Психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін



бет2/5
Дата02.10.2019
өлшемі140,39 Kb.
#49066
1   2   3   4   5
Байланысты:
72 Тузету ыргагы
«Мен және менің отбасым», «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», ДТжС-мәдениеттану-

33. Оқу бағдарламада оқыту мақсаттарын қолдануға, мониторинг өткізуге тиімді болу үшін, төрт саннан тұратын кодтық белгі енгізілген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімше ретін, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмерін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4 кодында «1» - сынып, «2.1» - бөлімше, «4» - оқыту мақсатының реттік нөмері.

34. «Түзету ырғағы» пәнінің аясындағы оқыту мақсаттарын жіктеу,
0 және 1-сыныптарда 20 мақсат, 2-сыныпта 19 мақсат, 3-сыныпта 18 мақсат,
4-сыныпта 17 мақсат жүзеге асырылады, яғни 0-4-сынып аралығында жүзеге асырылатын 94 оқыту мақсатының жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Түзете - дамыту және білім беру жұмысын жүзеге асыру мақсаты заттық сипаттағы білім мен икемділікті қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ оларды шынайы практикада қолдану, сөйлеу тілдік әрекет түрлері мен коммуникативтік дағдыларды, сондай-ақ өмірлік құзыреттілікті дамытуға да қатысты болады.

35. Оқыту мақсатының жүйесі:

1) «Зал кеңістігінде бағдарлау»:

2-кесте



Оқыту мақсаттары

1.1 Бағыттар және орнын ауыстыру

Білім алушылар меңгереді

0-сынып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

0.1.1.1

сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде музыканың сүйемелдеуімен және санау арқылы сыныпқа кіру; жүрген кезде мүсінді бақылау арақашықтықты сақтау



1.1.1.1

сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде музыканың сүймелдеуімен сыныпқа кіру



2.1.1.1

сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде саптағы жүрісті санау арқылы сыныпқа кіру



3.1.1.1

сабаққа дайындалу және ұйымдасқан түрде саптағы жүрісті санау арқылы сыныпқа кіру



4.1.1.1

мүсінді бақылау арақашықтықты сақтау, саптағы қозғалыс туралы сөздік есеп беру



0.1.1.2

музыканың сүйемелдеуімен және санау арқылы сапта бір-бірден, жұптасып жүру және жүгіру, жүрген кезде беліне қойылған қолдың көмегімен тепе-теңдігін сақтау



1.1.1.2

сол аяқтан адымдау; сапта бір-бірден, екі-екіден, үш-үштен тепе-теңдігін, арақашықтықты сақтай жүру және жүгіру





2.1.1.2

жүрісті жүрелей отырумен кезектестіру; аяқтың ұшымен жүру (2\4, 4\4 музыканың сүйемелдеуімен);тактінің күшті бөлігін ерекшелеу



3.1.1.2

саптағы қозғалыс кезінде бұйрық бойынша қайтадан сап түзу, мұғалімнің бұйрығымен шеңберді кеңейту және тарылту



4.1.1.2

музыкалық шығарманың түріне, көлеміне және құрылысына сәйкес жүрістің қажетті қарқыны мен түрін өздігінен таңдау



0.1.1.3

кеңістікте бағдарлау, алға, артқа, жоғары, төмен бағыттарын көрсету; өзінің сол және оң аяғын, қолын, құлағын көзін ажырату және көрсету




1.1.1.3

кеңістікте және жазықтықта бағдарлау, негізгі бағыттарды көрсете білу; басқалардың, бейне бойынша сол және оң аяғын, қолын, құлағын көзін ажырату және көрсету



2.1.1.3

кеңістікте және жазықтықта бағдарлау, нысандардың орналасу орнын алда-артта, жоғары-төмен, оң жақта-сол жақта атау; тепе-теңдікті сақтау



3.1.1.3

бағдарлау және бағыттарды атау, етістіктерді (еңбектеді, жүгірді, жүрді), үстеу сөздерді (алға, артқа, жоғары, төмен, солға, оңға, жанына, тура, көлденеңінен) пайдаланып қимыл траекториясы туралы есеп беру



4.1.1.3

қиымылдың алдағы траекториясын анықтау және жүзеге асыру арқылы бағытта бағдарлау және атау: алға-артқа, жоғары-төмен, оң жаққа-сол жаққа, тура-көлденең.



1.2 Сап құру және қайтадан сап түзу

Білім алушылар меңгереді:

0.1.2.1

бір-бірден сап түзу, қатарда тұрғанда мүсінді бақылау



1.1.2.1

бір-бірден сап түзу, шахматтық тәртіпте қайтадан сап түзу, жұптағы өз орнын табу



2.1.2.1

бойға қарай сап түзу, сыртқы нысаналарды (сызықты, арқанды, таяқты, шеңберді) пайдалана отырып, шеңбер құру



3.1.2.1

бір-бірден сап түзу, бой бойынша сап түзу, көру немесе есту белгілері бойынша шеңбер құрып тұру



4.1.2.1

сап, қатар, шеңбер құрап, шахматты тәртіпте тұру және атау, оларды атауы бойынша ажырату



0.1.2.2

мұғалімнің қатысуымен шеңбер құрып жүру, қозғалу



1.1.2.2

шеңбер құрып, айнала жүрген кезде шеңберді кеңейту және тарылту



2.1.2.2

қозғалыс кезінде бір шеңберден жеке екі шеңбер құрау



3.1.2.2

қозғалыс кезінде, мүсінді сақтай отырып, бір шеңберден жеке екі шеңбер құрау



4.1.2.2

қозғалысты тоқтатпай, бір-бірімен соқтығыспай, мүсін мен тепе-теңдікті сақтай саптан шашырау, содан кейін шеңбер құру


2) «Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар»:

3-кесте


Оқыту мақсаттары

2.1. Ырғақтық-гимнастикалық жаттығулар

Білім алушылар меңгереді:

0-сынып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

0.2.1.1

белгі бойынша өз қимылын тежеу




1.2.1.1

музыкалық шығарманың немесе аузекі мәтіннің басталуын, аяқталуын қабылдау және ерекшелеу



2.2.1.1

музыканың үзіндісін немесе тіркесін қозғалыспен (сермеу, жұлқыну, ұмтылу, бұрылу, еңкею) беру



3.2.1.1

допты жанындағы көршісіне берумен бір мезгілде ұмтылысты орындау, затты қолына ұстап тұрып, тепе-теңдігін сақтау



4.2.1.1

4-5 ортақ қимылдардан тұратын тізбекті қабылдау, есте сақтау және орындау



0.2.1.2

музыканың сүйемелдеуімен өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; еліктеу бойынша қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру



1.2.1.2

музыканың сүйемелдеуімен өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; үлгі және сөздік нұсқау бойынша қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру



2.2.1.2

етістіктерді пайдалана отырып, өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; айнаға қарап, өзін-өзі бақылау бойынша қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру



3.2.1.2

өзінің алдында, басының үстінде шапалақтау; көзін жұмып, тыныс алуын бөле отырып, қолымен аяғын бүге және жаза жүрелеп отыру



4.2.1.2

қиымылды әуеннің түрі мен көңіл күйінің ауысуына сәйкес өздігінен жайлыны үздік-создық қимылға, содан кейін керісінше ауыстыру



0.2.1.3

қарапайым қимылды еліктеу және үлгі бойынша затпен орындау



1.2.1.3

қарапайым қимылды үлгі және сөздік нұсқау бойынша затпен орындау



2.2.1.3

лента мен шеңберді айналдыру, затты әуеннің күшті 2\4 бөлігінде лақтыру және қағып алу



3.2.1.3

ұсақ заттарды музыканың сүйемелдеуімен және санау арқылы алға және жоғары лақтыру



4.2.1.3

ұсақ заттарды музыканың сүйемелдеуімен алға, жоғары және нысанға лақтыру және ұстап алу



0.2.1.4

мойын мен денені қарама-қарсы жаққа бұруды орындау




1.2.1.4

бір орында тұрып твист-жүрісті орындау: әр қадамда мойын мен денені бір жаққа, ал жамбас пен аяқты қарама-қарсы жаққа бұруды орындау



2.2.1.4

жүріс кезінде және заттарды бір-біріне беру кезде денені әр түрлі жаққа бұрумен бір мезгілде басты бұру және айналдыру қимылдарды орындау



3.2.1.4

қимыл қарқынын динамика мен әуен қарқынымен үйлестіре отырып, екі қол мен аяқты әр түрлі жазықтықтағы қарама-қарсы жаққа қарай бір мезгілде айналдыру



4.2.1.4

твист-жүрісті орындау: әр қадамда мойын мен денені бір жаққа, ал жамбас пен аяқты қарама-қарсы жаққа бұруды орындау



0.2.1.5

баяу музыканың сүйемелдеу-мен еңкіш жазықтық (орындық, тақтай) бойымен қозғалу



1.2.1.5

гимнастикалық қабырға бойымен оңға-солға қарай қозғалғанда басындағы жеңіл (200 граммға дейін) затты ұстап тұру



2.2.1.5

басындағы жүкті ұстап тұруға берілген жаттығуды тепе-теңдікті қосымша тірексіз сақтауға берілген жаттығумен үйлестіру







3) «Би және басқа да музыкалық-ырғақтық қимылдар»:

4-кесте


Оқыту мақсаттары

3.1. Ырғақты қабылдау

Білім алушылар меңгереді:

0-сынып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

0.3.1.1

дыбыстың шығу көзін көрсету және дыбыстың шығу бағытына қарай қозғалу



1.3.1.1

табиғат дыбыстарын есту арқылы тану, «дыңыл», «тықыл», «сыбдыр», «сытыр», «ұлу» сөздерінің мағыналарын түсіну және ажырату



2.3.1.1

2\4;4\4 әуеніндегі марштық ырғақты, марштық қозғалысты тану, атау және сипаттау



3.3.1.1

вальстік ырғақты, вальстік қимылды тану, атау және сипаттау



4.3.1.1

Қазақстан Республикасын мекендеген халықтардың би қимылдары мен әуендерін тану:

қазақ халқының биі, орыс биі, гопак, клезмер, лезгинка, полька


0.3.1.2

естілген музыканың қарқыны мен көңіл күйін «қатты», «ақырын»,

«көңілді»,

«мұңды» түсініктерінің аясында анықтау



1.3.1.2

музыканың қарқынын: жылдам-ақырын-орташа; музыканың түрін: үзік-созық, ұзын сонар, әуенді екенін ажырату





2.3.1.2

музыканың көңіл күйін ажырату: көңілді-мұңды, салтанатты-сергек



3.3.1.2

музыкадағы екі үлесті және үш үлесті мөлшерлерді ажырату және салыстыру



4.3.1.2

ырғақ сызбаларын оқу және олардың әуенмен ара қытансын белгілеу.



3.2 Ырғақты шығару

Білім алушылар меңгереді:

0.3.2.1

ырғақты, қол мен аяқтың қимылын қолжетімді деңгейде үйлестіре отырып, 2\4, 4\4 музыкасының сүйемелдеуімен жүру



1.3.2.1

қимылды жылдам, ақырын және орташа қарқыныдағы музыкамен үйлестіру, белгі бойынша біреуінен басқасына көшу



2.3.2.1

екі үлесті мөлшердегі әуеннің күшті және әлсіз үлестерінің кезектесуін қимылмен бере білу



3.3.2.1

қарапайым ырғақты суреттеменің екпінін шапалақпен аяқты тыпырлатумен белгілеу



4.3.2.1

өзінің қимылын берілген ырғаққа бағындыру, қарапайым ырғақ сызбаларды құру



0.3.2.2

жануарлардың (түлкі, аю, қоян) қимыл ерекшеліктерін қолжетімді құралдардың көмегімен бере білу





1.3.2.2

би қадамдарын еліктеу және үлгі бойынша орындау: өкшеден алға, бір орында тұрып аяқтың ұшынан өкшеге, кең, жеңіл, серпінді, ауыспалы




2.3.2.2

би қимылдарын еліктеу және үлгі бойынша орындау: «Матрешка-лар», «Тәрелкелер», «Шамдар», «Аяқты тыпырлату»



3.3.2.2

3-4 би қимылдарынан тұратын тізбекті қарқынды, ырғақты және көңіл күйді сақтай отырып, табиғи және еркін түрде көше отырып орындау



4.3.2.2

қимылды орындағандағы жеке қиыншы-лықтарды (ыңғайсыздық, ебдейсіздік) айнадан қарау арқылы бақылап, байқау және жеңу



0.3.2.3

еңбектік, тұрмыстық әрекеттердің (шабу, аралау, балғамен жұмыс, кестелеу, баланы тербету) ерекшеліктерін қолжетімді құралдармен бере білу



1.3.2.3

алдын ала берілген нұсқау мен үлгі бойынша ырғақтық нысан құруға арналған, музыканың сүйемелдеуімен текшелермен моншақтармен өнімдік әрекеттерді орындау











4) «Психогимнастика және сөйлеу тілдік ырғақ элементтері»:

5-кесте


Оқыту мақсаттары

4.1 Психогимнастика элементтері

Білім алушылар меңгереді:

0-сынып

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

0.4.1.1

шынайы қарым-қатынаста, бет-әлпет бейнесінің (фотосурет, сурет, пиктограмма) мимикасынан қуаныш және мұңды сезімдерді анықтау



1.4.1.1

шынайы қарым-қатынаста, бет-әлпет бейнесінің (фотосурет, сурет, пиктограмма) мимикасынан таңқалу, ұялу сезімдерін анықтау



2.4.1.1

бұйрық бойынша, үлгі бойынша, елестету бойынша әуеннің түрі мен көңіл күйіне қарай бүкіл денені босаңсытуға арналған этюдтарды орындау



3.4.1.1

әрекетпен (оқиғамен) және одан кейінгі сезім, көңіл күйдің арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау



4.4.1.1

ұжымдық ойында жетекші болу, бұйрықтарды ойын ережесіне сай, нақты интонациямен бере білу, ойын ережелерін барлық ойыншылардың сақтауын қадағалау



0.4.1.2

қуаныш пен уайымның мимикалық қалпын көрсету



1.4.1.2

үлгі бойынша және шынайы қатынаста қуаныш пен уайымның, таңқалу мен ұялудың мимикалық қалпын кезектестіре көрсету



2.4.1.2

тыйым салу қалпын (мимикалық, ортақ) беруге арналған тапсырманы орындау



3.4.1.2

өзінің әрекетін және басқа білім алушылардың тапсырманы орындау сапасын адекватты бағалау, тапсырманы тұжырымдау, ескерту мен сынды адекватты қабылдау






0.4.1.3

эмбрион, көшірдің қалпын қабылдау, сонымен бірге бұл жағдайда кинестикалық бақылауды пайдалана отырып, босаңсуды сезіну



1.4.1.3

үлгі бойынша және сөздік нұсқау бойынша біртіндеп босаңси отырып, еркін тербелу, ақырын қарқынмен айналуды, сілкілеуді орындау



2.4.1.3

үлгі бойынша және сөздік нұсқау бойынша тыныс алуды бақылай, біртіндеп босаңси отырып, беттің, мойын мен қолдың үстіңгі жағын сипау



3.4.1.3

мұғалімнің бұйрығымен босаңсу;



4.4.1.3

аутотрениг элементтерін білу, релаксация формуласы бойынша босаңсу



4.2 Сөйлеу тілдік ырғақ

Білім алушылар меңгереді:

0.4.2.1

ұзақ және жайымен тыныс алу (7 секудқа дейін), тыныс шығарғанда дауысты дыбыстарды (а-э-о-у-ы-и) созып айту, төменгі диафрагмалық тыныс алу тәсілін меңгеру



1.4.2.1

жұдырықты ырғақпен түю-жазу, саусақтарды жақындату, түйістіру және айқастыру; шынайы жағдайда және бейнесі бойынша оң қол мен сол қолды ажырату



2.4.2.1

саусақтарды атай отырып, сөйлеу тілдік сүйемелдеумен өздігінен 1-2 саусақтар гимнастикасын орындау





3.4.2.1

барлық логоырғақтық жаттығуларды орындаған кезде барлық қойылған дыбыстардың фонациясын және артикуляцияны дұрыс сақтау



4.4.2.1

тыныс алуды дұрыс бөле отырып, қатты және ақырын, жоғары және төмен дауысты, баяу және жылдам сөйлеу тілін үлгілеу



0.4.2.2

айнадан қарап бақылау арқылы, көзін жұмып отырып артикуляциялық аппарат мүшелерін атау және табу



1.4.2.2

еңкейе, қолын сермей, бұрыла отырып, еріннің, тілдің, тіл асты бұлшық еттің артикуляциялық тренингісін ырғақпен орындау:

«Әткеншек», «Сағат», «Аттар», «Сылақшы»


2.4.2.2

сөйлемнен логикалық акцент табу және сөз тіркесінің сыртқы әрекетін белгілей отырып, логикалық акценттен өте қажетті күш пен интонациямен, айту



3.4.2.2

екі күрделі (ямб, хорей) және үш күрделі (д актиль) ырғақты өлеңдерді ажырату, ортақ қимылдарды немесе шапалақты пайдалдана отырып, оларды шығару



4.4.2.2

ырғақ сызбаларды оқу және олардың мәтіндермен ара қатынасын белгілеу; ырғақ сызбаларды құру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет