Р87 Ғылыми-практикалық конференция материалдарының электрондық жинағы. Алматы: «Өрлеу» баұо ақФ Қр ббжқбари, 2018. 380 б


    МӘҢГІЛІК ЕЛ НЕГІЗІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата26.09.2019
өлшемі3,87 Mb.
#48908
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Байланысты:
ЖИНАҚ 2018 Рухани жаңғыру
samoanaliz, итн такырыптар, Кейс технологиясын пайдалану, Кейс технологиясын пайдалану, ЛЕКЦИЯ 2, Ministry of Education of the Republic of Kazakhstan Kostanay State Pedagogical University by U

 

63 
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ НЕГІЗІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ  
 
Комекова Сандугаш Оралхановна, 
«Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ, Жоғары мектептегі білім 
беру мен оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, педагог-
магистрі 
 
«Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясының  негізі  –  жастарды  патриотизмге 
тәрбиелеу.  Патриоттық  тәрбие  мәселесі  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  – 
2050»  Жолдауында  жаңа  мазмұнға  ие  болды.  Елбасы  атап  өткендей,  жаңа 
қазақстандық  партиотизмнің  басты  мақсаты  –  қоғамдық  келісімді  сақтап 
нығайту.  Бұл  біздің  мемлекет  ретінде,  қоғам  ретінде,  ұлт  ретінде  өмір 
сүруіміздің  бұлжымас  шарты.  Қазақстандық  патриотизмнің  негізі  –  бұл 
барлық  азаматтардың  тең  құқықтағы  және  олардың  Отан  абыройы  үшін 
ортақ  жауапкершілігі  болмақ.  Яғни,  елдің  ұлы  рухын,  адамның  адами 
қасиеттерін,  еліміздің  елдігін  арттыратын  құндылықтарды  біріктіретін идея. 
Елбасымыз  көтерген  ұлт  болашағына  негізделген  «Мәңгілік  Ел»  идеясы 
бүгінгі  уақыт  талабына  сай  тарихи  танымдық,  ұлттық  деңгейдегі  білім, 
ғылым және мәдени құндылықтарға ие, саяси бағыттағы терең ұғым.  
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы – еліміздегі барлық саланы қамтитын 
үздіксіз  білім  мен  ғылымның  өркендеп  өсу  жолы  және  елдігіміз  бен 
бірлігіміз,  ерен  еңбегіміз  шыңдалатын  үлкен  өмірлік  сынақ.  Елдің 
тәуелсіздігі,  тәуелсіздіктің  мәңгі  әрі  баянды  болуы  адамның  ұлттық 
қасиеттеріне  негізделген  құндылықтарда.  Философ-ғалым  Т.Ғабитов 
“Құндылықтар  –  қасиеттер...  бала  кезден,  ана  сүтімен  бірге,  өзінің  ана  тілі 
арқылы,  мораль  негіздері  ретінде,  өз  тарихын,  мәдениетін,  әдет-ғұрыптары 
мен  салт-дәстүрлерін  игеру  нәтижесінде  орнығады.  Қасиеттер  адам  бойына 
моральдық жауапкершіліктер жүктейді, сезімін айқындай түседі” - деп айтып 
кеткен еді [5;6]. 
«Нұр  Отан»  партиясының  кезекті  XVI съезінде  «Мәңгілік Ел»  идеясы 
оқу  бағдарламасына  енуі  керек.  Бұл  идея  қазақстандық  бірегейлік 
бағытындағы  ең  маңызды  құжатқа,  екінші  конституцияға  айналуы  қажет»  - 
делінген.  Осы  бағытта  біріншіден,  «Мәңгілік  ел»  идеясын  зерттеп, 
зерделеуде,  оны  жас  ұрпаққа  насихаттауда  және  оқу  үдерісіне  енгізуде 
ғалымдарымыз бен педагогтарымыз, әрбір отандасымыз үлес қосқаны абзал. 
Екіншіден, 
ұлттық 
идеямызды 
балабақшада 
тәрбиеленіп 
жатқан 
бүлдіршіндерден  бастапжас  ұрпаққа  жеткізу  үшін  қажырлы  жұмыс 
жасауымыз  керек.  Өскелең  ұрпақтың  санасына,  өмір  салтына  сіңірген 
құндылық  пен  сенім  «Мәңгілік  ел»  орнатудың  қозғаушы  күші  болары 
күмәнсіз.  Үшіншіден,  келешегі  кемел  «Мәңгілік  ел»  идеясын  Қазақстанның 
барлық аймақтарына жеткізу жұмыстың басты мақсаты. Төртіншіден, қазақи 
рухы  биік  ұлттық  идеяның  қалыптасуында  тарих  пен  мәдениет,  әлеуметтік 
тәжірибелердің маңызы зор [5;6].  

64 
 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  кезең  этикалық  сипаттағы 
құбылыстарын  қайта  өркендету  және  даму  кезеңі  болып  табылады.  Ол 
ұлттық  тілдердің,  ұлттық  салт-дәстүрлердің,  ұлттық  мәдениеттің,  ұлттық 
сана-сезімнің  өсуін,  ұлттық  мемлекеттің  мәнінің  артуын,  ұлттық 
қозғалыстардың күрт дамуын, жалпы алғанда бүкіл адамзаттық және ұлттық 
құндылықтардағы орын алған күрделі өзгерістерді қамтыды.  
Н.Ә.Назарбаев:  «Біз  әрбір  азаматтың  абыройы  мен  атағы  бағаланатын, 
жоғары  моральға,  этникалық  стандарттар  мен  рухани  құндылықтарға 
орын  бар  қоғам  құруымыз  керек»,  -  деп  атап  көрсеткен  болатын  [11;13]. 
Елдің  тәуелсіздігі,  тәуелсіздіктің  мәңгі  әрі  баянды  болуы  адамның  ұлттық 
қасиеттеріне негізделген құндылықтарда. Құндылықтар қоғамда адамдардың 
мінез  құлықтары  мен  қоғамдық  өмірдің  әлеуметтік  нормативтік,  саяси 
құқықтық  реттеуші  қызметін  орындайтын  белгі.  Жалпыадамзаттық  және 
ұлттық 
құндылықтар 
тақырыбының 
кейбір 
аспектілерін 
отандық 
ғалымдардың: 
Р.Б.Әбсаттаров, 
В.Х.Баймырзаева, 
А.Ж.Мұқажанова, 
Р.Қадыржанов, 
Қ.Ж.Нұғманова, 
ал 
этнопедагогикалық 
және 
этнопсихологиялық  құндылықтарды  Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев  С.Ұзақбаева, 
К.Қожахметова,  Ж.Наурызбайлардың  басқада  еңбектерінде  қарастырылған 
[14].  
«Құндылық»  дегеніміз  –  философия,  мәдениеттану,  әлеуметтану, 
педагогика  және  психология  ғылымының  негізі  ұғымы  болып  табылады. 
Құндылық  тұлғаның  бойындағы  қасиеттердің  жиынтығы.  Құндылықтар  – 
өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адамгершілік насихаттарға, адам өмірінің 
мәніне  деген  бағалаушы  қатынас  құралы  [13;15].  Құндылықтарды  жіктеу 
ғылыми мәселе болып табылады. Құндылықтарды жіктеудің ең жалпы негізі 
ретінде  қоғамдық  өмірдің  салалары,  құндылықтарды  ұстанушылар, 
құндылықтар  иеархиясы  қарастырылады.  Халықтың  көпшілігіне  қозғау 
салатын  қомақты  саяси  өзгерістер  мен  қайта  құрулар  қоғамдағы 
қолданыстағы  идеалдар  мен  құндылықтарға  негізделуі  және  олардың 
тарапынан  қолдау  табуы  тиіс.  Қоғамдық  өмірдің  негізгі  салаларына  сәйкес 
құндылықтарды  үш  топқа  бөледі:  материалдық,  әлеуметтік-саяси  және 
рухани.  Бұл  жөнінде  В.П.Тугариновтың  пайымдауынша  қоғамдық  өмірді 
үшке  бөледі:  бірінші,  өмір  құндылықтары:  өмір,  денсаулық,  қуаныш, 
айналаңдағылармен 
қарым 
қатынасқа 
түсу; 
екінші, 
материалдық 
құндылықтар: 
физиологиялық 
қажеттілікті 
қанағаттандыру,  рухани 
қажетілікті  өтеу.  Бұл  адамның  тән  және  рух  негізінде  жүзеге  асырылады. 
Үшінші,  әлеуметтік-саяси  құндылықтар:  қоғамдық  тәртіп,  қауіпсіздік, 
бейбітшілік, бостандық, әділдік, теңдік, адамилық [16;17].  
Жалпыадамзаттық 
құндылықтар 
дегеніміз 
– 
адам 
туралы 
философиялық  ілім  мен  аксиологияны  оқытатын  пәннің  маңызды 
құрамдастары  жүйесіне  енетін  түсініктер кешені.  Олар адам  тегінің ұлттық, 
саяси,  діни  және  басқа  да  әуестігінен  еркін  жалпы  мүддесін  білдіруімен 
ерекшеленеді  және  осы  сипатта  адамдық  өркениет  дамуының  императиві 
болып 
табылады. 
Г.А.Омарованың 
пікірінше, 
жалпыадамзаттық 

65 
 
құндылықтар – тарихи шектен шықпайтын табиғаты бар бітпейтін этикалық 
құндылықтар,  біртұтас  рухани  шынайылықтың  түрлі  қырлары  және 
әлеуметтік,  саяси,  ұлттық,  ғылыми,  тұлғалық  құндылықтардың  өзгермелі 
жүйесінің  инварианты  болады.  Мысалы,  бұған  шынайы  махаббат,  парызын 
риясыз  орындау,  шыншылдық,  ішкі  әлем  және  тыныштық,  мейірімділік, 
жақсылық, обал-сауапты ескеру және т.б. жатады [13;18].  
Ұлттық  құндылықтар  –  қандай  да  бір  этникалық  қауым  өкілдерінің  өзіндік 
тарихи көрінісі бар рухани мұраттарының жиынтығы. Ұлттық құндылықтар 
бір  этностық  топқа  тиесілі  адамдардың  мінез-құлқының  әлеуметтік  және 
нормативтік-мәдени  аксиомасы  рөлін  атқарады.  Барлық  уақытта  да  өмірдің 
өзі табиғи және мәдени түрлерде сақтау мен дамыту мәселелері құндылыққа 
негіз болған. Сондықтан да, жалпыадамзаттық құндылықтардың біріне басқа 
құндылықтардың  негізі  ретінде  жеке  адамның  өмірін  жатқызуға  болады. 
Ғылымға дейінгі дәуірде адамдардың ақиқатты түсінуі көпмағыналы болды. 
Оған:  тәжірибелік  білімдер,  әңгіме,  сенім,  белгі,  үміт,  нанымды  жатқызуға 
болады.  Оларды  тасымалдаушылар:  қарттар,  бақсылар,  көріпкелдер, 
сәуегейлер,  абыздар,  философтар,  ғалымдар  ерекше  құрметке  ие  болды. 
Көреген  билеушілер  ғылым  мен  білімнің  дамуына  қамқорлық  жасады. 
Ақиқат  –  адамның  ең  жоғары  интеллектуалды  құндылығы.  Адамзаттың 
бастапқы  құндылықтарына  наным  –  қандай  да  бір  нәрсені  ақиқатында, 
дәлелді  қажет  етпейтін,  тексермей-ақ  тек  іштей  көз  жеткізу  арқылы 
мойындау  жатады.  Ал,  діни  көзқарас  тұрғысынан  наным  күтуді  жүзеге 
асыруды және көзге көрінбеске сенуді білдіреді. Бір қоғамдастықтағы сенетін 
кісілердің  әлем  туралы  түсініктері  шамамен  бірдей  болады,  өйткені  олар 
қоғамдастарының  өткені  (дәстүр)  мен  қазіргі  тәжірибесіне  сенуге  бейім. 
Шығармашылық 
жоғары 
жалпыадамзаттық 
құндылық 
ретінде 
қарастырылады. 
Шығармашылық 
адамға 
жасаушы, 
болмағанды 
шығарушыдай  сезінуіне  мүмкіндік  береді.  Бұл  -  іс-әрекеттік  құндылық 
адамгершілік,  әсіресе  көркем-эстетикалық  салада  айқын  байқалады. 
Шығармашылық  нәтижелерінде  адамның  ішкі  және  сыртқы  әлемінің  бірлігі 
көрінеді.  Алғашқы  қауымдық  құрылыста  адамдар  сурет  салды,  баспанасын, 
тұрмыс бұйымдарын, киім-кешегін, қару-жарағын, еңбек құралдарын, табыну 
заттарын, жасаған [13;16].  
Іргелі  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  бірі  –  ар,  адамның  міндеттенуін 
және  тыйым  нормаларын  белгілейтін  моральдық  бақылау  мен  адамгершілік 
өзіндік бақылау,  ішкі дауысты  жүзеге асыруына  мүмкіндік  беретін  қабілеті. 
Ар  –  адамда  бар  тілектің  көрінуіне  жол  бермейтін  ішкі  түйсік.  Абырой 
маңызды  этикалық  және  ұлттық  құндылық  болып  табылады,  ол  адамның 
әділдік,  адалдық,  шыншылдық,  тектілік,  қасиеттілік  сияқты  сапаларын 
бағалаумен байланысты  кешенді  түсінік.  Басқа жалпыадамзаттық  құндылық 
–  парыз  абырой  санатымен  байланысты.  Парыз  –  бұл  іштей  қабылданатын 
(ерікті)  міндеттеме.  Парыз  моральдық  міндеттеме  (моральдық  парыз, 
адамгершілік  парыз)  –  адамның басқа адамдар  алдындағы  ерікті моральдық 
міндеттемесін айтады. Парыздың басқа түрлері: азаматтық, патриоттық және 

66 
 
әскери  парыз.  Жалпыадамзаттық  құндылық  –  қасиет  адамның  моральдық-
этикалық  сапаларына  ішкі  қарым-қатынасы,  моральдық-адамгершілік  санат 
ретінде  адам  тұлғасын  құрметтеу  және  өзіндік  құрмет.  Әділеттілік  – 
адамдардың  мүдделерін  қамтамасыз  ету,  олардың  қасиеттерін  құрметтеу. 
Әділеттілікті  бекіту  адамдарда  қанағаттануды  тудырады.  Ал  әділетсіздік 
ашу-ыза,  наразылық,  кек,  жеккөрушілік,  қызғаныш,  өштесу  және  т.б. 
тудырады,  әділеттілікті  орнату  жолында  күреске  итермелейді.  Бұл 
әділеттіліктің  маңызды  моральдық-құқықтық  құндылық  екенін  дәлелдейді. 
Қайырымдылық  –  басқа  адамға  аяушылық,  тілектестік,  қамқорлық, 
сүйіспеншілік  қарым-қатынасы.  Жақсылық  –  игілік,  пайдалы  іс  жасауды, 
жақын  адамға,  сол  сияқты  таныс  емес  жанға  немесе  тіпті  жан-жануарға, 
өсімдік  әлеміне  көмек  көрсетуді  білдіретін  риясыз  және  шынайы  ұмтылыс. 
Жақсылық  өз  кезегінде  пиғыл  (ниет)  сияқты  азат  ерікпен  іске  асырылуы 
мүмкін.  Сәттілік,  ұтымды  жағдайлар  жақсылық  бола  алмайды.  Жақсылық 
жауыздыққа  қарағанда  игі  іс  жасаудың  қарапайым  еркімен  көрсетілмейді, 
себебі  мұндай  ерік  қанағатсыз,  яғни  адамгершілікке  қатысты  бейтарап 
болады.  Нағыз  жақсылық  риясыз  болуы  керек.  Қазақта  «Әуелгі  байлық  – 
денсаулық»  деген  мақал  бар.  Шынында  денсаулық  –  басты  байлық. 
Денсаулық – кез келген тірі ағзаның тұтас алғанда өзінің және органдарының 
толығымен  өз  қызметін  атқару  қабілетін,  сырқаты,  ауруының  болмауын 
білдіретін күйі. Салауатты өмір салтын сақтаудың маңызы зор. Денсаулықта 
теріс  өзгерістерді  тудыратын  қоғамдық  өмірдің  қиындауымен,  техногендік, 
экологиялық,  психологиялық,  саяси  және  әскери  сипаттағы  тәуекелдердің 
артуымен  адам  ағзасына  түсетін  жүктеменің  артуына  және  сипатының 
өзгеруіне байланысты салауатты өмір салтының өзектілігі туындап отыр. Ең 
жоғары  эстетикалық  құндылық  –  әсемдік.  Әсемдік  санатында  адамға  ләззат 
сезімін  сыйлайтын,  сонымен  қатар  адамның  шығармашылық,  танымдық 
қабілеттерінің  бостандығы  мен  толықтығын  заттық-сезімталдық  түрде  іске 
асыратын  шынайылық  құбылысы.  Мағынасы  жағынан  жақын  түсініктер: 
үйлесімді,  жетілген,  сұлулық,  әдемі.  Жалпыадамзаттық  құндылықтарға  сол 
сияқты  заң  және  құқықтық  тәртіп  жатады.  Заңдылық  –  қоғамдық  өмірде 
құқық  пен  заңның  үстемдігінен,  қоғамдық  қатынастарға  қатысушылардың 
құқықтық  нормаларжәне  қоғамда  тәртіп  пен  ұйымшылдықты  қамтамасыз 
етуден  тұратын  қоғамдық-саяси  тәртіп.  Құқықтық  тәртіп  –  заң  және  басқа 
құқықтық  нормалардың  сақталуы  қамтамасыз  етілетін  қоғамдық  қарым-
қатынастар  жағдайы,  қоғамдық  тәртіптің  құрамдас  бөліктерінің  бірі.  Бұл 
әлеуметтік  байланыстардың  шын  мәнінде  реттелген  жағдайы,  заңдылықтың 
сапалық көрінісі [5;13;16].  
Жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  жүйесінде  тәрбие 
жүйесін  жаңғыртудың  мемлекеттік  басымдықтары  «Қазақстан  2020: 
болашаққа  жол»  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жастар  саясатының 
2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген. Жастардың әлеуметтену 
процесі келесі құндылықтарға негізделеді: патриотизм, халық бірлігі, мәдени 
саналуандық, толеранттылық, отбасы, денсаулық және спорт, салауатты 

67 
 
өмір  салтын  сақтау.  Патриотизм  –  тұлғаның  кіріктірілген  қасиеті,  өз 
Отанына,  отандастарына  сүйіспеншілікпен  қарау.  Сонымен  бірге, 
бейбітшілікке  ұмтылудан,  мемлекеттік  билікті  сыйлаудан,  Отанына  қызмет 
етуге  даярлықтан,  өз  қадір-қасиетін  сезіну.  Ұлтаралық  келісім  және 
толеранттылық.  Қоғамда  саяси  тұрақтылық  пен  ұлтаралық  келісім 
сақталған.  Бұл  құндылықтар  қоғамның  іргетасы,  ерекше  қазақстандық 
толеранттылықтың негізі болды. Тіл – этнос құрушы, ұлтты біріктіретін баға 
жетпес  құндылық  болып  табылады.  Ана  тілі  –  халықтың  ғасырлар  бойы 
жиған  өмірлік  тәжірибесін  жеткізудің  табиғи  тетігі.  Ұлттық  тіл  –  адамзат 
өркениетінде әлемді түсіну мен әлемді сезіну ерекшеліктерін, өмір сүру және 
мәдениет,  адамгершілік  және  эстетикалық  құндылықтар  бейнесін  ұрпақтан 
ұрпаққа жеткізудің негізгі жолы [16].  
Қазақстан көптілді мемлекет ретінде «үштілділік тұғырын» (қазақ тілі, 
орыс  тілі,  шет  тілін)  қатар  ұстап  келеді.  Еліміздің  көптеген  білім  беру 
ұйымдарында  оқу  үдерісі  үш  тілде  жүргізіліп  жатыр.  Ең  маңызды 
құндылықтардың  бірі  өз  халқының  мүддесін  қорғайтын  азамат-патриотты 
тәрбиелейтін  қазақстандық  патриотизм  болып  табылады.  Бұл  Қазақстан 
халқы  тудырған  ұлттық  этномәдени  дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптарды  тану, 
өткен  тарихымызға  құрметпен  қараудың  моральдық  нормаларына  және 
құндылықтарына  орнықтырылған  патриоттық  тәжірибені  меңгеру  арқылы 
іске  асырылады.  «Мәңгілік  ел»  идеясының  негізі  жалпыадамзаттық 
құндылықтар  гуманизм,  патриотизм,  төзімділік,  адамгершілік,  ұлтаралық 
сыйластық  пен  ашықтық  ұстанымдарын  алға  қояды.  Бұл  құндылықтар 
Қазақстандағы  барлық  ұлттар  мен  этностарды  біріктіретін  ұлттық  идеяға 
негіз  бола  алады.  Сондықтан  да  ұлттық  парыз,  ұлттық  сезім,  ұлттық  сана, 
ұлттық рух және ұлт мақтанышы, ұлт намысы құндылықтар ұлттық идеяның 
негізгі  көрінісі  болып  табылады.  Заманауи  тұлға  білім  беру,  оқыту, 
тәрбиелеу,  өзіндік  тәрбие  процесінде  қалыптасады,  ал  осы  инновациялық 
кешенді  процесс  білім  берудің  бірқатар  жаңа  құндылықтарын  талап  етеді. 
Білім  берудің  жаңа  құндылықтары  оқушыларға  құқықтық  мәдениет,  қоғам 
өмірінің нормаларын меңгертуден, экономикалық оқыту және экономикалық 
білім беруден құралады [2;13].  
Тәуелсіздігіміздің  негізі  «мәңгілік  ел»,  қазақтың  мәңгілік  ғұмыры  ұрпақтың 
мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтарды бойына сіңірген, білімді де білікті өскелең ұрпақ  – мәңгілік 
ел тірегі болмақ.  
Қазақ халқының кешкен тірлігі мен тұрмысы сонау көне ғасырдан бері 
жасасып  келе  жатқан  бай  ауыз  әдебиетінде  сақталған.  Ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  мектепте  бастауыш  сыныптан  бастап 
оқушыларға  мақал-мәтел,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  жыр  жаттатып,  ертегіні 
нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңірсек, 
мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, даналықтары арқылытәрбиелесек, өскелең 
ұрпақтың  жалпыадамзаттық  құндылығын  қалыптастыруға  болады.  Демек, 

68 
 
жастайынан  осыларды  естіп,  ұлттық  бұлақтан  сусындап  нәр  алған  бала 
ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.  
Жаһанданудың  қазіргі  үдерісі  «Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асыру 
отандық  білімнің  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуі,  жаңа  ақпараттық 
технологиялардың  дамуы  және  жеке  тұлғаның  мәдениеті  мен  кәсіби 
құзырлығының тұрақты қалыптасуы болып табылады.  
Елімізде  бүгінгі  нарықтық  реформа  мен  қоғамдық  қатынастар 
жағдайында  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  бойына  сіңіріп 
өскен  жас  ұрпақ  еліміздің  өркендеуіне  қалай  да  болса  әсерін  тигізеді.  Бұл 
дегеніміз  бүкіл  қазақстандық  мәдениетті  дамыту,  халық  бірлігін  ортақ 
жалпыадамзаттық  құндылықтар  негізінде  нығайту,  жастарды  патриоттық 
рухта  тәрбиелеу,  мемлекеттік  тілді  және  үш  тұғырлы  тіл  саясатын  одан  әрі 
дамыту,  Қазақстан  Республикасы  менің  Отаным  деген  патриоттық  асыл 
сезімді толыққанды ұғынған болашақ тәрбиелейтін қоғамның негізі қаланбақ.  
Өскелең  ұрпақ  тәрбиелеуде  білім  беру  ұйымдарында  қазақ  халқының 
ұлттық  құндылықтарын,  жалпыадамзаттық  құндылықтарға  негізделген 
тәрбиенің  құқықтық,  әдістемелік,  ұйымдастырушылық  тәрбие  жүйесін  құру 
қажет.  Жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  ұлттық  құндылықтарды  іріктеп,  оқыту 
процесіне енгізу  
арқылы  тәрбиенің  негізгі  бағыттарын  оқу  үдерісінде  және  сабақтан  тыс  іс 
шаралар  ұйымдастыру,  отбасында  да,  мектепте  де  ұлтжандылылық  пен 
отаншылдыққа  баулып,  өз  халқын,  өз  мемлекетін  көздің  қарашығындай 
қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару аса маңызды. Сондықтан да ұлттық 
парыз,  ұлттық  сезім,  ұлттық  сана,  ұлттық  рух  және  ұлт  мақтанышы,  ұлт 
намысы құндылықтар ұлттық идеяның негізгі көрінісі болып табылады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 
Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ.  Астана,  2014 
жылғы 17 қаңтар.  
2.  ҚР  Президенті  Н.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Нұрлы  жол  - 
болашаққа бастар жол» Жолдауы Астана. 11 қараша, 2014 жыл.  
3.  Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаевтың 
Қазақстан халқына Жолдауы 2015 жыл, 30 қараша.  
4.  «Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясын  жүзеге  асыру  жағдайындағы 
тәрбиенің  тұжырымдамалық  негіздері /  3  қыркүйек  2014 жыл  –  ӘдМин,  ҚР 
БжҒМ.  
5.  Ә.С.  Қайдарова,  Ш.Б.  Халикова  «Қазақстан  Республикасындағы  ұлттық 
идеяны  жүзеге  асырудың  механизмдері  мен  принциптері»  /  Әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті,  Қазақстан  Республикасы,  Алматы, 
2014ж. Қазақ мәдениеті.  
6.  Т.  Бурбаев  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының  философиялық  – 
мәдениеттанулық негіздемесі» «Егемен Қазақстан» газеті/ Алматы, 2014 ж.  

69 
 
7.  Ү.  Қ.  Сәрсембин  «Қазақстан  –  2050  стратегиясы»  -  «Қазақ  елінің 
тәуелсіздігін нығайту идеясы» / Алматы, 2014ж.  
8.  Е.  Сыдықов.  «MANGI  EL»  халықаралық  ғылыми-көпшілік  тарихи 
журналы, — Алматы, «Pride Print», баспасы, 09.2013. — 108 бет  
 
 
ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНДАР  ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРЛЕРІМІЗ  -
  ЖАҢА  ОҚЫТУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ  ҚҰРАЛЫ,   
ӘДІС-ТӘСІЛІ  РЕТІНДЕ 
 
Кабдылова Гулжанат Токтарбековна 
 «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Педагогика және  
инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушыcы 
 
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай 
құнды  мәдени игіліктердің бірі- ұлт ойындары.  Жастарды жаңа  заманға  сай 
тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы  оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен 
қарап,  оқытудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  қолданып  жатыр.  Сондай  әдіс-
тәсілдеріміздің оқу-тәрбие негіздерінің бірі ұлттық ойын және тәрбие. Халық 
өзінің  қоршаған  дүниенің  қыры  мен  сырын  егжей-тегжейлі  білуді  баланың 
санасына  ойын  арқылы  жастайынан  сіңіре  білуді  көздеген.  Ойын  бала 
табиғатымен  егіз,  өйткені  бала  ойынсыз  өспек  емес.  Бала  отбасы  тәрбиесі 
және  өзін  қоршаған  ортамен  тығыз  араласа  отырып  ана  тілін  үйренеді. 
Мектеп  табалдырығын  алғаш  аттаған  балаларға  ана  тілін  оқытудың  тиімді 
әдістеріне ерекше мән беріледі.Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін 
өз мағынасында қолдануға, тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын бірден 
бір  таптырмайтын  құрал.  Мысалы:  Бірінші  сыныпта  балаларды  қимылдату 
мақсатымен  халық  ойыны  «қуыр-қуыр  қуырмашты»  ойнату  пайдалы.  Оның 
шарты  бірінші  бала  бас  бармақтан  бастап  шынашаққа  дейін  бір  рет 
саусақтардың  атын  түгел  айтып  береді.Сөйтіп  бір  саусағын  жұмып  тұрып, 
екінші бала кез-келген саусағының атын атайды. Бұл ойын балалардың тілін 
жаттықтырып, есте сақтау қабілетін  жетілдіре түседі. Жұмбақ шешу ойынын 
жарыс  түрінде  өткізуге  болады.  Жұмбақ  ойыны  балалардың  өздігінен 
ойлануына  мүмкіндік  береді.  Оларды  дерексіз  ойлаудан  нақты  ойлауға 
жетелейді.  Бірінші  сыныпқа  келген  балалардың  кейбір  әріптерге  бәрінің 
бірдей  тілдері  келе  бермейді.  Бұл  кезеңде  нағыз  көмекші  халық  ойындары 
болып  табылады.Бұл  мақсатта  ежелгі  халық  ойыны  жаңылтпашты  ұтымды 
пайдалануға  болады.  Жаңылтпаштардың  тіл  дамытуда,  сөзді  таза  сөйлеп, 
ширақ  айтуда  пайдасы  көп.  Қазақ  тілі  сабағында  өз  атыңды  буынға  бөле 
аласың  ба?  «Сыныптағы  заттарды  ата»  ойынын  ойнатуға  болады.  Сабақта 
ойын түрлерін күрделендіріп «ойлан тап» ойынын ойнатуға болады. Мысалы 
мұғалім ішінен алма сөзін ойлап тұрып бірінші буынын атайды. Балалар ал 
буынынан басталатын бірнеше сөздер айтады. Алша, алға, алма т.б. Сан есім 

70 
 
тақырыбында «Сен білесің бе?» ойынын ойнатуға болады. Мұнда бір әңгіме 
оқылып, ондағы сан есімдерді атау ұсынылады. 
«Хан »  ойынын  оқушы  жаңа  сабақты  бекіту,  білімін  тексеру  барысы
н 
да,  қайталау,пысықтау  сабақтарында  қолдануға  болады.  Мұнда  ерекше   бі
р   
асық  хан  болады  да,  басқа асықтарға нөмірлер жазылады.  Хан бүк түссе бү
к 
түсіп жатқан асықты, шік түссе шік түсіп жатқан  асықты,  алшы  түссе,  алш
ын,  тәйке  түссе  тәйкені  саусақпен  шерту  арқылы  басқа асықтарды   қозға
май   
ханмен тигізу керек. Қай нөмірдегі  асыққа тиеді сол нөмірдегі сұраққа жауап
 береді немесе сол 
нөмірдегі 
жаттығуды, тапсырманы 
орындайды. 
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасағанда  «Алтын  сақа»  ойынын  төме
ндегідей  ойнатсақ,  оқушының  ынтасы  артары  сөзсіз:  үшінщі деңгейлік   
тапсырмаға 
үш  асық,  екінші  деңгейлік тапсырмаға  бес асық,  бірінші 
деңгейлік тапсырмаға  алтын  сақа  беріледі.  
  «Асық  қағу»    немесе  «Бес  тас»  ойынында  оқушылар  асықты  қағ
ып   
жаюлы алақанының сыртына тоқтатып оны жерге түсірмей қағып алуы керек
.  
Қай оқушы, қай топ  немесе қай жұп  қанша асық қағып ұстай алады, сұраққа 
жауап 
беріп 
ұпай 
алады.  Асықты  –
оқуды  бағалау  және  оқыту  үшін  бағалау  құралы  ретінде  қолдануға болад
ы.   Мысалы, бағалау  парақшасын  таратқанда  әр  тапсырма  үшін  берілетін 
ұпайды асықпен белгілесек оқушыларға қызықты болары анық.  
 «Көкпар тарту» ойынында  оқушыларды топқа немесе жұпқа бөлеміз. 
Әр топтың өз қазандығы болады. Көкпар тартуға арналған серке ретінде кез 
келген  затты  немес  көк  ешкінің  суреті  салынған  қағазды  алуға  болады. 
Жеребе арқылы қай топ немесе қай жұп бірінші бастайтынын анықтаған соң 
тапсырмалар,  сұрақтар  беріледі.  Қай  топ  бірінші  және  дұрыс  жауап  береді 
серке  яғни  салым  сол  топқа  өтеді.  Қай  топтың  қазандығына  салым  көп 
салынады сол немесе жүп жеңіске жетеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет