Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Н.Назарбаев.  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  бағдарламалық 
мақаласы. 2017.12.04 
2.  Н.Назарбаев.  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 
дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы» 
2016.01.03 № 205 жарлығы 
 
«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
ШЕҢБЕРІНДЕГІ ҚАДАМДАРЫМ...» 
 
Кулекеева Әсемгүл Мұратқызы 
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының 
білім беру бөлімінің мектептен тыс тәрбие беру орталығы 
директорының орынбасары 
 
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  2017  жылғы  12  сәуірдегі 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғам тарапынан үлкен 
қолдау  тауып,  болашақ  ұрпақ  санасын  қалыптастырудағы  жаңа  бағдарларға 
назар аудартты.  
«Күллі  жер  жүзі  біздің  көз  алдымызда  өзгеруде.  Әлемде  бағыты  әлі 
бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі 
дүниеде  сана-сезіміміз  бен  дүниетанымымызға  әбден  сіңіп  қалған 
таптаурын  қағидалардан  арылмасақ,  көш  басындағы  елдермен  тереземізді 
теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, 
заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға 
сіңіруіміз керек» - деп жазған Елбасы мақаласы біздің қызметімізге жаңа леп 
берді. Ұрпақ тәрбиесіндегі қоғамдық сананың рөлін көрсетті: Жаңа тұрпатты 
жаңғырудың  ең  басты  шарты  –  сол  ұлттық  кодыңды  сақтай  білу.  Онсыз 
жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.  
Бірақ,  ұлттық  кодымды  сақтаймын  деп  бойыңдағы  жақсы  мен 
жаманның  бәрін,  яғни  болашаққа  сенімді  нығайтып,  алға  бастайтын 
қасиеттерді  де,  кежегесі  кері  тартып  тұратын,  аяқтан  шалатын  әдеттерді  де 
ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. 
Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге 
шекеден  қарамауға  тиіс.  Керісінше,  замана  сынынан  сүрінбей  өткен 
озық   дәстүрлерді  табысты  жаңғырудың  маңызды  алғы  шарттарына 
айналдыра  білу  қажет.  Егер  жаңғыру  елдің  ұлттық-рухани  тамырынан  нәр 
ала алмаса, ол адасуға бастайды» - деп жалғасатын мақалада ел ертеңі – жас 

112 
 
ұрпақтың  тәрбиесіне  аса  мән  берілгенін  көру  қиын  емес.  Елу  жылда  –  ел 
жаңа.  Бүгінгі  жаһандану  процесі  әрбір  ісімізден  асқан  жауапкершілікті, 
әсіресе  ой-санасы  енді  дамып,  ұлттық  болмысы  жаңадан  қалыптасып  келе 
жатқан  балаларымызға  дұрыс  тәрбие  беруді  меңзейді.    Өскелең  ұрпақтың 
ұлттық кодын сақтау біздің парызымыз.   
Бүгінде  аталмыш  мақаланың  бағдарламаға  айналуы,  республикалық, 
облыстық,  аудандық  деңгейлерде  «Жобалық  офистер»  құрылып,  төрт  кіші 
бағдарлама аясында жұмыс жасауы – оның маңыздылығын көрсетіп тұр.  
Біздің  орталықта  аталмыш  бағдарламаның  жүзеге  асуына  асқан 
ықыласпен кірісіп, өзіндік жұмыстарын атқаруда. Себебі, қазақ тарихындағы 
көшпелі  мәдениеттен  отырықшылыққа,  өз  заманындағы  еуропалық 
өркениетті  тұтас  Ұлы  Далаға  әкелген  өлкеденбіз.  Ел  арасында  «Тұңғыштар 
мекені»  аталған  қасиетті  Бөкей  ордасынанбыз.  Осы  ретте  сөзімнің  дәлелін 
келтіру үшін өз өлкемнің тарихына аз-кем тоқталып өткенді жөн санаймын. 
Бөкей  ордасы  –  қазақтардың  және  әлемдегі  ең  соңғы  Шыңғыс  хан 
ұрпақтарымен  меңгерілген  мемлекеттік  құрылым.  Ол  1801  жылы  Еділ  мен 
Жайық  арасындағы  құрылды.  Бұл  хандықты  Нұралы  ханның  екінші  ұлы 
Бөкей сұлтан басқарады. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері 
Жәңгір  жас  болғандықтан,  хан  тағына  уақытша  сұлтан  Шығай  Нұралыұлы 
отырады. 
1823ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824ж. 
«Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.  
Бөкей  хандығының  тарихында  Жәңгір  ханның  билік  еткен  кезеңі 
анағұрлым  елеулі  із  қалдырды.  Жәңгір  ең  алдымен  қазақтарға  ыңғайлы  әрі 
тиімді тұрмыстың үлгісі етіп,  1827ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне 
Хан  сарайын  салдырады.  Жәңгірден  үлгі  алған  би-сұлтандар,  кейін 
қарапайым  халық  үй  тұрғызып,  Хан  ставкасы  саяси-экономикалық  маңызға 
ие орталыққа айналады.  
Бөкей  ордасы  тарихында  маңызды  орын  алатын  оқиға  –  Исатай 
Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  бастаған  1836—1838жж.  халық 
көтерілісі.  Бұл  –  патша  әкімшілігі  мен  хан-сұлтандарға  қарсы  көтерілген 
халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.  
1841ж.  Нарын  құмында  Қазақстан  тарихында  ең  тұңғыш  қазақша  -
орысша    білім  беретін  мектеп  ашылды.  Бұл  мектептен  есімі  елге  танылған 
талай  тұлғалар  білім  алды.  Солардың  бірі  –  қазақтан  шыққан  ғалым  - 
этнограф  Мұхамедсалық  Бабажанов.  Оның  қазақтар  жөніндегі  зерттеулері, 
тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс 
жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен 
білім  бастауын  алған  жүзден  астам  ғалым-зерттеушілер,  Асан  Тайманов 
сынды жиырмадан астам академиктер шықты. 
1845  жылы  Бөкей  ордасының  саяси,  мәдени,  экономикалық  жағынан 
дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген 
ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы 
қайтыс болады.  

113 
 
1862ж.  Хан  Ставкасында  кітапхана  ашылады.  Кітапхана  қорында 
О.Бальзактың,  У.Шекспирдің,  В-М.Гюгоның,  Т.Шевченконың  кітаптары, 
сондай-ақ Ресейдің басылымдары болған. 
Хан  жәрмеңкесіндегі  сауда  саласының  дамуына  байланысты,  ақша 
капиталын  реттейтін  әрі  сақтайтын  орын  «Казначейство»  мекемесі  1867ж. 
ашылып, банк қызметін атқарады.  
1869ж.  5  адамнан  тұратын  өрт  сөндірушілер  командасы  және 
жылжымалы обоз жасақталады. 
1870ж. 
Ресейден  ауа  райын  бақылайтын  аспаптар  әкелініп, 
метеорологиялық станция жұмыс жасайды. 
1832ж.  Жәңгірдің  бастауымен  отырғызылған  Орда  орманын  мемлекет 
тарапынан  қорғау  1890ж.  бастап  қолға  алынады.  1908ж.  Орда  орман 
шаруашылығы  мекемесі  жанынан  питомниктер  жасақталып,  зерттеу 
жұмыстары  жүргізіледі.  Соның  нәтижесінде  –  Нарын  қарағайы  дүниеге 
келеді. 
1908ж.  қазақ  даласындағы  ең  тұңғыш  Оба  індетіне  қарсы  күрес 
станциясы  кұрылады.  Бұл  станцияда  Халықтық  денсаулық  сақтау 
комиссарының орынбасары М. Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған 
дәрігерлер  И.А.Деминский,  А.  Михайлов,  кейін  медицина  ғылымының 
докторы Н.Доброхотова жұмыс жасады. 
1911ж.  қазақ  баспасының  қарлығаштарының  бірі  –  «Қазақстан»  газеті 
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Қырқұдық деген жерде 1921 жылы 
12  сәуірде  дүниеге  келген  қоғам  қайраткері,  белгілі  ақын  Ғ.Қараштың 
ұйымдастыруымен  Ордада  басылып  шығады.  Қайраткер  1916  жылы 
бөкейліктер  атынан  Петерборға  барып,  Астрахан  қазағы  басып  алған  жерді 
тиесілі  жерді  қазаққа  орнымен  бөліп  бер  деген  өтініш  хатты  бас  министрге 
табыстаған алғаш қазағымыздың атын баяндамаға қосуды өзі мәртебе. 
1917ж.  Бөкей  Ордасы  жерлері  жаңадан  құрылған  Бөкей  губерниясына 
енді.  Міне,  осындай  бай  тарихы,  ну  алқапты  орманы  бар  киелі  тұңғыштар 
өлкесінде жоғарыдағы бағдарламаны орындамау мүмкін емес.  
Біздің  орталық  бүгінде  «Тәрбие  және  білім»  кіші  бағдарламасының 
«Алтын қазына», «Сөз – тілдің көркі», «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты 
жобалармен  жұмыстануда.  Жобалық  басқару  үлгісінде  жасалған  бұл 
жобаларымыз  аудан  әкімінің  орынбасарымен  бекітіліп,  аудандық  офис 
жетекшісі,  «тәрбие  және  білім»  кіші  бағдарламасының  менеджерімен 
келісіліп, 2017-2022 жылдарға арналған шаралар кешенін қамтиды. Төменде 
осы жобаларға жеке тоқталып өтемін. 
«Алтын қазына» жобасының мақсаты ауданымызда балалардың өзіндік 
шығармашылығын дамыту, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға 
жағдай  жасау  болып  табылады.  Нәтижесінде  оқушылар  мен  педагогтардың 
тәжірибесін  таратуға  жағдай  жасалып,  ұлттық  сәндік-қолданбалы  өнер  мен 
бабалар 
мұрасы 
насихатталып 
келеді. 
Оқушылардың 
бойында 
шығармашылық  топта  жұмыс  жасау  дағдылары  қалыптасуда.  Бұл  жобада 
төмендегідей шаралар өтті.  

114 
 
«Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының аудандық кезеңі. Бұл 
байқауда  оқушыларымыз  «Менің  Отаным»  атты  сюжеттік  композиция  мен 
портрет, 
натюрморт 
жанрлары 
бойынша 
суреттерінің 
көрмесі 
ұйымдастырылды.  Аталмыш  байқауда  «Кеңес  үкіметінде  кезіндегі 
мультфильм»,      «Діни  экстремизм»,  «Бөкейлік  тұлғалар»  тақырыптарында 
жұмыстар орындалды.  
Сәндік - қолданбалы өнер және өлкетану бойынша «Шеберлер ордасы: 
ата-бабамыздың  мұрасын  сақтаймыз  және  дамытамыз»  атты  интерактивті 
көрме  ұйымдастырылды.  Яғни,  қол  өнершілеріміз  тек  өз  жұмыстарын 
ұсынып  қана  қоймай,  оқушыларға  шебер  -  сыныптар  көрсетіп,  әрбір 
жұмыстың  жасалу  жолдарын  түсіндіріп,  қолданыстағы  маңыздылығын 
баяндап берді. Қамшы өру, арқан тоқу, ер-тұрман әбзелдерін безендіру, киіз 
басу мен ою-өрнектерді орналастыру, жіп иіру, жүн түту, тоқыма тоқу, көрпе 
мен  төсеніш  тыстарын  безендіру  сияқты  шаралар  қатысушылар  тарапынан 
асқан қызығушылықпен қабылданды. 
«Мектептің  ұлттық  келбеті»  атты  аудандық  байқауда  өзіндік 
ерекшеліктерге  толы  болды.  Ережеге  сай  арнайы  жасақталған  комиссия 
мектептерді аралап, бір күндік жұмыстары мен танысып, әр мектепте ұлттық 
болмысымызды  баян  ететін    ұлттық  нақыштағы  безендірулер,  мектеп 
формаларына  қазақылықтың  элементтерін  енгізумен  қатар,  үзілісте  күй 
ойнатылып,  оның  шығу  тарихына  тоқталып,  асық,  тоғызқұмалақ  секілді 
ұлтымыздың  қанына  сіңген  ойындар  ойнатылғанына  куә  болды.  Ұлттық 
құндылықтың лебі есіп тұрғандай сезіммен оралдық.   
«Сөз  –  тілдің  көркі»  жобасының  мақсаты  оқушылар  арасындағы 
патриоттық  жұмыстарды  дамыту,  оларға  беріліп  жатырған  патриоттық 
тәрбие жүйесінің тиімділігін жақсарту. Қазақ жазушылары мен ақындарының 
шығармашылығын  оқушыларға  дарыту,  әдебиет  пен  ақындық  өнердегі 
дарындыларды  анықтау  болып  табылады.  Сөз  –  тілдің  көркі.  Оны  жас 
ұрпаққа  ұғындыру  біздің  қызметіміздің  басты  мақсаты.  Жоба  шеңберінде 
бірнеше шаралар өтті. 
Әбіш,  Махамбет,  Қадыр,  Абай,  Мақатаев  оқуларының  бала 
тәрбиесіндегі  орны  қашанда  жоғары  тұрады.  Ұлттық  рух  пен  қазақы 
болмысты  сипаттайтын  осы  оқулардың  арқасында  оқушыларымыз  облыс, 
республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. Бұл біз 
үшін үлкен жетістік.  Сонымен қатар «Туған жерді жырлайды жас ақындар» 
атты оқушылардың аудандық байқауының орны ерекше болды.  Тарихы бай 
туған  өлкесін  жырлаған  балғындардың  кешінде  талантты  жас  ұрпақтың 
талпынысын  ізгілікпен  қабылдаған  көрермен  өзінің  жоғары  бағасы  берді. 
Бұндай  шаралардың  арқасында  дарынды  оқушыларды  ынталандыру, 
жігерлендіру, бойына сенімділік ұялату біздің басты мақсатымыз.  
Туған  өлкесінің  тарихына  көз  жібертіп,  өз  өлкелерінің  дамуына  үлес 
қосқан «Нарынның нар тұлғаларын»  болашақ ұрпаққа үлгі ретінде дәріптеу 
мақсатында  оқушылар  арасында  аудандық  «Ер  жігіттер  ел  бағына  туады» 
шығармалар байқауы оздырылды.  

115 
 
«Нұр 
Отан» 
партиясының 
аудандық 
филиалымен 
бірлесе 
ұйымдастырылған «Туған жерім» шығармалар байқауы 5 номинацияда өтіп, 
оқушылар  «Туған  өлкедегі  ескерткіштер»,  «Естілмеген  100  есім»,  «Тарих 
тұнған  шежіре»,  «Ұлы  Отан  соғысына  өлкемізден  қатысқан  жауынгерлер», 
«Өлке  аңыздары»  бойынша  ой  толғады.  Байқау  алдағы  уақытта  да  дәстүрлі 
түрде  жоспарлануына    байланысты,  тың  тақырыптарды  ашу  мақсатында 
мектептердегі  қосымша  білім  беру  педагогтарына  айына  бір  рет  осы 
айдарлар  бойынша  мектептердегі  рухани  жаңғыру  бұрышына  газеттер  мен 
танымдық  карта  жасақтау  тапсырылды.  Жұмыстың  қорытындысы  бойынша 
таңдаулы шығармалардан жинақ шығарылып, мектептерге таратылды. Үздік 
жұмыстар  облыстық  кезеңге  жолданып,  10  оқушы  жүлделі  орындарға  ие 
болды.  
 «Дарынды  ұрпақ  –  ел  болашағы»  жобасының  мақсаты  оқушылардың 
шығармашылығын қолдау, шешендік өнерді дамыту.  
Жоба  шеңберінде  «Сіз  білмейтін  ұлттық  ойындар»  атты  жобалар 
байқауы  өтті.  Бейнероликтер  жасаған  оқушылар  көне  ұлттық  ойындар 
туралы ақпараттар жинап, реконструкициялады. Яғни, өздері сол ойындарды 
ойнап,  видеоға  түсіріп,  монтаждау  жүргізді.  Ережелерін  түсіндірді.  Ойын 
тәсілдерін меңгеру әдістеріне тоқталды. Байқау соңында «Ұлттық ойындар» 
дискісі жасақталып, мектептерге таратылды.   
Сонымен қатар, аталған үш жобаны ұштастыра отырып, тарихи мекен 
«Хан  ордасы»  ауылдық  мәдениет  үйінде  ауданымызға  қарасты  7  округ 
халқынан  300  адамның  қатысуымен  оздырылған  «Бабалар  мұрасы-халық 
айнасы» этнофестивалі жалпы ел үшін өткен тарихқа көз жүгіртудің жаңа бір 
айнасы  болды.  Фестивальдің  кіріспе  бөлімі  ұлттық  қолөнер,  жас  ақындар 
шығармашылығының көрмесі, Бисен ауылдық округінен келген шебер аталар 
мен    әжелер    немелерлерімен  «Көнерген  қолөнер  бұйымдарын  жасау 
технологиясын» (киіз басу, қайыс илеу, жүген тоқу) көрсетсе, Орда ауылдық 
округінен  Нарын  әжелері  ұмыт  қалған  ұлттық  тағамдардың  көрмесін 
жасақтап олардың ерекшелігі мен  жасалу жолдарына тоқталып өтті. 
Негізгі бөлімі «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің 19 оқушысы 40 минут бойы 
төгілтіп  оқыған  «Қобыланды  батыр»  жырының  «Қырлы  қала  мен  Сырлы 
қаланы  алудағы  ерлігі»  «Жыршылар  алеясымен»  ашылып,  «Айкөркем»  би 
үйірмесінің  «Қазақ»  биімен  жалғасты.  Көнерген  салт  дәстүрлерден  «Ет 
қайтарар»,  «Бармақ  жалау»,  «Тышқаншық  салу»,  «Толақ  шашу»,  «Ұрын 
тойы»,  «Қонақ  кәде»,  «Ұлттық  дәм»,  «Аластау»,  «Шарғы  салу»  көріністер 
көрсетіліп  терме,  айтыс,  күйлер  ойналды.  Фестиваль  Орда  мұражай  кешені 
ауласында  40  адамнан  құралған  күйшілердің  «Адай»  мен  «Балбырауын» 
орындаған флешмобымен қортындыланып қонақтар мұражай кешенінде өлке 
тарихымен танысты.  
Оқушылардың  шешендік  өнер  және  жұрт  алдында  сөйлеу  мәдениетін 
дамыту  мақсатында  «Бала  би»  дебаттық  турнирі  ұйымдастырылды. 
Американдық парламенттік форматта өткен пікір-сайыста:  

116 
 
1.  Бұл  палата  Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани 
жаңғыру» ең басты мақсатын көрсетеді... 
2.  Бұл палата Қазақстанда ұлттық брэнд қалыптасты деп есептейді... 
3.  Бұл палата мектеп оқушыларының негізгі мәселесін көрсетеді... 
4.  Бұл  палата  қазақ  әліпбиін  латын  графикасына  көшудің  тиімді 
жолдарын ұсынады... 
5.  Бұл  палата  ұлттық  ойындарды  дамытудың  тиімді  жолдарын 
ұсынады... тақырыптарында ой қозғалды.  
Аудан  оқушыларына  өзіміздің  өлкеміздің  тарихы  мен  ерекшеліктерін, 
ондағы  жер  су  атауларының  шығу  тарихын  дәріптеу  мақсатында  «Өскен 
өңір» интеллектуалдық командалық ойыны өткізілді. Алғашқы кезеңі танысу 
тренингімен ашылған ойын каучинг ережесімен ойналды. Қарсы команда әр 
ұтымды жауабы үшін қарсылартарынан таңдаған ойыншыны шығару арқылы 
ойынды  қыздыра  түсті.  Соңғы  кезеңде  ойын  барысында  жиналған  аудан 
бойынша  құнды  мәліметтер  картасы  жасақталып,  оқушылар  өздері  бұрын 
естімеген  ақпараттарын  белгіледі.  Кері  байланыс  кезеңінде  болашақта  өлке 
туралы тағы қандай маңызды тақырыптар толғантатынын жеткізді.  
Бағдарламаның  бастамасымен  басталған  игі  шаралар  жоспарының 
орындалған  алғашқы  жылының  қорытындысы  осындай  болды.  Алдағы 
уақытта да ауқымды шаралар жоспарлануда.  
Осындай  тағылымды  шараларды  ұйымдасытруымыз  бен  бағыт 
бағдарымызды  айқындауымызға  осы  Қазақстан  Республикасы  Білім  беру 
жүйесінің  басшы  және  ғылыми  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 
арттыратын  республикалық  институтынының  ықпалы  зор.    Өткен  2017 
жылдың 11-22 қыркүйек аралығында «Қосымша білім беру жағдайында білім 
алушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту»  тақырыбында  білімімізді 
жетілдірген  біздің  топ  үшін  дәрістің  маңыздылығы  ерекше  болды. 
Республикамыздың  әр  аймағынан  жиналып,  көп  жылдан  бері  кенже  болып 
келе жатқан білім саласының «Қосымша білім беру» жұмыс жүйесін талдап-
талқылау, білмегенімізді үйреніп, білгенімізді жетілдіру, тәжірибе алмасу дер 
кезінде, қажеттілікке сай ұйымдастырылды. Қазіргі «Жаңартылған білім беру 
мазмұнында»  білім алып жатқан шәкірт үшін ұстазының рухани дүниесінің 
кең  болуы,  жаңа  өзгеріс  пен  серпілістен  хабардар  болуы,  жаңа  технология 
мен әдіс тәсілдерді игеруі заман талабына сай  мәселе.  
Курстың  басты  мақсаты  педагогтарды  елбасының  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасына сай, жұмыстануын қолға алуы. Екі апта созылған оқу кезінде 
қосымша  білім  беру  саласына  қажетті  номативтік  құжаттардан  бастап, 
SMART  жоба  құрастыру  мәнісін  ашып  жете  түсіндік.  SWOT  төрт  жақты 
талдаудың  маңыздылығы,  өзіндік  бағалау,  қазіргі  дамыған  қоғамда 
кездесетін  ИНДИГО  балалармен  жұмыс  жасау  әдістері  мен  оқушыларды 
бағалаудың  тәсілдерін  жете  меңгердік.  Сондай-ақ,  «Рухани  жаңғыру» 
бағдарламасының аясында күнделікті әр педагог «Бір әннің тарихы» айдарын 
дайындап, көптеген әндердің тарихы ашылды.  

117 
 
Бағдарламаның  6  құндылығын  талдап,  ұлттық  құндылықтарымызды 
ұлықтау, өлкемен танысу мақсатында «Есік» қаласының мемлекеттік тарихи-
мәдени  қорық  мұражайында  болып,  «Алтын  адам»  ескерткішін  тамашалап, 
жасыл  түске  боялған  ерекшелігі  бар  «Есік»  көліне,  «Түрген»  шатқалы  мен 
«Батан»  сарқырамасындағы  саяхатта  біраз  тарихқа  көз  жүгірттік.  Аталмыш 
жорықтан  кейін  ұлттық  аспаптарға  қызығушылық  арттыру  мақсатында 
«Өрлеу» институтының алдында «Домбыра пати» ұйымдастырылды.  
Осы ретте алғашқы күннен жүзінен шуақ шашып, жан дүниесінің, ақыл 
ой  парасатының  кеңдігімен  бізді  тәнті  еткен,  ұстазымыз  Гүлнар 
Тоқайқызынан  дәріс  алу  біз  үшін  үлкен  мәртебе  әрі  жаңа  оқу  жылының 
жұмысына жаңа шабыт сыйлады.   
Семенов –Тянь-Шанский қазақтар туралы: «Бұларды оқытудың қажеті 
жоқ.  Салт-дәстүрлері  түгел  тұнып  тұрған  білім!»  деген  екен.  Демек,  салт 
дәстүріміз бен тарихи құндылықтарымыз арқылы қазіргі технология дамыған 
заманда  санамызда  ұлт  деген  мағынаны  ұмытпайтындай  ұлттық  сана 
қалыптастыру біздің педагогикалық және адами міндетіміз деп есептеймін.  
 
 
БІЛІМ – ТАБЫСТЫ  БОЛУДЫҢ БАСТЫ  ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ  
 
Танисбаева Айдана Кусаиновна 
№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейі 
Астана қаласы 
 
 
Адамның  замана  ағымына  еріп,  адамзатқа  қызмет  көрсетіп  келе 
жатқан  мыңдаған  кәсіп  -  өнер  өмір  бойы   дамып,  қажеттіліктеріне  қарай  әр 
күні,  сағат  сайын  жаңа  кәсіптер  пайда  болып  жатыр.  Көпшіліктің  есінде, 
қазір  қолданыста  жүрген,  құлағымыз  үйреніп  қалған  кәсіптер  осыдан  10-20 
жыл бұрын мүлдем жоқ еді. Бірнеше он жылдан кейін қандай мамандықтар 
жоғалып,  қандай  мамандықтар  пайда  болуы  мүмкін?  Ғалымдардың 
мәлімдеуінше,  автоматтандыру  мен  роботтандыру  барысында  біз  білетін 
көптеген  мамандықтар  жоғалып  кетуі  мүмкін.  Мысалы,  есеп-кітап  толық 
автоматтандырылғаннан  кейін  кассир  деген  мамандықтар  толықтай 
жоғалады.  Сонымен  қатар,  хат  тасушылар  мен  жауынгерлік  ұшақтарды 
басқаратын ұшқыштар да тарихқа айналады. Болашақта кинотеатрлар да бос 
қалуы мүмкін, себебі фильмдер ғаламтор арқылы көрсетіледі.  
 
Мемлекет  басшысының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында  білім  салтанаты  жалпыға  ортақ  болуға  тиіс.  Оның  айқын  да, 
бұлтартпас  себептері  бар.  Технологиялық  ревалюцияның  беталысына 
қарасақ,  таяу  онжылдық  уақытта  қазіргі    кәсіптердің  жартысы  жойылып 
кетеді.  
Біз  бүгінгі  жаңа  атаулы  ертең-ақ  ескіге  айналатын,  жүрісі  жылдам 
дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгеруге 
қабілетті,  аса  білімдар  адамдар  ғана  табысқа  жетеді.  Осыны  бек 

118 
 
түсінгендіктен,  біз  білімге  бөлінетін  бюджет  шығыстарының  үлесі  жөнінен 
әлімдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. Табысты 
болудың  ең  іргелі,  басты  факторы  білім  екенін  әркім  терең  түсінуі  керек. 
Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші 
орында  болуы  шарт.  Себебі,  құндылықтар  жүйесінде  білімді  бәрінен  биік 
қоятын ұлт қана табысқа жетеді [1].  
Мемлекет  басшысының  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
мақаласында 
айтылып 
кеткендей, 
технологиялық 
ревалюцияның 
беталысында  таяу  онжылдықта  қазіргі  кәсіптердің  жартысы  жойылып 
кетеді[1]. 
Соңғы  жүргізілген  зерттеулер  нәтижелері  жұмыс  орындарының 
көпшілігіне  қауіп  төніп  тұрғанын  көрсетті.  Яғни,  қазір  бізге  таныс 
мамандықтар болашақта қажет болмай қалуы әбден мүмкін.  
2020  жылға  қарай  әлем  бойынша  еңбек  нарығында  40  млн  жоғары 
білімді  маманға  қажеттілік  болады  деген  болжам  бар.  2015  жылы  Оксфорд 
университетінің  баспасынан  Ричард  Сасскинд  пен  Дэниель  Сасскиндтің 
"Мамандықтар болашағы" атты кітабы жарық көрген. Онда болашақта қазіргі 
мамандықтарды  екі  түрлі  өзгеріс  күтіп  тұрғаны  айтылған.  Біріншіден,  жаңа 
технологиялар  дәстүрлі  жұмыс  түрін  жеңілдетуі  мүмкін.  Мысалы,  дәрігер 
емделушімен  Skype  арқылы  байланысады,  сәулетші  дизайн  жасау  үшін 
компьютерлік  бағдарламаларды  қолданады.  Екіншіден,  технологиялар  кез 
келген  салада  проблемаларды  шешудің  тиімді  тәсіліне  айналады.  Мысалы, 
жоғарыда  айтылған  медициналық  онлайн  диагностикалау  маманының 
жұмысын  жеңілдетсе,  кейбір  жаңа  технологиялар  кесірінен  қызметкерлер 
жұмысынан айырылуы мүмкін.  
Билл  Гейтстің  айтуы  бойынша,  алдағы  20  жылда  қазіргі 
мамандықтардың  көпшілігі  автоматты  бағдарламалармен  жабдықталып, 
біліктілігі  төмен  қызметкерлер  бәсекеге  ілесе  алмай  қалуы  мүмкін.  Елбасы 
Нұрсұлтан  Назарбаев  та  бір  сөзінде:  "Болашақта  мүлдем  жаңа 
мамандықтарға  қажеттілік  туады.  Роботтар  жұмыс  істей  бастайды.  Қазір 
ғылым генді инженерия мен биология саласын дамыту үшін жұмыс істеуде. 
Әзірге барлық компьютерлер адам миын алмастыра алмайды. Бірақ жасанды 
интеллект бар. Барлық қиын жұмысты компьютерлер мен роботтар атқарады. 
біздің  мамандық  туралы  барлық  түсініктеріміз  өзгереді.  Сондықтан  біз 
қаласақ  та,  қаламасақ  та  жұмыс  орындары  қысқара  бастайды",  деген  еді. 
Расымен,  Оксфорд  сарапшыларының  айтуынша,  алдағы  20  жылда  қазіргі 
мамандықтардың  47  пайызы  жойылады.  Зерттеу  нәтижелері  көрсеткендей,  
қазір мектепте оқып жатқандардың 65 пайызы болашақта енді пайда болатын 
мамандық иелері атанады [2].
 
 
Болашақта пайда болуы мүмкін мамандақтар тізімі: 
- робоэтика бойынша адвокат
- қоршаған ортаны қалпына келтіру менеджері
- криптовалюта банкирі; 
- ІТ генетик; 

119 
 
- интеллектуалды  жекеменшікті бағалау; 
- нейропсихология; 
- медициналық роботтехник; 
- виртуалды өмір архитекторы;  
- галактикалық архитектор т.б. [2].   
 
Қазақстанда түлектердің 40% өз мамандықтарымен жұмыс жасамайды 
екен.  Оның  көптеген  себептері  бар:  дұрыс  таңдалмаған  мамандық;  еңбек 
нарығында мамандыққа сұраныстың болмауы; т.б. Мысалы, соңғы 1-2 жылда 
экономист,  заңгер  мамандықтарына  сұраныс  азайған.  Бірақ  түлектер 
арасында  бұл  мамандықтарды  таңдау  азайған  жоқ.  Ал    дұрыс  таңдалмаған 
мамандықтың жағымсыз тұстары тек адамның өзіне ғана емес, бүкіл қоғамға 
кері әсерін тигізеді. Ғалымдардың есебі бойынша мамандықты дұрыс таңдау 
кадрлар тұрақсыздығын – 2 - 2,5 есе азайтса, еңбек өнімділігін – 10 - 15%-ға 
арттырады  да,  кадрларды  оқытуға  жұмсалатын  қаржыны  –  1,5  -2  есеге 
азайтады екен [3]. 
Қазіргі  білім  саласында  оқушыларға  кәсіптік  бағдар  беру  жұмыстары 
жүйелі және үздіксіз  жүру қажет.  
Жас  ерекшелігіне  байланысты  оқушыларға  кәсіптік  бағыт  берудің 
мақсаты мен міндеттері: 
1-4  сынып.  Еңбекке  көзқарысан  қалыптастыру  және  кәсіптің  өзі  үшін 
де,  қоғам  үшін  де  маңыздылығын  түсіндіру.  Зерттеушілік,  ойындар  сияқты  
оқу-танымдық іс-әрекеттер арқылы оқушының  қызығушылығын және оқуға 
мотивациясын арттыру. 
5-7  сынып.  Бұл  кезеңде  оқушы  кәсіби  іс-әрекетке  де,  танымдық 
жағынан  да  өз  қызығушылықтарын  айқындап,  өзіндік  "Мен"  мен 
мүмкіндіктерін  қалыптастырады.  Сонымен  қатар  медицина,  өнер,  мәдениет, 
техникадан да хабардар болуы қажет.  
8-9  сынып.  Оқушыларға  кәсіби  бағыт  беруде  ең  маңызды  кезең.  Осы 
жаста  мұғалімдер  факультативтік  сабақтар  мен  болашақ  мамандыққа 
байланысты  курстарды  нақтылау  қажет.  Оқушылар  үшін  жеке  кеңестер 
ұйымдастыру  маңызды.  Ондағы  мақсаты,  оқушыларға  қызығушылықтары 
мен қабілеттерін ескеріп, мамандық таңдауға көмектесу. 
10-11  сынып.  Жүргізілген  жұмыстарды  қорытындылау.  Таңдаған 
мамандығына дайындық деңгейін бағалау.  
  
Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, 
соның ішіндегі ең маңыздылары: 
  Мамандық және оның қажеттілігі туралы білу; 
  Бейімділіктер (қызығушылық, еңбек түрткісі, ынтасы); 
  Қабілеттер, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер); 
  Ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау; 
  Ата-ананың, отбасының көзқарасы; 
  Құрбы-достарының көзқарасы; 
  Мұғалімдер мен мамандардың көзқарасы. 

120 
 
 
Мамандық таңдауда оқушылар білуі тиіс:  
  Мектептегі оқу пәндері – нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта. 
Пәнге  деген  қызығушылық  оған  байланысты  жұмыстың  саған  сөзсіз 
ұнайтынын білдіре бермейді; 
  Мамандық  таңдауға  байланысты  сені,  сенің  қалаған  мамандығыңды 
толық  білмейтін  адамдардың  ақыл-кеңесіне  құлақ  салудың  қажеті 
шамалы. 
  Мамандық таңдауда оның сырт-келбетіне, көңілге қонымды жақтарына 
ғана  назар  аударудың  қажеті  жоқ,  мүмкіндігінше  қалаған 
мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс
  Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды 
жасауға болмайды
  Сенің  қолыңнан  келетін  істі  мамандық  етіп  таңдаған  пайдалырақ 
болмақ.  Әйтсе  де  бұл  сөз  қарапайым  естілгенімен,  көбінесе  назардан 
тыс қалып жатады. 
  «Жақсы  адам»  -  бұл  мамандық  емес.  Егер  саған  адам  ұнаса,  оның 
меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды 
жасауға болмайды; 
  Сән  қуып  мамандық  таңдаудың  қажеті  жоқ.  Сен  оқуыңды  тәмамдап, 
жұмыс істегенше ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін; 
  Мүмкіндігінше  өзің  таңдаған  мамандықтың  өзіңнің  денсаулық 
жағдайыңа  тура  келетін-  келмейтіндігі  жөнінде  дәрігерден  кеңес 
алғаның жөн; 
  Заманауи  ағымға  қарай  кейбір  мамандықтар  тез  ескіріп,  оның  орнын 
жаңа  мамандықтар  басып  жатыр.  Сондықтан,  кез-келген  жағдайда 
қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет; 
  Өзің  таңдаған  мамандығыңның  мазмұны,  қызықты  қырлары,  жұмыс 
тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере 
алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой-ниетің салмақтана түспек. 
Оқушыларға  мамандық  таңдауда  бағыт  беру  мақсатында  түрлі 
әдістерді  қолдануға  болады.    Кәсіптік  бағдар  берудің  тиімді  әдістерінің 
қатарында:  бизнес  ойындар,  белсендірілген  сауалнамалар,  рөлдік  ойындар 
және т.б. жатады. 
Қазіргі кәсіби бағдар берудің ерекшелігі жастарды мамандық таңдауға 
еркіндік беру, тұлғаның жекелей ерекшеліктері мен қабілеттерін саналы және 
өзі  таңдауына  мүмкіндік  беру  қажет.  Барлық  әдістердің  ішінде  ақпараттық-
коммуникативтік технологиялар аталған барлық міндеттерді жүзеге асырады.  
Ақпараттық  –  коммуникативті    технологияларды  қолдану  кәсіптік  
бағдар  беруде  қызықтыратын  ақпаратқа  еркін  қол  жеткізуге  мүмкіндік 
береді, компьютерлік технологияларға қызығушылығын арттырады: 
 Өзінің  бейімділіктері  мен  қабілеттеріне  өз  бетінше  талдау  жасауға 
дайындығын қалыптастырады;  

121 
 
Жеке кәсіби қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін өзі анықтауға жол 
ашады;  
Мамандық туралы түсінік қалыптасады.   
Қорытындылай  келгенде,  кәсіптік  бағдар  беру  жұмыстары  бірінші 
сыныптан басталып, мектепті аяқтағанға дейін жүргізілетін үздіксіз процесс 
болу  қажет.  Сонымен  қатар,  ол  еңбек  нарығындағы  өзгерістерді  және  жаңа 
технологиялар  мен  әдістердің  пайда  болуына  қарай  дамып  отыру  керек. 
Оқушы  қандай  мамандықты,  қай  жоғары  оқу  орынын    таңдаса,  таңдауы 
саналы және болашақта өкінбейтін дұрыс таңдау болуы қажет.     

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет