерді өткен Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі өтіп жатқан 6В01505-Биология мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен 17 қараша Студенттер күніне арналған «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Міне болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақтың дара да дана тұлғасы Абай: «Адамның адамшылығы... жақсы ұрпақтан болады» деген. Олай болса болашақ ұстаз болатын студенттерімізге тек қана жоғары сапалы білім мен тал бесіктен алған тәрбиесін тыңғылықты ету университет ұстаздарының абыройлы да басты мақсаты болып табылмақ.
2-жүргізуші: Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы. Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор.
1-жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет