Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша күнделік-есебі «Биология»



бет3/11
Дата23.12.2022
өлшемі2,19 Mb.
#164158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет пед.практика
Документ Microsoft Word, Адамгершілік, 1 1 АКТ 3 сынып 7 Бөліп Презентацияны безендіру Презентация құрып безендіру Сабақ жоспары, ҚМЖ 1кл - 130б, 10 сынып БЖБ барлығы docx, 7 сынып БЖБ, ТЖБ тапсырмалар жинағы, Презентация Microsoft PowerPoint
4. Өткізілген сабаққа талдау
Іс-тәжірибенің алғашқы күндері университетпен, оның жұмыс бағыттарымен танысып, топтарға бекітіліп, пән мұғалімі және топ кураторымен, топпен таныстым. Маған бөлініп берілген топ – 6В05101-«Биология» мамандығының 4-курс студенттері. Топта 10 студент.Бұл топпен жұмыс жасау мен үшін қызықты болды, және студенттер үшін де солай болды деп ойлаймын.Ең бірінші лекция күні мен студенттерге «Қазақстандағы қорғауға жататын өсімдіктер дүниесі» тақырыбында лекция жүргіздім.
1. Сабақ мәтінін талдау. Автордың көзқарасы туралы не айтасың?
2.Аталған көзқарастарға сәйкес ресурстарды интернеттен тауып,сілтемелерін форумға орналастыру.
3. Берілген тақырыптар бойынша отандық және шет елдік ғалымдардың пікірлерін қысқаша сипаттау.
4. Тақырып бойынша интернет беттерінде қандай ақпараттар бар, оларға өзіңнің пікірің қандай?
5. Форумда түсініктерді талқылау, салыстыру, қолданылу жолдарын ұсыну.
Дәрісте әр түрлі әдістер қолданылды:
- сөздік (дәріс, түсіндіру, әңгімелесу);
- көрнекті (демонстрациялау);
- тәжірибелік (компьютерде жаттығулар, тапсырмалар);
Бұл әдістер жаңа тақырып түсіндіру және алынған білімді бекіту барысында маңызды рөл аткарады. Тәжірибелік әдістерді қолдану материалды игерумен қатар, нәтижені бірден көруге мүмкіндік береді. Практика/семинар сабақтар тақырыбы бойынша жалпы түсінік беріліп, әр студентке жеке тапсырмалар берілді. Орындалу барысында студенттердің деңгейін байқай келе, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысқан сабаққа талдау
Пәннің аты: Қорықтану ісі негіздері
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қорғауға жататын өсімдіктер дүниесі
Топ: 6В05101-«Биология», 4-курс
Оқытушы: Сембинова Ж.Ж.
Өткен орны: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті КЕ АҚ, биология кафедрасы, 4-оқу ғимараты, 21 аудитория, сағат 15:50, 15.11.22
Сабақ түрі: дәріс.
Дәрістің мақсаты: табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды кешенді ұйымдастыру және оларды сақтау әдістері мен табиғатты пайдалануды рационализациялау құралы ретінде қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дұрыс пайдалануға үйрету, табиғи комплексті сақтау. Қазақстан қорықтарының бүгінгі жайы мен болашағы туралы студенттерге толық мағлұмат беру.
Дәрістің міндеттері:
-Мемлекеттік қорықтардың құрылу негізіне, идеясы мен бағыт бағдарын саралау.
-Қорық кешенді ғылыми зерттеулер жүргізетін ғылыми мекеме болғандықтан жан жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зерттеу жұмыстарын жүргізу
-Биология және жаратылыстану ғылымдары саласында оқу және зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде заманауи зертханалық жабдықтарды пайдалану
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан.
Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
«Қазақстандағы қорғауға жататын өсімдіктер дүниесі» тақырыбында нақты қорғауға жататын өсімдіктер дүниесін, олардың алуан түрлілігін, табиғатта таралуын, таралу ареалын, әр өсімдікке морфологиялық сипаттамасын, қолжетімді өсімдік гербарийлерін көрсеттім.
1) Дәріс барысында студенттерге сұрақтар қойылып отырды. Студенттер тарапынан сұрақтар туындап, ол сұрақтарға топ ішінен басқалар жауап беріп, кейде күрделі сұрақтарға оқытушы жауап берді. Дәріс нақты түрде ұсынылды, ұғымдар мысалдармен бекітіліп отырды;
2) Дәріс мамандандыру бағытында жүрді және пәнаралық байланысы үнемі жүзеге асырылып отырылды;
3) Дәріс жоспары нақты, көрнекіліктермен, қосымша мысалдармен толық қамтылған;
4) Дәрісті оқу манерасы: лекция арасында мысалдар қосылып, үзілістер болғанымен жинақы, монотонды, көрнекі, студенттерді жалықтырмады;
5) Студенттердің лекцияға қатысуы: лекцияға қатысу 100%, көпшілігі отырып, тыңдап, ұқпаған тұстарын лектордың рұқсатымен сұрап отырды;
6) Дәріс басталғаннан бастап, студенттер бірден сабаққа ден қойып, тыңдап отырды;
7) Оқытушының сырт бейнесі өзіне сай, топпен қарым-қатынасы өте жақсы, барлық студенттерге бірдей көңіл бөледі;
8) Дәрісті еркін баяндады, студенттерге оқылған дәріс ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызды, қысқа ғана жазбалар беріліп, басым жағдайды мысалдар арқылы берілген материалдар түсінікті болды, оқытушы оқулыққа тікелей сүйенбей, өз түсінігі бойынша жеңіл жолмен студенттерге жеткізе білді.







1-сурет. Дәріс барысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет