Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Жақсыбаева


Жампоз жігіт нені оқып, нені білуі керектігі туралы



Pdf көрінісі
бет5/162
Дата07.05.2023
өлшемі2,91 Mb.
#176228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162
Байланысты:
Педагогика Молдасан Қ. (1)
Жо арыж не (немесе) жо арыо уорнынанкейінгібілім беру йымдарына, Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva
Жампоз жігіт нені оқып, нені білуі керектігі туралы 
ойлар
Оқу ақыл-ойдың жетілуіне әкеледі. Ақылды жетілдіру екі 
мақсат үшін керек: біріншіден, өзіміздің білімімізді кеңейту 
үшін, екіншіден, бұл білімдерді ортадағы адамдарға жеткізіп, 
оларға түсінікті ету үшін. Соңғысы жампоз жігіт үшін ең бастысы 
болмаса да, маңыздылығы біріншіден аз емес, өйткені өмірдегі 
ісіміз бен пайдамыздың көбі біздің басқа адамдарға не айтып, не 
жазғанымызға байланысты болады.
Біздің білім көкжиектеріміз біздің ойларымыздан кең бола ал-
майды. Сол себепті бәрінен хабардар болғысы келетін адам бар-
лық ғылымның нысанымен таныс болуы керек. Бірақ отанына қыз-
мет етуді міндет деп есептейтін жампоз жігіт үшін ол міндетті 
емес, оған адамгершілік және саяси мәселелермен айналысу лайық-
ты. Сонымен, оның тікелей парызы (призвание) ізгілік пен кеселді 
нәрселер, азаматтық қоғам және оны басқарудың түрлері, сондай-
ақ құқық пен тарих туралы ғылымдарды білмек болуы керек.
Жампоз жігіт үшін оның парызына енетін идеяларды қабыл-
даудың өзі жеткілікті; оларды аталған тақырыптарда жазылған 
кітаптардан таба алады. Ақыл-ойды жетілдірудегі келесі қадам – 
осы идеялардың кітаптарда ақиқат ретінде ұсынылатын пайым-
даулармен байланысын таба алуы керек. Бұл ақиқат па, әлде қате 
ме екенін пайымдай білгенше, оның ақылы баяу жетіледі, өзі 
оқыған кітаптарынан басқа білімдерінің болмауына байланысты 
кітаптың айтқанын айтып, солай ойлайтын болады. Сол себепті 
көп оқыған адамдар оқымысты болғанмен, білетіндері аз болады.
Сол себепті ақылды жетілдірудегі үшінші және соңғы қадам 
– ұсынылған пайымдаудың неге сүйеніп жасалғанын, оның сол 
негізбен қатынасын немесе сол негізге қатысты ұстаныммен 
байланысын білу керек. Қысқаша айтқанда, бұл дұрыс пайым 
жасай алу амалы болып саналады; тек сол арқылы ғана оқу оқып, 
сабақ алумен ақиқат білімге қол жеткізуге болады.
Адам жаттығу арқылы пайымның жасалу жолын қарас-
тырып, оқыған дүниесімен байланыстырып пікір айта білсе, 
сонымен қатар өзін үйреткісі келген нәрсесіне қатысты ойын 
дәлелдей алса, тек содан кейін ғана өзінің ақылын жетілдіруге 
және білімін оқып толтыруға көмектесетін дұрыс жолды таба 
алады, оған дейін еш мүмкін емес.


20 
Оқымысты жампоз жігіттің ұмтылуы тиіс нәрселері мұны-
мен бітпейді; оның өз білімін молынан қолдана алатын жағдайға 
жету үшін сөз өнерін жетілдіруге деген ниеті болуы керек. Жақсы 
сөз өнері екі нәрсеге тәуелді – пайымның анық және түсінікті бо-
луына. Сөйлеуші өзінің санасындағысын басқа адамның санасы-
на жеткізгісі келетін идеялары мен ойларына қажетті термин-
дерді қолдану арқылы анықтыққа қол жеткізе алады... Сөзінің 
анық болуы үшін адамдар сөйлеп жүрген анық, яғни түсінікті 
және дұрыс тілмен жазылған кітаптарды оқу керек. Осы орайда, 
кейбір басқа кітаптармен бірге, марқұм епископ Кентерберийский 
– доктор Тиллотсонның кітабын ештеңе алмастыра алмайды; оның 
жариялаған дүниелері осыған куә. Анық сөйлеу өнерін игеруге 
үлгі ретінде бұл өнердің ережелері туралы айтатын еңбектердің 
орнына нақ осы автордың еңбектерін ұсынамын, өйткені біз 
нұсқаулардан гөрі үлгіге қарап үйренуге қабілеттіміз. Егер кімде-
кім жазу және сөйлеу өнерін ұстаздарынан оқығысы келсе, олар 
Туллийдің «Derator» және «Orator» трактатынан, Квинтилианның 
«Institutions» және Буалоның «Du Sublime» еңбектерінен жақсы 
сөзді құрайтын бөлшектер туралы жақсы кеңестерді ала алады.
Анықтық, яғни түсініктілік дұрыс пайыммен бекітілуі керек, 
онсыз сөйлеушінің сөзі абыройсыз болады. Дұрыс пайымдауға 
дағдылану үшін Чиллингвортты ұсынар едім, оның шығарма-
лары маған белгілі басқа шығармалардан гөрі анықтыққа да, 
дұрыс пайымдауға да көбірек үйретеді; сондықтан оны оқып 
қоймай, оның дәлелдеу амалдарына ерекше назар аударып қайта-
қайта оқу керек. Дұрыс сөйлеу және жазуға қабілетті, талғамды 
қалыптастыру үшін бұл ағылшын кітаптарынан басқа Туллийді 
(оның Гамбургте 1618 жылы шыққан «Гульелмус және Грутер» 
деп аталатын үздік туындысы; Туллийдің 9 томдық эльзевирлік 
жарияланымы да ғажап), Теренцийді (Кембриджде соңғы 
шыққаны), Вергилийді (Кембриджде соңғы шыққаны), Ливийді 
(эльзевирлік жарияланымы), Цезарьдің «Хаттар» (Стифеннің 
жариялауымен) шығармаларын ұсынар едім.
Бұл кітаптарды дұрыс сөйлеу және жазу өнеріне қатысты 
айттым, бірақ бұл басқа мақсат үшін оқудың қажеті жоқ дегенді 
білдірмейді.
Жоғарыда айтқанымдай, жампоз жігітке адам ретінде емес, 
жампоз болу міндеттерін атқару үшін моральды оқып-білген 


21 
жарасады. Ежелгі және жаңа философтардың жазған мораль 
туралы кітаптары жетіп артылады, бірақ евангельдегі мораль 
ондағы айтылғандардан озып түсетіні соншалық, шынайы мо-
раль мәселесін терең әрі толық танып-білу үшін жампоз жігітті 
Жаңа ғақлия өсиеттерін оқуға шақырамын. Егер ол бұл ғылым-
ның пұтқа табынушылар әлеміндегі даму деңгейі және пұтқа 
табынушылар әдебі негіздері туралы білгісі келсе, Туллийдің «De 
officiis» атты трактатын қуана оқып, пайдасына жаратады.
Саясат өзара бір-біріне ұқсамайтын екі бөліктен тұрады: 
біріншісі қоғамның пайда болуы, шығуы және саяси биліктің 
мүмкіншіліктеріне қатысты болса, екіншісі – қоғамдағы адам-
дарды басқару өнері туралы. Біріншісін соңғы 60 жыл бойы тал-
қылағанымыз сондай, ол туралы кітаптардың ешқайсысының 
анау-мынау дейтіні жоқ. Ағылшын тіліндегілерден Гукердің 
«Шіркеу саясаты» атты бірінші кітабы және Алджернон Сидней 
мырзаның мемлекеттік басқару туралы кітабы пайдалы болады 
деп ойлаймын; соңғысын мен оқығаным жоқ. Оған 1690 жылы 
жарияланған «Басқару туралы екі трактат» атты кітапты, сол 
жылы шыққан «Азаматтық саясат» атты кітапты қосуға болады. 
Пуфендорфтың «De officio hominis et civis» және «De jure naturali 
et gentium» атты шығармалары да осы қатарда. Соңғысы 
түбірімен жақсы жазылған еңбек дер едім.
Саясаттың екінші бөлігі – басқару өнері туралы айтатын 
болсақ, оған тәжірибеміз бен тарихымыз үздік ұстаз бола алады 
деп ойлаймын, әсіресе еліміздің тарихы. Сол себепті ағылшын 
жампоз жігіті жәдігерлерде сақталған ең ежелгі тарихтан бастап, 
түрлі тарихи кезеңдер мен дәуірлерде қабылданған заңдарды, 
олардың мемлекет өміріне әкелген өзгерістерін, қалай қабыл-
данғанын біліп, Англияның тарихына қанық болуы тиіс. Тиррел 
мырзаның «Англия тарихынан» біздің ісімізбен айналысқан кез 
келген авторға, сұраққа жауап, сілтеме таба алады.
Тарихышылардан өзге өткен ғасырдың заңгерлерін де оқы-
ған жақсы (мысалы, Брэктон, «Флет», Хеннингем, «Әділдік айна- 
сы», сондай-ақ «Modus tenendi parliamentum» сияқты, т.б.; бұл 
еңбектер туралы Петит мырза мен Тиррел мырзаның, Атвуд 
мырзаның, т.б. талқылауларынан, Сэдлердің «Патшалық құқық-
тары мен ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптары» атты трактаты-
нан таба алады), бұл еңбектерден Англияның ежелдегі мемле- 


22 
кеттік құрылысы туралы мәліметтермен кеңінен таныса алады. 
Англияның мемлекеттік басқаруы туралы көп мәліметті револю-
циядан кейін шыққан екі томдық «Мемлекеттік трактаттардан» 
да таба алады.
Жалпы тарихпен танысу үшін сэр Уолтер Рэли мен д-р 
Хоуэллді оқу қажет. Егер ол осы мұхитқа түсуден қаймықпай, 
саяхатын одан әрі жалғастырам десе, Уирдің «Methodus legendi 
historias» шығармасының соңғы жарияланған нұсқасын оқысын, 
бұл кітап оны оқу керек басқа авторларға нұсқап, олардың 
еңбектерін оқудың әдісін көрсетеді.
Тарихты оқу міндетті түрде хронологияны оқумен, геогра-
фиямен толықтырылуы керек. Ағылшын тіліндегі география 
негізгі екі кітапта берілген: Хейлин мен Мольдің еңбектерінде. 
Қайсысының мықты екенін білмеймін, ешқайсысымен терең 
таныс емеспін. Меніңше, соңғысы пайдалырақ болар деймін, күн 
сайын ашылып жатқан жаңалықтар осы ғылымның жетілуіне әке-
луде; бір жағынан, менің ойымша, оның өзінен кейін ашылған 
жаңалықтарды қоспағанда, Хейлин өзі айтатын елдер сол шығар-
масында жақсы сөз болады. Бұл екі кітап жалпы географияға 
арналған. Ағылшын жампозы бұл пәнге көп күш жұмсауға уақытым 
жетеді, бәлкім жетпес дер, дегенмен, бұл пәнсіз ол гезетті түсіне 
алмайды, Кемденнің «Brittannia» кітабын оқымаса болмайтыны 
сөзсіз... Сондай-ақ карталарды да жақсылап жинап жүру керек.
Географияға қатысты саяхаттар туралы кітаптарды қосуға 
болады. Бұл жанр біздің отандастарымыз Хэклит пен Пэрчестің 
еңбектерінде жақсы беріледі... Ағылшындардың тартымды 
саяхаттары туралы тағы да басқа кітаптар жарияланды, мысалы, 
Сэндистің, Роудің, Браунның, Гейдждің, Дэмпиердің саяхаттары. 
Сондай-ақ француз тілінде Пирардың, Бержеронның, Сагардың, 
Берньенің еңбектерінде қызықты саяхаттар тамаша әңгімеленеді. 
Қазіргі кезде Черчилл мырзаның «Саяхаттар жинағы» ғажайып 
туындысы жариялануда, ағылшын тілінде бұрын-соңды мұндай 
кітап шығып көрмеген.
Хронология туралы айтар болсақ, Гельвикустің кітабын 
баршаға пайдалануға болады, бұл кітапты оқымай-ақ, тек керекті 
жағдайларда қарап отыруға болады. Жампоз жігіт хронологияны 
тереңірек білгісі келсе Тэлленттің «Кестелері» мен Страухиустің 
«Breviarium teinporum» кітабын қолына алсын, оған Скалли- 


23 
гердің «De emedatione teinporum» кітабын, Петавияны қосуына 
болады.
Біздің тарихымыздың жекелеген кезеңдерін Бэкон (VII Ген-
рих туралы) мен Герберт (VIII Генрих туралы) бәрінен жақсы 
береді, сондай-ақ Дэниельді және Барнеттің «Реформация тари-
хын» ұсынуға болады. Марианның «Испания тарихы», Туанус 
пен Филипп де Коминнің «Қазіргі заман тарихы» көпшілікке 
кеңінен танымал.
Жеке өмірде болсын, мемлекеттік қызметте болсын өзін-өзі 
басқара білу үшін жампоз жігітке адамды тану көп көмектеседі. 
Алайда соңғысы көп жағдайда алдымен тәжірибемен, сонан соң 
ғана тарихты салмақтап түсіне білумен келеді десек те, адамның 
табиғатына терең үңілеуге көмектесетін кітаптар да бар. Құмар-
лықтар және оның туатын себептері туралы көлемі жағынан 
шағын болса да Аристотельдің «Риторикасының» екінші кітабы 
тамсануға тұрарлық... Лабрюйердің «Мінездері» де бізге тамаша 
үлгі болады. Мысалы, Ювеналдің, Персияның, әсіресе Гораций-
дің сатиралық шығармалары да адамға тән кесірлер туралы айтса 
да, адам табиғатын тануға үйретеді.
Оқудың тағы бір пайдасы бар – көңіл көтеру және рахаттану. 
Оған поэзия, әсіресе драмалық шығарма көмектеседі, егер де 
бұзақы, ұятсыз нәрселерден, бір сөзбен айтқанда, жақсы пейілді 
азғыратын дүниелерден таза болса ғана. Мұндайға бейім әдебиет-
терді оқудан алшақ болған жөн. Барлық көркем шығармалардан 
пайдасы мен өткірлігі жағынан және әдептіліктің жолымен адал 
жүруге шақыратын қасиетімен Сервантестің «Дон-Кихоттың 
басынан кешкен оқиғалары» туындысына тең келетін дүниені 
білмеймін. Шын мәнінде, негізіне Табиғат пен оның табиғи 
туындылары негіз болған шығармалар ғана ұнайды.
Жампоз жігіттің сабақ алуына керекті тағы бір кітаптардың 
түрін айтуды ұмытып барады екенмін – ол сөздік атаулының 
барлық түрі. Латын тілі үшін – Коулз, Купер, Калепино, Роберт 
Стивенстің «Thesaurus linguae latinae» және Воссийдің «Etymologi- 
cum linguae latinae» шығармалары. Ағылшын тілі үшін Скин-
нердің «Lexicon etyinologicum» сөздігі тамаша. Кауэллдің «Түсін-
дірме сөздігі» заң терминдерін оқу үшін пайдалы. Спелманның 
«Глоссарийі» өте пайдалы ғылыми еңбек. Бодранның құрастыр-
ған тамаша «Географиялық сөздігі» тағы бар. Ллойдтің, Гофман- 


24 
ның, Мореридің тарихи сөздіктері де пайдаға жарайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   162




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет