Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет3/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
 
 
 



ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗДЕРІ 
 
 
 
Д. Локк – ағылшын педагогы және 
философы, эмпиризм мен либерализмнің 
көрнекті өкілі. Локктың хаттары 
Вольтерге және Руссоға, шотландық 
ағарту ойшылдарына және көптеген 
америкалық революционерлердің ойлары-
на ықпалын тигізді. Оның тигізген ықпа-
лы Американың тәуелсіздік Декларация-
сында да көрініс тапты. Ол Оксфорд 
университетінде оқып, бакалавр, сонан 
соң магистр дәрежесін алады. 1690 жыл-
дары «Адамзат ақыл-ойы туралы тәжі-
рибе», «Басқару туралы екі трактат», 
«Тәрбие туралы ойлар», «Христиандықтың пайымдылығы» 
атты еңбектерді жазады.
Танымның эмпирикалық-сенсуалистік теориясының негізін 
қалаушылардың бірі болды. Локк адамға идея тумысынан беріл-
мейді деді. Ол «таза тақтай» сияқты, қоршаған ортаны сезімдері, 
ішкі тәжірибесі – рефлексия арқылы қабылдауға дайын болып 
дүниеге келеді деді. Жігіттің жампозын тәрбиелеудің прагматизм 
мен рационализмге құрылған жүйесін жасады. Утилитаризмнің 
басты ерекшелігі – әрбір пән баланы өмірге тәрбиелеуі тиіс. 
Жігіттің жампозын тәрбиелеу дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, 
адамгершілік тәрбие, еңбек тәрбиесі, діни тәрбие негіздеріне 
құрылуы тиіс деді. Негізгі дидактикалық ұстаным – оқытуға 
баланың қызығушылығын, танымға құмарлығын тірек ету. Басты 
тәрбиелеу құралы мысал және орта дегенді айтты. Ал оқытудың 
мазмұны: оқу, жазу, сурет салу, география, этика, тарих, 
натурфилософия, хронология, бухгалтерия, ана тілі, француз тілі, 
латын тілі, арифметика, геометрия, астрономия, қылыштасу, 
атқа отыру, би. Джон Локктың философиялық, әлеуметтік-саяси, 
педагогикалық идеялары педагогикалық ғылымның қалыптасуында 
толық дәуірді қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет