Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева



Pdf көрінісі
бет6/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
(Локк Дж. 
Үш томдық шығармалар жинағы / ауд. Ж.М. Бектұрғанова. – М.: 
Мысль, 1988. – Т. 3. – 668 б.). 
 А. Адлер – австриялық психолог
психиатр және ойшыл, неофрейдизм бағы-
тын ұстанушылардың бірі, жеке психология 
жүйесін, жеке тұлға теориясын жасаушы. 
Өзіне дейінгі З. Фрейдтің санадан тыс және 
сексуалдылық туралы ойларынан бөлек, ол 
адамның жүріс-тұрысын қалыптастыруға 
әсер ететін әлеуметтік фактор екендігіне 
ерекше назар аударды. Адамның мінез-құлқы 
оның «өмір сүру стиліне» байланысты 
болады, яғни бала кезінен мақсатты қалып-
тасатын адамның ұмтылыстары нәтиже-
сінде қандай да бір артықшылыққа жетуді іске асыруға деген 
қажеттіліктеріне қарай қалыптасады; «жетімсіздік (толым-
сыздық) кемшіліктерінің» орнын толтырып, өзін-өзі дәлелдеу 
арқылы қалыптасады деді. Автор жетімсіздік кемшілігі ұғымын 
алғаш енгізді. Оның ойынша, балалардың көпшілігіне әуел бастан 
ересектермен салыстырғанда өзінің толымсыздығын сезіну тән 
болып келеді де, ол баланың бойында «толымсыздық кемшілігін» 
қалыптастырады. Адлердің көзқарасы бойынша, жеке тұлғаның 
дамуы осы кемшіліктердің орнының қалай толтырылатынына 
қарай жүреді. Патологиялық жағдайларда адам өзінің 
толымсыздық кемшіліктерін өзгелерді басқаруға ұмтылу арқылы 
толтыруы мүмкін дегенді айтады. Оның «Практика және жеке 
психология теориясы», «Физикалық толымсыздық және оның 
орнын психикалық толтыру», «Өмір сүру ғылымы», «Өмір сүру 
салты», «Невротикалық конституция», «Өмірдің мәні», «Әлеу-
меттік қызығушылық: адамзатқа үндеу» еңбектері бар. Қазіргі 
жеке тұлға теориясы мен психологиясына сүйенетін оқытудың 
әдістемесі үшін А. Адлер шығармаларының мәні мен маңызы зор.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет