Педагогикалық (үздіксіз) іс-тәжірибе бойынша күнделік-есебі «Биология»



бет8/11
Дата23.12.2022
өлшемі2,19 Mb.
#164158
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Отчет пед.практика
Документ Microsoft Word, Адамгершілік, 1 1 АКТ 3 сынып 7 Бөліп Презентацияны безендіру Презентация құрып безендіру Сабақ жоспары, ҚМЖ 1кл - 130б, 10 сынып БЖБ барлығы docx, 7 сынып БЖБ, ТЖБ тапсырмалар жинағы, Презентация Microsoft PowerPoint
2-жүргізуші:
- Айтулы студенттер мерекесінің тарихын біреу білсе, біреу білмес. Мереке тарихын біліп жүргеніміз артық болмас.
1-жүргізуші:
1946 жылы 17 –қарашада Дүниежүзілік студенттер конгресі өтті. Прага қаласында ұйымдастырылған шара патриот студенттерге арналған еді. Чехтардан бастау алған айтулы күнді ойын-тойсыз, көңілді кешсіз өткізбейміз. Бірақ тарихы қанды оқиғамен байланысты. 1939 жылы 28-қазанда Чехословакияны фашисттер басып алған болатын. Сол кезде Чехословакия мемлекетіндегі білім күнінің бір мерекесін атап өтпекке прагалық студенттер мен олардың оқытушылары шеруге шығады. Басқыншылар шеруді таратады, сөйтіп атысты бастайды. Медицина факультетінің студенті Ян Оплетал да сол кезде қаза тапқан. Ян Оплеталдың қазасынан кейін 15-қарашада студенттер қайта көтеріледі. Сол кензде ондаған шерушілер тұтқынға түседі. 17-қарашада гестапошылар мен эсэсшылар таңертең жатахананы қоршап алады. 1200-ден астам студентті тұтқындап, Заксенхаузен концлагеріне қамаған. Студенттер қозғалысының белсенділері мен тоғыз студентті Рузина ауданындағы түрмеде дарға асқан. Гитлердің бұйрығымен чехиялық жоғары оқу орындары соғыс біткенше жабылды.
2-жүргізуші:
-Ия студент ол-Студент!
Студенттік өмір - МАХАББАТ ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР. Сессия - ТАР ЖОЛ ТАЙҒАҚ КЕШУ. Сессиядан кейін - ДАУЫЛДАН КЕЙІН. Степендия - ҰЗАҚҚА БАРМАЙТЫН ҚУАНЫШ. Далаға шыққан студент - ЖАЯУ МҰСА. Свидание - КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ. Лекция - ҚАЛҒЫП-МҮЛГУ. Семинар - СЕН ТИМЕСЕН МЕН ТИМЕЙМІН. Диплом қорғау - ҚЫЛ КӨПІР.
1-жүргізуші:
Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1-2 ай сауық құрып күнде жай,
сессияда ұйықтамаған күндер-ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер-той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой...
Үлгеретін ал осының бәріне, СТУДЕНТТЕР мықты халық екен ғой.
2-жүргізуші:
Ситуациялық жағдайлар.
№1 тапсырма.
Сіз группаластарыңызбен автобуста келесіз. Қалталарыңызда билетке ақша жоқ.Бірақ қалайда сабақтан қалмау керек.Түсетін аялдамаға жеткенде достарыңыз шапшаң түсіп кетті,ал сіз кондукторға ұсталып қалдыңыз.Сіз осы жағдайдан қалай шығасыз?
№2 тапсырма.
Жатақхана.Сіздің туған күніңіз тойланып жатыр. Асханада ауылдан келген жылқының сүр еті асылып жатыр. Шай ішіп болып «Ламбада» билеп жүрсіздер.Еттің нанын салайын деп асханаға барсаңыз қазан ЖОҚ! Не істейсіз? Сол кездегі көңіл күйіңізді көрсетіңіз? Қонақтарға қалай жеткізесіз?
№3 тапсырма.
Жатақхана. Ақшаның,тамақтың таусылып барлығыңыздың тарығып жүрген кездеріңіз.Үзілістің кезінде досыңызбен жүрек жалғау үшін бөлмеге келдіңіз. 3 тілім нан мен 2 жұмыртқа ғана бар.Осы кезде аш жүрген көрші 2 жігіт есікті қағады.Сіздердің бөлмеде екендерізді біледі,бірақ сіздер де аз тамақты бөліскілеріңіз келмейді.Не істейсіз?
№4 тапсырма.
Ауылдан жалғыз келдіңіз. Қалада ешқандай туыс,танысыңыз жоқ.Ешқандай орысша білмейсіз. Ағайың орыс. Қалайда жатақханаға орналасуыңыз керек. Ағайың қазақша, сіз орысша білмейсіз. Жағдайды ешкімді араластырмай өзіңіз қалай шешесіз?
№5 тапсырма.
Жатақхана.Өздеріңіз білетіндей асхана әр этажда екеу. Барлығы бос емес. Ал сіздің құрбыңыз жылдам тамақ дайындауы қажет.Бөлмеде плитка қосып тамақ әзірлеуге қатаң тиым салынғанын білсе де солай етуге мәжбүр болды. Осы кезде комендант тексеріп келе жатыр. Сіз құрбыңызға шұғыл хабар беруіңіз керек. Қасыңызда комендант апай. Сіздің тактикаңыз? Жағдайды қалай реттейсіз?
1-жүргізуші:
Ащыны да, тәттіні де көріп тұрар,
Сонда да жанарыңда бақыт тұрар.
Бірде аш, бірде тоқ боп жүретұғын,
Біз сияқты "студенттер" бақыттылар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет