Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» 
атты мақаласы (12 сәуір 2017 жыл). 
2. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың   «Тәуелсіздік  дәуірі»  кітабы  (15 
желтоқсан 2017 жыл). 
3. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  2015  жылғы  20 
мамырдағы «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасы.  
4.    Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғырту» 
(ақпараттық-түсіндірмелі материал)/ Астана, 2017ж. 
5.      Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы//  «Мәңгілік  Ел» 
патриоттық актісін түсіндіру, Әдістемелік құрал, Астана: 2016ж. 
6.     Қажиева  Г.Т.,  Қағазов  Б.А.  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы  негізінде 
мектептегі  тәрбие  жұмысы  мазмұнын  жаңарту  жолдары/  Әдістемелік 
нұсқаулық, Алматы, 2017ж. 
 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ 
БІЛІМ МЕН ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Сарсенбаева Аян Қыдырқожақызы, 
Алматы облысы, Іле ауданы, № 1 орта мектеп директорының 
әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары 
 
Кез  келген  халықтың  жаңа  буыны  мен  жас  ұрпақтарының  бастауы  – 
шаңырақ  көтеріп,  жанұя  құрудан  басталатындығы  табиғи  шындық.  Халық 
даналығы осынау бір аса жауапты кезеңді тіршіліктің ішкі мәнімен тереңдете 
түсіп: «...Адам ұрпағымен мың жасайды...»,– деп тұжырымдаған екен. Оны 
тек  халық  педагогикасының  алуан  түрлі  арқауларына  ғана  сүйеніп  қол 
жеткізбекпіз.  Соның  ішінде  қазақтың  халық  педагогикасының  ұлттық 
ерекшеліктерін  жасайтын  дәстүрінің  маңыздысы  –  халқымыздың  тегін 
сақтау.  

102 
 
Жұмыр  жердің  үстінде  тіршілік  ететін  халықтың  қай-қайсысының  да 
халықтық  тектерінің  (гемофон)  қалыптасқан  қуат-күштерін  білуге 
ұмтылмайтындары жоқ. Жалпы халықтық Тек дегеніміз не?.. 
Меніңше, бұл мақсатты орындау үшін  кез келген халықтың, ең негізгі 
үш таған қасиеттерін білген жөн. Оларды сұрыптай тұжырымдасақ:  
  халықтың ең оқшау ерекшеліктерін байқататын дәстүр-салты; 
  халықтың өзі қалыптастырған сөз саптаулары немесе сөз өнері; 
  терең  тұжырымдардан  тұратын  ой  өрнектері  мен  шеберлікпен 
жасаған қолөнері.  
      Міне, осындай  қасиеттерін  ажырата  отырып, кез  келген  халықтың  тегіне 
ой  жүгіртуге  болады.  Өйткені,    адамдық  ТЕК  –  бүкіл  бір  халықтың,  тіпті 
күллі  адамзат  қауымының,  іштей  түлейтін  қуаттарының  қайнар  көзі. 
Қашанда,  өзінің  тегін  түсінген  халықтың  ұрпағы  қандай  қиыншылық 
кездессе  де  төзе  біліп,  өздерінің  алдына  қойған  мақсаттарына  жетпей 
қоймайды  екен.  Мұның  өзі  түптеп  келгенде,  адам  тәрбиесінің  ата-баба 
зердесімен, тәрбиесімен аса тығыз байланыстылығын көрсетсе керек.   
Білім  беру  жүйесінің  басшы  және  ғылыми-педагогикалық  кадрлары 
біліктілігін 
арттыратын 
республикалық 
институтының 
тұлғаны 
әлеуметтендіру  кафедрасы  дайындаған  Қазақстан  Республикасы  азаматына 
тәрбие  беру  үлгісі  2009  жылы  дайындалып,  педагог-тәрбиешілерге 
ұсынылды.  Аталмыш  үлгіні  басшылыққа  ала  отырып,  «Жеті  жетекші» 
бағдарламасы  құрылды,  оны  Сараптама  Кеңесі  2009  жылы,  10  қазан,  №15 
хаттамамен  бекіткен  болатын.  Бағдарлама  ерекшелігі:  Сабақ  үрдісінде, 
сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарында, сыныптан тыс түрлі іс-шараларда 
әр  сыныптың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  (педагогикалық  технологиялар 
арқылы) өтетін жетекші тақырыптарға топтасқандығы.  
1-4-сыныптар – салт-дәстүр, ақыл тәрбиесі. 
5-7-сыныптар – білім мен логика. Тіл, ойлау, зердесін ояту. 
8-9-сыныптар –  түйсік пен ішкі сезім, жүрек тәрбиесі. Адамгершілік. 
10-11-сыныптар – азаматтық. Орта білім, кәсіп.  
2011 жылдан Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық 
кадрлары  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институты  директоры  Г.К 
Ахметова,  тұлғаны  әлеуметтендіру  кафедрасымен  шартқа  отырып,  ашық 
сабақ, семинарлар ұйымдастырып өткізіп келеміз.  
 
 
2011-2018 жылдар аралығы 
1  5  қазан.  «Мектеп 
директоры    тәрбие 
ісі 
жөніндегі 
орынбасары, 
топ 
менеджерлерінің 
кәсіби 
құзыреттілігін  
жетілдіруде 
педагогикалық 
технологиялардың 
26-29 
қараша 
республикалық 
семинар-курс өтті. 
 
25  ақпан.  «Жеке 
тұлғаны 
ұлттық 
құндылықтарға 
бағыттап 
оқыту» 
атты 
республикалық 
семинар. 
 
04 
сәуір. 
Тәрбиелей  оқыту 
– 
білім 
алушылардағы 
функционалдық 
сауаттылықты 
арттырудың 
кепілі 

103 
 
рөлі» 
2  21  қазан. 
«Ұрпақ 
тәрбиесі 
– 
ұлт 
болашағы» 
атты 
республикалық 
семинар. 
 
28 қараша 
 «Қазіргі 
жағдайда 
мектеп 
директорының 
басқарушылық 
жұмысын 
ұйымдастыру»  атты 
республикалық 
семинар. 
26  ақпан.  «Ұлттық 
тәрбие  –  сапалы 
білім 
берудің 
негізі» 
атты 
республикалық 
семинар.  
 
«Ұлттық  мектеп 
моделі:  авторлық 
мектептер 
тәжрибелері»  
атты 
педагогикалық 
жәрмеңкесі 
3  22  ақпан.    «Білім 
беру 
ұйымын 
басқарудағы 
менеджменттің 
рөлі»  
атты  республикалық 
семинар. 
 
 
27  ақпан.  «Жеке 
тұлғаны 
ұлттық 
құндылықтарға 
бағыттап 
оқыту» 
атты 
республикалық 
семинар.  
 
Білім 
алушылардың оқу 
жетістіктерін 
критериалды 
бағалау жүйесі – 
сапалы білім 
алудың 
мүмкіндігі 
4  5 сәуір. «Педагог 
тәрбиешінің кәсіби 
құзыреттілігін 
дамыту жолдары» 
 атты 
республикалық 
семинар. 
 
15 мамыр. «Педагог 
тәрбиешінің кәсіби 
құзыреттілігін 
дамыту 
жолдарындағы 
ерекшеліктер» атты 
республикалық 
семинар. 
 
27 қараша 
 ««Педагог-
тәрбиешінің кәсіби 
 құзырлылығын 
жетілдіруде 
педагогикалық 
технологиялардың 
рөлі» атты 
республикалық 
семинар. 
 
«Туған жер» 
бағдарламасы 
қазақстандық 
патриотизмнің 
даму 
философиясы 
ретінде 
 
 
Жүйелі жүргізілген жұмыстың арқасында жаңартылған білім мазмұнын 
игеру бізге қиынға соқпады. Атап айтсақ: 5-сынып қазақ тілісінің ІІ бөлімі – 
Киім.  Сән.Талғам.  Ал  тақырыптарына  тоқталатын  болсақ:  «Ұлттық  киім  – 
асыл  мұра»,  «Киім  түрлері  және  талғам»  деп  аталады.  Бұл  бөлімді  оқытуда 
қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай: сәби, бала 
кездегі  киімдер,  жігіт,  қыз,  бозбала  дәуірінің  киімдері,  орта  жас  және 
әлеуметтік  деңгейіне  қатысты  түрлеріне  жіктей  отырып  құрылған  
бағдарлама және «Ұлттық бас  киім – ер азамат көркі», «Ұлттық киім – халық 
мұрасы» т.б. тақырыптарда құрылған сабақтар өз нәтижесін беруде. 13-сабақ, 
«Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері»  атты  бөлімді  оқытуда  «Қазақтың  бала 
тәрбиелеудегі  салт-дәстүрлерін  сатылай  кешенді  талдау  үлгісін»  төменде 
көрсетілгендей пайдала оқытудамыз. 
Бала  тәрбиелеудегі  салт-дәстүрлер:  1.  Құрсақ  шашу.  Жүкті  болған 
келіннің енесі  ауыл әйелдерін шақырып қонақ етеді. Олар өз үйлерінен бір-
бір  дәм  пісіріп  әкеледі.  Себебі,  келіннің  жерік  болып  жүрген  асын  тауып 
беру.  
2.  Жарыс  қазан.  Толғата  бастаған  келіннің  енесі    қыстай  сақтаған  жылы-
жұмсағын  қазанға  салып,  «жарыс  қазан»  асу  қамына  кіріседі.  Себебі,  келін  

104 
 
тез  босансын  деген  ниеттен  туған.  3.  Шілдехана.  Жаңа  туған  нәрестені 
әртүрлі  «жын-шайтан»,  «перілердің»  салқынынан  қорғап,  күзету  үшін 
өткізіледі.  4.  Сүйінші.  Немерелі  болған  әже  сүйінші  сұратып,  қуанышты 
хабарды  жеткізу  үшін  жас  балалар  мен  келіндерді  жан-жаққа  жібереді.  5. 
Балаға ат қою. Нәрестеге үш күннен қалмай азан шақырып, ел ішіндегі аузы 
дуалы  қария  немесе  баланың  ата-әжесі  мағыналы  ат  қояды.  Себебі,  ат 
қойыстың  өзінде  бүкіл  бір  халықтың  психологиясы,  таным-түсінігі,  ой-
арманы айқын көрінеді, баланың өмір жолы атына байланысты жазылады деп 
саналады.  6.  Бесікке  салу.  Кіндігі  түскен  баланы  бес  күннен  қалдырмай 
бесікке салады. Себебі, одан кешіксе баланың бесікке үйренуі қиындайды. 7. 
Баланы қырқынан шығару. Қырық күн толғаннан соң баланың «сүт тырнағы» 
мен  «қарын  шашын»  алып,  теңгелер  салынған  ыдысқа  қырық  қасық  су 
құйып,  шомылдырады.  8.  Тұсаукесер.  Сәби  жүре  бастаған  кезде  ата-анасы  
тұсауын кеседі, себебі, «балам тез жүріп кетсін» деген ізгі тілектен туған. 9. 
Тілашар.  Бүлдіршіннің  тілі  жеке-жеке  сөздерді  айтуға  икемделе  бастаған 
кезде  «тілашар»  жасайды,  себебі,  балам  тезірек анық  сөйлейтін болса  деген 
тілектен  туған.  10.  Атқа  мінгізу.  Баланың  буыны  бекіп,  ат  үстінде  өзін-өзі 
ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай ерге мінгізіп үйретеді. 11. 
Сүндет тойы. Ер балаларды 5, 7 не 9 жасында сүндетке отырғызады. 
12.  Тоқым  қағар.  Бала  бірінші  рет  үйінен  алысқа  жолаушы  шыққанда 
өткізіледі. Себебі, баламның «сапары сәтті болсын», аман-есен оралсын деген 
тілектен туған. 
4-бөлім  –  «Жануарлар  әлемінде»  «Атбегінің  әліппесі»  тақырыбымен 
құрылған  сабақ  оқушылардың  таным-деректерін  молайтып  қана  қоймай, 
жылқы  малын  түстеп,  тануға  мүмкіндік  берді.  Зерттеу  сабағы  жылқы 
анықтамасы,  тарихы,  түрі,  түсі,  жасы,  ат  әбзелдері,  жүрісі,  қасиеті,  қорегі, 
жылқы малы үстінде ойналатын ұлттық ойндар, жылқы сөзінің ауыз екі тілде 
қолдану  аясы,  жылқы  малының  халық  ауыз  әдебиеті  мен  көркем  
шығармалардағы    қолданысы,  жылқының  пайдасы  деген  ретпен  өткізілді. 
Осы ретпен «Қой шаруашылығы», «Түйе – төрт түліктің төресі» атты зерттеу 
мектебімізде қолданыста. 
Халық  мәдениетінің  алтын  бесігі  болған  ұлтымыздың  аталған  рухани 
байлығының  құны  жоғарылап,  өмірде  жаңартылған  білім  мазмұны  арқылы 
қолданыс  табуда.  Мыңдаған  жылдар  бойы    жасалған  халықтың  тәлім-
тәрбиелік  жолы,  санаға  сіңген  салты,  дәтке  қуат  берген  дәстүрі  жаңғыруда. 
Ұлттық мектептің ірге тасы қаланды. Сөйтіп, ұлттың ұлағатты ұғымдары мен 
тәрбиесін, тарихын, өнерін, тілін, дінін қадірлей білетін ұрпақ тәрбиеленуде. 
Швед  журналисті  А.Г.Нильсон  «Қазақ  болғым  келеді»  деген 
мақаласында  («Қазақстан  -  Zaman»  24.07.2008  ж)  былай  деп  ой  толғапты: 
«Қазақтарда  ата-әжелерін  құрметтеп,  жастары  алдынан  кесе-көлденең 
өтпейді.  Немерелерінің  үйдегі  тәрбиесін  ата-әжесіне  тапсырады  екен. 
Немерелерін  еркелетіп,  мойнына  мінгізіп,  айналып-толғанып  жатқаны: 
«Ботақаным,  құлыным,  қозым,  балапаным»  деген  асыл  сөздерімен  бесік 

105 
 
жырын,  әдемі  ертегілерін  айтып  отырғанын  көріп  көзіме  жас  келді.  Тіпті 
қазақ болғым кеп кетті.  
Менің  қазақтарға  айтарым,  бізге  ұқсап  «жаңа  қоғам»  құрамыз  деп 
жүріп жолдан адасып қалып жүрмеңіздер дер едім.  
Егер Нобель сыйлығы бір ұлтқа берілсе, тек қазақ ұлты лайық дер едім. 
Қулық-сұмдықты білмейтін, өзге ұлттарды құшағына тарта білетін, алғаш рет 
көріп  тұрсаң  да  жатырқауды  білмейтін,  сәби  мінезді  халық  екеніне  көзім 
жетті.  Осындай  халқы  бар  Н.Назарбаев  бақытты,  Нұрсұлтандай  Президенті 
бар қазақ халқы бақытты дер едім»- дейді.  
Әрбір  мемлекеттің  болашағы  мектебінде  шыңдалады.  ”Адам 
ұрпағымен мың жасайды” демекші, болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт 
болып жазылмақ! 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Н.А.Оразақынова «Сатылай комплексті талдау» оқу құралы.  
Алматы, 2006 жыл. 
2. Қ.Жарықбаев «Ақылдың кені» Алматы, Қазақстан, 1991 жыл. 
3.С.Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының тарихы» Алматы, Білім, 1999 жыл. 
4. Б.Адамбаев «Халық даналығы» Алматы, Рауан, 1996 ж. 
5. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы, Санат, 1995 жыл. 
6.  С.Қалиев,  М.Оразбаев,  М.Смайлова  «Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері» 
Алматы, Рауан, 1994 жыл. 
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН 
АРТТЫРУДЫҢ БАСТАМАСЫ 
 
Жұмабаев Сұлтан Сағындықұлы
Атырау қаласы, Жалпы білім беретін № 32 орта мектеп 
        директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 
 
«Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы» 
                                                                                            Ахмет Байтұрсынов 
 
Қазақстан  үшін  бүгінгісі  мен  ертеңгісінің  басты  жаңалығы  –  Елбасы 
Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  мақаласы. 
Жақсылыққа  әуес,  дұрыс  бастамаға  бойын  түзейтін  ел  жақсылары  бұл 
мақаланы  үлкен  қуанышпен,  зор  мақтанышпен  қолдап,  оның  жүзеге 
асырылуына  аянбай  тер  төгіп  келеді.  «Рухани  жаңғыру»  аясында 
жаңашылдық  орнап,  оқу-тәрбие  үрдістері  жүйелену  үстінде.  Ұстаздық  сала 
мамандарының  өз  тәжірибесінде  көргені  –  білім  реформасының  белгілі  бір 
бағдарсыз  жүзеге  аспайтындығы.    Елбасының  идеясы  бастапқы 
бағдармалардың  жетілуіне  ұйтқы  болғандай.  Ол  «Тәуелсіздік  толғауы», 
«Мәңгілік  ел»  бастамаларының  заңды  жалғасы.  Мемлекет  басшысының: 
«Мақсатқа  жету  үшін  біздің  санамыз  ісімізден  озық  жүруі,  яғни,  одан  әрі 

106 
 
жаңғырып  отыруы  тиіс»  [1.1],  –  дегеніндей,  бүгінгі  жасампаз 
болмысымыздан озық, оны алға бастайтын идеяларды көріп, жұмысымызды 
жандандыруға қуат алғандаймыз. 
Қай  халықты  алсақ  та,  жалпы  бүкіл  адамзат  ендігі  жерде  рухани 
тәрбиеге, өзін-өзі тәрбиелеуге бет бұрмаса, жер бетінде үлкен қасірет болары 
анық. Оның негізгі салдарының бірі ретінде «батыстану», яки «еуропалану» 
саясатының  әсері  деген  бастама  дұрыс.  XXI  ғасырда  әуестенгіш  жас  ұрпақ 
ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып,  өзіне  керекті  мағлұматтарды 
Бастыстың биік мәдениетінен емес, азғындық жағынан қорек етеді, әрі соның 
насихаттаушы  болып  келе  жатыр.  Оған  төтеп  беру  үшін  руханият,  өз 
дәстүріміз бізге қорған болары сөзсіз. Сөйтіп, қана ұлтты дағдарыстан алып 
шыға аламыз.  
Ал  жақсылықтың  жаршысы,  жас  ұрпақтың  отбасысынан  кейінгі 
тәрбиешісі – мектептегі мұғалім. Қай жағынан алсақ та, мұғалім деген құр ат 
болмай, ол өзінің затына сай болуы тиіс. Ол үшін ұстаздар қауымын рухани 
жағынан байытуымыз керек.  
Осы  тұсты  тереңірек  астарлайтын  болсақ,  мынадай  ой  тұжырымдауға 
болады.  Мәселен,  Абайды,  Шәкәрімді,  Мағжанды  үлгі  ету  ұлттық  рухани 
жаңғыруға жататыны сөзсіз, әйтсе де Қазақстан Республикасы Президентінің 
«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  Жолдауында:  «Ұлттық  салт-
дәстүрлеріміз,  тіліміз  бен  музыкамыз,  әдебиетіміз,  жоралғыларымыз,  бір 
сөзбен  айтқанда  ұлттық  рухымыз  бойымызда  мәңгі  қалуға  тиіс.  Абайдың 
даналығы, 
Әуезовтің 
ғұламалығы, 
Жамбылдың 
жырлары 
мен 
Құрманғазының күйлері,  ғасырлар қойнауынан жеткен  бабалар  үні  – бұлар 
біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана»[1.1] дей келе, сонымен бірге, 
жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын 
кейбір  дағдылар  мен  әдеттерден  арылу  дегенді  білдіреді  деп  түсінік  береді. 
Халқына,  еліне,  оның  ұрпағына  көмек  жасаған  жандарды  қолдап-
құрметтеудің  түрлі  жолдарын  табу  керек  дейді.  Жолдаудың  «Жаһандағы 
заманауи қазақстандық мәдениет» жобасында: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық 
картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек» [1.2] 
деп  талқылап  келе,  төртінші  мәселе  ретінде:  «Бұған  ауқымды  мемлекеттік 
қолдау  жасалуы  қажет.  Сыртқы  істер,  Мәдениет  және  спорт,  Ақпарат 
және коммуникациялар министрліктері жүйелі түрде, қоян-қолтық жұмыс 
істеуі керек» [1.2] деп міндет қояды. 
Осы  дәлелдемелерді  қолдана  келе,  «Қаздар  қайтып  барады»  әңгімесін 
алайық.  Ол  үшін  сол  кездегідей  орын  алған  түрлі  қуғын-сүргіннен  кейінгі 
елге  қайту  тақырыбы,  өз  еліне  оралу,  қайту  кезіндегі  сағынышты  жырлау 
басты  тақырып  болғаны  анық.  Біз  мұны  жаңғырту  үшін  мұғалімдерге  ой 
тастауымыз  керек,  олардың  туған  жерге  деген  махаббатын  оятуға  түрткі 
болуды мақсат ету. 
Ол  туралы:  «Патриотизмнің  ең  жақсы  үлгісі  орта  мектепте  туған 
жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» [1.2]. Әрине мұны жүзеге асыру 
үшін ұстаздар қауымының өзі осы тарихи жәдігерлерді көргені дұрыс. Себебі 

107 
 
Республикамызда  өлкетану  жұмысының  бірден–бір  орталығы  –  ол  мектеп. 
Сондықтан  тарихи  өлкетану  жұмысының  басты  міндеті  оқу  мен  тәрбиені 
өмірмен байланыстыру. Сөзіме дәйек ретінде Абайдың «Қансонарда бүркітші 
шығады аңға» өлеңінің идеясы төңірегінде айтуымызға болады, мәселен: 
Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын, 
Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң - дейді. 
Иә,  аңшылық  туралы  барлығымыз  білеміз.  Әйтсе  де,  дәл  баса 
түсінбейміз,  сезіне алмаймыз.  Мұғалімдер  турасында да осы ойға  тоқталуға 
болады.  Еліміздің  тарихи  жәдігерлерін  мұғалімдер  көзімен  көрмей,  дәл 
жеткізе  алмайды,  сабағы  да  тұшымсыз  шығады.  Егер  ұстаз  тарихи 
жәдігерлерді көрген, білетін болса, ол сабағын кітаптағы материалдардан да 
жетілдіре  отыра  түсіндіре  алады.  Ең  бастысы,  сабақ  мақсатына  жету 
жолында  бір  қадам  ілгері  болады.  Мұғалімнің  кәсіби  даму  форматы 
әлдеқайда  кең.  Ол  курстарға,  семинарлар  мен  конференцияларға  барумен 
ғана  шектелмейді.  Тиімді  кәсіби  оқыту  мен  практиканы  қамтиды.  Ойдың 
негізгі  желісі  тарихи  жәдігерлерді  насихаттайтын  тарих  пәні  мұғалімдерін 
еліміздің  әр  өңіріндегі  тарихи  ескерткіштерді  көруге  ұмтылдыру,  бағыттау 
барысында  арнайы жоба  қарастыру  мәселесі бар,  «көп  сүргеннен  емес, көп 
көргеннен сұра» деген ұғым астары жатыр.  Осы орайда өлкетану жұмысын 
оқушыларға  отансүйгіштік,  адамгершілік,  этикалық  -  эстетикалық, 
ұлтжандылық тәрбие беру құралы ретінде саралайтын болсақ, мұны  қазіргі 
ұстаздардың  қоғамдық  санасын  жаңғырту  мәселесі  деп  қарастырып, 
еліміздегі  тарихи  жәдігерлерді  насихаттаушы  тарих  пәндері  мұғалімдерін 
жыл  сайын  тарихи  ескерткіштерді  көруге  арналған  жоба  ұйымдастырылса, 
соның  нәтижесінде  Елбасының  алға  қойған  міндеттерінің  бірін  орындауда 
мақсатымызға жетер едік.  
Осындай ұтымды шешімдер негізінде тарихи өлкетанулық зертттеулер 
арқылы  үлкен  қоғамдық  міндеттерді  шешуге  болады.  Жергілікті  тарихи 
мәдени ескерткіштерді, ата - баба мұраларын, салт - дәстүрлерін жетік білген 
мұғалімнен  оқып  үйренген  баланың  бойында  ұлтжандылық  сезім 
қалыптасып, ұлттық сана жандана түседі.  
 «Еліміздің  Тәуелсіздік  жылнамасы  жазыла  бастағанына  небәрі  25 
жыл  болды.  Бұл  –  тарих  тұрғысынан  қас қағым  сәт  десек  те,  еліміз  үшін 
ғасырға  бергісіз  кезең.  Әрине,  жасалған  жұмыстардың  маңызы  мен 
ауқымына  ешбір  күмән  жоқ.  Дегенмен,  осы  қыруар  істі  атқарған,  ел 
дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету 
тарихы әдетте  құрғақ  фактілер  мен  цифрлардың  тасасында  қалып қояды. 
Шын  мәнінде,  Қазақстанның  әрбір  жетістігінің  артында  алуан  түрлі 
тағдырлар  тұр...»  [1.2],  -  делінген  Мемлекет  басшысының  «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. 
Осы  жолда  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  мына  жобаны  іске  асыруды  мақсат 
етеді:  «Мен  бүгінгі  замандастарымыздың  жетістіктерінің  тарихына  да 
назар  аударуды  ұсынамын.  Бұл  идеяны  «Қазақстандағы  100  жаңа  есім» 
жобасы арқылы іске асырған жөн» [1.2]  дейді. Иә, бүгін де тәуелсіздігімізге 

108 
 
дейін  ата-бабамыздың  жасаған  сан  алуан  тар  жол  тайғақ  кешуін 
ұмытпаймызда, әйтсе де еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жоғарыдағы 
сөзін еске алсақ, тәуелсіздіктен кейін де еліміздің өркендеуі мен көркеюіне ат 
салысып  келе  жатқан  әр  түрлі  тағдырларды  ұмытпауымыз  керек. 
Аспанымыздың заңғар биігіне шыққан қыран да, өздігінен жаратылып ұшып 
кеткен жоқ. Оның да бастаушысы, баптаушысы, я қамқоры бар. Осы секілді 
заңғар тұлғалар да мұғалімнің, ұстаздың алдын көріп, тәрбиесін алып, білімін 
жетілдірді.  Сондай  бір  қырлардың  тасасында  қалып  келе  жатқан  ұстаздар 
қауымына  осы  жобаны  неге  асырмасқа?!  «Қазақстандағы  100  жаңа  есім» 
жобасы  –  Тәуелсіздік  жылдарында  табысқа  жеткен,  еліміздің  әр  өңірінде 
тұратын  түрлі  жастағы,  сан  алуан  этнос  өкілдерінің  тарихы»  десе,  осы 
жобаның  төңірегінде  «100  жаңашыл  ұстаз»  деп  әр  қалада,  я  елді-мекенде 
қолға алуға болады. Себебі он сегіз миллион халқы бар республикамызда әр 
еңбек  саласындағы  100  ғана  адам  жай  аз  емес,  өте,  тым  аз.  Осы  арқылы 
Қазақстанның  әр  түпкіріндегі  ұстаздардың  нақты  тағдырлары  мен 
өмірбаяндары  арқылы  бүгінгі,  заманауи  Қазақстан  ұстаздарының  келбеті 
көрініс  табады.  Заңды  да,  заңгерді  де  ұстаз  үйреткен  болса,  олардың  білімі 
қайтіп ұстаздан артпақ?  
Атап  айтқанда:  «Экономикалық  ынтымақтастық  пен  даму  ұйымы 
елдерінде,  сонымен  қоса,  әлемдік  практикада  мұғалімнің  қоғам  дамуына 
қосатын  үлесі  негізгі  болып  саналады.  Оқытушылық  мансап  ретінде 
қарастырылады.  Мұғалім  кәсібінің  мәртебесі  мен  беделінің  жаһандық 
индексі  өсуде.  Аустрияда  үздік  мұғалімдер  үшін  "Білім  берудегі  Оскар" 
бағдарламасы кең таралуда»,[2.4]  «Оскар» сыйлығы әдетте кино саласына 
қатысты  екені  барлығымызға  түсінікті.  Ал  біздің  талқылап  отырған 
жобамыз,  әлем  елдерінің  осы  сынды  жобаларынан  әлдеқайда  орнықты. 
Бірақ  біздің  де  сүйенеріміз  «Қазақстандық  100  жаңа  есім»  жобасының 
төңірегінде, бір ғана білім саласына қатысты.  
Бұл мақсатта ұстаздар қауымы да осы өздеріне лайықты құрмет үшін 
ерінбей  еңбек етері  анық. Себебі  мұғалімдердің жасаған еңбектері шарадай 
ғана  бөлмеде  жүзеге  асса  да,  олардың  алдына  қойған  мақсаттары  анық, 
айқын. 
Осы жоба аясында елді-мекендерде емес, нақты мектептерде де жүзеге 
асырудың шараларын қолға алуға болады. Кез-келген аудан я қала мектебінің 
біріне  осы  жоба  орнаса,  бір  мектеп  үшін  «10  жаңашыл  ұстаз».  Бірақ  қатып 
қалған  «100»  емес,  жай  бір  мектеп  үшін  «10  жаңашыл  ұстаз»  деп  санын 
қысқартып отырмыз, себебі 100 ұстаз бір мектеп үшін өте көп. Мұның берер 
нәтижесінде мектеп мұғалімдерінің арасында бәсеке арта түсері анық. Сонда 
«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  идеясындағы  тұтас  қоғамның  және 
әрбір  қазақстандықтың  санасын  жаңғыртудың  бірінші  бағытында  нәтижеге 
жетіп,  қазіргі  таңда  жеке  адам  ғана  емес,  тұтас  халықтың  өзі  бәсекелік 
қабілетін  арттырса  ғана  табысқа  жетуге  мүмкіндік  алады  деп  көрсеткені 
шындыққа  айналса,  Президентіміз  айтқандай  бәсекеге  қабілетті  ұстаздан, 
бәсекеге қабілетті оқушы да шығады деп толықтай айтуға болады.  

109 
 
Елiміздің  ертеңi,  ұлтымыздың  болaшағы  –  бүгiнгі  мектeп 
қaбырғасындa  отырғaн  бүлдiршіндер  екенi  мәлiм.  Олaрдың  қaмын 
ойлaу бaршамыздың  пaрызымыз.  Кез-кeлген  мeктептің  мaқсаты  мeн 
мұрaты   өркениeттi  eлдердің  қатaрынан  көрiну,  жeр  мен  жeр  бaйлықтaрын 
ысырaпқа сaлмай игeре бiлетін ұрпaқ тәрбиeлеу. Oл үшiн бүгiнгі жaс ұрпaққа 
сaпалы бiлім мeн сaналы тәрбиe берe отыpып, eлдің өткенiн, ұлттың тaрихын, 
мәдeниетін,  сaлт-дәстүрiн,  тaбиғат  eрекшеліктерiн  eтене  таныстыpу  қaжет. 
«Тәрбиeсіз берiлген бiлім адамзaттың қaс жауы, келeшекте oның өміріне опат 
әкеледі,   адамға  ең  бірінші  керегі  –  тәрбие»  –  деп  Әл-Фaраби  aйтқандай, 
педагогикa ғылымының зeрттейтін негiзгі мәселелeрінің бiрі - тәрбиe.  
Рaсында  да,  уaқыт  талaбынан  туындaп,  бiлім  бeру  жүйесіндe  бoлып 
жaтқан  өзгерiстер  балaны  тәрбиeлеу  oсы  зaман  тaлабына  сaй  үйлeсімді 
деңгейдi  қайтa  құруды  мiндеттейді.  Тәрбиe  мен  оқу  егiз  деген  сөз  бар. 
«Тәрбиe  бар  жердe  ғaна  сапaлы  бiлім,  сaналы  ұрпaқ  болaды»  дегeн  дaна 
хaлқымыздың  мaқал  сөзінe  сүйeнсек,  тәрбиені  ұстаздықтан  бастағанымыз 
жөн.  
Ескіліктің  шырмауынан  енді  босап  келе  жатқан  ұстаздар  қауымын  
рухани-адамгершілік  қағидаларына  үйреткен  абзал.  Осы  тәрбиені  қоғамға 
бағыттайтын  болсақ,  жақсы  тәрбие  жақсы  тәрбиеленген  адамнан  дариды. 
Қазіргі  таңдағы  ұстаздар  қауымы  осы  талаптарға  сай  ма,  олар  өзін-өзі 
тәрбиелей ме деген сұрақ туындап отыр. Сұрақ орынсыз емес, себебі бүгінге 
дейін, тіпті қазір де мұғалімдер қауымы  арасында оқушыға деген қаталдық, 
ауыр  сөздер  қатары  арылмай  келеді.  Оның  бірден-бір  себебі  ескішілдіктен 
арыла  алмауымыз.  Мұнда  ескілік  деп  тұрғаным  “Сүйегі  —  менікі,  еті  — 
сенікі”  деген  түсініктің  әлі  де  қоғамнан  жойылмауы.  Бұл  дегеніміз 
Елбасымыздың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  идеясынан  тысқары 
қалып  бара  жатқанымыздың  дәлелі.    Осы  жолды  алдағы  уақыттарда  ұстана 
берсек, жас ұрпақтың сенімінен орын ала алмауымыз мүмкін.  
Мұғалім – болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі жеңіл қосылу 
үшін  және  сол  қоғамның  сол  мақсаттарды  орындайтын  адамдарды 
қамтамасыз  ету  қабілетін  арттыру  үшін  тәрбиелеу  мен  оқыту 
қажеттілігі себебінен әлемдегі ең кең тараған мамандықтардың бірі[3.1]. 
Осы орайда адамгершілік тақырыбы – «мәңгiлік» тозбас тақырып. Жaс 
ұрпaқтың  бойынa  aдамгершілік  қaсиеттерді  сіңiру  –  aта  -  aна  мен 
ұстaздардың  бaсты  мiндеті.  Адaмгершілік  әp  адaмға  тән  aсыл  қaсиеттер. 
Адамгершiліктің  қaйнар  бұлaғы  -  хaлқында,  отбaсында,  олaрдың 
өнерлeрінде,  әдет  -  ғұрпындa.  Әр  aдам  адaмгершілікті  күндeлікті  тұрмыс  - 
тiршілігінен,  өзін  қоршағaн  табиғaттан  бойынa    сіңiреді.  Олaй  болсa, 
ұрпaқтың  рухани-адaмгершілік  қасиетi  мұғалімнiң  де  рухaни  бaйлығын 
көрсeтеді.  
Бұл  жолда  жақсы  бір  ұтымды  талпыныс  керек  екені  түсінікті. 
Қазақстан  ұстаздарына  арналған  «Мұғалімнің  ережесі»  деген  оқулық 
шығарсақ,  оның  негізі  жақсы  қарым-қатынас  жасаудың  түрліше  жолдарын 
көрсететін  амал-тәсілдерінен  болып,  барлық  мұғалімдерге  таратылса, 

110 
 
ескіліктің  таяғынан  құтылуға  үлкен  жәрдемі  болар  еді.  Мысалға  оның 
мазмұны  «қызға  қырық  үйден  тыйым»  деген  сияқты  идея  төңірегінде  орын 
алса, Президентіміздің тағы бір бастамасы орындалар еді.  
Ал  мұғaлімнің  бaсты  мақсaты  -  өзiндік  рухaни  -  азaматтық 
құндылықтaрын  оқушы  бoйына  дaрыта  отыpып,  oның  жүрeк  түкпірiндегі 
рухaни  қaзынасын  жарыққa  шығaру,  әрбiр  бaланы  жeке  тұлғa  ретiнде 
жетiлдіру  үшiн  oның  бойындaғы  бaр  құндылықтaрды  дaмыту.  Мeктептегі, 
cабақтан  тыc  уaқыттағы  біздің  ісімiзді  жaлғастыратын  жeке  тұлғa  бoлып 
тaбылатын 
oқушыларды 
pухани-адaмгершілікке, 
aзаматтық 
жүйегe 
тоғыcтыру. 
Олай  болса,  бұл  оқулықтың  құрамында  адамды  сөздің  құдіреттілігіне 
жетелеуші  сөздер орын  алғандығы дұрыс.  Себебі  жақсы ой,  жақсы  сөз  ғана 
адамды табыстан-табысқа жетелейді. 
•  Мен мейірімді, барлығына кешіріммен қарайтын өте тәрбиелі ұстазбын
•  Мен  балаларға  әрқашан  мейіріммен  қараймын,  күнделікті  оларды 
жайдарлы мінезіммен, қуанышпен қарсы аламын; 
•  Олар менің ең асыл достарым. Оларға ешқашан ауыр сөз айтпаймын, олар 
қателессе, көңіліне тимейтіндей өте бір сабырлы күйімде дұрыс жауабын 
табуға жәрдемдесемін, –  
деген сынды «сөздің магиясын» орынды қолдана білген дұрыс.  Бұл кітаптың 
астарында мейірімділік, қамқорлық сезімдері жатқанын сезуге болады. 
Мен  бұл  жерде  мұғалім  мамандығын  иемденген  әрбір  адамның 
бойынан  табылуға  тиісті-ау  деп  ойлаған  қасиеттердің  бірең-сараңын  ғана 
таңдап  жазып  отырмын.  Өз  пәнін  жақсы  білу,  білген  білімін  оқушыларға 
жан-тәнімен  үйрете  білу  мұғалімнің  өз  мамандығын  сүйе  білуіне,  қоғам 
алдындағы  жауапкершілікті  терең  сезіне  білуіне  тікелей  байланысты.  Бұл 
мұғалім бойында болуға тиісті басты қасиет екені рас. Ұлт көсемі  — Ахмет 
Байтұрсынов  бұл  туралы:  «Мектептің  жаны  –  мұғалім.  Мұғалім  қандай 
болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен 
балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке 
керегі  –  білімді,  педагогика,  методикадан  хабардар,  жақсы  оқыта  білетін 
мұғалім». 
Қорытa  айтқанда,  осы  жоғарыдa  бaяндалғандай  «Болашаққа  бағдар: 
рухани  жаңғыру»  аясында  білім  нәрін  құюшы  ұстаздардың  білім  берудегі 
біліктілігін,  жаңашылдығын  дамыта  білсек,  сол  жолда  oқушының  көкейiне 
пaтриотизм  турaлы  oй  сaлып,  үлгi  көpсетіп,  зaманға  сaй,  қоғaмға  керектi 
aзамaт,  отaнсүйгiш,  елсүйгiш,  елге  қызмет  ететiн  қайрaткер  тәрбиелеуге 
болар еді.  
Аталған  ойлар,  тұжырымдар  нақты  дәйектемелер  арқылы  беріліп, 
адамзат  қауымының  бұл  дүниеде  азғындалып  кетпес  үшін  жасап  отырған 
Елбасымыздың  Жолдауына  сүйене  отырып  жазылған.  Шынында  да  ұрпақ 
жақсы  болып  өсуі  үшін,  жақсы  ұстаздың,  тәрбиешінің  алар  орны  ерекше 
екенін тағы да айта кетуге болады.  

111 
 
Жaс  бaлaның  пaтриоттық  сезiмiн  ояту,  рухaни-aдaмгершiлiк  қaсиетiн 
aрттыру,  ұлттық  құндылықтaрымызды  бойына  сiңiру,  отбaсығa  деген 
мaхaббaтын  aрттыру,  еңбекке  бaулу,  мәдениетiлiкке  тәрбиелеу  және 
сaлaуaтты  өмiр  сaлтын  ұстaнатын,  бәсекеге  қaбiлеттi  ұрпaқ  өсiру  ұстaздың 
және aтa-aнaның бaсты миссиясы екендігінде.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет